Терминологиялық сөздік
Абиотикалық факторлар – тірі ағзаларға тікелей немесе жанама әсерін тигізетін өлі табиғат факторлары (космостық, геофизикалық, климаттық, кеңістіктік және т.с.с.). Абсорбция – бір затты екінші заттың бүкіл көлемінде жұтуы. Автотрофтар – көмірқышқыл газ, су және минералды тұздардан органикалық заттар түзуге бейім ағзалар. Агроэкожүйе, агробиоценоз – ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге арналған тұрақсыз, адам қолымен жасалған экожүйе (дала, жайылым, бақшалар, баулар және т.б.) Адсорбция – бір затты екінші зат жанасқан бетінде жұтуы Альбедо (лат. – ақ) – дене бетінің шағылу қабілеті; ол шағылған радиация мөлшерінің сол бетке түсіп тұрған жалпы радиация мөлшерінің ара қатынасымен өлшенеді. Аменсализм – бір популяция екіншісіне қысым көрсете отырып, өзі теріс әсер алмайды. Мысалы жарық сүйгіш шөп өсімдіктерге шырша әсерін тигізеді, ал шыршаға ондай көршілестік ешбір зиян келтірмейді. Анаэробтар – оттегісіз ортада тіршілік етіп және дами алатын ағзалар. Терминді 1861 ж. Л. Пастер енгізген. Антропоген – төртіншілік кезең, плейстоцен – Жердің геологиялық тарихының ақырғы кезеңі. Антропогенез – адамның пайда болуы, оның қоғам құралу үрдісінде – социогенез барысында түр ретінде қалыптасуы. Антропогендік факторлар – адамдар әрекетінің нәтижесінде пайда болған факторлар. Ақырғы онжылдықта антропогендік факторлар әрекетінің ұлғаю нәтижесінде күрделі экологиялық мәселелер пайда болуына әкеліп соқты. Апвеллинг – биогендік элементтерге бай мұхиттың тереңдегі суық суының көтерілуі. Апвеллинг аумағы мұхиттың балыққа бай ауданы болып келеді. Ареал – тірі ағзаларнемесеқауымдастықтар топтарының жер бетінде жайылу аумағы. Өсімліктер мен жануарлардың ареалдар шектері биосфера эволюциясының барысында түзілген және қоршаған орта жағдайына тәуелді. Аридтық аумақтар – өте ыстық және шөлейттік климаттық аумақтар. Атмосфераның ластануы – адамға және жалпы қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құрамында әртүрі газтәріздес, сұйық және қатты қоспалары болу нәтижесінде оның сапасының өзгеруі Аттрактор – жүйенің мүмкін күйлерінің бар жиынтығын өзіне тарта- тындай тұрақты күй. Ауаның ластану индексі (АЛИ) – ластаушы заттардың жылдық орта концентрациясын ШРК-ға бөліп табатын мөлшер Аутэкология – жеке түрдің қоршаған ортамен арақатынасын қарастыратын экологияның тарауы. Аэрация – кейбір ортаға (суға, топыраққа, және басқаларына) атмосфералық ауаның табиғи немесе жасанды жолмен таралуы. Аэробтар – ортадағы оттегін тотықтырғыш ретінде пайдалана отырып тіршілік ететін және дамитын ағзалар. Аэрозольдер – дисперсиялық ортасы газ, ал дисперстік фазасы қатты немесе сұйық бөлшектер болып келетін дисперстік жүйелер (шаңдар, күйе, түтін, тұман, күл). Бенз(а)пирен (С20Н12) – көпсақиналы ароматтық көмірсутегі тобындағы танымал зат, кең тараған канцероген. Өндірістік газдар, машиналардың қалдық газдары, шылым түтіні құрамында болады. Бентос– су түбінде күнелтетін ағзалар жиынтығы. Биогендік элементтер – тірі ағзаларды құрайтын химиялық элементтер–көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт, фосфор. Биогендік заттар – тірі ағзалардыңөмір әрекеттерінің өнімдерінен немесе солардың ыдыраған қалдықтарынан тұратын органогендік шөккен жыныстары (әктас, жанғыш сланец, көмір, мұнай және т. б.). Биогеоценоз – зат, энергия және ақпарат айналымы негізінде тірі ағзалардың (биоценоз) абиотикалық жағдайларының кеңістік жиынтығымен (биотоп) біріктірілген жерүстілік экожүйе. Биом, биотикалық қауымдастық – өсімдіктердің кейбір негізгі түрлерімен немесе ландшафтың басқа ерекшелігімен сипатталатын ірі аймақтық субконтинентальдық биожүйе. Биом құрамына енетін биоценоздар энергия және заттар ағынымен тығыз байланысты. Биомасса – ауданның немес көлемнің бірлігіне шаққандағы масса бірлігімен өрнектелетін тірі заттың мөлшері (г/м2, кг/га, г/м3 және т.с.с.). Биомассаны фитомасса, зоомасса және бактериомасса деп жіктейді. Биотикалық факторлар – бір ағзалар өмір әрекетінің екіншісіне және тағы өлі ортаға әсерінің жиынтығы. Олар түрішіндік (демографиялық, этологиялық, топтық әсер және т.б.) және түраралық (симбиоз, мутуализм, паразитизм, жыртқыштық және т.б.) болып бөлінеді. Биотоп – бір биоценоз жайлаған абиотикалық факторлар бойынша біртекті болып келетін тіршілік кеңістігі. Биосфера – ғаламшарлық экожүйе, құрамы, құрылымы және энергетикасы тірі ағзалардың әрекетімен анықталатын Жердің ерекше белсенді “қабығы”. Биота – белгілі бір аумақты мекендейтін тарихи қалыптасқан тірі ағзалардың (өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың) жиынтығы. Терминді Э.Раковицэ 1907ж. ұсынған. Биоценозға қарағанда бұл ағзалар экологиялық байланыста болмауына да болады. Биоценоз – белгілі бір биотопты мекендейтінәртүрлі өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың популяция жиынтығы. Биоценоздарда ерекше орын алатыны продуценттер, консументтер және редуценттер қатысатын биологиялық айналым. Биоцидтер – ағзалардың өмір әрекетін және көбеюін басатын заттар және басқа агенттер. Булыжайлық газдар – атмосфераға өтіп, парниктік әсер туғызатын газ тәрізді заттар: су буы, көмір қышқыл газы, метан, азот оксидтері, ұшқыш көмірсутегілер және т.б. Галофиттер – аридтік аудандардың тұзды топырақтарында өсуге бейімделген өсімдіктер. Гендік инженерия – тұқым қуалау үрдісін тікелей өзгертуге негізделген биологиялық әдістерді дамытып, жетілдіретін технология. Генотип – ағзалардың гендерінің жиынтығы Генофонд – барлық дарақтардың, популяциялардың, түрлердің генотиптерінің жиынтығы. Өсімдіктер мен жануарлардың генофондын қорғауда және қайта өндіруде елеулі орын алатындары ұлттық бақтар, биосферлық қорықтар, зообақтар, ботаникалық бақшалар, генетикалық банктер және т.б. Гетеротрофтар – дайын органикалық заттармен қоректенетін ағзалар Гомеостаз –ағзалардың немесе ағзалар жүйелерінің функционалдық сипаттамалары тұрақтылығын ортаның құбылмалы жағдайында сақтап қалу қабілеті Ғаламдық жылыну – табиғи және техногендік факторлардың әсерінен ғаламшар көлемінде атмосфера мен гидросфераның орташа температурасының жоғарылауы Демографиялық дүмпу – Жершары халық санының өсу жылдамдығының күрт артуы. Демэкология – сандар динамикасы мәселесін қарастыратын популяциялар экологиясы. Деструкторлар – органикалық заттарды жай заттарға дейін ыдырататын гетеротрофты ағзалар (детритофагтар мен редуценттерді қосқанда) Детриттер – суда қалқыған немесе су түбіне шөккен органикалық және минералдық бөлшектердің қалдық жиынтығы. Биогендік қалдықтар (органикалық детрит) қоректік заттардың сарқылмас қоры боып табылады. Детритофагтар – органикалық детриттермен қоректенетін ағзалар. Диоксиндер – уыттылығы аса жоғары және биологиялық белсенділігімен ерекшеленетін полихлорланған дибензодиоксиндерден (ПХДД), дибензофурандарден (ПХДФ) және бифенилдерден тұратын тұрақты органикалық ластауыштар тобына жататын экотоксиканттар Дисперстілік – бөлшек мөлшерін кері шама Жер асты сулары – әртүрлі физикалық күйде жер қыртысының сыртқы қабатында кездесетін сулар. Олар артезиандық және қабықтық болып бөлінеді. Зооценоз – биоценоз жануарларының қауымдастығы. Зоофагтар – өзінің немесе басқа түрлердің жануарларымен қоректенетін етқоректі ағзалар (каннибализм). Инверсия – суық ауаның жылы ауа астына қарай ағуы. Иммиссия – қоршаған ортаға өтіп кетіп, оған қосылатын кез келген заттардың ағыны. Ионосфера – стратопаузадан жоғары 1300 км дейін орналасады. Бұл қабат барлық тіріні космостық радиациядан сақтап, радиотолқындардың шағылуы мен жұтылуына әсер етіп тұрады. Канцерогендер – қатерлі ісік ауруына (рак) шалдыратын заттар. Комменсализм – бір түрдің ағзалары басқа түрлердің арасындағы қолайлы жағдайларды пайдаланып, бір ортада бірігіп тіршілік ету қарым-қатынастары, қатар күнелту (симбиоз) типі. Консументтер – басқа ағзалардың – өсімдіктердің және жануарлардың органикалық заттарымен қоректенетін гетеротрофты ағзалар. Ксенобиотиктер – тірі ағзалардың табиғатына, құрамына және зат алмасуына қайшы әсерін тигізетін заттар. Қышқылдық жауындар – құрамында техногендік қоспалары бар (көбіне күкірт және азот оксидтері) жауын-шашындар. Ластаушы заттар – концентрациясы мөлшерден асып кетіп, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін химиялық, радиоактивті заттар немесе соладың қоспасы және микроағзалар. Метаболизм – биологиялық жүйеде, ағзада зат пен энергияның алмасуы. Минимум заңы (Ю. Либих) – биотикалық потенциал (өмірге қабілеттілігі, түрдің, популяцияның, ағзаның өнімділігі) минимумда болатын орта факторымен шектеледі. Мутагендер – мутация тудыратын заттар (рентген сәулелері, γ - сәулелер, нейтрондар, бензапирен, кейбір вирустер). Мутуализм – қатар тіршілік ететін ағзалар бірігіп, тіршілікке қолайлы жағдай табатын түраралық қарым-қатынастар типі. Ноогенез – ноосфераның қалыптасу үрдісі. Ноосфера – биосфераның “ойлайтын қабығы”, сана сферасы, В.И.Вернадский бойынша – адамның саналы қызметі бақылап отыратын биосфера дамуының жаңа сападағы жоғарғы сатысы. Озон қалқаны (қабаты) – тірі ағзаларғақауіпті қысқа толқынды Күн сәулелерін жұтып тұратын озон молекулаларының (O3) жоғарылау концентрациясымен ерекшеленетін атмосфера қабаты. Онтогенез – ағзаның жеке-дара дамуы; көпжасушалар үшін қартайып, өлуге шейінгі жолы. ӨК50 – тыныс алғанда 50% жануарлардың өліміне әкеліп соғатын зат концентрациясы, мг/л, немесе ммоль/л Поллютанттар (ластаушы заттар) – биосферада және оның компонеттерінде мөлшері артып кеткендегі жағымсыз уытты-экологиялық жағдай туғызатын химиялық қосылыстар Популяция – бір-бірімен өзара ара-қатынаста болып, үлкен территорияда (ареалда) ұзақ уақыт бірігіп тіршілік ете алатын бір түрге жататын дарақтар тобы Продуценттер – бірінші өнім өндірушілер (жасыл өсімдіктер) Редуценттер – органикалық қалдықтармен қоректеніп, минерал- дық заттарға дейін ыдырататын гетеротрофты ағзалар (бактериялар мен саңырауқұлақтар) Рекреация – тұрғындардың экожүйеге әсер ете отырып, дема- луы Сапрофагтар – өлі органикаменқоректенетін жануарлар (детритофагтар). Синэкология – алуантүрлі қауымдастықтар экожүйелерінің экологиясы. Су қоймаларының эвтрофикациясы – су ортасының биогенді заттармен артық мөлшерде баюы. Судың ластану индексі (СЛИ) – судың ластану мөлшерін анықтайтын шама. Стенобионттар – шамалы аралықта өзгерген экологиялық жағдайда тіршілік ете алатын ағзалар. Стратосфера – тропосферадан жоғары 50-55 км дейін орналасқан қабат. Жоғарғы шекарасында озон қабатының болуына байланысты температурасы көтеріледі. Табиғи нысан – өзінің табиғи қасиеттерін сақтаған табиғи экологиялық жүйе, табиғи ландшафт және олардың құрауыш элементтері. Табиғи ластану – жанартаудың атқылуынан, тау жыныстарының ауа әсерінен ыдырауынан, желдік эрозияның, дала және орман өрттерінің әсерінен, космостық шаң және космостық сәулелену әсерінен болатын ластану Тератогендер – ата-аналарының ағзасына әсер ету нәтижесінде ұрпақтың туа кемтарлығына әкеліп соғатын заттар (мутагендер, пестицидтер, тыңайтқыштар, ызың) Техносфера – «техникалық қабық» – адамның өндірістік қызметінің әсері аясындағы ғаламшардың жасанды өзгертілген кеңістігі. Толеранттылық заңы (В. Шелфорд) – экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да – шектеуші фактор, ал олардың арасындағы ауытқу ауқымы толеранттылық (төзімділік) шамасын анықтайды. Топырақ эрозиясы – қар суының, жауын-шашынның және желдің әсерінен топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы. Тропосфера – атмосфераның 80 % -дайы орналасқан оның төменгі қабаты. Оның биіктігі жер бетінде жылытылған ауа ағынының тік бағытты қозғалысының қарқынына байланысты. Урбанизация (өркениеттену) – қалалардың өсуі мен дамуы, ауыл тұрғындарының қалаларға қоныс аударуы, қоғам өміріндегі қалалар орнының артуы. Фенотип – ағза қасиеттерінің генетикалық жолмен анықталатын нысандарының жиынтығы. Фитопланктон – терең суда тіршілік ететін микробалдырлардың, ұсақ өсімдіктік ағзалардың жиынтығы. Фитофагтар – өсімдік қоректі жануарлар. Фитоценоз – көптүрлі өсімдіктік қауымдастық. Фотопериодизм – күн мен түннің өзгеруіне байланысты биологиялық жүйе күйінің өзгеруі. Хемосинтез – кейбір анорганикалық заттардың тотығу энергиясын пайдаланып, хемоавтотрофты бактериялардың органикалық заттар түзуі. Шекті рұқсат концентрация (ШРК) – адам денсаулығына және оның ұрпағына әсер етпейтін атмосфералық ауадағы зиянды заттар мөлшерін көрсететін санитарлық-гигиеналық мөлшерлеме (норматив), мг/м3 Шекті рұқсат тастаулар (ШРТ) – уақыт бірлігінде ауаға тасталу кезінде одан жоғарылауға рұқсат етілмейтін зиянды заттар концентрациясы, г/с, т/жыл Эврибионттар – экологиялық жағдайлардың өзгеруінің кең аралығында тіршілік ете алатын ағзалар: температураның (эвритермдер), ылғалдылықтың (эвригидридтік ағзалар), қорек талдаудың (эврифагтар) және т.б. Эдафон – топырақ жануарлар әлемінің жиынтығы. Экзосфера – ионосферадан кейін 10 000 км-ге дейін жайылатын атмосфера қабаты Экогендік аурулар – қолайсыз экологиялық жағдайларәсерінен пайда болған ауру түрлері. Экологиялық валенттілік – түрдің, популяцияның ортаның әртүрлі жағдайларында күнелту қабілетінің сипаттамасы Экологиялық даму – халықтың әл-ауқатының артуы тіршілік ортасының нашарлауына және табиғи жүйенің бұзылуына әкеліп соқтырмауға бағытталған экологиялық қоғамдық-экономикалық даму. Экологиялық жүйе – бір-бірімензаңдылық байланыстабірігіп тіршілік ететін ағзалар мен олардың тіршілік жағдайларының жиынтығы. Экологиялық қуыс – оның ішінде белгілі бір түр шексіз ұзақ күнелте алатын қоршаған орта факторларының аумағы. Экологиялық қауіпсіздік – табиғи ортаның және тіршіліктің маңызды шаруашылық және басқа да әрекеттерінің табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан, олардың салдарынан сақтану жағдайы. Экологиялық құқық; – қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекеттесу саласында қоғамдық ара-қатынастарды реттейтін құқық саласы. Экологиялық сукцессия – табиғи немесе антропогендік факторлардың әсерінен белгілі бір аймақта биоценоздардың қалпына келмейтін ауысымы. Экологиялық мониторинг – табиғи және антропогендік факторлар әсерін, қоршаған ортаның құрауыштарының сапасын және биологиялық нысандар күйін бақылау. Экологиялық-экономикалық жүйе – қоғамдық өндірістің және табиғи жаратылыс үрдістерінің өзара байланысын және өзара келісімін көрсететін экономика мен табиғаттың бірігуі. Экологиялық (трофтық) пирамида – әртүрлі трофтық деңгейлерді құрайтын биоценоз мүшелерінің арасындағы зат пен энергия тасымалдануы. Экосфера – барлық заманауи экологиялық мәселелер шоғырланған биосфера мен техносфераның әрекеттесуінің бірыңғай ғаламдық жүйесі, адам мен табиғаттың әрекеттесу аренасы. Экоцид – экологиялық жағдайдың күрт бұзылуы себебінен экожүйелердің, әртүрлі ағзалардың, соның ішінде адамдардың да қысылуы және құруы. Эмердженттілік – екі немесе бірнеше жүйелер әсерлесу нәтижесінде мүлдем жаңа қасиеттердің пайда болуы. Эмиссия – антропогендік көздерден ( өндірістік кәсіпорын, автокөлік, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық және т.б.) қоршаған ортаға шығарылатын газ, сұйық немесе қатты күйдегі ластауыш заттар. Эмбриогендер – ұрықты зақымдаушы жат текті заттар ( тератогендер, мутагендер, алкоголь, есірткі ) Эстуариялар – жағалаулық су
|