Жүйесі
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіне: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2) уәкілетті орган; 3) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер: республикалық, аймақтық карантиндік зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар; республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы; 4) фитосанитариялық зертханалары және фумигациялық отрядтары бар өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын кіреді. Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда – ҚР 2009.07.17. №189-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; 3) өсімдіктер карантині саласындағы салалық (секторлық) бағдарламаларды бекітеді; 4) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережелерді бекітеді; 5) өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін бекітеді; 6) екі немесе одан көп облыстар аумағында карантиндік режим енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдайды; 7) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелерді және республикалық мемлекеттік кәсіпорынды құрады. Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды – ҚР 2009.07.17. №189-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1.Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу. 2.Өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті. 4. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіне не жатады. Әдебиет: 1. Нормативтік актілерінің жинағы WWW minagri. KZ сайтында.
|