Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

М. Вебердің әлеуметтануы





Әлеуметтанудың дамуына ХIХғ. соңы мен ХХғ. басында маңызды үлес қосқан неміс ойшылы Макс Вебер (1864-1920 ж.ж.) болды. Оның дайындаған әлеуметтік таным методологиясы, түсіну тұжырымдамасы, идеалдық типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері өмірде қолданылып отыр. Вебердің өзі көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардың ішінде «Протестанттық этика және капитализм рухы», «Шаруашылық және қоғам», «Әлеуметтік – ғылымилық және әлеуметтік саяси танымның объективтілігі», «Түсінуші әлеуметтанудың кейбір категориялары туралы» т.б.

М.Вебер көзқарасы бойынша әлеуметтану ең алдымен адамның немесе адамдар топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс. Әлеуметтік әрекетті М.Вебер типтерге бөледі: 1) ұтымды-мақсатты әрекет. Бұл әрекет субъектінің саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылуымен сипатталады; 2) құнды-ұтымды әрекет – белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни т.б.) саналы түрде жетуге бағытталған әрекет; 3) аффектілі әрекет, ол субъектінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды; 4) дәстүрлі әрекет, бұл қалыптасқан әдет-дағдымен іске асатын әрекеттің түрі.

М.Вебердің келесі маңызды тұжырымдамасы – идеалды типтер. Ол идеалды типке теориялық конструкция түрінде көрінген дәуірдің мүддесі ретінде қарады. Идеалды типтер ретінде моральдық, саяси, діни және сол сияқты басқа да құндылықтар және олардан туындайтын адамдардың мінез-құлық және қызмет көріністері, олардың мінез-құлық ережелері мен нормалары, сонымен қатар әлеуметтік қарым – қатынас дәстүрлері болуы мүмкін.

Идеалды типтер қоғамдық күйдің бүкіл мәнін - өкімет билігінің жағдайы, тұлға аралық қарым – қатынас, жеке адам және топтық сана және т.б. сипаттайды. Осының арқасында олар өзіндік ерекше критерилерге айналады, соған сәйкес адамдардың рухани, саяси және материалдық өміріне өзгерістер енгізу қажет болады. Идеалды тип қоғамда орын алған дүниемен толық сәйкес келе бермейді, кейде өмір шындығымен қарама-қайшылыққа да түседі, сондықтан мұнда қиялдың да белгілері орын алған. Қалай дегенмен де, идеалды типтер рухани және басқа да құндылықтар жүйесінің өзара байланысын көрсетумен қатар, маңызды әлеуметтік құбылыстар ретінде байқалады. Олар қоғамдық өмірде адамдардың ойлауы мен мінез-құлқына, ұйымдасушылығына мақсаттылықты енгізуге ықпал жасайды.

М.Вебер өз еңбектерінде өкімет билігі жөніндегі көзқарасын анықтап тұжырымдады, негіздеді. Сөйтіп, ол өкімет билігін үш түрге бөледі: 1) заңды өкімет билігі; 2) дәстүрлі билік; 3) харизматикалық билік (гр. «харіома» - құдай берген қабілет). Заңдастырылған өкімет билігі – қоғамда қалыптасып, өмірде басшылыққа алынып отырған тәртіптің заңдылығын мойындау негізінде құрылған биліктің түрі. Дәстүрлі билік – ежелгі дәстүрлер, адамдардың заңды жәйттеріне,қасиетті деген сенімдерге сүйенген, сол дәстүрлердің негізінде іске асатын билік. Харизматикалық билік – тұлғаның, көсемнің барлық адамдарда болмайтын ерекше сапаларына сенуден туындаған биліктің түрі.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 10511. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия