Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Экологиялық жобалау мен экспертизаның құрылуы мен дамуының тарихынан





Алғашқы гидротехникалық сооружениелер б.э.д. 3 жылдан астам уақыт бұрын көне Мысырда пайда болған. Фараон Менесенің тұсында ұзындығы 450 м, биіктігі 15 м плотина салынған. Нілдің ағысын өзгерту керек болды, себебі қасында Мемфис қаласының астанасы салынып жатқан еді. Шамамен біздің эрамызға деінгі 2800-2500 жылдары Каирдан 30 км оңтүстікке қарай Вади-Гарави өзенінде Садд-Кафара плотинасы салынды, оның ұзындығы 108м, биіктігі 12 м еді, бірақ ол салынып болғаннан кейін көп ұзамай, водосливтің жоқтығының салдарынан сумен шайылып кеткен болатын. Бұл фактілер жобалау элементтерінің мыңжылдықтар тереңдігіне баратындығын растайды.

Әлем бойынша жаппай темір жол салу инженерлік-геологиялық ізденістерсіз өтуі мүмкін емес еді, ал бұл жобалауды, соның ішінде экологиялық жобалауды жаңа мазмұнмен толықтырды. Өнеркәсіппен бұзылған ландшафттарды рекультивациялаудың алғашқы тәжірибелері 19 ғасырдың орта шендеріне тиесілі (Германия). ХХ ғасырдың баснда Англияда, АҚШ-та, Канада, ФРГ, Польшада, Чехияда және басқа да елдерде орманды рекультивациялау – құрылыс материалдарын барлау карьерлері мен көмір шахталарының террикондарын көгалдандыру кең етек алған.

Кеңес Одағында жобалаудың эклогиялық құрамдас бөлігі Кеңесердің ҮІІІ съездінде ГОЭЛРО жоспарын қабылдағаннан кейін белгіленді. Алғашқылардың бірі болып Волхов ГЭС-ін жобалау басталды. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының басында табиғатты қайта жаңғыртудың сталиндік жоспары қабылданды, оның мақсаты табиғаттың жағымсыз сипаттарын, әсіресе елдің европалық бөлігіндегісін өзгерту болды. Оның негізінде жерлердің ауылшаруашылық өнімділік деңгеән арттыруды көздеген фито және гидромелиорациялауды өткізу идеясы жатты. Экологиялық жоспар ғылыми қатынаста қамтамасыз етілмеді.

Экологиялық жобалауға жаңа импульс ХХ ғасырдың 60-шы жылдары берілді, ол солтүстік өзендердің ағысын оңтүстікке шекааралық қайта бағыттау және төменгі Обь ГЭС-ін салу жобаларымен байланысты болды. КСРО-ның ғылым академиясының институтында И.П. Герасимов және С.Л. Вендровтың бастамасымен ірі су қоймалардың қоршаған шекаралар ландшафттарына әсерін бағалау және ГЭС-тің жобаланып отырған су қоймаларын болжау әдістерін жасап шығару бойынша кешенді зерттеулер жасалды. Біршама уақыттан кейін Қарақұм каналының қасындағы шекараларға әсері бойынша зерттеулер жүргізілді.

Өзендерде гидротехникалық жүйелер құру және түрлі-түсті металлургия мен жылуэнергетикасында мелиоративті жүйелер құрудың экологиялық және географиялық негіздеу мәселелері анағұрлым эффективті болып шықты.

Экологиялық жоблау жерлерді рекультивациялау жобаларында ашық түрде көрсетілді. 70-ші жылдары КСРО-да рекультиация бойынша алғашқы жалпылама жұмыстар пайда болды, және рекультивацияны жобалау жіне жүзеге асыруды регламенттейтін мемлекеттік және үкіметтік құжаттамалар да сол жылы жарық көрді.

ОВОС-тың шет елдерде пайда болу тарихы. ОВОС-тың экологиялық жобалаудың сатысы ретінде пайда болуын шамамен 1970 жылға қатыстыруға болады, өйткені сол жылы АҚШ-та қоршаған ортаны қорғау бойынша Ұлттық саясат туралы АктNational Environmental Act (NEPA) қабылданған болатын. Онда «ірі шешім қабылдаған кезде жоспарланып отырған әрекеттің экологиялық салдарын есепке алу» ұсынылған. Сондықтан орасан экологиялық салдарға әкелетін шешімдер қабылдамастан бұрын арнайы «Экологиялық салдар туралы Декларация» құру керек.

АҚШ-тың тәжірибесіне бірқатар еуропалық елдер ерді. 80-ші жылдардың басынан бастап ЕІА туралы жалпы европалық заң қабылдау бойынша жұмыстар басталды, ол 1985 жылдың 3 шілдесінде Еуропалық одақ Директивасы ретінде қабылданды.

1991 жылы БҰҰ-ның Европа мәселесі бойынша Экономикалық Кеңес эгидасымен өткен Эспо конференциясында (Финляндия) 30 мемлекет қомақты көлемде трансшекаралық экологиялық салдарға ие бола алатын ЕІА жобаларын өткізу туралы Конвенцияға қол қойды. Трансшекаралық ОВОС туралы Конвенцияға сәйкес бұндай жобалардың әсерін бағалау бойынша материалдар көршілес елге толықтай қолжетімді болуы керек. КСРО да бұл келісімге қол қойды, ал 1994 жылы ресей парламенті оны ратификациялады (бас тартты).

Бақылау сұрақтары:

1. Экологилық жобалау пәнінің даму тарихы қандай?

2. Экологиялық жобалау мен экспертизаның объектілері не?

3. Экологиялық жобалаудың әдістемелік талаптары мен принциптері қандай?

4. Шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау қалай жүргізіледі?

5. ҚОӘБды өткізуде ГАЖды қалай пайдаланады?

6. Экологиялық жобалауда инженерлік-экологиялық ізденістерқалай жүргізіледі?

Әдебиеттер:

1. Н.М.Ларионов, А.С. Рябышенков. Промышленная экология. Учебник. М.: Изд-во юрайт, 2014. – 495с.

2. Дьяконов К.Н., Дончева А.В. Экологическое проектирование и экспертиза: Учебник для вузов – М.: Аспект Пресс, 2002. – 384с.

3. Ю.А.Израэль. Экология и контроль состояние природной среды. Книга. – Москва, Гидрометеоиздат, 1984 – 560с.

№ 2 Тақырып: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕРТИЗА ЖӘНЕ ЖОБАЛАУДЫҢ;







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1626. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия