Оқу бағдарламасы
Декан Н.И.Буковцова
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
Университеттің барлық мамандықтарының 1 курс магистранттарына арналған М-8 Психология және өзін-өзі тану модулінің «Психология» пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус)
Орал – 2015 ж
КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН «Агрономия» факультетінің ОӘБ «Агрономия» факультетінің төрайымы_____ Калиева Л.Т. деканы______Тулегенова Д.К. «____» __________ 2015 ж «____» __________ 2015 ж
М-8 Психология және өзін-өзі тану модулінің «Психология» пәні бойынша (міндетті компоненті) оқу бағдарламасы (силлабус)
Құрастырушы: аға оқытушы Кабулова Г.К.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы Агрономия факультеті 304 - кабинет
Оқу бағдарламасы (силлабус) ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2013 ж. бекітілген «Психология» пәнінің типтік оқу бағдарламасына негізделіп жасалынды
Кредит саны – 2 Дәріс – 10 сағат Практикалық сабақтар – 20 сағат МОӨЖ –15 сағат МӨЖ – 45 сағат Бақылау түрі – емтихан Барлығы –90 сағат
Кафедра отырысында талқыланды «_____» ______ 2015 ж. № ___хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________Есенгалиева В.А.
Адамның психологиялық қызметінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Жалпы психология мазмұнына ғылымның принциптері, әдістері, ұғымдар жүйесіне кіреді 1.1.Пәннің пререквизиттері:жоқ 1.2.Пәнді оқудың мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын дамыту және қалыптастыру, көмбасшылық қасиеттерін дамыту адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білуге үйрету жеке стратегияны құруға, өзіне серік болар жолдар мен ой-өрісі сай адамдарды таңдауға, өзінің жетістігіне жететін жол табуды үйретеді, 1.3.Міндеттер: Магистратурадағы оқыту процесінде магистранттар оқытудың креативті технологиялары – психология-педагогикалық жүйелер бойынша сәйкес білімдер мен іскерлік жүйесін меңгеруі тиіс. Қоғамдағы, ХХІ ғасыр мамандарын дайындау мен білім беру жүйесіндегі өзгерістер адамдар бойында, адамдар арасындағы қатынастарда да өзгерістерді қажет етеді. 1.4.Пәннің қысқаша мазмұны (3-4 сөйлем) Психология ғылыми. Оның мақсаты мен әдістер, психологиялық үрдістер және қубылыстар қарым-қатынас дағдыларын білу және меңгеру, және тұлға психологиясынын, басқару психологиясы негіздеріне, іскерлік келіссөздерді дұрыс жүргізу формалары мен түрлері туралы түсінік беру. 1.5.Оқыту нәтижелері: А (білім және түсіну): Психологияның тұжырымдамаларын негізгі ғылыми мектептер, өзін - өзі тану пәні, оның әдістері мен негізгі категорияларын білу, психологиялық қызметтер және олардың механизмдерін, психиканың табиғи және әлеуметтік факторлардың өзара байланыстарын түсіндіру. В (білім және түсінулерді қолдану):Өзінің кәсіптік қабілеттерін бағалаудың әдістерін қолдана білу, іс әрекеттің түрлі жағдайларындағы негізгі психикалық қызметтерінің өту барысын өз бетімен реттеу әдістерін қолдана білу, қызметтің түрлі жағдайларында алған психологиялық білімдерді іс жүзінде қолдана білудің дағдыларын енгізу. С (пікір айтуды қалыптастыру): Психикалық қызметтің субьектісі ретінде адам туралы білімдер жүйесін меңгеру, оның белсенділігінің көздерін пайдалану, ақпараттарды меңгеру және өңдеу заңдылықтарын пайдалану, жеке және жас ерекшелікті эмоционалдық күйлерінің санасы мен өзіндік санасын талдай білу. Д (коммуникативтік мүмкіндіктер): Қарым – қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру және дамыту, лидерлік (көшбасшылық) сапаларды дамыту, адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасай білуге үйрету, жеке стратегия жасай білу және жеке табыстарға жетудің жолдарын таба білу. Е (оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік): Тұлғаның психологиялық мінездемесін беру, өзінің психикалық күйін бағалау, сонымен қатар еңбектің тиімділігін арттыру мақсатында тұлғаның психологиялық талдауының. 1.6.Пәннің постреквизиттері: жоқ
|