Экологиялық оңалту объектілерін экологиялық жобалау.
Экологиялық оңалту объектілері арасынан қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуді, өндірістік улы қалдықтарды зарарсыздандыру және көмуді қарастырайық. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу (ҚТҚӨ). Дүние жүзі бойынша адам санының өсуі, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы және тауарларды қолдану қажеттілігінің өсуі салдарынан қатты тұрмыстық қалдықтардың күрт артуы байқалады. Әртүрлі елдерде ҚТҚ-ң адам басына шаққанда жылына 150-ден 1000кг-ға дейін жетеді екен. ҚТҚ-ды қаттау. Әлемдік тәжірибеде әлі күнге дейін ҚТҚ полигондарға апарып тасталынып келеді. ҚТҚ-ды қоқыс үйінділерге қаттаудың экологиялық салдары: жерге деген зор қажеттілік, бос жер телімдерінің жоқтығынан қоқыс орындарын жаңадан ұйымдастырудың күрделілігі, қоршаған ортаның ластануы, инфекциялардың таралуының тікелей қауіптілігі, өрт қауіптілігінің жоғарылығы, бағалы компоненттерді жоғалту. Полигонды қоқыс орындары (санитарлық қоқыс орындары) арнайы технологиялар бойынша жабдықталуы керек. Үйіндінің түбі кішкене еңіс болуы керек, астына мықты полиэтилен пленка төселінеді. Қалдықтар нығыздалады да, үстіне бір қабат құм немесе саз үйіледі, сосын қайта нығыздалады, үстіне пленканың жаңа қабаты жабылады және т.с.с. ҚТҚ-ды өнеркәсіптік қайта өңдеудің бірнеше тәсілі бар: - Термиялық өңдеу (негізінен өртеу); - Биотермиялық аэробты компостерлеу (тыңайтқыш немесе биоотын алумен); - Анаэробты ферменттеу (биогаз алумен); - Іріктеу (келесі екінші ретті пайдалану үшін бағалы компоненттерді алумен).
Өнеркәсіпті қалдықтарды қайта өңдеу. Өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеуде термиялық, физико-химиялық және биотехнологиялар пайдаланылады. Қалдықтарды қайта өңдеу технологияларын таңдауда олардың технологиялық параметрлерінен басқа олардың экологиялылығы, экологиялық қауіпсіздігі және экономикалық эффективтілігі ескеріледі. Термиялық технологиялар кез келген органикалық және бейорганикалық қосылыстарды зарарсыздандыруға мүмкіндік береді. Термиялық технологиялар қатты қалдықтар береді және екінші реттік жылуды пайдалануға мүмкіндік береді. Физико-химиялық технологиялар қалдықтарды пайдалы өнім алу кезіндегі шикізат ретінде пайдалануға арналған. Физико-химиялық тәсілдермен қалдықтардан пайдалы компоненттер алынады және де өнеркәсіптік қалдықтардан тыңайтқыштар, құрылыс материалдары алынады. Биотехнологиялар өнеркәсіптік қалдықтардан пайдалы компоненттерді алу үшін микроағзаларды пайдаланады.Ауыр металлдарды биотехнологиялық тәсілдермен алу кейбір бактериялардың мысты, цинкті, темірді және басқа да металлдарды осы бактериялармен металлдар сульфидтерінен шығарылатын күкірт қышқылымен қышқылдандыра отырып сілтісіздендіруіне негізделген.
|