Студенттердің ағымдық үлгерімі мен сабаққа қатысуын бағалау өлшемдері
1. Дәріс: - Дәрісте белсенділік танытуы мен қатысқаны үшін 100 % (дәріске қатысқаны үшін берілген есеп бойынша қойылатын баға бөлігі 20%. (100 % х 0,2). Дәріске қатыспауы 0 %. 2. Студенттердің өз бетінше жұмысы (СӨЖ). - СӨЖ- дің сапалы және уақтылы орындалуы (пәнге байланысты силлабусқа сәйкес) – 0- ден 100 % -ға дейін. (СӨЖ- дің сапалы және уақтылы орындалуына байланысты есеп бойынша қойылатын баға бөлігі 80%. (100 % х 0,8). Тапсырмалар СОӨЖ уақытында тапсырылады. Дәріске қатысу мен СӨЖ тапсырмаларының орындалуына байланысты орта арифметикалық есеп бойынша баға қосылып, 100 % -ға дейін қарастырылады. (Бір баға ретінде). Дәріс жүргізілмейтін пәндерде (шетел тілдері, информатика және т.б.) СӨЖ- дің сапалы және уақтылы орындалуына байланысты баға қойылады (0- ден 100 % -ға дейін). 3. Семинар (практикалық, лабораториялық) сабақтар: - Семинар (практикалық, лабораториялық) сабақтарда белсенділік танытқаны үшін – 21 - 100 % -ға дейін. - Семинар (практикалық, лабораториялық) сабақтарға қатысқаны үшін -20% - Семинар (практикалық, лабораториялық) сабақтартарға қатыспағаны үшін - 0 %. - Семинар (практикалық, лабораториялық) сабақтардан үлгерімі мен қатысуына байланысты бағалары қосылып журналға 20 - 100 % -ға дейін баға қойылады. Сабаққа қатысқаны үшін және сабақ үлгеріміне бағалар әр сабақта қойылады. Сабаққа қатысуы мен сабақ үлгеріміне байланысты бағаларының нәтижесі оқу кезінде жиналған орта арифметикалық есеп бойынша рейтинг аптасында шығарылады.
|