Студопедия — Р Конститутциясы. 3 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Р Конститутциясы. 3 страница






1) өкілетті мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы құжаттарды талап ету;

2) әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарайтын органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне берілген шағымдарды қарау;

3) әкімшілік құқық бұзушылық үшін белгіленген қамау, ұстау т.б. әрекеттердің заңдылығын тексеру;

4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысу, талаптар қою, іс қарау кезінде туындаған сұрақтар бойынша қорытынды беру;

5) әкімшілік жауапкершілік шараларын белгілейтін қаулылардың орындалуын тексеру;

6) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуға шаралар қолдану;

7) әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша өндіріс қозғау;

8) заңмен көзделген басқа да әрекеттер жасау.

12 Дәріс

Тақырып: Атқарушылық іс жүргізу заңдылығына прокурорлық.

Жоспар:

1.Үкімдерді орындау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың мәні және міндеттері.

2.Үкімдерді орындауға кірісудің уақыттылығы мен дұрыстығына прокурорлық қадағалау.

Негізгі ұғымдары:Атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау, Конституцияның, заңдары.

1.Атқару өндірісін қадағалау кезінде прокурор төмендегілерді бақылайды:

1) сот белгілеген жаза мен басқа шараларды атқару барысында бас бостандығынан айыру орындарында ұстаудың заңдылығы;

2) сотталған тұлғалардың аталған орындарда ұстаудың тәртібі мен шарттарының сақталуы, олардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы;

3) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның орындалуының заңдылығы;

4) азаматтық, шаруашылық т.б. істер бойынша сот шешімдерінің орындалуының заңдылығы.

2. Атқару өндірісінің заңдылығын тексере отырып прокурор төмендегідей

құқықтар иеленеді:

1) Конституцияның, заңдардың, ҚР халықаралық шарттарының адам құқықтары, сотталғандар мен қамауға алынғандарға қатысты ізгілік талаптарының нақты және бірыңғай орындалуын талап ету;

2) азаматтың, мемлекеттің құқықтары мен мүдделеріне, прокурордың арыздары мен талап-арыздары бойынша атқару өндірістерін талап ету және тексеру;

3) сот белгілейтін жазалар мен басқа мәжбүрлеу шараларын орындайтын бас бостандығынан айыру орындарын кез келген уақытта тексеру;

4) ұсталған, қамауға алынған, сотталған, басқа мәжбүрлеу шаралары белгіленген тұлғалар тұлғалардан мәліметтер алу;

5) тұлғалардың ұсталуына, қамауға алынуына, жаза өтеуіне басқа мәжбүрлеу шараларын өтеуіне негіз болған құжаттарды талап ету;

6) бас бостандығынан айыру, мәжбүрлеу шараларын орындау орындарында заңсыз ұсталып отырған тұлғаны тез арада өз қаулысымен босату;

7) бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғаларға заң бұзушылықтар жасады деп заңсыз белгіленген тәртіптік шаралардың күшін жою, ол тұлғаларды өз қаулысымен айып изоляторынан, карцерден, камера типті орыннан босату;

8) жаза орындайтын орындар әкімшілігінің актілерін санкциялау

13 Дәріс

Тақырып: Прокуратурамен іске асырылатын қылмыстық қудалау.

Жоспар:

1.ҚР Конституциясы және қылмыстық қудалау жөнінідегі ҚР Президентінің «ҚР Прокуратурасы туралы» заңы.

2. Прокуратура жүзеге асыратын қылмысты қудалау түрлері.

3. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру барысында прокурордың уәкілдігі.

4. Прокурордың жазалау шаралары қылмыстық қудадалаудың ерекше акті ретінде.

Негізгі ұғымдары: Қылмыстық қудалау.

1.ҚР Констиуциясының 83-бабы «заңмен белгіленген жағдайлар, тәртібі және оның шегінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру» қарастырылған. 2001 ж 16 наурыздағы ҚР Заңы ҚР ҚІЖК – не өзгертулер мен толықтырулар енгізген: «іс күрделі, маңызды болатын жағдайларда ҚР Бас прокуроры алдын-ала тергеуді жүзеге асыратын, бірнеше органның тергеушілер арасынан тергеу тобын ұйымдастырылуы мүмкін, осы топты басқаратын прокурорды тағайындайды және осы шешімді өз қаулысыменрәсімдейді», тергеуді жүзеге асыратын осы топтың заңдылығын қадағалау ҚР Бас прокурорына жүктеледі. «Қылмыстық қудалау шектері» 45 бапта мыналар белгіленген: «Конституцияға және осы жарлық белгіленген тәртіп пен шегінде және қылмыстық іс жүргізу заңнамаға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.» 46 бап қылмыстық қудалау бойынша прокурордың уәкілеттіктері белгіленген, яғни олар:

1) оқиға болған жерді қарауға, сараптамалар тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге қажет басқа әрекеттер жасауға құқылы;

2) қылмыстық іс қозғайды немесе қозғаудан бас тартады;

3) прокуратура қозғаған қылмыстық істі тергеу мен анықтама жүргізу үшін қажетті органдарға береді;

4) заңда көзделген жағдайларда тергеу, анықтама, жедел іздестіру қызметтерін жүзеге асыратын тұлғалардың әрекеттеріне санкция береді;

5) жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысады;

6) қол сұғылмаушылық құқығын иеленетін тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғауға келісім алу жөнінде ұсыныс береді;

7) істі сотқа жібереді.

Прокурор немесе оның орынбасары айыптау қорытындысымен келіп түскен істі зерттеу кезінде тергеу, анықтама органдарының заңды бұзщбағандығын, және айыпталушыны сотқа жіберуге жеткілікті негіз бар болуын тексеруі қажет.

Істі сотта қарауға жеткілікті негіз болған жағдайда прокурор немесе оның орынбасары істі сотқа жібереді.

Істі сотқа жіберген кезде прокурор төмендегі құқықтарды иеленеді:

1) істі өндіріспен тоқтату немесе тұлғаға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату;

2) айыптау қорытындысынан айыптаудың жекелеген тарауларын алып тастау, сондай-ақ, ауырлығы төменірек қылмыс туралы заңнаманы қолдану;

3) бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе тоқтату;

4) қосымша тергеу жүргізу мақсатында қылмыстық істі қайтару.

2.ҚР ҚІЖК 62 б сәйкес, прокурор - өз құзіреті шегінде жедел-іздестру қызметінің, жауап алу, тергеу мен сот шешімдерін немесе қылмыстық қудалау процесстің барлық сатыларында заңдылықты қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға: ҚР Бас прокуроры, Бас әскери, обылыстық, оларға теңестірілген аудандық, қала прокуроры, олардың орынбасарлары, аға, басқарма прокурорлары және прокуратураның бөлімдері.Прокурор мемлекет – айыптаушысы. Тергеуші құрастырған айыптау қорытынды ҚР ҚІЖК 278-279 б.б. көрсетілген талаптарына сай келмеушілік айқындалса, прокурор тергеушіге істі қайта құрастыру жөнінде жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқығы бар. Ал прокурор тергеушінің айыптау қорытындысымен келіспейтін жағдайда, ол тергеушіге істі қайтармай-ақ жаңа айыптау қорытындысын құрастыруға құқығы бар. Сотқа шақырылыатын қорғаушының куәларын тізімнен алып тастауға прокурордың құқы бар.Айыптау қорытындысымен келіспейтін жағдайда прокурор өзі айыптау қорытындысын құрастырады немесе дәлелді қаулы шығарады, онысымен: қылмыстың кейбір бөлек жағдайын жояды,кейбір айыпталуға қатысты істі тоқтатады,сотқа шақырылатын тұлғаның тізімін өзгертеді.

3. Қылмыстық қудалау және қылмыстық іс-тергеуінің заңдылығын жүзеге асыра отырып, прокурор:

1) Уақиға орнын қарауға қатысуға, саралау тағайындауға, т.б. әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы;

2) Қылмыстық іс қозғайды немесе одан бас тартады, тергеу әрекеттерін өндіру жөнініде жазбаша нұсқау береді;

3) Алдын-ала тергеуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар әрекеттеріне рұқсат береді;

4) Алдын-ала тергеу органдарынан нақты қарау үшін түскен қылмыстық істі сотқа бағыттап, айыпталушыны соттайды:

5) Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде арыздар мен хабар беруге рұқсат ету, тіркеу қабылдау кезінде заңдылықтың сақталуыгн тексереді:

4. Прокуратура туралы заңның 21 б –на сәйкес, прокурор мыналарға жазбаша санкциясын береді:

1) Қылмыс жасаған күдікті немесе айыптьалушы тұлғаны тұтқындауға;

2) ҚІЖ заңнамасында құрастырылған жағдайда тінтуге;

3) күдіктіні лауазымынан алып тастауға, сараптама жасау үшін күдіктіні немесе айыпталушыны медициналық мекемесіне орналастыруға;

4) Әкімшілік тәртіпте шетелдік азаматтарын қуып шығу үшін ұстау.

 

14 Дәріс

Тақырып: Кәмелетке толмағандардың қылмыстары мен қылмыстық істердің тергеуіне прокурорлық қадағалау.

Жоспар:

1. Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына куресуде прокурордың

ролі.

2.Прокурорлық қадағалау арқылы кәмелетке толмағандардың

құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

3.Қылмыстық сот ісінде кәмелетке толмағандағы ісі жөнінде заңдардың

сақталуын қадағалаудың ерекшелігі.

4. Кәмелетке толмағандарға арналған тәрбиелеу мекемелеріндегі прокурорлық

қадағалау.

Негізгі ұғымдары: Кәмелетке толмағандар туралы заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалау,балалардың құқықтарын қорғау,

1.Кәмелетке толмағандар жөніндегі заңды орындау мен байланысты мәселелердің бірі – кәмелетке толмағандарды қадағалаусыз қалдырғандықпен күрес болып табылады.

Кәмелетке толмағандар ісі бойынша прокурорлық қадағалаудың бір жауапты учаскесі – ішкі істер органдардың кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекцияларының қызметі. Олар басқа органдар мен қоғамдық ұйымдар мен өз қатынасында, кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыздық пен қылмыс жасаушылық пен күресу бойынша ескерту жұмысын өткізеді.

Балалардың құқықтарын қорғау - әлеуметтік саясаттың бөлінбес бүтіндей бөлігі және мемлекеттік саясаттың бөлігінде. Өскелең ұрпақты қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету мен тәрбиелеу қоғам мен мемлекеттің айқындауыш ролі болып табылады. Құқықтық саясат әлеуметтік және мемлекеттік саясаттан туындайды, олардың шегінде іске асады және олардың мақсатымен олардың мақсаттарына олардың салған шектеуліктеріне сай болады, ерекше әдістер мен тәсілдерді пайдаланады.

3. Кәмелетке толмағандар жасаған заң бұзушылықтың барлығынан ең қауіптісі – қылмыс жасау болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі заманда кәмелетке толмағандар жасайтын, ертеде байқалмаған, жаңа криминогенді түолі қылмыс түрлерін есепке алу қажет: суық және дәрі-дәрмекпен атылатын қару-жарақпен жиі пайдаланушылық, жөнсіз қатыгездік тұлғаға қарсы қылмыс жасаған кезде ертеде ұйымдасқан топтық қылмысқа санының өсуі т.б.

4. Кәмелетке толмағандарға арналған тәрбиелеу мекемелері, түзету мекемелерінің жалпы жүйесіне қатысты болса да, бірақ осы сотталған контингенттің физиологиялық және психикалық ахуалы жазаның орындалуын, сотталғандардың жақсы даму мүмкіндігін белетін, жалпы білім алу және кәсіптік білім алуы қамтамасыз ету жағдайларын жасауды алдын ала белгілейді.

Заңдық, балалардың құқықтарын қорғау, отбасылық подряд, бала еңбегі, білім және тәрбие алуымен байланысты емес жұмыспен айналысқан баланың еңбегі жөнінде конституциялық ережелерін мүлтіксіз сақталудың бақылауын қамтамасыз етеді.

15 Дәріс

Тақырып: Қылмыстардың тіркеуі және есебі.

Жоспар:

1.Тіркеу және есепке қою жасайтын құқық қорғау органдары

2. Мемлекеттік мекеме

Негізгі ұғымдары: Тіркеу және есепке қою, сот ісін жүргізудің қайнар көзі, Мемлекеттік мекеме, тергеу және анықтау органдары

 

1. Тіркеу және есепке қою жасайтын құқық қорғау органдары осы органдардың қылмыспен күресу қызметінде негіз болып табылады. Қылмыстық процесінің заңы мен теориясында сот ісін жүргізудің қайнар көзі – қылмыстық істі қозғау болып табылады деген концепция бұрыннан бері қалыптасып кеткен. Республикадағы барлық қылмыстарды тіркеу және есепке алу қажеттілігіне назар аударылмаған.

Күннен күнге қылмыс жасау деңгейі өсіп келе жату криминалисткалық мінездемесі нашарлау, ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлық – сыбайластық кең тарау жағдайларында қылмысты тіркеу және есепке алу маңызды болып табылады.

Қылмыстарды тіркеу және есепке алу жөніндегі заң талаптарын дер кезінде және дұрыс орындау, қылмыс жасаған айыпты тұлғаны жауапқа тарту және жазықсыз адамды немесе қылмысқа қатысты жоқ тұлғаларды жауапқа тарту жағдайларын ескере отыру қажет.

«Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заңына сәйкес, құқықтық статистика және ақпарат Орталығы тұтастық, шындық және жеткіліктік мақсатында, мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырады және құқықтық статистика саласында заңдар қолдану қадағалауын қамтамасыз етеді. Онымен қоса, осы функцияларды өткізу түрлері әртүрлі болып келеді. Орталық құқық қорғау және сот органдарының қызметі жөнінде алғаш есеп беру және есептіліктің барлық түрлерін құрастырады, ел мен аймақтардағы қылмыс қалпы жөнінде дифференциалды және құрама мәліметтер құрастырады, құқықтық статистика субьектілері жұмыстарын қадағалауын қамтамасыз етеді статистикалық мәліметтерінің саралауын және мүдделі тұлғалардың ақпараттандырылуын қамтамасыз етеді. Осы жұмыс кешенді аналитикалық мәліметтерге негізделген нақты жағдайды жақсарту бойынша шаралар ұсынумен бірігіп келеді.

2. Мемлекеттік мекеме – ҚР Бас прокурорының 2001 жылғы 6 наурыздағы №32 бұйрығымен бекітілген, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық сатистика және ақпарат Орталығы туралы Ережеге сәйкес, Прокуратура органдары, Ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет, Қорғаныс министрлігі, Салық комитеті Кеден комитеті, ҚР төтенше жағдайлар бойынша агенттік және соттар құқықтық статистика субьектілері болып табылады.

Бірыңғай әдістемелік орталығымен дамып келе жатқан екі жыл ішінде нормативтік- инструктивті негіз жаңарды, 20 шақты есеп және олардың нұсқаулары және де алғаш тіркеу құжаттарының түрлері құрастырылып, тәжірибелік қолданысқа енгізілді.

2000 жылғы 1 қаңтарынан «Тергеу және анықтау органдарының жұмыстары туралы» 1-Е есеп беру түрі енді, ол қылмыстық қудалау органдарының сот алдындағы қызмет нәтижелерін бейнелейді және статистикалық жүйенің потенциалды біріңғайлаған маңызды түйіні болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының «Жемқорлық – сыбайластық туралы» Заңы статистикалық және ақпараттық қамтамасыз ету тәртіпке келтірудің барлық негіздері бар екенін дәлелдеуге болады. Жемқорлық – сыбайластық туралы статистикалық – аналитикалық материалдар Қауіпсіздік Кеңесінің кезеңді отырыстарында пайдаланылады.

 

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Королев Г.Н.Прокурорское уголовное преследование в российском уголовном процессе [Текст]: Монография / Г.Н. Королев.- М.: Юрлитинформ, 2006.- 360 с.

2.Косцов А. Европейский суд по правам человека. [Текст] / А. Косцов.- М.: Мартин, 2005.- 624.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы: ҚР 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін=Конституция Республики Казахстан: официалный текст с изменениями и дополнениями от 21 мая 2007г. №254-ІІІ Закона РК [Мәтін].- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 136 бет.

4.Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы: «Жеті жарғы» 2001ж.

5. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы.-Астана, 2002.

6. Ақпарова Р.Н. ҚР прокуратура органдары.-Алматы: «Дәнекер», 2006.

7.Алауханов Е. Профилактика преступлений [Текст]: Учебник / Е. Алауханов, З.Зарипов.- Алматы: Заң әдебиеті, 2008.- 376с.

8.Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері [Мәтін]: Оқулық / С.М. Әпенов.- Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 332бет.

9.Борчашвили И.Ш. Уголовная ответственность несовершеннолетних [Текст]: Учебное пособие / И.Ш. Борчашвили, М.К. Интыкбаев.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 56с.

10.Сәбікенов С. Заң терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша орысша-қазақша сөздігі. 17000 жуық термин. А-Я=Казахско-русский русско-казахский словарь юридических терминов и понятий. Около 17 000 терминов. А-Я [Мәтін] / С. Сәбікенов, Г. Сәбікенова.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 688 бет.

11. Соловьев А. Прокурор в досудебных стадиях уголовного процесса России [Текст] / А. Соловьев, М. Токарев, Н. Буланова.- М.: Юрлитинформ, 2006.- 176с.

Қосымша әдебиеттер:

2. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы.-Астана, 2004.

3. Ақпарова Р.Н. ҚР прокуратура органдары.-Алматы: «Дәнекер», 2004.

4. Винокуров Ю.Е. және т.б. Прокурорский надзор. Оқулық.- Санкт-Петербург, 2002.

5. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Әлиев М.М. Прокурорский надзор в РК.-Алматы, 2002.

6. Алиев М.М. Прокурорский надзор в РК.Оқу - әдістемелік материалдар. Алматы: «Жеті Жарғы», 2002.

7.Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның прокуратурасы.-Алматы, 2001

8. Прокурорлық қадағалау мәселелері жөніндегі Бас прокуратураның негізгі

нормативтік актілер жиынтығы,-Астана, 2003.

Аралық бақылау тапсырмалыры.

Реферат тақырыптары:

1-аралық бақылау.

1.ҚР Конститутциясы.

2.ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі және прокуратура органдарына қатысты мәселелер.

3.ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі.

4.ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.

5. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы.

6.ҚР Заңдары. Халықаралық құқықтық актілері.

7.ҚР мемлекеттік органдары жүйесіндегі прокуратураның орны мен атқаратын рөлі.

8.Прокуратура және биліктің заң шығарушылық,сот, атқарушылық тармақтары.

9.Конститутциялық қағидаттардың ұғымы мен мағнасы, олардың салалық

қағидаттармен қарм-қатнасы.

10. Прокуратураны ұйымдастырудың және қызметінің қағидаттары.

11.ҚР мемлекеттік органдарының жүйесі.

12. Прокуратураның орны мен атқаратын рөлі.

13. Прокуратура және биліктің заң шығарушылық тармағы.

14. Прокуратура және биліктің сот тармағы.

15. Прокуратура және биліктің атқарушылық тармағы.

16. Конститутциялық қағидаттардың ұғымы мен мағнасы.

17. Прокуратураны ұйымдастырудың және қызметінің қағидаттары.

2-аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.

1.ҚР прокуратура органдары жүйесінің ұғымы.

2. ҚР прокуратура органдары жүйесі.

Бақылау сұрақтары:

3. ҚР прокуратура органдары жүйесінің ұғымы.

4.ҚР Бас прокуроры.

5.Обылыс прокуроры.

4.Аудандық прокуроры.

6.Кадырларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу.

7.Прокуратура органдарында лауазымға тағайындалатын прокурорлар мен

қызметкерлерге қойылатын талаптар.

8.ҚР прокуратура органдарының кадрларын іріктеу.

9. ҚР прокуратура органдарының кадрларын орналастыру.

10. ҚР прокуратура органдарының кадрларын тәрбиелеу.

11.Прокуратура органдарында лауазымға тағайындалатын прокурорлар мен

қызметкерлерге қойылатын талаптар.

12Адам және азаматтыңқұқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет

мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалаудың мәні,пәні және міндеттері.

13. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет

мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша прокурордың өкілеттіліктері.

14. Адам және азаматтыңқұқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

15.Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалаудың мәні неде?2. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет

мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалаудың пәні.

16. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет

мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалаудың міндеттері қандай?

17.Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет

мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша прокурордың өкілеттіліктері.

18. Адам және азаматтыңқұқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Бақылау өлшем құралы.

1.Адам және азаматтыңқұқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалаудың мәні.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2446. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия