Студопедия — Зерттеу әдістері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Зерттеу әдістері.






· Краниография-Бассүйектің рентгенографиялық зерттеулері. Осы әдістің көмегімен, бас сүйек ішілік қысымның жоғарлауы немесе ісіктің сүйекке қысым ету әсерінен пайда болған жергілікті және жалпы

· Вентрикулография- Ауа немесе рентген контрастты затты енгізу аркылы ми қарыншаларын зерттеу.. Ми қарыншаларының деформациясының көлемін, орналасуын, формасын көруге мүмкіндік береді.

· Пневмоэнцефалография- Жұлын-ми сұйықтығының циркуляциялық жолының жағдайын бағалауға мүмкңндңк беретін, бас сүйегінің контрастты рентгенография түрі. Бұл әдістің көмегімен, қарыншаның көлемін, орналасуын, формасын және бас миының субарахноидалді кеңістігінің жағдайын бағалауға болады. Бұл әдіс гидроцефалияның диагностикасында кең қолданылады. Кистозды арахноидитті диагностикалауға мүмкіндік береді.

· Ортопантомография- Майысқан қатпардың суретін, жалпақ рентген пленкасында алуға мүмкіндік береді. Зерттеліп отырған қатпардың қалыңдығын және тереңдігін өзгертуге мүмкіндік бар. Жақ-беттік аймақ ауруларының, тіс қатпарларының, бет сүйегінің төменгі, ортаңғы, жоғарғы бөлігінің сүйектік құрылымының және ортаңғы және ішкі құлақтың, көру жүйкесінің өзегінің диагностикасына арналған.

· Панорамды зонография- Майысқан қатпардың суретін, жалпақ рентген пленкасында алуға мүмкіндік береді. Зерттеліп отырған қатпардың қалыңдығын және тереңдігін өзгертуге мүмкіндік бар. Зонографияның артықшылығы қалың кесінділерді алу. Ол суреттердің санын азайтады. Сол себепті бұл әдіс экономикалық және қауіпсіздік жағынан тиімді. Томограммадағы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Сиалография- Жасанды конраст көмегімен сілекей бездерінің өзегін зерттеу әдісі. Сілекейтас ауруларының, қабынулық және ісіктік процесстердің диагностикасында қолданылады.

· Дакриоцистография- Жас әкетуші жолдарды жасанды контрасттағаннан кейін оларды зерттеу әдісі. Жас қабының формасын, көлемін, орналасуын және жасәкетуші жолдардың деформациясын көрсетеді.

· Каротидті ангиография- Артериографияның бір түрі. Бас миының артериальді қан тамыр торын, ірі түзілістер кезінде тамыр бұтақтарының ығысуын көруге мүмкіндік береді.

Миелография- Омыртқа кеңістігінің жасанды контрастты рентгенографиясы. Жұлын миының ликворлы жүйесін зерттеуге арналған. Негізгі мақсаты: жұлын миының аурулары кезіндегі субарахноидальді кеңістіктегі тосқауылды анықтау. (ісік, арахноидит

Пневмомиелография- Оттегі немесе ауа енгізу арқылы жүргізілетін омыртқа кеңістігінің жасанды контрастты рентгенографиясы. Бел аймағының пункциясынан кейін оттегін немесе ауа енгізеді. Газды көпіршік жоғары көтеріліп, ликворлы жолды бітеп тұрған, патологиялық ошақ астында тоқтайды. Жоғарлаушы миелография кезінде жеңіл рентгеноконтрастты заттар қолданылады.

· Спондилография- Екі проекциядағы омыртқа рентгенографиясы. Омыртқаның өзгерісі мен ақауын анықтауға арналған (деформациялаушы спондилез және спондилоартроз, остеохондроз). Метастатикалық омыртқа ісігіне және спондилитті туберкулезге тән өзгерістер анықталуы мүмкін.

Ангиография(артериография)- Контрастты зат енгізу арқылы артерияны зерттеу. Сүйек сынығын асқындыратын зақымдалу немесе оқшауланған артерияның зақымдалу орнын анықтау үшін қолданылады. Эндартрит кезінде артери1я кеңістігі окклюзиясының деңгейін анықтау үшін қолданылады. Бас миы мен сүйек ісіктерінің диагнозын қою үшін (каротидті ангиография кезінде).

Эхоэнцефалографня (ЭХОЭГ- Бас миының ультрадыбысты диагностикасы. Бас миындағы көлемді процесстің диагностикалық әдісі (ісік, киста, гематома, абсцесс). Ультрадыбысты локация принципіне негізделген – миға бағытталған қысқа ультрадыбысты импульстар, оның ішкі

Электроэнцефалография (ЭЭГ)- Бас миының функционалды жағдайын объективті зерттеу әдісі. Оның биопотенциалдарын графикалық тіркеуге негізделген. Бас миындағы патологиялық ошақтың орналасуын анықтауда кең қолданылатын әдіс. ОЖЖ ауруларының дифференциалды диагнозында, эпилепсия механизмін және оны ерте сатысында анықтау үшін, мидың қайтымды және қайтымсыз өзгерістерін бағалау үшін қолданылады.

Нейросонография- Бас миының, ликворлы кеңістік пен қарыншалық жүйенің құрылымын ультрадыбысты зерттеу әдісі. Жүргізуге қажетті шарттар – ашық бас еңбегі, бас сүйегінің жасанды тесігі. Бас миының даму аномалиясын және ісігін анықтайды. Бас миының органикалық зақымдалуын скрининг-диагностика әдіс (гидроцефалия, киста, көлемді түзілістер кезінде).

Сандық рентгенографи-Рентгенодиагностика әдісі. Ақпаратты компьютерлі өңдеу арқылы, суреттің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сандық рентгенографияның артықшылығы сәулелік күштеменің төмендігі, экономикалық тиімділігі және ақпаратты архивтеу мүмкіндігі.

Компьютерлік томография- Адам денесінің кез келген бөлігінің көлденең қатпарлы суретін алуға мүмкіндік беретін сәулелік диагностика әдісі. Патологиялық процесстің таралуын, орналасуын анықтауға, ем нәтижесін, оның ішінде сәулелі терапияны бағалауға, операция көлемін таңдауға м ЯМР/МРТ

(ядерлі-магнитті резонанс немесе магнитті-резонансты томография үмкіндік береді.- Адам ағзасындағы сутегі пратонының ядросын қозған жағдайдан қалыптыға ауысқан кездегі жұмсаған энергиясын тіркеуге бағытталған, сәулелі диагностика әдісі. Әдіс ағзаның құрылымын зерттеге мүмкіндік береді. Ионды сәуле жағымсыз әсер етпейді. Әдістің артықшылығы – жұмсақ тіннің суретінің жоғары контрастілігі.

Позитронды-эмиссионды томография - Медициналық визуализацияның жаңа әдісі(радиоизотопты диагностика), РФП-ны қолдануға негізделген. РФП ретінде фтордезоксиглюкозаны қолданады. Ағзада болып жатқан процесстердің молекулярлы деңгейде функциональді суретін алуға мүмкіндік береді.

Бірфотондыэмиссионды компьютерлі томография- Жүйке-трофикалық және гуморальді байланысқа әсер етпей-ақ, бас миының морфо-физиологиялық жүйесін дистанционды зерттеуге мүмкіндік беретін радионуклидті әдіс. Гипертониялық аурулары бар науқастарда, бүйрек ауруларында, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде, нейрохирургиялық (бас ми жарақаты, мойын остеохондрозы), неврологиялық патологияларда(инсульт) кезінде кездесетін,бас ми қанайналымының бұзылысын анықтауға мүмкіндік береді.(ишемия ошағы, ми тінінің гиперемиясы)

· УДЗ эхография (сонография) допплерлі дуплексті триплексті- Ультрадыбысты сәулелену көмегімен патологиялық ошақты, мүшелер мен тіндердің орналасуын, қозғалуын, құрылымын, формасын дистантты түрде анықтау әдісі. Эхолакация принципіне негізделген. Биологиялық орта тығыздығының өзгерісін тіркеуді қамтамасыз етеді. Мүшелердің жағдайы жайында ақпарат алуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезді УДЗ медициналық диагностикада негізгі әдіс болып табылады.

3-сұрақ. Иллюзиялар - бұл объективті тітіркенуге сәйкес келмейтін жалған қабылдаулар. Иллюзиялы алдау - бір заттарды екінші заттар орнына қабылдау. Психикалық иллюзия дамуының басты себебі сезім мүшелерінен түсетін ақпараттың жеткіліксіздігі. Қараңғыда, күн сәулесіне шағылысқанда бір затты басқа зат ретінде қабылдау оңай. Осыған байланысты иллюзия қандай-да бір сезім мүшесінің функциясы әлсіреген адамдарда кездеседі: кереңдік – есту иллюзиясы, көз көрудің нашарлауы – көру иллюзиясы, т.б.

Иллюзия кезінде ақпарат жеткіліксіздігі елестету арқылы толықтырылады. Елестету дегеніміз – заттың ойша бейнесін еске түсіру. Иллюзияда елестету өздігінен емес, осы уақытта санада үстем ойға байланысты пайда болады. Мысалы, қорқыныш жағдайында қараңғыда ілулі киімді қастандық жасаушы деп қабылдау.

Қалыпты жағдайда пайда болған қабылдау қателіктерін сау пікір көмегімен түзетуге болады, ал сандырақпен науқастарда елестету, ойлау қабілеттері патологиялық өзгергендіктен сау пікір айтқанмен, сезім мүшелеріне тітіркендіргіш жеткілікті шамада әсер еткенмен алынған ақпарат сандырақ ойлармен бұрмаланып, қате қабылданады.

Аффективті иллюзия – психоздарда (ақ қызба, шизофрения өршуі, кәрілік алдындағы психоздар) төніп жатқан қауіпті, қайғы-қасіретті сезінуден басталатын түрі. Ауру қоршаған ортаға күдікпен қарайды.

Интерпретативті иллюзия – шизофрениямен, жедел сезімдік сандырақпен, интерметаморфоза сандырағымен, оң және теріс егіздік сандырағымен ауыратын науқастарда кездесетін иллюзиялар түрі. Науқастар айнада бетінің өзгергенін, денесінен өлім дақтарын, өлім белгілерін, т.б «көреді».

Парейдолиялық иллюзия кезінде қоршаған орта туралы ақпарат науқас санасының фантастикалық елестерімен бұрамаланады, таңғажайып сюжеттер ретінде қабылданады. Мысалы, еденге түскен шам көлеңкесі үйлер, жануарлар ретінде, бұлттар қорғандар, қалалар ретінде қабылданады, жағдай ауырлана келе науқастың қоршаған ортамен байланысы жойыла бастайды.

Галлюцинациялар – объективті тітіркендіргіші жоқ, күдікті қабылдаулар. Галлюцинация кезінде науқас шын мәнінде жоқ дауыстарды естіп, адамдарды көреді, солардың барына толық сенімде болады (сызба 2).

Галлюцинациялар сезім мүшесі бойынша бөлінеді: есту, көру, сезу, дәм сезу, өз денесін сезу, жанасу, жалпы сезім галлюцинациялары болып бөлінеді (мысалы, ішінде бірдене жыбырлайды, өкпе тасқа айналғандай, денеде жәндіктерді сезіну, т.б.).

Элементарлы галлюцинациялар – тек дыбыстар, шуыл, тарсыл (акоазмдар) есту, жарық жолақтары, дақтар (фотопсия) көру орын алады. Күрделі түрінде адамдардың сөздерін есту (вербальды галлюцинация), бейнелерді көреді.

Кейде галюцинациялар тек ұйықтар алдында (гипногогиялық) немесе оянар кезде (гипнопомпиялық) болуы мүмкін. Сирек кездесетін түрі – экстракампинді галлюцинациялар: науқас кқру аумағынан тыс нәрселерді көреді, мысалы артындағы адамды.

Функциональды немесе рефлекторлы галлюцинация бір нақты немесе өзге анализатор тітіркенген жағдайда пайда болады.

Псевдогаллюцинациялар – жасандылық сезімімен жүретін және жалған объекттерді қабылдауда елестетулер сферасымен шектелген, науқас үшін шынайы заттар және құбылыстармен бір уақытта жүретін, бірақ олармен бірігіп кетпейтін қабылдау бұзылысы.

Агнозиялар – бұл заттар мен нақты өмір бейнелерін толық білудің бұзылуы. Көбіне оптикалық агнозия кездеседі. Мұнда ауру белгілі бір затқа қарап, оны танып білмейді. Дыбыстық агнозия кезінде ауру естілген дыбысқа қарап оны ажырата алмайды.

Агнозиялар балаларда сирек кездеседі, көбіне мидың ошақты зақымдалуы жайында кездеседі.

Сенсорлық гиперпатия синдромы -бұл қабылдау күшінің бірден жоғарлауы. Соның нәтижесінде барлық тітіркенулер санаға жиналып үлкен із қалдырады. Ойлау қабілеті мұнда жеделдеп, сезім тежеледі.

а) Сенсорлық гипопатия синдромы (деперсонализация) -аурудың жеке өзін және нақты ортаны қабылдауының жарқындылығының бұзылуы (дереализация). Аллопсихикалық деперсонализация кезінде сыртқы өмірді қабылдау нақтылығы төмендейді, қоршаған орта ауруға тұрып қалған, сөнген, көлемділігін жоғалтқан түрде қабылданады. Соматопсихикалық деперсонализация хал-жағдайында өзінің дене бітімінің сезінбеуіне, физиологиялық процестерден қанағат алмайтынына шағымданды (таю сезімі жоқ, ертеңгі сергектілік сезімі жоқ).

Аутопсихикалық деперсонализацияда аурудың өзім мен деген сияқты қабылдауы бұзылады, жекелік сезімі тежеледі (мен өз баламды өте жақсы көремін, бірақ онымен кездескенде ешқандай қуаныш сезінбеймін). Деперсонализацияның патологиялық механизмі болып бірінші белгі жүйесінің тежелуі, сананың тежелуі болып табылады. Соның нәтижесінде теңестіру фазасы төмендеп жан-жақты дүние нашар қабылданады. Деперсонализация синдромы физикалық және психикалық сему кезінде дистрофияда авитаминоз кезінде қан жоғалтуда, депрессия жағдайында, қыртыс асты энцефалит, эпилептикалық ұстама жағдайында кездеседі.

4- сұрақ. Шизоаффективті бұзылыстар/ Клиникасы, Диагностикалық критериилері,АХЖ-10 бойынша жіктелуі, емі/

Шизоаффективті бұзылыстар —өзінде шизофрения мен аффективті бұзылыстар көріністерін бірлестірген психотикалық бұзылыстарды айтамыз..







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 6640. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия