Студопедия — Р Конститутциясы. 1 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Р Конститутциясы. 1 страница






2. ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексі.

3. Бас прокурордың төменгі тұрған прокурорлардың актілері.

4. Халықаралық құқықтық актілер.

Негізгі ұғымдары: ҚР Конститутциясы, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексі, прокурорлардың актілері, халықаралық құқықтық актілер.

Прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық негіздері.

Прокуратура органдарының қызметтері мен ұйымдастыруларының құқықтық негіздері ҚР Конститутциясымен, ҚР АІЖҚ, ҚР ӘҚК, ҚР «Прокуратура туралы» заңымен, ҚР басқа заңдарымен, халықаралық құқықтық шарттарымен, сондай-ақ ҚР Бас прокурор ының және төменгі тұрған прокурорлардың құқықтық актілерімен анықталады.

1. ҚР КонститутциясыҚазақстан Республикасы Конститутцияға сәйкес өзін демократиялық және құқықтық мемлекет деп есептейді. Қолданыстағы конститутцияға және оның негізінде қабылданған заңына сәйкес ҚР-ның прокуратурасы мемлекеттік билік тарамақтарының біреуінде жатпайды. Конституцияда бекітілген осы ережелер конституциялық қағидаттар қатарының мазмұнын анықтап береді. Олардың біреуі ұстамшылдық және қарама қарсылықтар, заңдылық қағидаттар, Конституцияның үстем болуы, адам құқықтарының бөлінбеу және басқа жүйелерін өзара пайдаланумен биліктерді заң, атқару және сот тармақтарына бөлу қағидаттары болып табылады.

Негізгі заңның 83 бабына сәйкес:

2. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі және прокуратура органдарына қатысты мәселелер.

Прокурордың азаматтық процеске кіруінің негізгі сот өндірісінде заңдылықты қамтамасыз ету, сондай ақ, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерін қорғау қажеттілігі болып табылады.

2. ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексі

ҚР ҚЖІҚК62-бабына сәйкес «Прокурор өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сонда- ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық қудалауды іске асыратын лауазымды адам»

Прокуратура қылмыстық істі жүзеге асыратын месмлекеттік органдардың жүйесіне кіре отырып, прокурорлық қадағалаудың функционалдық бағыттырына қатысты бір қатар өзгешелік жақтарын иеленеді. Прокуратура құқық бұзушыларға жаза қолданбайды, оның қызметі құқық бұзушылықты анықтауға, заң бұзушылықты қалпына келтіруге және кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тартуға бағытталған.

3. Бас прокурордың төменгі тұрған прокурорлардың актілері.

Прокуратура органы басқаруының және олардың қызметтері бағыттарының маңызды құралдары заңдар негізінде және оларды орындау үшін шығарған ҚР Бас прокурорының бұйрықтары, нұсқаулары, өкімдері мен нұсқаулықтары болып табылады. Осы актілер прокуратура органдарының ұйымдастыру жұмыстарының, сондай-ақ олардың қызметтерінің жеке бағытының жалпы мәселелеріне тиісті. Прокуроалық қадағалау актілері жеке фактілерге қатысты сол бір немесе өзге де органдармен лауазымды адамдарға арналған жеке актілер. Прокурорлық қадағалау актісі басқа органды, лауазымды адамды белгіленген заң түрінде реттеуді, оны қарауға, тиісті шаралдарды қолдануға және оны шығарған прокурорға хабарлауды міндеттейді. Осы жерде «заңдылық пен құқық қорғау тәртібін нығайту, сондай-ақ прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыру жөніндегі прокуратура органдарының міндеттері туралы» 2001 жылғы 8 қазандағы №113 оның бұйрығынан тұратын ҚР Бас прокурорының нұсқаулығы аса маңызды.

4.Халықаралық құқықтық актілер

Мемлекеттілік құрылған кезеңнен бастап Қазақстан қылмысқа қарсы күресте басқа мемлекеттермен өзара іс-әрекеттеріне, әсіресе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шегіндегі мәселелерге аз көңіл бөлген жоқ. 1991 жылғы желтоқсанда жарыққа шыққан аймақтық қауымдастық ретіндегі ТМД оны құқықтық және ұйымдасқан түрде қамтамасыз ете отырып, қылмысқа қарсы күресте өте жеңіл емес, бірақ аса маңызды жолдарды өткереді Қылмысқа қарсы күресте ТМД мемлекеттік қатысушыларының куштерін біріктіру жолындағы аса маңызды алғашқы қадамы - құқық саласындағы мемлекеттер арасындағы жан- жақты ынтымықтастық үшін негіз және біртұтас құқықтық кеңістікті құру болды. Осыған байланысты, 1993 жылы 22 қаңтардағы жан - жақты негізде, «Азаматтық отасылық және қылмыстық істер жөніндегі құқықтық қатынастар мен құқықтық көмек туралы» Мин конвенциясының жасалуын атап өту керек.

3 Дәріс

Тақырып: Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастырудың

құқықтық негіздері және қағидаттары.

Жоспар:

1. Прокуратура органдары қызметінің негізгі мазмұны мен бағыттары.

2.Жоғарғы қадағалауды жүзеге асыру бойынша прокуратура органдарының қызметі.

3. Прокуратураны ұйымдастырудың және қызметінің қағидаттары.

Негізгі ұғымдары: Прокуратура органдарының қызметі,

1. ҚР Прокуратурасы - бұл ҚР Президенті алдында есеп беретін, заңдардың, ҚР Президентінің Жарлықтарының және басқа нормативтік-құқықтық актілердің республика аумағында нақты және бірыңғай орындалуын, жедел іздестіру қызметінің, тергеу мен анықтама қызметтерінің, әкімшілік және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалайтын мемлекеттік орган.

Прокуратура заңдылықтың бұзылуының кез келген жағдайлары бойынша оларды анықтау және жоюға байланысты шаралар қолданады, ҚР Конституциясына және басқа заңдарға қайшы келетін актілерге наразылық білдіреді, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және сондай-ақ, заңда белгіленген тәртіп пен шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

ҚР-да прокуратура органдарының қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін ҚР Конституциясы, заңдар, халықаралық шарттар, және республиканың Бас прокурорының бұйрықтары анықтайды.

2. Конституция мен заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура органдары Конституцияның, заңдардың және ҚР Президентінің жарлықтарының нақты және бірыңғай қолданылуын қадағалай отырып:

- Конституцияны, заң актілерінің және Президент актілерінің бұзылу жағдайларын анықтайды, оларды жоюға шаралар қолданады;

- жедел іздестіру қызметінің, тергеу мен анықтама қызметтерінің, әкімшілік және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалайды;

- сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді;

- Конституцияға және республика заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа актілерге наразылық білдіреді;

- заңда белгіленген тәртіп пен шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;

- статистикалық көрсеткіштердің объективтілігін, жеткілікті болуын, біртұтастығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және құқықтық статистиканы қалыптастырады.?

 

4 Дәріс

Тақырып: ҚР прокуратура органдарының қалыптаса бастауы және дамуы.

Жопар:

1. Прокуратураны дамытудың негізгі кезеңдері

2. Еліміздің тұңғыш прокурорлары

3. Бас прокурордың нормативтік құқықтық актілері

Негізгі ұғымдары: Қазақ АССР, Прокурорлық қадағалау туралы ереже, ҚазОАК, Бас прокурордың нормативтік құқықтық актілері.

 

1. Прокуратураны дамытудың негізгі кезеңдері

Бұл жерде ең бастысы оның тарихындағы маңызды үш кезеңін атап керсету керек. Қазақ АССР прокуратурасы «Прокурорлық қадағалау туралы ережені» бекіткен ҚазОАК 2-шақырылуындағы 3 сессиясының каулысымен 1922 жылдың 13 шілдесінде бекітілген. Осыған байланысты әділет халық комиссары өз кызметімен қатар республика прокурорыньң кызметін де атқарған.

Әділет халық комиссариатының құрамына кіретін прокуратурада тарихи мәні бар осы құжат мемлекет атынан кінәлі адамдарға қарсы қылмыстық қудалауды, істі қозғау және заң бұзушылық қаулыларына наразылық келтіру жолымен барлық билік органдардың, шаруашылық мекемелердің, қоғамдық және жеке ұйымдардың, жеке тұлғалардың әрекеттерінің зандылығын қадағалауды жүзеге асыру; қылмысты ашу саласында анықтау және тергеу органдарының кызметтерін тікелей бақылау; сотта айыпталушыны қолдау; сотталғандарды қамауда ұстау дұрыстығын бақылау үшін жасалған.

2. Автономиялық республикалардың прокурорлары республиканың ОАК тағайындалған және шақырылған және осы республика шегінде барлық тиісті құқықтарға ие болған. Жалпы федералдық заңдардың мәселелері бойынша Қазақ автономиялық республикасының прокуратурасы РСФСР прокурорына бағынған. Республиканың бірінші прокуроры болып әділет халық комиссары Шафхат Мұхамметжанұлы Бекмұхамметов тағайындалған. «Прокурорлық қадағалау туралы» ережелерді қабылдағаннан кейін Ш. Бекмұхамметов 1922 жылы 2 тамыздағы әділет халық комиссарының және республика прокурорының міндеттерін бір уақытта орындау туралы бұйрығына қол қойды. Мұрағаттық мәліметтерге байланысты ол республика прокуратурасының негізін салушы болып табылады. ҚазОАК-ке жасаған прокуратураның бірінші есебінде Орынбор, Акмола губернияларының прокурорларын бекіту туралы қаулы баяндалды. Ш.М. Бекмухамметовтың бастамасы бойынша РСФСР Қылмыстық кодексіне қалым, куна және барымта мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енізілді.

Содан кейін, 1922 жылдың 15 қыркүйегінде ғана ҚазОАК-нің алқа шешімімен Әділет халық комиссары және прокурор болып Мырзағұл Атаниязов тағайындалды, көптеген. авторлар ол кісіні ҚазССР біріншіпрокуроры болған деп есептейді. Наразылық келтірген кезде арнаулы шеипмдерд1 кабылдаусыз үкімдерді орындау тоқтатылады. Қадағалау тәртібінде ерекше аяқталғаннан кейін РФ Бас прокурорының және оның орынбасарларының азаматтық өндіріс саласындағы тиісті шешімдері тоқтатылуы мүмкін (РФ АІЖ 320,323).

Тоқтату үкімді, шешімді орындалуына келтірмеу немесе ітерді қадағалау сатысында қарауға дейін үкімді, шешімді орындаулары ұзатып білдіреді. Прокурорлар прокурорлық кадағалауды іске асыру процесінде қатысулары тиіс субъективтік құқықтар мен заңды мідеттерді иеленіп әртүрлі құқықтық қатынастарға кіреді. Мұндай құқықытық қатынастардың ең маңызды бабы оларды қамтамасыз ету және мемлекетпен қорғалуы. Құқық нормаларыньң талаптарын орындамау санкцияның басталуына екеп соқтырады. Құқық теориясының айқын жадайы прокурорлық қадағалау саласында оның экстраполяциясы кезінде прокурордың ерекшелігінің, прокурордың қызметінің жақсартылуын көздейді. Сондықтан, актілердің мәжбүрлеп орындалу механизмін көздейтін өзгертулер мен толықтырулар және прокурордың, талаптары, сондай-ақ көрсетілген әрекеттерді жасағаны үшін азаматтар мен лауазымды адамдарға қылмыстық және өкіметтілік Гражданско-процессуальный кодекс РСФСР, утв. Законом РСФСР от 27. 10. 60. с последующими изменениями и дополнениями. М., 1999 г. караңыз. Жауаптылықты белгілеу 2001 жылғы 22 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының қызметтерін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын кабылдауға сәйкес болды (2 б. 4 т). Шындғын айтқанда, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоксандағы ҚР Заңының ережелері прокурордың заңды талаптарын орындамағаны үшін жауаптылықтьң басталуына және т.б. (50 б. 2 т.) қатысты еліміздің жинақтау және езге де зандарында реттелмеген және жоқ. Мысалға, прокурордың оның талаптарын межбүрлеп орындау туралы қаулысы 1998 жылғы 30 шілдедегі «Атқару өндірісі және сот атқарушылардың мәртебесі туралы» ҚР Заңының 5.6-баптарына мағынасы бойынша мәжбүрлеп орындау шараларын қолдану неізі ретінде атқару құжаттарының тобына енеді. Атқару құжатын орындамағаны үшін қарызкер жинақтау заңдарында белгіленбеген (1998 ж. 30 маусымдағы шілдедегі ҚР Заңының 78 б.) қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Осыған байланысты, ол талдау заңдарында көрсетілгендей, прокурорлардың атқару іс жүргізу органдарымен ынтымақтастығы прокурордың занды талаптарын орындамағаны үшін және т.б. жауаптылықты белгілеу туралы 1998 жылғы 30 шілдедегі ҚР Заңында негізделген, Қылмыстық кодекс пен Әкімшіік құқық бұзушылық кодекстерінде осындай жауаптылықты реттейтін және елдегі заңдылық режимдерін тиісінше арттыруда нормалардың болмауына байланысты танылған. өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау Конституцияның 13-бабына және басқа нормаларына қайшы келмейді және адам жене азаматтың өздерінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқығына кепілдік береді 1998 жылғы 30 шілдедегі ҚР Заңы, ҚІЖК, АІЖК және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексі азаматтардың сот арқылы қорғалу құқықтарын іске асыру механизмдерін, оның ішінде азаматтың құқықтарын бұзатын прокурордың заңсыз әрекеттерін реттейді. Айта кету керек, прокурорлардың басым көпшілік талаптары ерікті орындалады және оларды мәжбүрлеп орындау алынып тасталады.

3.Заңда Бас прокурордың нормативтік құқықтық актілері міндетті дұрыс керсетілген. Олай болмаған күйде заңдылықты қамтамасыз ету - елдің барлық аумағында заңды біріңғай қолданылуын қамтамасыз етудің ең маңызды құралы жоғалады. Көп жылдар бойы прокуратура органдарының қызметтері Бас прокурордың оның ішінде ҚСРО, бұйрықтары мен нұсқаулықтарының тиімділігі делелді. Прокуратураның тарихи органдары осы ерекшеліктерімен бөлініп тұрған жоқ және осы тәртіпті сақтау керек.

ЖЩ саласындағы заңдылықтарын жоғары қадағалау тиімділігін іске асыру мүдделерінде прокурорға ЖЩ іске асыратын органдарды тарапынан заң бұзушылықтардың ашу мақсатында арнаулы техникалық құралдардықолданумен прокуратура органдары қызметкерлері және өзге де мамандарды тарту кұқығы берілген. Сондай-ақ, оған ЖЩ туралы қолданыстағы заң тыйым салмайды. ЖЩ қылмыстық сот шешімдері міндеттерін де орындайтыны жалпыға танымал. ЖЩ арнаулы мемлекеттік кызметте осы туралы міндеттерінің өзгешелітерге байланысты қылмыстық процестер, қылмыстық іс жүргізу кызметтері пайда болудан бұрын орын алуы мүмкін еді (ЖЩ Заңының 1,2-баптары). ЖЩ саласындағы прокурордың әрекеттігі белсенді іс-ерекеттер жолымен ЖЩ субъектілері жедел іздестіру іс-шараларының заңдылығын және негізділігін белгілеуге оған мүмкіндік береді Казіргі практикада ЖЩ қылмысқа қарсы күрес саласындағы шындыққа сәйкес келмейтін жедел-іздестіру құжат айналымдарын зерделеумен ғана байланыспайды.

Сондай-ақ, осы заңда прокурордың әрекет тәртібідегі қаулылары мен ұсынымдарын орындамау кезідегі іс-әрекеттердің тәртібі көзделген. Енді мұндай жағдайлар туындаған кезде прокурор актілерге енгізілген прокурорлық реттеуіндегі мәжбүрлеп орындау туралы қаулысын шығаруға және уәкілетті мемлекеттік органға мәжбурлеп орындау үшін оны жіберуге құқықты, ал ол өз кезегінде оны бұлжытпай және дереу арада орындау үшін шаралар қолдануға мідетт».

Өмір - бұл үнемі қозғалыс және, егер белгілі бір кезеңдерде прокурорлық қадағалаудың бір институттары өздерінің өзектілігін жоғалтса, басқалары маңызын арттырады және мұндай жағдайлар толарымен дұрыс.

 

5 Дәріс

Тақырып: «ҚР прокурорлық қадағалау» курсының пәні және жүйесі.

Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру.

Жоспар:

1. Прокуратура органдарының жүйесі.

2. ҚР Бас прокурорының өкілеттіктері.

3. Облыстық прокурорлар.

4. Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген басқа да прокурорлар.

5. Прокуратура органдарындағы алқалар.

Негізгі ұғымдары: Прокуратура органдарының жүйесі, прокурорлардың;

өкілеттіктері.

1.ҚР прокуратурасының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республика астанасының және республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестірілген әскери және басқа мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

ҚР Бас прокуратурасын республиканың Бас прокуроры басқарады.

2. Республика Бас прокурорының бірінші орынбасары және орынбасарлары болады. ҚР Бас прокуратурасының құрылымын департаменттер, басқармалар және бөлімдер құрайды. Департаменттердің, басқармалардың және бөлімдердің бастықтары Бас прокурордың аға көмекшілері, ал олардың орынбасарлары Бас прокурордың көмекшілері болып табылады. Республика Бас прокурорының және оның бірінші орынбасарының ерекше тапсырмалар бойынша көмекшілері болады. Департаменттер мен бөлімдерде аға прокурорлардың қызметі белгіленеді.

Департаменттердің, басқармалардың және бөлімдердің бастықтарын, олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілерін, көмекшілерін, ерекше тапсырмалар бойынша көмекшілерін, аға прокурорларды және департаменттердің, басқармалардың және бөлімдердің прокурорларын қызметіне тағайындау мен босату ҚР Бас прокурорының өкілеттігі.

Бас прокуратура:

- республика прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша үйлесімділік пен өзара келісіп әрекет етуді қамтамасыз етеді;

- Республикадағы заңдардың қолданылу тәжірибесіне, заңдылықтың сақталуына сараптама жасайды;

- прокурорлық қадағалауды жетілдіруге байланысты ұсыныстар қалыптастырады;

- республика прокуратура органдарының заңдылықтың қолданылуын қадағалау қызметіне бақылау жасайды;

- республикады жедел іздестіру, тергеу, анықтама қызметтерін жүзеге асыратын басқа құқық қорғау органдарымен бірлесіп қызмет етеді, олардың қызметін үйлестіреді;

- мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

- құқық қалыптастыру қызметіне қатысады;

- халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан қатысады.

3. Облыс прокуратураларын және оларға теңестірілген прокуратураларды Бас прокурор ҚР Президенті келісімімен тағайындайтын прокурорлар басқарады.

Облыс прокурорлары, оларға теңестірілген прокурорлардың бірінші орынбасарлары, аға көмекшілері және көмекшілері болады. Облыс прокурорының орынбасарлары облыстық прокуратуралардың сәйкес басқармаларының бастықтары ретінде тағайындалуы мүмкін.

Облыс прокуратураларында және оларға теңестірілген прокуратураларда басқармалар мен бөлімдер болады. Басқармалар мен бөлімдердің бастықтары сәйкесінше облыс прокурорының аға көмекшілері болады. Басқармалар мен бөлімдерде аға прокурорлардың және прокурорлардың қызметтері белгіленеді.

4. Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларды сәйкес прокурорлар басқарады. Қалалық, аудандық және соларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарлары, аға көмекшілері және көмекшілері болады. Қалалық, аудандық және соларға теңестірілген прокуратураларда бөлімдер құрылуы мүмкін.

 

6 Дәріс

Тақырып: Прокурорлық қадағалаудың құқықтық актілері.

Жоспар:

1. Прокурорлық қадағалаудың құқықтық актілері және жүйесі.

2. Прокуратураның ережелері мен нұсқаулықтары.

Негізгі ұғымдары: Прокурорлық қадағалаудың атілері.

1. Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін төмендегілер құрайды:

1) прокурорлық қадағалау актілер: наразылық, қаулы, ұсыныс, өтініш,

санкция, нұсқау, заңды түсіндіру;

2) прокуратура органдарының ұйымдастырылуына және қызметіне қатысты

мәселелерді реттейтін актілер: бұйрықтар, нұсқаулар, тапсырмалар,

ережелер мен нұсқаулықтар.

2. Прокуратураның ережелері мен нұсқаулықтары сәйксес прокурорлардың бұйрықтарымен бекітіледі.

Прокуратура органдары өз қызметінің жариялығын қамтамасыз ету мақсатында органдар мен лауазымды тұлғалардың адам мен азаматтың заңмен қорғалатын құқықтарын, мемлекет пен заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіретін заңсыз шешімдеріне қатысты прокурорлық қадағалау актілерін мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай алады.?

 

7 Дәріс

Тақырып: Мемлекеттік мүддені прокуратураның сотта өкілдігі.

Жоспар:

1.Күшіне енбеген сот қаулыларына наразылық беру.

2.Күшіне енген сот қаулыларына наразылық беру.

3.ҚР Жоғары Сотының нормативтік қаулыларына наразылық беру.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1371. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия