Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оғам. Философиялық талдаудың негізі





Қоғам дегеніміз - адамдардың алуан түрлі саналы іс-әрекеті мен қызметінің нәтижесінде қалыптасқан адамдар бірлігі. Адамдар қоғамда өмір сүріп әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді. Адамзат қоғамы - табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Адамзат қоғамы әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғарғы сапалы даму дәрежесінің көрсеткіші.

Адамзат тарихындағы қоғамның дамуы мен қалыптасуы туралы осыдан жүз жыл бұрын және қазіргі кезде де бірыңғай пікір жоқ. Себебі, қоғамда көптеген жасырын терең құпиялар көп, оларды ақыл-оймен танып білу, дұрыс пікір айту өте қиын. Қоғамды зерттейтін ғылымдар әлі жас деуге болады. Олар: философия, социология, саяси экономия, тарих, демография, т. б., бұлар өздеріне зерттеу объектісі болатын материалдарды әлі толық жинап ала алған жоқ.

Огюст Конт (1798-1857ж. ж «Социология» (лат.socialis –социатас қоғам, гр. Logos- ілім сөз) «қоғам туралы ілім» терминін ғылым айналымына енгізді. Ол қоғамды жеке адамдардың жай жиынтығы емес, керісінше олардың өндірістегі қабілетіне, рухани, өнегелік және саяси қызметтерінің дәрежесіне байланысты қоғам жетіледі, әрі дамиды дейді.

Қоғамды идеалистік тұрғыдан танып-білу, әлі күнге дейін басым, оның мәнісі мынада:

1. Қоғамды билейтін күш идея (пікір). Әр дәуір идеяға байланысты өзгереді. Бірақ сол идеялардың өздері қайдан пайда болатыны қаралмады.

2. Қоғамның дамуында объективтік диалектикалық заңдылық және детерминистік (себептік) байланыс бар екені ескерілмеді.

3. Тарихты жасаушы кім деген сұраққа - ақылы биік жеке адамдар, яғни, қаһармандар, патшалар деп, халықтың шешуші рөлін ескермеді.

Аристотель Платонның мінсіз мемлекет теориясын сынады, ондағы ортақ мүлік идеясына қарсы шығып жекемешікті қорғады. Оның пікірінше, ортақ меншік еңбекке немқұрайлы қарауға әкеліп, оның жемісін бөлісуде қиындықтар туғызады, әркім аз еңбектеніп көп және сапалы үлесін алуға тырысады, ол достық пен келісімділіктің орнына айтыс пен алдауға алып келеді.

Гегель «адамдар тарихты өз дегенімен жасай салмайды, ол қажетті заңды процесс ретінде дамып отырады. Бұл заңдылық объективті болып табылмайды, олар сырттан ендірілген абсолюттік идеяның қозғалысынан туады» деп пайымдады. Сондықтан ол тарихи дамудың шын процесін бұрмалады, бірақ алғашқы болып, қоғам дамуының заңдылығын айтты.

Неміс ғалымы Макс Вебер (1864-1920 жж.). Тарихты үш шартты кезеңге бөлді. Дәстүрлік, феодалдық капиталистік деп бөлудегі орталық мәселе - қоғамдағы біреулердің екінші біреулерге үстемдігі, оның пайда болу себептері мен түрлері. Вебердің пікірінше, үстемділіктің үш сипаты болады: дәстүрлік, харизматикалық, рационалдық.

1. Дәстүрлік: қоғамдағы қожайын мен бағынышты адамдар арасындағы қатынастарды экономика немесе әкімшілік емес, идеологияның көмегімен ұзақ уақытта қалыптасқан дәстүр анықтайды. Және бағынышты кісінің берілгендігіне сүйенеді.

2. Харизматикалық үстемділік - билеушінің жеке өзінің ерекшелігі. Оның айналасындағы адамдар оны жерге табиғаттан тыс құбылыс ретінде құдайдың өзі жіберді деп есептеуі.

3. Рационалдық - басқарудың кемелдеген түрі, ол капитализм қоғамында өмірге келеді. Бұл үстемдіктің қабылдаған қаулылары ақылға сыйымды, терең ойлы болады. Вебер осыған сай капитализмді былай сипаттайды:

- өндіріс орындарының табысты болуы. Бұл өндіріс пен еңбекті ақыл-ойдың арқасында ұйымдастыру нәтижесі;

- бірыңғай рационализмді жоққа шығарады, еркін ой, іс-әрекет бәсекесін қорғайды;

- қоғам тарихында діннің де өте үлкен орын алатынын көрсетті. Батыс капитализімнің басты мәні – протестантизм деді. Ол қоғам тарихы мен оның, даму процесіне бірыңғай ғылыми көзқарастың, дәлелді логикалық жауаптың жоқтығы Вебер ілімін көп танымал етпеді.

. Маркске дейінгі материалистер табиғат заңдары мен құбылыстарын материалистік тұғыдан түсіндіре отырып, тарихи жағдайлар мен қоғам өмірін тануда өз материализмін қолдана алмады. Марксизм – қоғамдық сана, қоғамдық болмыстың бейнесі дейтін дәстүрлі материализмді тереңдетіп, көп жаңа ұғымдар енгізді.

Қоғам туралы философияда алуан түрлі ойлар қалыптасқан. Қоғамды материалистік тұрғыдан зерттеген Маркс. Адамға ең алдымен күн көру үшін денеге энергия беретін материалдық заттар байлығы керек дейді. Ол үшін оларды өндіретін құралдар қажет. Яғни, өмір мен қоғамның дамуында материалдық игіліктерді өндіру негізгі мақсат болып табылады. Сондықтан мемлекеттік мекемелер, құқықтық көзқарастар, өнер, мораль, адамдардың діни ұғымдары да осы негізге сәйкес дамиды.

Қоғамдағы іс-әрекет пен қызметтің субъектісі - нақты адам. Адам мәнін қоғамнан тыс, еңбек құралынсыз, материалдық өндіріссіз танып-білу қиын. Қоғам біртұтас, бөлінбейтін әлеуметтік өмір, бір-біріне әсер ететін екі фактордан тұрады. 1. Адамдардың белгілі бір қызмет әдісі. 2. Әлеуметтік фактор. Бұлар адамдардың материалдық өндірісті дамытудағы тарихи қызметі арқылы пайда болады.

Өндіруші күштер мен өндірістік қатынастар диалектикасы Маркс ілімінің өзекті бір идеясы, әлем тарихының бірлігімен әртүрлі екенін анықтайды. Маркс өндіруші күштер мен өндірістік қатынастарды біріктіріп өндіріс тәсілі деп атап, соған негізделген қоғамдық-экономикалық формацияларды – тарихи нақты қоғамдар типін ажыратады. Олар алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік (социализм - оның бірінші кезеңі ғана) формациялар. Формация ілімі көп жағдайда, әсіресе шығыс елдер тарихында, дәлме-дәл келе бермесе де, ғылыми-әдістемелік рөлі ерекше. Ол қоғамның өздігінен дамитын жүйе ретіндегі прогрессивтік дамуын анықтауға мүмкіндік береді. Прогрестің өлшемі математикалық есеп-қисапқа, дәлдікке бейім өндіруші күштердің деңгейі мен сипаты саналып, өндірістік қатынастардың соған сәйкестігі, қоғам дамуының негізгі бір заңы болып табылады. Өндірістік қатынастар өзінің тұрақтылығына сәйкес дамылсыз өзгеріп отыратын өндіруші күштерге сәйкес болмай қалған жағдайда, адамдардың шығармашылық ұмтылысы сөніп, еңбек өнімдері азайып, экономикалық күйзелістер, әлеуметтік қақтығыстар, саяси төңкерістер орын алады. Осы әлеуметтік революциялардың әсерінен өндіріс тәсілі өзгеріп, жаңа тарихи қоғам типі өмірге келеді.

Маркс формациялардың ерекшеліктерін базис және қондырма ұғымдары арқылы көрсетуге тырысады. Базисті өндіріс қатынастардың жиынтығы, қоғамның экономикалық құрылымы деп, оны өндіріс құралдарына меншіктік қатынаспен теңестіреді, сондықтан социалистік революциялардың негізгі ұраны әлі күнге дейін жекеменшікті жою, мемлекеттік меншікті орнату болып саналады.

Қондырма – ол экономикалық саладан тыс барлық өмірді: идеялар мен теорияларды; қоғамдық, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды; саяси, құқылық, әлеуметтік, ұлттық, көркемдік, тіпті соңғы нәтижесінде (бұл сөз марксистік әдебиетте өте жиі қоданылады) жыныстық, діни, экологиялық, т. б. қатынастарды санайды. Қондырманың негізгі мақсаты, базисті қорғау немесе оны өзгертуге тырысу. Егер базис прогрессивті саналса, оны қабылдамайтындар – реакционерлер, халық жаулары аталып, қондырманың күшімен жойылуы қажет - бұл пролетариаттық диктатураның негізгі саясаты. Оның нәтижесін Совет дәуіріндегі Пол Пот режиміндегі жағдайлардан жақсы білеміз.

Адамды адамның қанауын, таптар күресін жекеменшікпен тікелей байланыстыру таза ғылыми жол емес, әр кезде ауқатты әулеттердің арасында адамгершілік принцип пен нормалардан ауытқымай, ел арасында беделді болғандар, тіпті солардың көтерілісін бастағандар да болған. Яғни, экономикалық қатынастар біршама адамның өнегелік білім деңгейіне, ізгілікке ұмтылуына тәуелді. Ал байлығын пайдаланып қанау, күштеу сананың тарихи дәрежесіне сай, ертеде қазіргіден кең және қатаң қолданылғаны да белгілі. Әр кезде байлықтың негізгі көзі – еңбек екенін түсіну болған. Бірақ атадан қалған байлықты ол қалай жиналса да шашып тастамай ұрпағына жеткізу қажеттілігі, ауқаттылардың да көп бөлігін қалыптасқан экономикалық қатынасқа бейімделуіне арқау болған. Сананың тарихи жетілуі, еркіндік, теңдік, сүйіспеншілік идеяларын, демократиялық билік принципін оятты, бұл жағдайда үстемдік ету, адамды адам қанау тәжірибесін жалғастыру, жалған ғылыми теорияға сүйену, елдің санасын бұрмалау жолымен ғана іске асады.

Марксизм, шын мәнінде, адамгершілік тұрғысынан логикалық аяқталмаған ілім, капиталистік экономиканы ғана ғылыми тұрғыдан негіздеген ілім. Оның социализмі ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге жете алмағандықтан, жаңа формацияға күштеп өтуді қолдады. Осының нәтижесінде марксизмнің коммунизм идеясы бүгінде тек қаралаумен сенімсіздікке тап болды.

Әр ілімнің жақсы жағын ала білу – даналықтың белгісі болғандықтан, Маркстік материалдық және идеологиялық қатынастар, базис пен қондырма идеяларын, адамды руханилықтан гөрі, экономикалық жан санауының біржақтылығына қарамастан, қоғамды материалистік, яғни ғылыми тұрғыдан қарауға үлкен үлес қосуын, оның ілімін мәңгілік мұралардың бірі ретінде санауға мүмкіндік береді.

Социумның негізгі сферасы: материалдық, әлеуметтік, саяси, рухани. Қоғам ең күрделі, өздігінен ұйымдасатын, мақсаттылығы бар материалдық жүйе, өз құрамында салыстырмалы дербес көптеген кіші жүйелердің иерархиялық (бағыныштылық) қатынасын жинақтайтын көп мүше. Қоғамдық ілім - қоғамдық қатынастарды танып, олар рухани және материалдық, стихиялық және реттелген экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, саяси болып келеді. Әр адам дайын қоғамдық қатынастарға келеді, соған үйлесімді іс-әрекет жасайды, танып өзгертуге ат салысады. Яғни, қоғамдық қатынастар жеке адамды әлеуметтік топтармен, бүкіл адамзатпен байланыстырады. Қоғамды жаңарту дегеніміз – бірінші кезекте, барлық іс-әрекетің формасы ретіндегі қоғамдық қатынастарды өзгерту болып табылады. Оны өзгерту объективті және субъективті факторларға тәуелді. Әрбір іс-әрекет саналы, бірақ оның толық салдарын танып-білу мүмкін емес әрі әрқилы ойлайтын, әрекеттенетін субъектілердің іс-әрекеттері қиылысып ешкім ойламаған жаңа жолға, қатынастарға алып келуі мүмкін. Сондықтан ұсынылған идея терең білімге сүйенген және елге қонымды болуы шарт. Бұқара халыққа сіңген идея қуатты материалдық, әлеуметтік, саяси, рухани күшке айналады. Қоғамдық қатынастардың мазмұны ең бастан-ақ қалыптасқан (алғашқы руда қатаң түрде ұсталған – теңдік, бауырластық, кейін еркіндік) талап-мақсатқа жақындай түседі.

Саяси, әлеуметтік және рухани салалар идеология негізінде іске асады. Адамды адам арқылы өңдеу саясат, құқық, мораль, дін, эстетика және философия арқылы жүргізіледі. Адамды адам арқылы өңдеу әдістемесі көп, осы күнге дейін ол негізінен күшпен, зорлықпен, қысым көрсету арқылы орындалып келеді.

Бұл жүйеге қарсы - демократия, ол қоғамдағы адам бостандығына ұмтылады. Бостандық ойға келгенді жасау емес. Қоғамда тәртіп болуы керек. Осыған сай қоғамда мекемелер мен реттеу аппараты, оның практикалық іс-әрекеті болады. Қоғамда өмір сүру іс жүзінде күнделікті практикаға байланысты. Адамға рухани азық керек. Ол идея. Идея болмаған жерде, қоғам өз дәрежесінде өмір сүре алмайды. Идея ескіргенде қоғам басқа идея іздейді. Оның тұрмыстық ауыртпалығы да жеңілдігі де сол идеяға байланысты.

Қоғам дамуындағы адамға адамның күш көрсетуін тоқтатып, бостандық идеясының тарихи процестегі қажеттілік пен адамдардың саналы әрекетінің ара қатынасына байланысты шешілуі, өркениет – ол өмір сүрудің түрі және қоғамның даму бұлағы.

Биосфера мен Ноосфера. Қоғам болмысының негізі – Биосфера. Биосфера адамдардың тыныс-тіршілігін, өмір сүруін қамтамсыз ететін орта (биофизикалық және биохимиялық лаборотория десе де болады). Бұл өзінен-өзі өзгеріп, өздігінен ұйымдасатын әрі тұрақтылық пен тепетеңдікті сақтап отыратын ғажап жүйе.

1 Тірі организмдер мекендейтін орта.

2 Жер шарының тіршілік тараған аймағы.

4. Жер қыртысының жоғарғы қабаты.

3 Литосфера – жер шарының сыртқы қабаты, 5 км дейін.

5. Гидросфера – жер шарының сулы аудандарының жиынтығы, 40 км.

6. Атмосфераның төменгі қабаты (Атмосфера - жер шарын қоршап тұрған газ

қабаты).

7. Адамзат - биосфераның бөлігі

8. Техносфера - адам ісі-әрекетінің нәтижесінде пайда болған барлық материалдық

дүние.

Ғылым мен техниканың дамуы негізінде адам биосфераның өзгеруін жылдамдата түсті. Адамазаттың жетілуіне сай биосфера өзінің келесі саналық сатысына - Ноосфераға (гр. ноос - ақыл, ой деген сөзінен шыққан) өтеді. Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаған орыс ғалымы В. И Вернадский. (1863-1945 жж.) болды.

Ноосфера: ақыл-ой өрісі, ойланып істейтін, әрі басқарылып отыратын әрекеттің көрінісі. Табиғатты жоспарлы, жүйелі әрі сапалы түрде пайдалану, өзгерту, түрлендіру жемісі, ақыл-ойдың құдіреті арқылы дүниеге келтірілген ғажайып техникалық құралдар табиғатты бүлдірмей, оны сақтауға, гүлдендіре түсуге тиісті.

ХХ ғ.философиясындағы қоғамның көптеген модельдері мен теориялары.

Поппер Карл Раймунд (1902-1994 жж.) ағылшын философы, логик, социолог ХХ ғ. ірі ойшылы. Ол тарихта қандай да болса заңдылықтың барын, бірыңғай адамзат тарихының барын жоққа шығарады. Адамзат тарихын қарастырғанда, оның саяси өкіметтің тарихы екенін есте ұстау керек деді. Ал саяси өкіметтің тарихы - дүниежүзілік тарих болмағандықтан, жалпы тарих және нақты тарих ретінде өмір сүрмейді. Ол дүниедегі бар көптеген тарихтың біреуі ғана болады. Оны таңдау, Поппердің пікірінше, дін немесе поэзия тарихынан айырмашылығы – мына жағдайларға байланысты.

1. Билік біздің бәрімізге, ал поэзия кейбіреуімізге ғана ықпал жасайды.

2. Адамдар билікті құдайындай көреді (әулие тұтады, құдай деп таңдау қорқыныштан туады).

3. Адамдар билік басындағыларды әулие тұтса, бұл оларға ұнайды және олардың бар әрекеттері іске асып отырады. Сонымен қатар, көптеген ғалымдар адамзат тарихын патшалардың, генералдар мен диктаторлардың ыңғайына қарай жазады. К. Поппер әлеуметтік философияда қоғамның дамуын зерттейтін тарихи әдіске қарсы болды. Өзінің әлеуметтік-философиялық тұжырымдамасын «Ашық қоғам және оның жаулары» деген еңбегінде баяндайды (1945). Ол қоғамды екіге бөледі: ашық; және жабық; қоғам. Ашық қоғам: – демократиялық жолмен дамитын қоғам; экономикада, саясатта, мәдениетте әлеуметтік дамыған құрылымы бар және құқықтық мемлекет, оның плюралистік сипаты жоғары қоғамды – азаматтық дейміз. Ашық қоғам мүшелері сыни-рационалдық ойлауды алға қояды. Осыдан қоғамдағы мінез-құлықты, әлеуметтік дамуды саналы түрде басқару және мемлекеттік институттарды демократиялық принциптерге сай қалыптастыру мүмкіндігі туады. Жабық қоғам деп – капитализмге дейінгі және социалистік қоғамды атайды. Олардың жұмыс істеу тәсілі тоталитаризм, жеке адамнан ұжымның басымдылығы, догматизм және әлеуметтік демагогия.

Поппер «әлеуметтік технология», әлеуметтік инженерлік (өнер) терминдерін енгізді. Ол тарих барысын жобалау мүмкін емес деп санады. «Ашық қоғам» концепциясын негіздеді және тотальдық жүйенің қауіпті екенін көрсеткенімен идеалистік көзқарастан арыла алмайды. Ал американдық ғалым Э. Фромм, қоғам дамуының неофрейдистік теориясын немесе антропологиялық моделін жасады.

Э. Фромм З. Фрейдтің ізбасары ретінде оның психоанализмін реформалау арқылы, акцентті ішкі психологиялық процестен әлеуметтік, кісіаралық қатынастарға көшірді. Адамның полярлық бастамалары арасындағы күресті - өмірді сүю мен өлімге ұмтылуын, ол әлеуметтік сипаттың негізіне салады. Э. Фромм үшін қоғамдық өмірдің идеалы адамның еркін және бақытты өмір сүруі. Оларсыз прогресс туралы ойлардың еш мәні жоқ.

Ол «Бостандықтан қашу» деген еңбегінде нарық қоғамындағы бостандықтың өсуін және адамдардың сол бостандықты пайдалана алмауын талдайды. Осының негізінде өмірден «қашудың» механизмін көрсетеді: тұлғалар арасындағы байланыстың, симбиоздық (садизм және мазохизм), автоматтандырылған ұқсастық конформизмнің өсуі, т. б. Фроммның тоталитарлық мемлекеттің пайда болуын, адамдардың жауапкершіліктен және ынталанудан бас тартуын, өз тағдырын патерналистік өкіметке жүктей салуын психикалық ұмтылыс деп түсіндірді. Ол бұл жолды жалғыздықтан арылудың қияли әдісі деді. Оның «Адам өзіне-өзі үшін» деген еңбегі ерекше «өмір сүру өнері» ретінде этиканы және адам мінезі типологиясын, «жемісті немесе жемісті емес» тағдырларды талдауға арналған. Оның негізгі еңбектері: «Бостандықтан қашу» (1941), «Маркстің адам концепциясы» (1961), «Психоанализ кризисі» (1973), «Адам өзіне-өзі үшін».

Технологиялық детерменизм теориясы соңғы кезде «экологиялық антииндустриялизм» деп аталады. Бұл бағыттың негізгі бір теоретигі американдық публицист, футуролог және социолог А. Тоффлер (1928 ж.) – өзінің атақты «Үшінші толқын» еңбегінде біртұтас қоғам теориясынан шығып, қазіргі капитализмнің кризисін «индустриялық қоғамның сөнуімен», оның жаңа өркениетке өтуімен түсіндіруге тырысады. Ол қазіргі индустриализмге қарсы шығады, бірақ өзінің қоғамдық даму концепциясында көптеген индустриялық теориялардағыдай техника мен технологияның даму деңгейі жатыр.

Негізгі еңбектері:, «Үшінші толқын», «Шок будущего».

Белл Дэниел (1919) американ социологі. 60-шы жылдары постиндустриялдық қоғам концепциясын ұсынды, онда ғылым мен техника прогресінің нәтижесінде капитализмнің жаңа әлеуметтік индустриалдық қоғамнан бөлек, оның қайшылықтарынан арылған жүйеге өтетінін негіздеді. Ол батыс мәдениеті күйреуінің «дінорталық» версиясын ұсынды, одан діни жаңғыру арқылы ғана құтылуға болатынын айтты. Негізгі еңбектері: «Идеологияның соңы» (1960), «Келе жатқан постиндустриялық қоғам» (1973).

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болған Фанкфурт мектеб өкілінің бірі Маркузе, өзі қызметінің елеулі кезеңін марксизм философиясына көңіл аудару мен оны тексеруден бастады. Ол қоғам дамуындағы: жаттану, әлеуметтік психолгия, ғылыми-техникалық революция секілді күрделі мәселелерді қоюымен танымал болды.

Маркузе, марксизмнің кейбір идеяларын, экзистенциализм мен психоанализмін қосуға бағытталған «жаңа сезімталдық» рухында «қоғамның сыни теориясын» негіздеді. Техногендық өркениет пен бұқаралық мәдениеттің жемісі ретінде «бірөлшемді адам» концепциясын ұсынды. Адамның келбетін бұзатын және тұлғаны жатсынуға алып келетін жүйе ретінде капитализм мен социализмнен «бас тарту» керек екенін көрсетті. Өндірісті автоматтантандыру мен өнімнің өсуі, материалдық игіліктің тез көбеюі, тұтынудың жоғарғы деңгейіне жеткізеді, адамның революциялық ұмтылысын басады. Саяси партиялардың, қозғалыстардың қажеттігі өздігінен сөнеді. Біртиптілік адамда жаттандық сезім тумайды, оның өмірі пендешілік қажеттіліктерге, ұмтылыстар мен құштарлықтарға толы, олар тек тұтынуға бағытталған. Мұндай «бір өлшемдік адам» «бір өлшемдік қоғамда» туып, осыдан бірөлшемдік ғылым, мәдениет, философия пайда болды.

Мәдени-тарихи тип немесе тарихи қайталану концепциясы, бағыттының негізгі өкілдері: О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин. Олар Дж. Виконың іліміне сүйенеді. Ол бойынша әрбір халық дами отырып, үш кезеңнен (құдайлық, ерлік және адамдық) өтеді. Бұл адам өмірінің кезеңдеріне ұқсас: балалық, жастық және ересектік. Бұдан кейін даму процесі тоқтайды да, кері жүру басталады, жаңа қайталануға жол береді. Шпенглер, Тойнби, Сорокин концепцияларында Вико идеясы жеке қоғамдардың тарихы, оларды қайталанбас мәдениеттер тұрғысынан нақтыланады.

Қоғам өздігінен дамитын жүйе ретінде, осы замандағы әлеуметтік рухани және ғылыми техникалық прогрестің арақатынасының көріну дәрежесі және дүниежүзілік тарихи дамудың бірлігі мен ерекшеліктерінің негізінде қалыптасады

Семинар сабағының жоспары:

1. Қоғам түсінігі. Философия тарихындағы қоғам концепциясы. Әлеуметтік

шындықтың түсінігі және негізгі принциптері.

2. Социумның негізгі сферасы: материалдық әлеуметтік, саяси, рухани.

3. Биосфера мен ноосфера.

4. ХХ ғ философиясындағы қоғамның модельдері мен теориялары.

 

Әдістемелік ұсыныстар:

Қоғамды тарихи материалистік және идеалистік тұрғыдан зерттеп, танып-білудің мәні. Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сана. Материалдық өндіріс - қоғамдық дамудың негізі. Ғылыми-техникалық прогресс және материалдық өндіріс.

Қоғамдық қатынастар. Материалдық және идеологиялық қатынастар. Базис пен қондырма. Нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі экономика мен саясат (Қазақстан мысалында).

Қоғамдық-экономикалық формация категориясы, оның құнды жақтары мен кемшіліктері. Әлеуметтік шындықты формациялау тұрғысынан талдаудың мәні. Қоғамның тарихи типтері. Қоғам дамуының қозғаушы күштері. Халық - тарихты жасаушы. Ерекше тұлғалардың тарихтағы рөлі. Қоғам - өздігінен дамитын жүйе. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар диалектикасы.

Прогресс идеясының қалыптасуы. Қоғамдық прогрестің мәні мен критерий (өлшемі). Қоғамдық прогрестің тарихи типтері. Қоғамдық-экономикалық формациялардың ауысуы – прогрестің іске асуы. Қоғамдық прогресс және бостандық. Осы заманғы әлеуметтік, рухани және ғылыми техникалық пргрестің ара қатынасы.

Дүниежүзілік тарихи дамудың бірілігі мен еркшеліктері. Қоғамдық дамудағы күш көрсету проблемасы.

ХХ ғ философиясындағы көптеген моделі мен теорияларының мәні.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоғам ұғымы. Қоғам дамуына көзқарастың қалыптасуы.

2. Қоғам мен оның тарихын материалистік тұрғыдан түсіну.

3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

4. Қоғамдық-тарихи процесс.

5. Материалистік және идеалистік философтардың қоғамға көзқарасының

айырмашылығы неде?

6. Қоғамның рухани саласын сіз қалай түсінесіз?

7. Әлеуметтік мобильдік нені білдіреді?

8. Қоғам дамуына көзқарастың қалыптасуы.

9. Тарихтағы обьективтік жағдай және субьективтік фактор. Тарихи процестің

субьектілері мен қозғаушы күштері.

10.Қоғамдық прогресс пен оның өлшемдері. Базис пен қондырма. Экономика және

саясат, олардың өзара диалектикалық қатынасы.

Баяндамалар мен рефераттар тақырыбы:

1. Қоғамдық сана мен қоғамдық болмыс ұғымдары, олардың байланысы.

2. Қоғам дамуындағы экономикалық және идеологиялық факторлардың ара

қатынасы.

3. Қазіргі өркениет, ерекшелігі мен қайшылығы.

4. Қоғамдық прогресс, оның өлшемі.

5. Бостандық – қоғамдық прогрестің жемісі.

6. Қазіргі замандағы ғылыми-техникалық, әлеуметтік және рухани прогрестің

қатынасы.

7. Өркениет - өмір сүру түрі және қоғамның дамуы.

8. Қоғамдағы әлеуметтік таптың құрылымын Маркстік философияның талдауы.

9. Вебер қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы.

10. Идеология және оның қоғамдық өмірдегі рөлі.

11. Мальтус және оның халық саны теориясы.

12. Әлеуметтік-философиялық ойлаудағы қоғам түсінігі қалыптасуындағы үш

қайнар бұлақ.

13. Ғылым мен техниканың дамуы және биосфераның өзгеруі.

 

Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу:

1. Вебер М. Избранные произведения. М.,:1990.

2. Бердяев Н. А. Философия не равенства. М.: 1990.

3. Тойнби А. Дж. Постижение истории. М.: 1991.

4. Гегель Г. В. Философия истории.СПб, М.: 1993.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Х., т.б. Филосфия және мәдениеттану. Алматы, 1998.

2. Әлеуметтік философия: Хрестоматия. Алматы, 1997.

3. Барулин В. С. Социальная философия. М.: 1993.

4. Вехи из глубины. М.: 1991.

5. Вернадский В. И. Философские мысли натуралиста. М.: 1998.

6. Ғабитов Т. Х. Заңгер этикасы. Алматы: Юрлит, 2004.

7. Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 т. Алматы, 1994-2001.

8. Маркс К. К критике политической экономии. Предисловие. Маркс К., Энгельс Ф.

Соч. Т.13.

9. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. Т. Ғабитов, А. Т. Құлсариева

Алматы: Раритет, 2004.

10. Мырзалы С. Қ. Философия әлеміне саяхат. Қостанай, 2000.

11. Нұрмұратов С. Ұлттық болмыс пен ұлттық сана оқу құралы. Алматы, 1996.

12. Ортега-и-Гассет Х. Что такое философия? М.: 1991.

13. Орынбеков М. С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. Алматы 1996.

14. Поппер К. Открытое общество и его враги. М.: 1992.

15. Сорокин П. А. Человек. Цивилизация. Общество. М.: 1992.

16. Философиялық сөздік.Алматы, 1996.

17. Философия: электрондық оқулық. Т. Х. Ғабитов Алматы: Юрлит, 2004.

18. Философиялық сөздік, Алматы, 1996.

19. Шпенглер О. Закат Европы. М.: 1993.

 

 

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 14032. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия