Пәннің саясаты.
1) «Неврология» пәні бойынша оқу көлемін (тәжірибелік сабақтар,СБӨЖ, СӨЖ, дәрістер) орындамаған жағдайда оқыту курсы есептелмейді 2) Барлық аудиторлық сабақтарға міндетті түрде қатысу, маңызды себептен басқасы. 3) Студенттер білімін көрсеткіштерге және білімді бағалау ережелеріне (5 компетенция бойынша) бағалау. Егер студент сабаққа қатыспаса –«0» балл деп есептеледі. 4) Оқу тәртібін қадағалау (сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында ұялы телефонды қолданбау). 5) Тәжірибелік тапсырмаларды уақытында орындау (клиникалық жағдайды талдауға белсенді қатысу, жағдайлық есептерді шешуде білгірлік таныту, операцияға қатысу. 6) СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы) талаптарына сәйкес орындау, уақытында тапсыру. 7) Қауіпсіздік техникасын қадағалау (электр құралдары, оргтехникамен ұқыпты жұмыс істеу, әр науқастан кейін инфекциялық аурудың алдын алу үшін қолды сабынмен жуу). Сабаққа ауыстырғыш аяқ-киім, ақ халат (қажет болса хирургиялық киім), қалпақ, маска әкелу, міндетті түрде санитарлық кітапша болуы тиіс. 8) ПОҚ және пациенттерге сыйкөзбен қарау, студенттер және медициналық қызметкерлер арасында субординацияны қадағалау. Науқастармен, медицина қызметкерлерімен сенімді қарым қатынас орнату 9) Топтағы түсінбестік жағдайларды кафедра меңгерушісі немесе оқу жөніндегі меңгеруші деңгейінде шешу. 10) Тәжірибелік дағдыларды игермеген студент қайта оқу курсына қалдырылады 11) Оқыту бөлмелері мен дәріс аудиторияларында тазалық сақтау. 12) Сабақты (дәріс, тәжірибелік сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ) себепсіз жіберген жағдайда жалпы баллдар санынан 10 балл (әрбір сабақ үшін) азайтылады 13) Дәрістерді себепсіз жіберген жағдайда кафедралдық рейтинг төмендейді. Кафедралдық рейтенгтен әрбір дәріс үшін 20 балл азайтылады
|