Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

С И Л Л А Б У С 2 страница




№ 1 Семинар - «Қазақстан Республикасындағы прокурорлық

қадағалаудың пәні мен міндеттері.

«Прокурорлық қадағалау» термині: мемлекеттік қызметтің дербес түрі;заң ғылымының дербес саласы; оқулық деп түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалау заң ғылымы ретінде қадағалауды, нысандарды, оны іске асыру құралдары мен тәсілдерін, қдағалауды іске асыру саласында қоғамдық қатынастарды дамытудың заңдылықтарын, осы қызметтің тиімділік және т.б. мәселелерін іске асыру бойынша прокурор қызметін реттейтін заңдылықтар туралы білімдерінің жинағын білдіреді. Прокурорлық қадағалау ұғымы дегеніміз не? Прокурорлық қадағалау– Бұл прокурорлық қызметтерге сәйкес ҚР Конституциясын дәл сақталуына және ҚР барлық аумақтарында қолданылатын барлық заң талаптарының және әрбір нақты жағдайларда кез-келгенінің орындалуына тексеріс жүргізу болып түсіндіріледі.

Әдебиет:

1.Королев Г.Н.Прокурорское уголовное преследование в российском уголовном процессе [Текст]: Монография / Г.Н. Королев.- М.: Юрлитинформ, 2006.- 360 с.

2.Косцов А. Европейский суд по правам человека. [Текст] / А. Косцов.- М.: Мартин, 2005.- 624.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы: ҚР 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін=Конституция Республики Казахстан: официалный текст с изменениями и дополнениями от 21 мая 2007г. №254-ІІІ Закона РК [Мәтін].- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 136 бет.

4.Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы: «Жеті жарғы» 2001ж.

5. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы.-Астана, 2002.

6. Ақпарова Р.Н. ҚР прокуратура органдары.-Алматы: «Дәнекер», 2007.

 

№ 2 Семинар – «Прокуратура органдары қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері.

Прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық негіздері.Прокуратура органдарының қызметтері мен ұйымдастыруларының құқықтық негіздері ҚР Конститутциясымен, ҚР АІЖҚ, ҚР ӘҚК, ҚР «Прокуратура туралы» заңымен, ҚР басқа заңдарымен, халықаралық құқықтық шарттарымен, сондай-ақ ҚР Бас прокурор ының және төменгі тұрған прокурорлардың құқықтық актілерімен анықталады.ҚР КонститутциясыҚазақстан Республикасы Конститутцияға сәйкес өзін демократиялық және құқықтық мемлекет деп есептейді. Қолданыстағы конститутцияға және оның негізінде қабылданған заңына сәйкес ҚР-ның прокуратурасы мемлекеттік билік тарамақтарының біреуінде жатпайды. Конституцияда бекітілген осы ережелер конституциялық қағидаттар қатарының мазмұнын анықтап береді. Олардың біреуі ұстамшылдық және қарама қарсылықтар, заңдылық қағидаттар, Конституцияның үстем болуы , адам құқықтарының бөлінбеу және басқа жүйелерін өзара пайдаланумен биліктерді заң, атқару және сот тармақтарына бөлу қағидаттары болып табылады.

Әдебиет:

1. Винокуров Ю.Е. және т.б. Прокурорский надзор. Оқулық.- Санкт-Петербург, 2002.

2. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ ., Әлиев М.М. Прокурорский надзор в РК.

Алматы, 2002.

3.Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы: «Жеті жарғы» 2001ж.

4. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы.-Астана, 2002.

5. Ақпарова Р.Н. ҚР прокуратура органдары.- Алматы: «Дәнекер», 2000.

6. Винокуров Ю.Е. және т.б. Прокурорский надзор. Оқулық.- Санкт- Петербург, 2002.

 

№3 Семинар –«Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру -дың құқықтық негіздері және қағидаттары».

ҚР Прокуратурасы - бұл ҚР Президенті алдында есеп беретін, заңдардың, ҚР Президентінің Жарлықтарының және басқа нормативтік-құқықтық актілердің республика аумағында нақты және бірыңғай орындалуын, жедел іздестіру қызметінің, тергеу мен анықтама қызметтерінің, әкімшілік және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалайтын мемлекеттік орган. Прокуратура заңдылықтың бұзылуының кез келген жағдайлары бойынша оларды анықтау және жоюға байланысты шаралар қолданады, ҚР Конституциясына және басқа заңдарға қайшы келетін актілерге наразылық білдіреді, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және сондай-ақ, заңда белгіленген тәртіп пен шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Әдебиет:

1. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Әлиев М.М. Прокурорский надзор в РК.-Алматы, 2002.

2. Алиев М.М. Прокурорский надзор в РК.Оқу -әдістемелік материалдар. Алматы: «Жеті Жарғы», 2002.

3.Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның прокуратурасы.- Алматы, 2001.

№ 4 Семинар – «ҚР прокуратура органдарының қалыптаса бастауы және дамуы.

Прокуратураны дамытудың негізгі кезеңдері. Бұл жерде ең бастысы оның тарихындағы маңызды үш кезеңін атап керсету керек. Қазақ АССР прокуратурасы «Прокурорлық қадағалау туралы ережені» бекіткен ҚазОАК 2-шақырылуындағы 3 сессиясының каулысымен 1922 жылдың 13 шілдесінде бекітілген. Осыған байланысты әділет халық комиссары өз кызметімен қатар республика прокурорыньң кызметін де атқарған. Әділет халық комиссариатының құрамына кіретін прокуратурада тарихи мәні бар осы құжат мемлекет атынан кінәлі адамдарға қарсы қылмыстық қудалауды, істі қозғау және заң бұзушылық қаулыларына наразылық келтіру жолымен барлық билік органдардың, шаруашылық мекемелердің, қоғамдық және жеке ұйымдардың, жеке тұлғалардың әрекеттерінің зандылығын қадағалауды жүзеге асыру; қылмысты ашу саласында анықтау және тергеу органдарының кызметтерін тікелей бақылау; сотта айыпталушыны қолдау; сотталғандарды қамауда ұстау дұрыстығын бақылау үшін жасалған.Автономиялық республикалардың прокурорлары республиканың ОАК тағайындалған және шақырылған және осы республика шегінде барлық тиісті құқықтарға ие болған.

Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы: «Жеті жарғы» 2001ж.

2. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы. - Астана, 2002.

3. Ақпарова Р.Н. ҚР прокуратура органдары.-Алматы: «Дәнекер»,2000.

4. Винокуров Ю.Е. және т.б. Прокурорский надзор. Оқулық.- Санкт- Петербург, 2002.

5. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Әлиев М.М. Прокурорский надзор в РК.-Алматы, 2002.

6. Алиев М.М. Прокурорский надзор в РК.Оқу -әдістемелік материалдар. Алматы: «Жеті Жарғы», 2002.

7.Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның прокуратурасы.-Алматы, 2001.

 

№ 5 Семинар – «ҚР прокурорлық қадағалау» курсының пәні және жүйесі.

ҚР прокуратурасының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республика астанасының және республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестірілген әскери және басқа мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

ҚР Бас прокуратурасын республиканың Бас прокуроры басқарады. Республика Бас прокурорының бірінші орынбасары және орынбасарлары болады. ҚР Бас прокуратурасының құрылымын департаменттер, басқармалар және бөлімдер құрайды. Департаменттердің, басқармалардың және бөлімдердің бастықтары Бас прокурордың аға көмекшілері, ал олардың орынбасарлары Бас прокурордың көмекшілері болып табылады. Республика Бас прокурорының және оның бірінші орынбасарының ерекше тапсырмалар бойынша көмекшілері болады. Департаменттер мен бөлімдерде аға прокурорлардың қызметі белгіленеді.

Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы: «Жеті жарғы» 2001ж.

2. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы.-Астана, 2002.

3. Ақпарова Р.Н. ҚР прокуратура органдары.-Алматы: «Дәнекер»,2000.

4. Винокуров Ю.Е. және т.б. Прокурорский надзор. Оқулық.- Санкт-Петербург, 2002.

5. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Әлиев М.М. Прокурорский надзор в РК.

Алматы, 2002.

 

№ 6 Семинар – «Прокурорлық қадағалаудың құқықтық актілері ».

Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін төмендегілер құрайды:

а) прокурорлық қадағалау актілер: наразылық, қаулы, ұсыныс, өтініш, нұсқау, заңды түсіндіру;

б) прокуратура органдарының ұйымдастырылуына және қызметіне қатысты мәселелерді реттейтін актілер: бұйрықтар, нұсқаулар, тапсырмалар, ережелер мен нұсқаулықтар.

Прокуратураның ережелері мен нұсқаулықтары сәйксес прокурорлардың бұйрықтарымен бекітіледі. Прокуратура органдары өз қызметінің жариялығын қамтамасыз ету мақсатында органдар мен лауазымды тұлғалардың адам мен азаматтың заңмен қорғалатын құқықтарын, мемлекет пен заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіретін заңсыз шешімдеріне қатысты прокурорлық қадағалау актілерін мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай алады.?

Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы: «Жеті жарғы» 2001ж.

2. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы.-Астана, 2002.

3. Ақпарова Р.Н. ҚР прокуратура органдары.-Алматы: «Дәнекер»,2000.

4. Винокуров Ю.Е. және т.б. Прокурорский надзор. Оқулық.- Санкт-Петербург, 2002.

5. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Әлиев М.М. Прокурорский надзор в РК.-Алматы, 2002.

6. Алиев М.М. Прокурорский надзор в РК.Оқу -әдістемелік материалдар. Алматы: «Жеті Жарғы», 2002.

7.Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның прокуратурасы.- Алматы, 2001

8. Прокурорлық қадағалау мәселелері жөніндегі Бас прокуратураның негізгі

нормативтік актілер жиынтығы,-Астана, 2003.

 

№ 7 Семинар -«Мемлекеттік мүддені прокуратураның сотта өкілдігі».

Сотта азаматтық немесе қылмыстық іс қарау кезінде, апелляциялық немесе қадағалау тәртібімен іс қарау барысында прокурор өз өкілеттігін заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.Егер соттың (судьяның) шешімі, үкімі немесе басқа қаулысы заңға қайшы болуы немесе негізсіз болуы себепті оған келіспеген жағадайда прокурор істі қайта қарауға жіберу немесе соттың актісін өзгерту мақсаттарында жоғары тұрған сотқа наразылық беруге құқылы. Сотта іс қарауға қатыспағанына қарамастан прокурор соттың күшіне енбеген заңға қайшы немесе негізсіз шешіміне, үкіміне немесе басқа қаулысына наразылық беруге құқылы.Прокурор өз құзіреті шеңберінде соттан шешім, үкім немесе басқа қаулы күшіне еніп қойған істерді талап етуге құқылы. Егер іс бойынша күшіне енген шешім, үкім немесе басқа қаулы заңға қайшы немесе негізсіз болса прокурор қадағалау тәртібімен наразылық береді. Егер наразылық беру оның өкілеттік шеңберіне кірмейтін болса прокурор жоғары тұрған прокурорға наразылық білдіруін сұрап қаулы жібере алады. Прокурордың күшіне енген сот шешімдеріне, үкімдеріне және басқа қаулыларына байланысты наразылық беру және олардың орындалуын тоқтата тұру өкілеттігі заң актілерімен айқындалады.Республиканың бас прокуроры Республика Жоғары Соты нормативтік қаулысының Конституцияға және басқа заңдарға сәйкес келмеуіне байланысты республика Жоғары Сотының Пленумына наразылық енгізе алады.

Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы: «Жеті жарғы» 2001ж.

2. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы.-Астана, 2002.

3. Ақпарова Р.Н. ҚР прокуратура органдары.-Алматы: «Дәнекер», 2000.

4. Винокуров Ю.Е. және т.б. Прокурорский надзор. Оқулық.-Санкт-Петербург, 2002.

5. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Әлиев М.М. Прокурорский надзор в РК.-Алматы, 2002.

6. Алиев М.М. Прокурорский надзор в РК.Оқу -әдістемелік материалдар. Алматы: «Жеті Жарғы», 2002.

7.Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның прокуратурасы.-Алматы, 2001

 

№8 Семинар – «Мемлекет басқару органдармен мекемелер, кәсіпорындармен, лауазымдық тұлғалар және азаматтармен заң қолдануын қадағалау».

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуын прокурорлық қадағалау - дербес және прокурорлық кадағалау саласындағы маңыздылардьң бірі болып табылады.

Осы сала дәстүрлі «жалпы қадағалау» деп аталатын, ол қарастырылып отырған саланы прокурорлық қадағалаудың басқа арнайы салаларынан шек қоюға мүмкідік беретін. Прокурорлық қадағалауды реттейтін қолданыстағы заңнамада «жалпы кадағалау» термині аталмаса да, ол прокуратура органдарының жұмыскерлерін құрастыру кезңінен калыптасып, бұрынғысынша солармен колданылады.Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау, басқа мемлекеттік қоғамдық-жарамды, жасампаз қызмет тәрізді өз мәні мен мідеттері бар.Қадағалау субъектілері ретінде азаматтар қарастырылмайды. Сол накты заңдарды дәл орындау талаптары азаматтар алдына қойылады. Азаматтар заң бұзушылық жасаса прокуратура органдары заңмен белгіленген жазалау шараларын қолданады. Осыдан, егер азаматтар заң бұзушылыққа барса, олар прокурорлық қадағалаудың субъектілері болады.

Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы: «Жеті жарғы» 2001ж.

2. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы.-Астана, 2002.

3. Ақпарова Р.Н. ҚР прокуратура органдары.-Алматы: «Дәнекер», 2000.

4. Винокуров Ю.Е. және т.б. Прокурорский надзор. Оқулық.- Санкт-Петербург, 2002.

5. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Әлиев М.М. Прокурорский надзор в РК.

Алматы, 2002.

6. Алиев М.М. Прокурорский надзор в РК.Оқу -әдістемелік материалдар. Алматы: «Жеті Жарғы», 2002.

7.Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның прокуратурасы.-Алматы, 2001

8. Прокурорлық қадағалау мәселелері жөніндегі Бас прокуратураның негізгі

нормативтік актілер жиынтығы,-Астана, 2003.

 

№ 9 Семинар – «Жедел іздестіру қызметі, заңдылығына прокурорлық қадағалау».

Жалпы қадағалаудың пәні – жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру, жедел іздестіру іс-шараларын атқару барысында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, сондай-ақ жедел іздестіру қызметін жүзеге асыруға өкілетті лауазымды тұлғалардың қабылдаған актілері мен әрекеттерінің заңдылығы. Жедел іздестіру қызметіне қадағалау жасау барысында прокурор: жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардан тексеруге материалдар, құжаттар, істер және жедел іздестіру қызметінің барысы жайлы басқа қажетті мәліметтер сұратып алады; жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың жекелеген жедел іздестіру шараларының заңдылығын тексереді; жедел іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру барысында анықталған заң бұзушылықтарға байланысты заңмен белгіленген басқа да актілер шығарады; заңсыз қамауда отырған тұлғаларды босатады; қажет болған жағдайда жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өз қарамағындағыларға қатысты заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексеру жүргізуді талап етеді; заңда көзделген жағдайларда жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге санкция береді.

Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы: «Жеті жарғы» 2001ж.

2. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы.-Астана, 2002.

3. Ақпарова Р.Н. ҚР прокуратура органдары.-Алматы: «Дәнекер»,2000.

4. Винокуров Ю.Е. және т.б. Прокурорский надзор. Оқулық.- Санкт-Петербург, 2002.

5. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Әлиев М.М. Прокурорский надзор в РК.-Алматы, 2002.

6. Алиев М.М. Прокурорский надзор в РК.Оқу -әдістемелік материалдар. Алматы: «Жеті Жарғы», 2002.

7.Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның прокуратурасы.- Алматы, 2001

№10 Семинар– «Тергеу мен алдын-ала анықтау заңдылығына прокурор- лық қадағалау».

Прокурор тергеу және анықтама органдарының қызметінің заңға сәйкес жүргізілуін, жасалған қылмыстар туралы хабарлар мен ақпараттардың заңда белгіленген тәртіппен шешілуін, тергеудің дұрыс жүргізілуін қадағалайды.Тергеу мен анықтама қызметінің заңдылығын қадағалай отырып прокурор:

жедел іздестіру, тергеу, анықтама қызметін жүзеге асыратын органдардан тексеруге материалдар, құжаттар, істер және жедел іздестіру қызметінің барысы жайлы басқа қажетті мәліметтер сұратып алады; жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу, шешу кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалайды; тергеушілер мен анықтама жүргізуші тұлғалардың заңсыз қаулыларының күшін жояды; тергеу, анықтама органдарынан келіп түскен істерді қарауға сотқа жібереді; тергеу, анықтама жүргізуші тұлғалардың, тергеу, анықтама органдары басшыларының әрекеттеріне және шешімдеріне берілген шағымдарды қабылдайды; бұлтартпау шарасы ретінде қамау белгіленген тұлғаларды қамауда ұстаудың тәртібі мен шарттарының заңға сәйкестігін тексереді; заңмен белгіленген басқа да әрекеттерді жүзеге асырады.

Әдебиет:

1.Королев Г.Н.Прокурорское уголовное преследование в российском уголовном процессе [Текст]: Монография / Г.Н. Королев.- М.: Юрлитинформ, 2006.- 360 с.

2.Косцов А. Европейский суд по правам человека. [Текст] / А. Косцов.- М.: Мартин, 2005.- 624.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы: ҚР 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін=Конституция Республики Казахстан: официалный текст с изменениями и дополнениями от 21 мая 2007г. №254-ІІІ Закона РК [Мәтін].- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 136 бет.

4.Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы: «Жеті жарғы» 2001ж.

5. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы.-Астана, 2002.

 

№ 11 Семинар – «Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау».

Прокуратура әкімшілік өндіріске төмендегі мақсаттарда қадағалау жүргізеді:

әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың нақты және бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау, жаупакершілік шарасын қолдану кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың қолданылуы кезінде бұзылған адам мен азаматтың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың құқықтарын қалпына келтіру; әкімшілік құқық бұзушылық бойынша өндіріс кезіндегі кез келген актіге азаматтардың шағым бере алуын қамтамасыз ету; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы қолдану кезінде заңсыздықтарға жол берген кінәлі тұлғаларға шаралар қолдану;

Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы: «Жеті жарғы» 2001ж.

2. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы.-Астана, 2002.

3. Ақпарова Р.Н. ҚР прокуратура органдары.-Алматы: «Дәнекер»,2000.

4. Винокуров Ю.Е. және т.б. Прокурорский надзор. Оқулық.-Санкт-Петербург, 2002.

5. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Әлиев М.М. Прокурорский надзор в РК.-Алматы, 2002.

№ 12 Семинар – «Атқарушылық іс жүргізу заңдылығына прокурорлық».

Атқарау өндірісін қадағалау кезінде прокурор төмендегілерді бақылайды:

сот белгілеген жаза мен басқа шараларды атқару барысында бас бостандығынан айыру орындарында ұстаудың заңдылығы; сотталған тұлғалардың аталған орындарда ұстаудың тәртібі мен шарттарының сақталуы, олардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы; бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның орындалуының заңдылығы; азаматтық, шаруашылық т.б. істер бойынша сот шешімдерінің орындалуының заңдылығы. Атқару өндірісінің заңдылығын тексере отырып прокурор төмендегідей құқықтар иеленеді: Конституцияның, заңдардың, ҚР халықаралық шарттарының адам құқықтары, сотталғандар мен қамауға алынғандарға қатысты ізгілік талаптарының нақты және бірыңғай орындалуын талап ету; азаматтың, мемлекеттің құқықтары мен мүдделеріне, прокурордың арыздары мен талап-арыздары бойынша атқару өндірістерін талап ету және тексеру; сот белгілейтін жазалар мен басқа мәжбүрлеу шараларын орындайтын бас бостандығынан айыру орындарын кез келген уақытта тексеру; ұсталған, қамауға алынған, сотталған, басқа мәжбүрлеу шаралары белгіленген тұлғалар тұлғалардан мәліметтер алу; тұлғалардың ұсталуына, қамауға алынуына, жаза өтеуіне басқа мәжбүрлеу шараларын өтеуіне негіз болған құжаттарды талап ету.

Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы: «Жеті жарғы» 2001ж.

2. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы.-Астана, 2002.

3. Ақпарова Р.Н. ҚР прокуратура органдары.-Алматы: «Дәнекер»,2000.

4. Винокуров Ю.Е. және т.б. Прокурорский надзор. Оқулық.- Санкт-Петербург, 2002.

5. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Әлиев М.М. Прокурорский надзор в РК.-Алматы, 2002.

6. Алиев М.М. Прокурорский надзор в РК.Оқу -әдістемелік материалдар. Алматы: «Жеті Жарғы», 2002.

№13 Семинар - «Прокуратурамен іске асырылатын қылмыстық қудалау».

ҚР Констиуциясының 83-бабы «заңмен белгіленген жағдайлар, тәртібі және оның шегінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру» қарастырылған. 2001 ж 16 наурыздағы ҚР Заңы ҚР ҚІЖК – не өзгертулер мен толықтырулар енгізген: «іс күрделі, маңызды болатын жағдайларда ҚР Бас прокуроры алдын-ала тергеуді жүзеге асыратын, бірнеше органның тергеушілер арасынан тергеу тобын ұйымдастырылуы мүмкін, осы топты басқаратын прокурорды тағайындайды және осы шешімді өз қаулысыменрәсімдейді», тергеуді жүзеге асыратын осы топтың заңдылығын қадағалау ҚР Бас прокурорына жүктеледі. «Қылмыстық қудалау шектері» 45 бапта мыналар белгіленген: «Конституцияға және осы жарлық белгіленген тәртіп пен шегінде және қылмыстық іс жүргізу заңнамаға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асырады».







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 556. Нарушение авторских прав


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2020 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия