Пәннің қысқаша сипаттамасы. «Қазіргі дүние жүзі географиясы» пәні орта мектеп география оқытушыларын дайындаудағы маңызды пәндердің
«Қазіргі дүние жүзі географиясы» пәні орта мектеп география оқытушыларын дайындаудағы маңызды пәндердің бірі. Бұл пән қазіргі дүние жүзі географиясындағы өзгерістер мен олардың себеп- салдарын зерттеп, географиялық ой- тұжырымдар жасау негізінде қазіргі дүниежүзіндегі үрдістер мен олардың экономикалық және әлеуметтік географияға сай келуін көрсетіп береді. Курс бағдарламасы басқа да экономикалық, әлеуметтік және саяси географиялық мәселелерді қарастырып қалмастан, әлемде болып жатқан жаңа әлеуметтік- экономикалық және саяси өзгерістерді де қамтиды. Бұл өндіріс пен халықтың аумақтық орналасуы және мемлекеттер мен аймақтар арасындағы өзара жүйелі байланыстар мен өзара тәуелсіз қатынастар жаңаша әдістермен талдау жасау негізінде айқындалады. «Қазіргі дүние жүзі географиясы» пәнінің мақсаттары мен міндеттері: – студенттерге қазіргі дүниежүзіндегі өзгерістер, жаңа қалыптарға қарата зерттеулер мен баға беру; – экономиканың ғаламдануы мәселелері аясында тереңдетілген білім беру; – студенттерді экономикалық- географиялық құбылыстардың өзара байланысын; – қазіргі дүниежүзіндегі үрдістердің себеп- салдарын анықтауға дағдылау; – Өндіргіш күштердің орналасуы, халықтардың қоныстануы, экономикалық интеграция және ғаламдану сияқты қазіргі дүниежүзіндегі географиялық үрдістердің жағдайына сипаттама беру және заңдылығын айқындау; – қазіргі экономикалық- географиялық және әлеуметтік үрдістерге болжам жасай білуді міндеттейді.
|