Студопедия — Силлабус. Мамандық: Барлық мамандықтар үшін
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Силлабус. Мамандық: Барлық мамандықтар үшін






Силлабус

Пән ағылшын тілі (3 кредит)

Мамандық;: Барлық мамандықтар үшін

 

Курс 1,2

Оқытушы Байжанова А.А.

2014-2015 оқу жылы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Силлабус

Пән ағылшын тілі (3 кредит)

сабақ өткізілетін орын мен уақыт СӨЖ өткізілетін орын мен уақыт Оқытушы байл. тел email
Кесте бойынша График бойынша Байжанова А.А. [email protected]
       

КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТЫ:

Жоғары оқу орнында ағылшын тілін оқыту өзіндік мән-мазмұны, құрылымы бар толық аяқталған курс болып табылады. «Қазіргі заман тілдері: тіл үйрету,оқыту,бағалау» сәуір айындағы 1997 ж.Европа одағы қолдаған жалпы еуропалық біліктілік стандартына қол жеткізу бағытталған.

Ағылшын тілі курсының жұмыс бағдарламасы жалпы білім беретін цикл бойынша міндетті түрде оқытылатын «Шетел тілі» пәні Типтік оқу бағдарламалары талаптарының негіздері бойынша әзірленген (Алматы, 2005).

«Шет ел тілі» курсының құрылымы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес барлық жаратылыстану–гуманитарлық саласындағы мамандықтардың бәріне бірдей 6 кредит белгіленген.

Ағылшын тілін үйрету «Жалғастырушы»(А варианты) бойынша жүргізіледі.

КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:

- Студенттерді күнделікті өмірде, тұрмыста кездесетін тілдік формалар, ауызекі сөйлесу тілі және белгілі бір мамандық саласында күнделікті өмірде,кәсіби қарым-қатынас жасағанда шет ел тілін белсенді қолдана білуге үйрету.

- тілдік білімдерді оқыту, бағдарламамен алдын ала ескерілгендерін, білімдерге және кәсіпшілік, ұлттық-мәдениеттілік және жалпы адамдық хабарға тарту.

ОҚЫТУ ӘДІСІ:

Ағылшын тілінің курсы коммуникативтік бағытталған әдістемеге сүйенеді (Е.И.Пассов).

Шет тілінде оқыту аудиториялық практикалық сабақ түрінде жүргізіледі. Студенттерге тақырыптар тізімі беріледі. Әр тақырыпта өзінің лексикалық минимумы, грамматикалық ережелері және оған қоса мәтіндер арнаулы тапсырмалармен беріледі.

Сабакта лексиканы презентациялау, грамматиканың семантизациясы, әнгімелесу әдістері қолданылады. Практикалық әдіске байланысты жаттығулар, тренингтер және көрнекті қуралдар мен іздену әдістемелері қолданылады.

Шетел тілі курсын аяқтау мерзімінде студенттер білу керек:

 

· төмендегілерді білуі және пайдалана алуы тиіс:

- дыбыстардың оқылу ережелері және алфавиттегі әріптерді сөз тіркесінде, әріп тіркестерінде,сөйлемдерде дұрыс айту;

- белгілі бір дыбыстарға сәйкес келетін әріптер мен әріп тіркестерін жаза білу,негізгі тілдік қолданыста жиі кездесетін белгілерінің орфография жағынан дұрыстығы,сәйкестігі.

- сөзжасам үлгілері,көп мағыналы сөздердің контекстегі мағынасы, оқытылатын мамандыққа байланысты терминдер мен лексикалық құрылымдар;

- негізгі жаратылыстану, гуманитарлық мамандықтары саласында жиі кездесетін грамматикалық құбылыстар.

· төмендегі дағдыларды меңгере білуі тиіс:

- мәтіндерді сөздікпен және сөздіксіз оқу; мәтіннен қажетті ақпаратты табу; оқыған мәтіннің мағынысын түсіну және есте сақтау;

- іс-қағазын толтыру,қысқа тұжырым жазу,құрастыру,іскерлік,ресми және жеке адамның шағын хатын жазу;

- аударма ережелеріне сәйкес сөздікті қолданып,шет ел тіліндегі мәтінді ана тіліне аудару;

- тыңдап түсіну (аудирование): шет ел тіліндегі айтылған сөйлемдерді түсіну;

- сөйлеу ережелеріне сәйкес өз ойын,пікірін шет ел тілінде қалыптасқан тілдік нормаға сай жеткізу,сұрақ қою,сұраққа жауап беру,оқытылған тақырып бойынша шет ел тілінде әңгімелесе білу. Өзі оқыған,тыңдаған мәтін мазмұнын айтып беру.

- өзге тілде айтылған сөздерді түсіну және өзінің пікірін айта білу

ПРЕРЕКВИЗИТТЕР:

Ағылшын тілі бағыты оқуының алдында студент әліпби, оқу негізгі ережелері тиісті білу; сөздікпен жұмыс істеуге тиісті білу.

 

ПОСТРЕКВИЗИТТЕР:

Берілген курсты сәтті аяқтағаннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгеру керек:

- Фонетика: дыбыстардың оқылу ережелері және алфавиттегі әріптерді сөз тіркесінде, әріп тіркестерінде, сөйленімдерде,дұрыс айту;

- орфография: белгілі бір дыбыстарға сәйкес келетін әріптер мен әріп тіркестерін жаза білу,негізгі тілдік қолданыста жиі кездесетін белгілерінің орфография жағынан дұрыстығы, сәйкестігі.

- лексика; сөзжасам үлгілері, көп мағыналы сөздердің контекстегі мағынасы, оқытылатын мамандыққа байланысты терминдер мен лексикалық құрылымдар;

- грамматика: негізгі жаратылыстану-гуманитарлық мамандықтары саласында жиі кездесетін грамматикалық құбылыстар.

 

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдық бақылау: курс барысында бағалау стратегиясы ретінде келесідей бағалау әдістері қолданылады: жазбаша бақылау жұмысы, үй тапсырмасы (жазбаша тапсырмалар т.с.с.), ауызша сұрау, тест тапсырмалары, іздену жұмыстары (мәнжазба, презентация), т.с.с.

Аралық бақылау: курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, тапсырмаларды қамтып, меңгерген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалауға мүмкіндік береді.

Аудиториялық жұмыс:жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындау (лексикалық және грамматикалық тақырыптар, мәтінмен жұмыс жасау)

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар тапсырмаларын, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды орындау, ситуацияларды талдау, күнделікті ақпараттық материалдарды пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: Ү;й тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ сабақтарында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Бақылау жұмыстары: оқытылған тақырыптарды қосымша сұрақтар арқылы студенттердің білімін бақылау, өткен тақырыпты қайталау.

Шығармашылық талаптарға арналған тапсырмалар: студенттерге белгілі бір тақырыпқа байланысты тапсырма беріледі. Олар елтану тақырыбына қатысты реферат, альбомдар, буклеттер, схемалар және кестелер түрінде беріледі. Студенттер өз ана тілінде әлде оқып жатқан шет тілінде дайындауы тиіс. Тапсырмалар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тест семестрде екі рет 7 және 15 апталарда өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік немесе бланк тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша тапсырмалар берілмейді. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді.

Қорытынды баға: семестр соңында студенттер барлық пәндер бойынша 100 балл (40 %) көлемінде есептелінетін емтихан тапсырады.

 

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1116. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия