Шетелдік тәжірибе.
Отандық тәжірибеде сирек қолданылатын тәсілдерді қарастырайық. Шетелдік тәжірибеде әлеуметтік тәсілдерді эффективті пайдалануға және әлеуметтік профильдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төрт маңызды рәсімді қолданады. · Біріншіден, жобаны жүзеге асыратын аймақта тұратын тұрғындар туралы демографиялық, экономикалық және басқа да мәліметтерді графиктік және статистикалық талдау жолымен қолда бар әлеуметтік ақпаратты жан-жақты өңдеу. · Екіншіден, қоғамды мақсатты түрде жоба туралы ақпараттандыру. · Үшіншіден, тұрғындар арасында әртүрлі әлеуметтік сауалнама жүргізу. · Төртіншіден, тұрғындар тәртібін әртүрлі әлеуметтік бақылаулар арқылы байқау. Шетелдік тәжірибеде ОВОС-тың үш сатысын шартты түрде ажыратады. Бірінші сатыда ОВОС-ты өңдеу жүргізіледі. Екінші сатыда ОВОС-ты толық өңдеу – детальді және соңғы өңдеулер жүргізіледі. Соңғы ОВОС сатысы зерттеуден гөрі рәсімді сатыға көбірек келеді, оның негізгі функциясы – жоба бойынша соңғы шешім. Мониторингті саты табиғи және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді іс жүзіндегі барысын қадағалауға арналған. Бақылау сұрақтары: 1. Шаруашылық әрекеттің қоршаған ортаға әсерін бағалау принциптері қалай жүргізіледі? 2. ҚОӘБ-дың ұлттық рәсімі қалай жасалады? 3. ҚОӘБ-дағы шетелдік тәжірибе қандай? Әдебиеттер: 1. Дьяконов К.Н., Дончева А.В. Экологическое проектирование и экспертиза: Учебник для вузов – М.: Аспект Пресс, 2002. – 384с 2. Ю.А.Израэль. Экология и контроль состояние природной среды. Книга. – Москва, Гидрометеоиздат, 1984 – 560с. 3. Платонов А.П. Основы общей и инженерной экологии№ Учебное пособие№ Ростов н/Д: «Феникс», 2002 – 352с
|