Экологиялық жобалаудың ақпараттық базасы.
Экологиялық ақпараттық жүйелер (ЭАЖ) - шекаралық координатталған мәліметтерді жинап, сақтап, өңдеп, таратуды жүзеге асыратын автоматтандырылған аппаратты-бағдарламалық жүйелер. ЭГАЖ-дың басты қызметі – басқарушылық шешімдерді ақпараттық-картографиялық қамтамасыздандыру. Экологиялық картографиялау – аналогтық немесе сандық формада экологиялық карталар мен атластарды жасау процестері мен әдістерінің жиынтығы.Тақырыбы бойынша ЭК-ды былай жіктейді: - Салалық ЭК – экологиялық-геохимиялық, медико-экологиялық, ландшафтты-экологиялық, экологиялық-демографиялық және т.б. - Кешенді ЭК – экологиялық-географиялық. - Геоэкологиялық ЭК – геологиялық-экологиялық. Ақпарат көздері – экологиялық бақылаулар мен өлшеулердің нәтижелері, картографиялық материалдар, әуе- және ғарыштық түсірілімдер, статистикалық есеп пен стационарлық гидрометеорологиялық бақылаулар мәліметтері, нормативтік мәліметтер және т.б. Инвентаризациялық карталар экологиялық құбылыстардың бар екендігін, орналасқан жері, жағдайын барынша дәлдікпен бекітеді. Аэроғарыштық алдын ала байқау – экологиялық жобалауда пайдаланылатын зерттеу тәсілдерінің кешені. Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер: 1. Н.М.Ларионов, А.С. Рябышенков. Промышленная экология. Учебник. М.: Изд-во юрайт, 2014. – 495с. 2. Дьяконов К.Н., Дончева А.В. Экологическое проектирование и экспертиза: Учебник для вузов – М.: Аспект Пресс, 2002. – 384с. 3. Голицын, А.Н. Основы промышленной экологии. Учебник. М: Академия, 2002.-240с.
|