Студопедия — Балалар мен жасөспірімдер гигиенас» пәні бойынша тест тапсырмалары 3 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Балалар мен жасөспірімдер гигиенас» пәні бойынша тест тапсырмалары 3 страница






~ 13 жастағы жас жеткіншек қыздың физикалық дамуын регрессия шкаласы бойынша бағалау кезінде анықталды: дене салмағы оның «мінсіз» дене салмағынан 1,9 сигмаға айырмашылығы бар, ал кеуде қуысының көлемі (ККК) оның дене ұзындығының регрессия шкаласы бойынша «мінсіз» көлемінен 1 регрессия сигмасына аз.

Берілген жағдайда қыздың физикалық дамуына қандай баға беруге болады?

| Дене салмағының есебінен үйлесімсіз

| Дене салмағының тапшылығы есебінен кенет үйлесімсіз

| ККК тапшылығы есебінен үйлесімсіз

| ККК тапшылығы есебінен кенет үйлесімсіз

| Үйлесімді

~ 8 жасар ұл баланың физикалық дамуын регрессия шкаласы бойынша бағалаған кезде мынадай көрсеткіштер анықталды: дене ұзындығы — 134 см, дене салмағы — 32,8 кг, кеуде қуысының шеңбері - 68 см. Дене ұзындығының сигмасы - 0,6, дене салмағының жеке сигмасы (сигма - R) +0,9 және кеуде қуысы шеңберінің жеке сигмасы +1,3.

Баланың физикалық дамуын қалай бағалауға болады?

| Физикалық дамуы дене салмағы мен кеуде қуысының өлшемі бойынша орташа, үйлесімді

| Физикалық дамуы орташа

| Физикалық дамуы кеуде қуысының шеңбері бойынша орташадан жоғары

| Физикалық дамуы орташа дене ұзындығы мен қалыпта дене салмағы бойынша орташадан жоғары

| Физикалық дамуы дене ұзындығы бойынша орташа, дене салмағы мен кеуде қуысының шеңбері бойынша орташадан жоғары

~ 10 жасар қыз баланың физикалық дамуы жоғары деңгейде (М+3s), дене ұзындығы 1 жылда 10 см-ге өскен (жасын ескерсек, бұл көрсеткіш нормадан 2 есе көп), тұрақты тістер саны жасына сай (20), екіншілік жыныстық жетілу белгілері 3 жылға ертерек басталған.

Аталған жағдайда қыздың биологиялық жасының озық жүруі қандай себептерге байланысты?

| Эндокринді бұзылыстар

| Акселерация

| Тамақтану тәртібінің бұзылуы

| Спортпен шұғылдану

| Жоғары калориялы тағамдармен тамақтану

~ 10 жастағы қыздың дене ұзындығы М±1s, дене салмағы жиналған май қабаттары есебінен — М±1,9sR, кеуде қуысының шеңбері — М+1,8R. Функционалдық көрсеткіштері орташадан төмен.

Бұл баланың физикалық дамуын қалай бағалауға болады?

| Орташа үйлесімсіз

| Орташадан жоғары үйлесімді

| Орташадан төмен үйлесімді

| Үйлесімді

| Кенет үйлесімсіз

~ Жалпы білім беретін мектептің сыныбында табиғи жарықтануды анықтау кезінде анықталды: күн сәулесінің түсу бұрышы 150, саңылау бұрышы 50, жарық коэффициенті 1:4, табиғи жарықтану коэффициенті – 0,8%, орналасу тереңдігінің коэффициенті – 1:5.

Қай көрсеткіш гигиеналық нормадан төмен?

| Табиғи жарық коэффициенті

| Жарық коэффициенті

| Орналасу тереңдігінің коэффициенті

| Түсу бұрышы

| Саңылау бұрышы

~ Мектепке дейінгі балаларға арналған ғимараты мөлтек ауданның ортасында орналасқан. Жер телімі 20 автокөлікке арналған жеке гараждармен шектеседі. Атмосфералық ауада ШРЕК-тен 0,5 есе асатын көмір қышқыл газы мен бензапирен концентрациялары анықталды. Тәрбиеленушілерде тәбеттің төмендеуі, эмоционалдық қозғыштық, тез шаршағыштық байқалады. Тереңдетілген медициналық тексеру кезінде балалардың 15%-ында қан аздық анықталды.

Бұл жағдайда қандай сауықтыру шараларын жүргізу керек?

| Автокөліктерге арналған жеке гараждарды 10 м қашықтыққа көшіру

| Үшінші тағамдардың жасанды "С"-дәрумендіруін ұйымдастыру

| Балаларды саябақтарда серуендету

| Мөлтек ауданда гараждарды орналастыруға тыйым салу

| Ғимаратының орнын ауыстыру

~ Мектептің оқу сыныбында ауадағы көмір қышқыл газының концентрациясы 0,2%, жарық коэффициенті 1:5, температура – 200С, ылғалдылық 55 %. Қыздыру шамдарымен жалпы жарықтандыру 200 лк.

Оқушыларда қандай патологиялық ауытқулар болуы мүмкін?

| Еңбекке жарамдылықтың төмендеуі

| Сколиоз

| Кифоз

| Вегето-қан тамырлы дистония

| Салқын тию
~ Бала жиі ауырады, артта қалушы 3 дәрежелі физикалық даму байқалады.

Бұл бала денсаулықтың қай тобына жатады?

| II

| III

| I

| IV

| V

~ 10 жасар баланың физикалық дамуының графикалық суретіне сәйкес дене ұзындығы +1,2 сигма, дене салмағы -0,5 сигма, кеуде қуысының шеңбері +0,5 сигма.

Аталған жағдайда баланың физикалық дамуы қалай бағаланады?

| Диспропорционалды

| Пропорционалды

| Кенетдиспропорционалды

| Үйлесімді

| Үйлесімсіз

~ Мектепке дейінгі балалар мекемесінің орташа жылдық тізімі – 100 бала. 1 жылда 20 бала мүлдем ауырмаған, 50 бала 1-3 рет ауырған, қалғандары 4 және одан да көп рет ауырған. Денсаулықтың І тобына 30 бала жатқызылған, 60 баланың созылмалы аурулары жоқ.

Денсаулық индексі қанша пайызды көрсетеді?

| 20%

| 50%

| 60%

| 30%

| 10%

~ Бала созылмалы гепатиттің асқынуынан кейін жазылу сатысында.

Ол денсаулықтың қай тобына жатқызылуы мүмкін?

| IV

| II

| I

| III

| V

~ 9 жасар баланы тексеру кезінде мынадай мәліметтер алынды: дене ұзындығы — 127 см, дене салмағы — 28,2 кг, кеуде қуысының шеңбері — 63,9 см. Морфофункционалдық жағдайы М + sR.

Баланың физикалық дамуы қалай бағаланады (регрессии шкаласы бойынш|?

| Үйлесімді

| Үйлесімсіз

| Орташадан жоғары

| Кенет үйлесімсіз

| Орташадан төмен

~ Базарда қолдан жасалған парталар сатылуда. Парталар ағаштың жеңіл түрінен жасалған, қақпағының реттелетін (1-ден 450 дейін) иілгіші бар, үстелдің биіктігі 0,8 м, орындықтың биіктігі 0,5 м, орындықтың арақашықтығы нормаға сәйкес.

Партаны үй жұмысы үшін қолданатын балаларда қандай патология қалыптасуы мүмкін?

| Оң жақтық скалиоз

| Сол жақтық скалиоз

| Майтабандық

| Қан аздық

| Гиперметропия

~Мектеп оқушыларының дене бітімінің бұзылмауының алдын-алу үшін бірінші қатардан үшіншіге және керісінше, балалардың бойының мектеп жиһаздарын сәйкестігін бұзбай отырғызады.

Мұндай іс-шараны жүргізудің реттілігі қандай?

| Жылына 2 реттен сирек емес

| Жылына 3 реттен сирек емес

| Жылына 4 реттен сирек емес

| Жылына 6 реттен сирек емес

| Жылына 7 реттен сирек емес

~ Жасөспірімдер өндірістік тәжірибе өтетін өнеркәсіпте шудың деңгейін өлшеген кезде 95дБ-100 дБ көрсетті.

«Жұмыс орындарында шудың рұқсат етілген деңгейінің санитарлық ережесіне» сәйкес жасөспірімдер аталған өнеркәсіпте жұмыс істеуге құқылы ма?

| Шу деңгейі 95 дБ-ден жоғары болатын кәсіп орындарда жұмыс істеуге құқықтары жоқ

| Әр 20 минут сайын үзіліс жасау арқылы жұмыс істеуге құқылы

| Жеке қорғаныс құралдары болғанда жұмыс істеуге құқылы

| Шу 30 минут қана әсер еткенде жұмыс істеуге құқылы

| Дірілді (жалпы және жергілікті) бағаламай жұмыс істеуге құқықтары жоқ

~ Кепілденген өз еркімен көшіру аймағында орналасқан ауылшаруашылық өндірісінде картоп өнімін жинауға 10-11 сынып оқушыларын апару көзделуде.

Аталған сұрақ бойынша мектеп әкімшілігі қандай шешім шығаруы тиіс?

| Оқушылардың жұмыс істеуіне мүлдем тыйым салу

| 2 сағаттан артық жұмыс істеуге тыйым салу

| 6 сағаттан артық жұмыс істеуге тыйым салу

| Жұмысқа қыздарды апаруға тыйым салу

| 10 сынып оқушыларын жіберуге тыйым салу

~ Жалпы білім беретін мектеп сыныбында микроклиматтық көрсеткіштерге зерттеу жүргізілді. Одан келесі нәтижелер алынды: ауаның температурасы – 25о С, салыстырмалы ылғалдылық – 40 %, ауаның жылдамдық қозғалысы – 0,15 м/с.

Қандай көрсеткіш түзетуді талап етеді?

| Ауа температурасы

| Ауаның қозғалыс жылдамдығы

| Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы

| Ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығы

| Ауаның қозғалыс жылдамдығы мен температурасы

~ 4 сынып оқушысында үйлесімсіз физикалық даму анықталды. Бала компенсация сатысындағы созылмалы бронхитпен ауырады. Жыл бойы жедел аурулармен ауырмаған.

Ол қандай денсаулық тобына жатады?

| III

| II

| IV

| I

| V

~ Бала 7 жаста, бойы 122 см, дене салмағы 22,4 кг (- 0,87σR), кеуде қуысының шеңбері - 60,1 см (- 0,87σR). Биологиялық дамуы жасына сәйкес келеді. Функционалдық көрсеткіштері М + 1 сигма.

Баланың дамуын қалай бағалауға болады?

| Үйлесімді

| Үйлесімсіз

| Диспропорционалды

| Пропорционалды

| Кенет үйлесімсіз

~ Мектепке дейінгі балалар мекемесінің жобалануы бойынша барлық топтық ұяшықтардың құрамына жылжымалы қоршаумен бөлінетін біріктірілген ойын алаңы мен жатын бөлмесі, балаларды қабылдайтын орын, ойын алаңымен біріктірілген буфет, әжетхана кіреді.

Топтық ұяшықтарды жобалаудың қай көрсеткішін гигиеналық талаптарға сай түзету қажет?

| Бөбектердің ойын бөлмесі мен жатын бөлмесін біріктіру

| Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойын бөлмесі мен жатын бөлмесін біріктіру

| Дайындық тобындағы балалардың ойын бөлмесі мен жатын бөлмесін біріктіру

| Ойын бөлмесі мен буфетті біріктіру

| Ойын бөлмесі мен тағам қабылдайтын бөлмені біріктіру

~ Дәрігердің тапсырмасы бойынша мейірбике бала-бақшаның топ бөлмесінде микроклиматтык жағдайды бағалау үшін қажетті өлшемдер жасады. Өлшеудің нәтижесі: ауаның орташа температурасы – 20о С, ауаның қозғалу жылдамдығы – 0,5 м/с, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 50 %.

Бала – бақшаның топтық бөлмелерінің микроклиматына гигиеналық баға беріңіз

| Қолайлы микроклимат

| Қолайсыз микроклимат, жылытқыш типті

| Қолайлы микроклимат, салқындатқыш типті

| Қолайсыз микроклимат

| Қолайсыз микроклимат, негізгі көрсеткіштері едәуір ауытқыған

~ Жыл сайынғы тереңдетілген медициналық тексеру кезінде 9 жасар мектеп оқушысында анықталды: физикалық дамуы қалыпты, миопия 1,5Д. Жылына 3 рет ЖРВИ-мен ауырған. Басқа мүшелері мен жүйелерінен ауытқулар анықталмады.

Мектеп оқушысын қандай денсаулық тобына жатқызуға болады?

| II

| I

| III

| V

| IV

~ Мектепалды жастағы балалардың физикалық дамуын зерттеу кезінде мынадай көрсеткіштерге баға берілді: дене салмағы мен ұзындығы, кеуде қуысының, бастың, бөксенің өлшемі, омыртқа пен кеуде қуысының пішіні.

Аталған көрсеткіштердің ішінде қайсысы, дене салмағы мен ұзындығынан басқа, физикалық дамудың негізгі көрсеткіштеріне жатады?

| Кеуде қуысының көлемі

| Бөксенің көлемі

| Кеуде қуысының пішіні

| Бөкселердің пішіні

| Бастың көлемі

~ Оқу бөлмесін тікелей арматуралы шамдармен және күндізгі жарықты люминесцентті шамдармен жабдықтау жоспарлануда.

Ғимараттың осы түріне арналған жасанды жарықтандырудың люкспен есептегенде қандай ең төменгі көрсеткіші гигиеналық талаптарға сай келеді?

| 300 ЛК

| 150 ЛК

| 250 ЛК

| 350 ЛК

| 400 ЛК

~ Жоба бойынша мектепке дейінгі балалар мекемесі панельді жылыту жүйесімен, үрмелі желдетумен, қыздыру шамдары арқылы жасанды жарықтандырумен, орталықтандырылған су жүйесімен және кәрізбен жабдықталуы тиіс.

Балалар мекемесін жобалау кезінде қандай қателік жіберілген?

| Үрмелі желдету қондырғысы

| Панельді жылыту қондырғысы

| Қыздыру шамдары арқылы жасанды жарықтандыру

| Орталықтандырылған су жүйесі

| Кәріз жүйесі

~ Жоба бойынша бөбектер тобына арналған топтық қоршау 1-қабатта орналасқан, жеке кіру есігімен және тамбурмен жабдықталған. Ойын алаңы топтық қоршаудың жанында орналасқан, ауданы 80 м2. Алаң периметрі бойынша ағаштармен қоршалған.

Балалар мекемесінің жобасында қандай кемшілік орын алған?

| Алаңды ағаштармен қоршау

| Ойын алаңының кіретін жерде орналасуы

| Топтық қоршауға кіру есігінің тамбурмен жабдықталуы

| Топтық қоршаудың 1-қабатта орналасуы

| Ойын алаңы ауданының жеткіліксіз болуы

~ Жалпы білім беретін мектептің үшінші қабатында ауданы 150 м2 болатын 25 жұмыс орнына арналған компьютерлік сынып орналасқан. Сыныптың терезесі солтүстікке қараған. Табиғи жарық коэффициенті – 1,5 %, жасанды жарықтандыру дисплейдің экранында – 200 лк, пернетақтада –40 лк.

Аталған көрсеткіштерден қайсысы гигиеналық талапқа жауап бермейді?

| Сынып толықтығы

| Бір оқушыға арналған аудан

| Терезенің бағытталуы

| Табиғи жарықтандыру

| Жасанды жарықтандыру

~ 120 орындық мектепке дейінгі балалар мекемесінің 6 ойын алаңы 3 бөбектер, 3 мектепке дейінгі және дайындық топтарға есептелген, ауданы 40 м2көлеңкелі бастырмамен жабдықталған, қоғалар жолақшасымен қоршалған, көк шөп өсіріліп, айналма жол жасап біріктіріледі.

Бұл жағдайда қай көрсеткішті гигиеналық талаптарға сәйкес түзету қажет?

| Алаңша санын

| Көлеңкелі бастырма алаңын

| Алаңды көгалдандыру

| Айналма жолдың құрылғысын

| Мекеменің сыйымдылығын

~ Кәсіптік-техникалық мектеп оқушысының ағзасына іс-әрекеттің әсерін зерттеу және функционалдық жағдайын бағалау үшін әртүрлі әдістерді қолданады. Оқушы компьютердің алдына отырып тапсырма алады – мониторда кездейсоқ ретпен пайда болатын жарықтарды белгілі бір пернелерді жоғары жылдамдықпен басу арқылы өшіреді. Тапсырма аяқталған соң, компьютерлік бағдарлама тесттің жауабын шығарып, оқушының функционалдық жағдайын, оны ары қарай мамандығын жалғастыруға жіберуге болатынын не болмайтынын көрсетеді.

Еңбекке жарамдылық дәрежесі туралы мәліметтерді алу үшін қандай әдіс тиімді болып саналады?

| Хронорефлексометрия

| Корректуралық әдіс

| Анық көрудің ұзақтығын анықтау

| Динамометрия

| Тремометрия

~ Балалардың ағзасына іс-әрекеттің әсерін зерттеу және функционалдық жағдайын бағалау үшін әртүрлі әдістерді қолданады. Миниатюралар мен суреттерді қолдану кезінде балалар белгілі бір белгіні тауып, оны ерекшелеу керек – астын сызу, сызып тастау, белгілеу. Нақты қандай белгіні қолдану қажет екендігі тапсырманың ережесінде көрсетіледі.

Балалар ұжымында ой еңбегінің дәрежесі туралы мәліметтерді алу үшін қандай әдіс тиімді болып саналады?

| Корректуралық әдіс

| Хронорефлексометрия

| Анық көрудің ұзақтығын анықтау

| Динамометрия

| Тремометрия

~ 5 жасар қыз баланың физикалық дамуы орташа дәрежелі, дене салмағы — М+1,9sR, кеуде қуысының өлшемі — М+1,6sR, тері асты май қабаты 1,2см, қаңқасы жіңішке, аудару жүйесі орташа, ӨТС мен оң және сол қолдың бұлшық еттерінің күші баланың жасына сай. — М+0,9. Жыл ішінде қыз бала тұмаумен, жедел бронхитпен, қызылшамен, жедел пневмониямен ауырған.

Қызды денсаулықтың қай тобына жатқызу қажет?

| II

| IV

| III

| I

| V

~ 8 жасар балада жарақаттан кейін сол қол бұлшық еттерінің атрофиясы байқалған, тонусы кенет төмендеген, белсенді қозғалғыштығы тек сол буынында ғана сақталған. Сол аяқтың тірек функциясы жоқ, ал оң аяқтың тірек функциясы сақталған. Бала ортопедиялық аяқ киім киеді.

Осы жағдайда бала дене тәрбиесінің қай тобына жатады?

| Арнайы

| Негізгі

| Қосымша

| Диспансерлі

| Даярлайтын

~ 8 сынып оқушыларының денсаулық жағдайын бағалау кезінде бір оқушыда ІІІ дәрежелі бадамша бездерінің гипертрофиясы, созылмалы ринит және вегето-қан тамырлы дистония анықталды. Ағзаның функционалдық мүмкіншіліктері төмендеген.

Аталған жағдайда бала денсаулықтың қай тобына жатады?

| IV

| II

| III

| V

| I

~ Оқу бөлмесінде 5-ші сабақта микроклиматтың мынандай өлшемдері анықталды: температура – 25 о С, салыстырмалы ылғалдылық -79 %, ауаның қозғалыс жылдамдығы - 0,1 м/с.

Оқушылардың жүйке жүйесінің функционалдық жағдайына микроклиматтың жағымсыз әсері қандай физиологиялық көрсеткіш бойынша анықталады?

| Еңбекке жарамдылық пен хронорефлексометрия көрсеткіштері

| Дене температурасы, хронорефлексометрия

| Жүрек соғысы, ӨТС

| ӨТС, хронорефлексометрия

| Еңбекке жарамдылық көрсеткіштері мен тамыр соғысы

~ Бала 6 жаста. Бір жыл бақылау уақытында 8 күннен 2 рет ЖРВИ-мен ауырды. Физикалық дамуы қанағаттанарлық.

Бұл бала денсаулықтың қай тобына жатады?

| II

| I

| III

| IV

| V

~ 9 жастағы бала «созылмалы тонзиллит» диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. Бір жыл бақылау кезінде ауруы 1 рет асқынған. Физикалық дамуы қанағаттанарлық. Жалпы жағдайы қалыпты.

Бұл оқушы қандай денсаулық тобына жатады?

| III

| II

| I

| IV

| V

~ Медициналық байқау кезінде 7 сынып оқушыларының барлығында биологиялық дамудың куәліктегі жасына сәйкестігі мынандай критерилер бойынша анықталды: жыл сайынғы бойының ұзаруы, саусақ сүйектерінің оссификациясы, тұрақты тістердің саны, екіншілік жыныстық дамудың белгілері.

Аталған критерилердің қайсысы тек көрсеткіш бойынша анықталады?

| Сүйектердің оссификасациясы

| Тұрақты тістерінің саны

| Бойы

| Жыл сайынғы бойының ұзаруы

| Екінші жыныстық белгілерінің дамуы

~ Гигиенисттер 3-4 жас аралығындағы балалардың салқын тітіркендергіштерге бейімделу сұрақтарына байланысты зерттеу жүргізді.

Берелген жағдайда неше уақыттан кейін шынығу процессі байқалады?

| 7-8 күн

| 2-3 күн

| 8-10 күн

| 5-6 күн

| 10-13 күн

~ Баланың жасы 15-те: дене ұзындығы - 162 см (+2), дене салмағы - 49 кг (+1,5), кеуде қуысының шеңбері - 75 см (+0,2).

Баланың физикалық дамуы қалай бағаланады?

|Үйлесімсіз

| Үйлесімді

| Орташадан жоғары

| Кенет үйлесімсіз

| Орташадан төмен

~ Оқу ғимараттарын жарықтандыру үшін әртүрлі жарықтандыру құрылғылары қолданылады?

Гигиеналық тұрғыдан жарықтың қандай түрі қолайлыболып саналады?

| Шағылысқан

| Тікелей

| Жартылай шағылысқан

| Шашыраңқы

| Біріктірілген

~ Мектепті санитарлық-гигиеналық зерттеу кезінде табиғи жарықтануға гигиеналық баға беру қажет.

Аталған жағдайда төменде көрсетілген құралдардың қайсысы қолданылады?

| Люксметр

| Гигрометр

| Барометр

| Психрометр

| Анемометр

~ Бала бақшаның дайындық тобында дене шынықтыру сабағынан кейін ұзақтылғы 30минуттан тұратын математика және сауаттану пәндері өткізілді. Үшінші сабақтың 10 минутында көп балаларда шаршау белгілері байқалған: есінеу, сабақта ойдың бөлінуі.

Шаршаудың негізгі себебі неде?

| Сабақ кестесінің дұрыс құрастырылмауы

| Сабақтың ұзақтығы

| Алдыңғы сабақтар

| Сабақ арасында шынығу минуттарының болмауы

| Сабақты өткізуге жағдайыдың сай болмауы

~ 9 жасар баладан мынадай мәліметтер алынды: денесінің ұзындығы –127см(-0,3), дене салмағы–28,2 кг(+0,96), кеуде қуысының шеңбері - 64,9 см (+0,66), ӨТС –1520 мл(-0,16).

Бұл жағдайда баланың физикалық дамуы қалай бағаланады?

| Үйлесімді

| Үйлесімсіз

| Орташадан жоғары

| Кенет үйлесімсіз

| Орташадан төмен

~ 11 жасар қыз баланың дене салмағы мен ұзындығы орташа көрсеткішті, кеуде қуысының шеңбері орташа көрсеткіштен жоғары, ӨТС мен бұлшық ет күшінің көрсеткіштері де жоғары.

Баланың физикалық дамуының кешенді бағасы қандай?

| Үйлесімді

| Үйлесімсіз

| Орташадан жоғары

| Кенет үйлесімсіз

| Орташадан төмен

~ Физикалық дамудың үйлесімділігін бағалау үшін дене салмағының, кеуде қуысы шеңбері өлшемінің және бала бойының ұзындығының ара қатынасы ескеріледі.

Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы регрессия шкаласы бойынша сигмалық ауытқулардың қандай көлемінде орта үйлесімді дамудан төмен болып есептеледі?

| М - 3R-ден -4R –ге дейін

| М -0,5R-ден 1,0R-ге дейін
| Жиналған майдың есебінен М +2,5R-ден жоғары
| Жиналған майдың есебінен М - 1,1R-ден - 2R-ге дейін

| Жиналған майдың есебінен М + 4R-ден жоғары

~ Физикалық дамудың үйлесімділігін бағалау үшін дене салмағының, кеуде қуысы шеңбері өлшемінің және бала бойының ұзындығының ара қатынасы ескеріледі.

Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы регрессия шкаласы бойынша сигмалық ауытқулардың қандай көлемінде жоғары үйлесімсіз болып есептеледі?

| Жиналған майдың есебінен М + 4R-ден жоғары

| М -0,5R-ден 1,0R-ге дейін
| Жиналған майдың есебінен М +2,5R-ден жоғары
| Жиналған майдың есебінен М - 1,1R-ден - 2R-ге дейін

| М - 3R-ден -4R-ге дейін

~ Физикалық дамудың үйлесімділігін бағалау үшін дене салмағының, кеуде қуысы шеңбері өлшемінің және бала бойының ұзындығының ара қатынасы ескеріледі.

Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы регрессия шкаласы бойынша сигмалық ауытқулардың қандай көлемінде орта үйлесімсіз болып есептеледі?

| Жиналған майдың есебінен М - 1,1R-ден - 2R-ге дейін

| М -0,5R-ден 1,0R-ге дейін
| Жиналған майдың есебінен М +2,5R-ден жоғары
| Жиналған майдың есебінен М + 4R-ден жоғары
| М - 3R-ден -4R-ге дейін

~ Жалпы білім беретін мектепте 6-сыныптың сабақ кестесін тексеру берысында анықталды: сабақтардың апталық жүктемесі – 34, үзілістердің ұзақтығы – 10 мин, 2-сабақтан кейін 20 мин. Сейсенбі күні 1-сабақ тарих, 2-орыс тілі, 3-дене шынықтыру, 4-әдебиет, 5-биология, 6-сурет салу сабағы.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 2085. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия