Бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің функциялары
1. Республикалық, аймақтық карантиндік зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды. 2. Жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер тексеруге келіп түсетін импорттық, себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы жасырын залалдануды анықтайды. 3. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды. Бұл ретте осы қызмет түрі мемлекеттік монополияның аясына жатады. Ескерту. 7-1-бап жаңа редакцияда – ҚР 2009.07.17. №189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынның функциялары Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын: 1) карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюды жүргізеді. Бұл ретте осы қызмет түрлері мемлекеттік монополияның аясына жатады; 2) карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды, оның ішінде фумигациялауды жүргізеді. Ескерту. 7-2-баппен толықтырылды – ҚР 2009.07.17. №189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
|