С И Л Л А Б У С 1 страница
Пәні: Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау Мамандығы: 5В030100 – құқықтану мамандығы үшін оқу формасы: күндізгі курс: 3,4 семестр: 5,7 кредит саны: 2 барлық сағат саны: 90 барлық аудиториялық сағат: 90, оның ішінде: дәріс: 30 практикалық сабақтар: 15 ОСӨЖ: 15 СӨЖ: 30 Ааралық бақылау 2 Емтихан: 5,7 семестр
Талдыкорған 2014 ж. Оқытушы туралы мәлімет: Уразымбетов Талғат Ертарғынұлы - Қылмыстық - құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы эл. почта: te.urazimbetov@gmail.com байланыс телефоны: 87022655714 сабақ сағаттары: сабақ кестесі бойынша Консультация уақыты – сейсенбі күні 15.00 Қылмыстық - құқықтық пәндер кафедрасыда 225 ауд. Пәннің пререквизиттері: Прокурорлық қадағалау пәнін оқып білу үшін студенттер келесі мынадай пәндерді оқып білуі қажет: «ҚР Конституциялық құқығы», «Мемлекет және құқық теориясының тарихы», «Социология», «Философия», «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Қылмыстық құқығы», «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «ҚР Құқыққорғау органдары». Пәнніңпостреквизиттері: «Прокурорлық қадағалау» пәнін зерттеу барысында алған білімді келесі пәндерді зерттеуде қолдануға болады: «Криминалистика» «Жедел іздестіру қызметі», «Соттық дәлелдемелер теориясы», «Адвокатура және адвокаттық қызмет», «Қылмыстарды саралау теориясы», «Алдын-ала тергеудің психологиясы», «Қылмыстық әрекеттің мінез-құлық механизмінің криминалистикалық аспектілері», «Кеден ісіндегі анықтау өндірісі», «Кеден қызметінің психологиясы», «Шет елдердегі соттардың құрылымы», «Қазіргі кездегі құқықтық жүйелер», «Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Азаматтық іс жүргізу құқыгы», «Соттық риторика», «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі» және т.б. Пәннің қысқаша сипаттамасы: «Прокурорлық қадағалау» курсының негізгі мақсаты адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша конституциялық кепілдіктердің және еліміздегі заңдардың нақты және біркелкі қолданылуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтің бір нысаны ретінде прокурорлық қадағалау туралы студенттерге білім беру. «Прокурорлық қадағалау» курсы прокуратура органдарының қызметін және ұйымдастырудың негізгі қағидаларын, прокурорлардың құзыретін және прокурорлық қадағалау актілерін оқытуды көздейді. Бұл курсты оқу барысында студенттер прокурорлық қадағалаудың ерекшеліктерін, прокурорлық қызметтің дәстүрлі қалыптасқан қадағалаудың саласы бойынша және прокуратура органдарының басқа қызметі бойынша ерекшеліктерін ажырата білуі, тексеру жүргізу кезінде міндеттер қою тәсілін және прокурорлық қадағалау актілерін жасай білуі тиіс. "Қазақстан Республикасындағы прокурорлык кадағалау" курсы дербес құқықтық пән. Оның құрамына прокурорлық қадагалау туралы заңдарды, қадағалаудың дәстүрлі қалыптасқан салаларында прокурор қызметінің теориясы мен практикасы және прокурор қызметінің негізгі бағыттары туралы білімдер енеді. Оқу пәнінің жоспарын құрастыру кезінде құрастырушылар прокурорлық қадағалаудың мағынасын ашу кезінде прокурорлық қадағалаудың заңдық реттелуін, бұл мәселелер бойынша теориялық зерттеулердің және құқықбұзушылықтың алдын алу және оны жоюға байланысты прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың арасындағы үйлестігін табуға тырысты. Берілген материал оқу процесінің қажеттіліктеріне және прокурорлық қадағалаудың тәжірибесіне анағұрлым жақындатылған. Осы мақсатта прокурорлық қызметтің әр түрлі бағыттары бойынша ҚР-сы Бас прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларына сілтеме жасалады. «ҚР-дағы Прокурорлық қадағалау» курсын жақсы біліп шығудың басты шарты, ол студенттердің танысу, өндірістік және диплом алдындағы практиканы прокуратура органдарында өтуін жақсы ұйымдастыру болып табылады және де бұндай шара болашақ тергеушілер мен прокурорларға әр түрлі процесуалдық құжаттарды дайындауда, әр түрлі процессуалдық әрекеттерді жүргізудің тактикасы мен методикасын үйренуде үлкен көмек болады. Оқытудың мақсаты: «ҚР прокурорлық қадағалау» пәнін оқып білу келешек құқық қорғау органдарының мамандарына қажет екендігін, студенттермен алғашқы күннен ұғынуы ең бастапқы талаптардың бірі болып саналады. Мұнда құқықты реттеу, тағайындау, міндеттері, функциялары, ҚР прокуратура органдарының қызметі мен ұйымдастыру қағидаттарын жақсы білу қажет. Объект пен пәніне орай курстың мақсаты мен міндеттері болып білімгерлерді прокуратураның барлық қызметтері бағытталған жетістіктерінің нәтижесі, соның ішінде оның маңызды функциясы прокурорлық қадағалауды және көп, бір-бірінен денгейі, мазмұны, шешімдерінің құралдары тарапынан өзгешеленіп бөлінетін міндеттерді білу секілді біліммен қаруландыру саналады. Осы мақсатқа жету үшін келесі негізгі міндеттер қойылады. Оқытудың міндеттері: - Прокурорлық қадағалау пәнінің негізгі қағидаттары мен таныстыру; - оқытудың әдіснамалық негіздерін; - оқыту процесінің іргелі идеяларын, заңдарын және заңдылықтарын, тұжырымдамаларын; - оқытудың мәнін, заңдылықтарын, мазмұнын, формалары мен әдістерін; - курс бойынша алған білімдерін тәжірибеде өз бетімен қолдануды; - оқыту процесін жобалау мен жүзеге асыруды; Курсты оқып-білу жалпы мамандық және аралас пәндердің мазмұндарымен тікелей байланысты, олар: «Құқық негіздері», «Рим құқығы», «Мемлекет және құқық тарихы», «Мемлекет және құқық теориясы» және де т.б. Студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі: Біздің еліміздегі жоғары оқу орындарында «ҚР прокурорлық қадағалау» курсын оқыту ғылыми және тәжірибелік пайдасы екі маңызды объективті факторларға сүйене келіп; біріншіден-прокурорлық қадағалау мемлекеттегі заңдылықты қаматамасыз етудің негізгі жолы екендігін. Екіншіден- сот-құқықтық реформаларын және прокурорлық қадағалауда дәл және жүйелі талдау жүргізілетін құқық қорғау органының жұмысын көрсетеді. Типтік бағдарламаның негізгі элементтерінің біріне пәннің тақырыптық жоспарын жатқызуға болады, оның ішінде қажетті тараулар мен тақырыптар тізімі орын алған. Негізгі сабақ түрлері болып дәріс, семинар, практикалық сабақтар есептеледі. Оқу процесінде студенттерге еліміздің көп жылдар бойы құқық қорғау органдары мен сот жүйесі органдарында қызмет атқарған, оқулықтар мен қажетті әдебиеттер авторларының еңбектерін қолдана отырып, үлкен ғылыми және тәжірибелік құндылықтар беру көзделген.
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Силлабуста әрбір бақылау түріне қойылатын баллдың критерии көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта оқытушы пәннің (спецификасын) өзіне тән ерекшелігін, студенттің мүмкіндігіне сәйкес қойылатын талаптарды ескереді, сонымен бірге оқытушы жалпы белгіленген талаптарды да ескеруі тиіс. «Ағымдық бақылау» параметрінде сабаққа қатысу, практикалық, лабораториялық және үй тапсырмаларының орындалуын бақылау ескеріледі. Студенттің дәріс сабағындағы белсенділігін де ескеру керек. Балл қойылады: қатысқаны үшін, сабақ барсыныда лектордың тарапынан қойылған проблемалық сұрақтарды талқылауға ат салысқаны үшін, лекторға сұрақ қойғаны үшін, сыни тұрғыдан ойлауына; практикалық (семинар) және ОСӨЖ сабақтарындағы студенттің барлық қатысу мүмкіндіктері бағаланады. Балл қойылады: мәселенің шешімін тапқаны үшін, үй және тест тапсырмаларын орындағаны үшін, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бергені үшін, тақтада практикалық жұмыс жүргізгені үшін, бүкіл сабақтың барысында студенттің белсеңді ат салысқаны үшін, ОСӨЖ тапсырмаларын дайындауда және қорғауға өзіндік шығармашылқ ізденістерін танытқаны үшін және т.б. Әр оқытушы өз пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, тапсырмаларын пәннің өзіне тән ерекшелігін және бағдармадағы мазмұнын ескере отырып дербес анықтайды, әр аралық бақылаудағы білімді бағалаудың рейтингтік жинақталған жүйесін жасайды. СӨЖ-ге қойылатын жоғары 100 балл тапсырманың түріне және мазмұнына (ауыр, жеңілдігіне) байланысты бөлінеді, оның негізіне белгіленген талаптар, тапсыру мерзімінің сақталуы тапсырмалар мөлшері, орындалу сапасы жатады.Әр пәннің мақсаты мен міндеті ескеріле отырып, білім алушының дайындық дәрежесі және өздік жұмысқа бөлінген сағат санын есепке алып СӨЖ формасы (нышаны) мен түрі таңдап алынады. Әрбір СӨЖ талапқа сәйкес бірнеше тапсырмалардан тұрады. Силлабуста әрбір тапсырманың мазмұны мен маңыздылығы және соған сәйкес сол тапсырманы орындағандағы балы көрсетілуі тиіс. Бағдарламада көрсетілген студенттің қосымша іс-әрекетіне «ғылыми баяндамалары, мақалалары, олимпиядаға конкурс, жарыстарға қатысуы халықаралық грант, жобаларға қатысуы және т.б) үстеме балл бонустар қарастырылып, семестрдегі жинаған балына қосылады. Жіберіп алған сабақтарын және маңызды бақылау қорсонында жүргізіледі. Негізсіз себептермен жіберілген сабақтар және оларды мерзімінен кеш өтеуге балл қойылмайды. Себепсіз сабақ жіберіп алған жағдайда, еңбек тәртібін бұзған кезде, сабаққа кешігіп келгенде, СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын аралық бақылау және үй жұмыстарын орындамау немесе өз уақытында тапсырмаған жағдайда балл кемітіледі. Аралық бақылау нышанын (форма) оқытушының өзі анықтайды, оның коллоквиум, жобаны қорғау, тұсаукесер (презентация), эссе жазба бақылау жұмысы т.б. болуы мүмкін. Силлабуста әрбір аралық бақылаудың нышаны және бағалау критерилері көрсетілуі тиіс. Осы негізінде, оқытушы семестр бойына студенттің үлгерімін және сабаққа қатысуын қадағалайды. Сабақ үлгерімінің және қатысудың жиынтық рейтингтік бағасын оқытушы әр аптаның соныңда университеттің жергілікті жүйесі арқылы қояды.
Білімді бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесі
Кредиттік технология жүйесінің өзіне тән ерекшелігі жинақтаушы жүйе қоланылады, яғни білім алушының оқудағы жетістік деңгейі, әр пәннің қорытынды бағасымен анықталады, ол рейтингтен (қорытынды бағаның 60%) және емтихан бағасынан (40%) құралады. Рейтинг студенттің әр пәннен академиялық кезеңде жинаған балынан құралады. Соған сәйкес білім алушының оқу жетістігі үшін (күнделікті сабақтағы жауап беруі, үй тапсырмасын тапсыруды, СӨЖ; аралық бақылау және т.б) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және соңғы рейтинг барлық бақылау кезеңінде алған бағанын орташа арифметикалық сумасымен шығарылады.
Баға қоюдың критерилері
*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖге арналған кестеде көрсетілген
Дәрістің күнтізбелі - тақырыптық жоспар
Семинарлық сабақтардың күнтізбелі-тақырыптық жоспары
Практикалық (семинарлық) сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
|