V. Аурудың қазіргі жағдайы / Status praesens
Жалпы жағдайы орташа, есі анық, төсектегі жағдайы мәжбүрлі, тері және шырышты қабат түсі өзгеріссіз. Дене конституциясы нормастеник. Бойы – 174см, салмағы -78кг. Тері асты май қабаты жақсы дамыған. Бұлшық еттері жақсы дамып, тонусы сақталған. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Тамырлары қалыпты, симметриялы. Денсіндегі деформация ол сол аяқтың I, III саусақтарының болмауы. Қан қысымы 170°-100°мм.сын.бағ. дене температурасы -36,6°С Тыныс алу жүйесі: Жалпы қарау: мұрынмен тыныс алуы еркін. Кеуде фомасы цилиндр тәрізді. Құрсақпен тыныс алады. Тыныс алу актісіне екі жағы бірдей қатысады. Тыныс алуы ритмді,беткей. ТАЖ- 18 рет. Пальпация кезінде кеуде клеткасында ауырсыну сезімі жоқ, дауыс дірілі анық, серпімділігі қалыпты. Салыстырмалы перкуцияда өкпелік ашық дыбыс өкпенің барлық аймағында бірдей естіледі. Топографиялық перкуссияда өкпе ұшы биіктігі оң және сол жақта алдынан бұғанадан 5 см шығып тұрады, ал артқы жағынан оң және сол жақта 7-ші мойын омыртқасының көлденең өсіндісіне тура келеді, кренинг алаңы екі жақта бірдей 5 см.
Аускультация кезінде тыныс алуы везикулярлы, ешқандай сықырлар мен плевраның шуылдары естілмейді, бронхофония өзгермеген. Қан айналым жүйесі: Жүрек аймағын қарау: жүрек аймағында патологиялық пульсация, жүрек ұшы түрткісі мен эпигастральді аймақтағы пульсация байқалмайды. Артерия мен вена тамырлары симметриялы пульсация байқалмайды. Вена тамырларында ешқандай ісінулер, пульсация жоқ. Артериялық тамырлардың пальпациясы кезінде тамырлар тегіс, тонусы жоғарылаған. Тамыр соғуының кернеуі қатты,тамыр соғуының толықтығы- толық,тамырдың ырғағы- ырғақты. Артериялық пульс екі шынтақ артериясында бірдей - 84соққы минутына, ритмі дұрыс, пульс деффициті жоқ. Асықты жіліктің артқы артериясында және тізе асты артериясында пульс әлсіреген. Жүрек пальпациясы кезінде жүрек ұшы түрткісі сол жақ бұғана ортаңғы сызық бойынша 1 см сыртқа қарай VI қабырға аралықта анықталады. Жүрек түрткісі аумағы 1,5 см, яғни шектелген. Артериялық қысым Коротков әдісі арқылы зерттегенде 170°-100°мм.сын.бағ. Жүрек перкуссиясы Жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекаралары: Оң жақ: IV қабырға аралықта, төс сүйектің оң жақ жиегінен 1см сыртқа қарай орналасқан. Сол жақ: V қабырға аралықта, бұғана орта сызығынан 1см сыртқа қарай орналасқан. Жоғары: III қабырғаның жоғарғы жиегі, төс маңы сызығы бойынша орналасқан.
Жүректің абсолютті тұйықтық шекаралары: Оң жақ: төстің оң жақ жиегінен IV қабырға аралықта. Сол жақ: жүректің сол жақ салыстырмалы тұйық шекарасынан 0,5см ішке V қабырғааралықта. Жоғары: сол жақ парастернальды сызық бойынша IV қабырғаның жоғарғы жиегіне сәйкес келеді.
Жүректің көлденең мөлшері: 15см Оң жақ: 3см Сол жақ: 12см
Тамыр шоғырының ені: II қабырға аралықта 5см.
Жүректің Аускультациясы кезіндежиырылу ритмі дұрыс. Қосымша патологиялық тондар естілмейді. Систолалық шуыл естіледі. I тон әлсіреген. 3-ші,4-ші тондар естілмейді. Жүрек ұшында, аортада, өкпе сабауында, үшжармалы клапан мен Боткин –Эрб нүктесінде шуылдар мен өзгерістер естілмейді. Асқорыту жүйесі: Жалпы қарау: ауыз қуысы мен еріндері алқызыл түсті, тілі ылғалды, беті ақ жабындымен жабылған, сілекей құрамы таза, еркін жұтынады. Тістері сау,толық, қызыл иегі қабынбаған. Бадамша бездері алқызыл түсті, ісінусіз. Ауыздан жағымсыз иіс шықпайды. Іші симметриялы, тірісі таза, тыныс алуға аз қатысады.Кіндігі ішіне кірген диаметрі шамамен 1см. Тыртықтар, жаралар жоқ. Бауыры ұлғаймаған, пульсация байқалмайды. Іштің пальпациясы кезінде ауырсыну сезімі жоқ, тері асты май қабаты жақсы жетілген,құрсақ бұлшық еттерінің тонусы қалыпты, симметриялы. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Ұйқы безі пальпацияланбайды, ісіктер, тері гиперестезиясы байқалмайды. Мейо-Робсон симптомы теріс. Бауырдың терең пальпациясы кезінде консистенциясы тығыз,тегіс, ауырсынусыз. Өт қабы пальпацияланбайды. Көкбауыр ауырсынусыз, арқамен немесе оң жақ қырымен жатқанда пальпацияланбайды. Жіңішке және жуан ішектң терең пальпацияда анықталады өзгеріссіз. Іштің перкуссиясы кезінде тимпаникалық дыбыс естіледі. Оң жақ бұғана орта сызығы бойынша бауырдың төменгі шекарасы 2см шығыңқы. Курлов бойынша бауыр шекаралары оң жақ бұғана ортаңғы сызығы бойынша -11см, алдыңғы ортаңғы сызық бойынша -9см, сол жақ қабырға доғасымен -8см.
Бауырдың шекарасы:
Көкбауыр перкуссиясы кезінде көлденең – 5см, ұзындық ---7см (X қабырға бойынша).. Асқазан дененің ортаңғы сызығының екі жағында, үлкен қисықтығы кіндіктен жоғары орналасқан. Асқазанның төменгі шекарасы кіндіктен 2см жоғары орналасқан. Аускультация: іштің аускультациясы кезінде ішектің перистальтикасына байланысты ішектік шулар анықталды. Қарынның көкетінің үйкелу шуылы естілмейді. Іш қалтасының шуылы естілмейді. Зәр шығару жүйесі: Жалпы қарау: Бел аймағында ісінулер байқалмайды. Науқастың несеп шығаруы күніне 4-6 рет, түнде 1-2 рет, сарғыш түсті.Тәуліктік диурез-2-3л. Нәжісі уақытылы, патологиялық қоспасыз, қан араласулар жоқ. Бүйрек аймағын пальпациялағанда ауырсыну сезімі жоқ. Қуық, бүйрек пальпацияланбайды. Перкуссияда қуық ішінің толы екені анықталды. Пастернацкий симптомы теріс.
Нерв жүйесі: Науқастың есі анық, ұйқысы мазасыз, есте сақтау қабілеті жақсы. Иіс сезу, дәм сезу, есту қабілеті жақсы. Көздің көру өткірлігі орташа. Көз қарашығы екі жақта бірдей, біп горизонтальді деңгейде. Қылилық жоқ. Көз қарашықтарының жарыққа реакциясы бар, бірден кішірейеді. Аккомадация мен конвергенция бұзылмаған. Эндокринді жүйе: Қалқанша безі ұлғаймаған. Денесі ер адамдарға тән қалыпты түктенген. Тері пигментациясы бір қалыпты. Екіншілік жыныстық жетілуі қалыпты. Қалқанша бездің пульсациясы байқалмайды, ауырсынусыз.
|