Студопедия — Сұрақ. сот төрелігін жүзеге асыру негізгі принциптер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сұрақ. сот төрелігін жүзеге асыру негізгі принциптер






Сот төрелігінің принциптері сот және сот құрылысы туралы заңнаманың дамуында Қазақстан Республикасында заңдылықты және адам мен азаматтың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сот төрелігінің принциптері Қазақстандағы біріңғай сот жүйесін ұйымдастырды және оның қызметін тікелей реттейтін ортақ қағидалар болып табылады. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде конституциялық принциптерді бұзу әділетсіз сот қаулыларының шығуына әкеп соқтырды және сот төрелігінің мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағына сәйкес судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде төмендегі негізгі принциптерді басшылыққа алуы тиіс:

1. кінәсіз деп жорамалдау;

2. бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайтындығы;

3. заңда көзделген соттылықты өзгертуге жол бермеу;

4. әркімнің өз сөзін тыңдатуға құқылығы;

5. жауапкершілікті күшейтуге және жауапкершілікті жеңілдетуге жол берілмейтіндігі;

6. айыпталушының өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;

7. ешкім өзіне-өзі, туыстары мен жақын адамдарына қарсы айғақ беруге міндетті еместігі. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес.

8. адамның кінәлі екендігі жөнінде кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылатындағы;

9. заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайтындығы. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде сотталуға тиіс емес;

10. қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.

Заңдылықтың сақталуы. Заңдылық мемлекет пен құқықтың жалпыға бірдей принцип болып табылады, ол жас, егемен Қазақстан үшін толық дәрежеде сотты ұйымдастыру мен оның қызметіне де қолданылады.Заңдылық принципі демократияның аса маңызды элементі болып табылады. Бұл екі ұғым бір-бірімен мейлінше өзара байланысты, өзара тәуелді: елде демократиясыз заңдылықтың болуы мүмкін емес, керісінше, мемлекетте заңдылық сақталмай демократияның болуы да мүмкін емес. Құқықтық мемлекеттің сот төрелігінде заңдылықтың сақталуы принципі заңдылықтың аса маңызды талаптарының сот қызметіне қолданылуын көздейді. Заңдылықтың демократиялық саяси биліктер және басқа жағдайларда көрінетін негізгі қысқаша нақтыланған түрі В.Н. Кудряцевтің пікірі бойынша төмендегідей:

- құқықтың жалпыға ортақтығы, яғни заңның араласу қажетін барлық қоғамдық қатынастар билеп-төстеу жолымен емес, заңмен реттелетіндей заңдылық қажет;

- Конституция мен заңның басымдығы;

- барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі;

- құқықтарды жүзеге асыратын арнаулы және заңдық механизмдердің болуы (міндеттерді қатаң сақтау мен орындау; субьективтік құқықтарды пайдалану үшін кедергісіз мүмкіндіктердің болуы);

- құқықты кепілді, сапалы қолдану,құқық бұзушылыққа қарсы белсенді және батыл күрес жүргізу, заңды бұзғандардың бәрінің заң алдындағы сөзсіз жауаптылығы;

- құқықтық тәртіптің тұрақтылығы, баяндылығы, құқықтық реттеудің барлық тетіктерінің тиімді жұмыс істеуі.

Осы талаптар заңдылықты қалыптастырады; бұл талаптардың жиынтық сипаттама болуы қоғам өмірінен билеп төсеудің, жеке өктемдіктің, бақылаусыздықтың жойылуына жағдай жасайды және түпкі нәтижесінде заң нормаларында көзделгеннің бәрі нақты іске асады, адамдардың – қоғамдық қатынас қатысушыларының іс жүзіндегі мінез-құлқынан көрініс тауып, бұл қатынастардың шын мәніндегі заңдылығы қатаң құқық тәртібіне айналу үшін оларды заңдылық мұраттарына сәйкес келтіруді көздейді.

Біздегі соттардың, шын мәнінде құқықтың туындайтын өзіне тән, қалыптасқан міндеті бар, яғни заңдылықтың бұзылғаны анықталған жағдайда жеке қаулы шығарады. Статистика көрсетіп отырғанындай, 1998 жылы республиканың сот органдарына түскен қылмыстық істердің жалпы саны азайып, тиісінше осы істерге қатысты сот төрелігі шығарған шешімдердің қатесі едәуір көбейген.

Мына бір мысалға назар аударайық: 2009 жылы Алматы облыстық сотының тәртіптік алқасына 34 судья жөнінде 30 іс келіп түскен.

Аталған істердің 16-сын Әділет басқармасының бастығы, 18-ін облыстық соттың төрағасы қозғаған, оның ішінде 4 судья жөніндегі іс бірігіп қозғалған.

Атап айтқанда:

- материалдық және процессуалдық заңнаманы өрескел бұзғаны үшін –19 іс;

- жаман әрекеттер жасағаны үшін –3 іс;

- істерді қарау мерзімін бұзғаны үшін – 10 іс;

- еңбек тәртібін бұзғаны үшін – 1 іс;

- сот жұмысын ұйымдастыруда жіберген кемшіліктері үшін – 11 іс қозғалған.

Істерді қарау барысында: 5 судьяға қатаң сөгіс; 8 судьяға – сөгіс; 8 судьға ескерту жарияланып, 13 судья жөнінде талқылаумен шектелген.

Жеке қаулыларды шығаруға себепші болған заңдылықтың бұзылу көріністері егемен Қазақстанның құқық қорғау жүйесінде заңдылықтың сақталуына тиісті ықпал етпей отыр.

Ал мамандар мойындап отырғандай, жеке қаулыларды тиісінше орындау туралы мәселе әлі де болсын сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі ең осал буындарының бірі ретінде қалып отыр.

Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек Конституция мен заңға бағынуы сот төрелігін жүзеге асырудың қажетті шарттары, іс бойынша шындыққа қол жеткізудің аса маңызды кепілдіктері болып табылады.

Қазақстан Республикасында сот төрелігі судьялар сот процесінің барлық сатысында бүкіл іс жүргізу жұмысын орындау кезінде тәуелсіз болатындай етіп құрылады. Сатыларға бөлінетін сот процесіне:

- сот шешімі, үкімі, ұйғаруы,қаулысы;

- апелляциялық іс жүргізу;

- қадағалау ісі жатады.

Судьялар іс бойынша іс жүргізудің бүкіл процесі барысында сыртқы ықпал етулерде тәуелсіз, дәлелдермен және істің бүкіл материалдарымен мұқият танысып, зерттейді, сонан соң өзінің іштей берік сенім негізінде конституция мен заңды басшылыққа ала отырып, шешім қабылдайды. Бірде-бір істі қалай шешу туралы нұсқау беруге хақысы жоқ.

Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот органдарының ешқандай иерархиялығына жол берілмейтінін атап көрсеткен жөн: бірінші сатыдағы сот тек қана заңға бағына отырып, нақты іс бойынша үкім шығару жөнінде жоғары тұрған сотқа тәуелсіз.

Осы көзқарас тұрғысынан сот төрелігін жүзеге асырудың аса маңызды принциптерін зерттей отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1995 жылғы 29 қарашадағы және 13 желтоқсандағы қарарларымен мақұлданған “Сот органдарының тәуелсіздігіне қатысты негізгі принциптердің” мазмұнын өте маңызды. Бұл принциптер сот органдары қызметінің негізгі бағыттарын айқындай отырып, былай деп белгіледі:

- сот органдарының тәуелсіздігіне мемлекет кепілдік береді және ол конституциясымен немесе заңмен баянды етіледі. Барлық мемлекеттік және басқа мекемелер сот органдарының тәуелсіздігін құрметтеуге және сақтауға міндетті;

- сот органдары өзіне берілген істердің кімнің тарапынан болса да заңсыз ықпал етудің, теріс ниеттің, қысым көрсетудің, күш көрсетудің немесе тікелей не жанама араласудың салдарынан туатын қандай да бір кедергілерге және қандай да бір себептерге қарамастан деректердің негізінде және заңға сәйкес байыппен шешеді.

- сот төрелігі процесіне заңсыз немесе рұқсатсыз араласуға жол берілмеуге тиіс және сот шығарған сот шешімдері қайта қарауға жатпайды. Бұл принцип заңға сәйкес сот жолымен қайта қарауға немесе сот ұйымдары шығарған үкімді жеңілдетуге кедергі жасамайды;

- сот органдарының тәуелсіздік принципі сот органдарына олардан сотта істі әділетті жүргізуді және тараптардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуді талап ету құқын береді;

- судьялар өздерінің қауымдастықтарын және басқа да ұйымдарын ұйымдастыру және оларға өздерінің мүдделерін қорғау, кәсіби даярлығын жетілдіру және тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін кіру еркіндігіне ие;

- сот лауазымына таңдап алынған адамдардың адами қасиеті мен қабілеті, сондай-ақ құқық саласындағы даярлығы мен біліктілігі міндетті түрде жоғары болуға тиіс. Судьяларды іріктеудің кез келген әдісі судьялардың жалған уәждермен тағайындалуын болдырмауға кепілдік беруге тиіс. Судья қызметіне іріктеу кезінде ол адамға қатысты кемсітушілік болмауға тиіс; алайда заң қызметіне кандидат тиісті елдің азаматы болуға тиіс дейтін талап ешқандай да кемсітушілік ретінде қаралмауға тиіс;

- судьялардың өкілеттілік мерзіміне, олардың тәуелсіздігіне, қауіпсіздігіне тиісті сыйақысына, қызмет жағдайына, зейнетақысына, зейнетке шығу жасына лайықты түрде заңмен кепілдік берілуге тиіс;

- қандай да бір тәртіптік іске немесе әлде бір адамның шағымдану құқына не құзырына нұқсан келтірмей, судьялар өздерінің соттық қызметін жүзеге асыруы кезінде орын алуы мүмкін қате әрекеттердің салдарынан келетін қаржы шығыны үшін сотпен қудалаудан өзін қорғауды пайдалануы керек;

- судьялардың өздерінің соттық және кәсіби міндеттерін орындауы кезінде олардың үстінен түскен айыптаулар мен шағымдар тиісті тәртіп бойынша жедел және әділетті қаралуға тиіс. Судья сотта дұрыс жауап беруді және істің әділетті қаралуын талап етуге құқылы. Шағымды алғашқы кезеңде қарау, егер басқаша жағдай жөнінде өтініш болмаса, құпия жүргізілуге тиіс;

- судьялар өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға қабілетсіздігіне немесе оларды атқаратын лауазымына лайықсыз ететін теріс мінез-құлықтарына байланысты қызметінен уақытша босатылуы немесе шығарылуы мүмкін;

- тәртіптік жаза, қызметтен аластау немесе шығару туралы шешім қисынды түрде дәлелденуге, сондай-ақ тәуелсіз тексеруден өтуге.

Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген соттың тәуелсіздігі принципі халықаралық қағидаға толықтай сай келеді, яғни: “Әр адамның өзіне тағылған қылмыстық айыптауды қараған кезде немесе оның құқығы мен міндеттері қандай бір азаматтық процессте анықталған жағдайда істі заң негізінде құрылған білікті, тәуелсіз және байыпты сот әділетті және ашық қаратуға құқығы бар”.

Қазақстан Республикасында соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету жағдайы қандай жолдармен жасалады?

Тәуелсіздік мынындай жолмен:

- заңда көзделген сот төрелігін жүзеге асыру рәсімімен;

- сотта құрметтемегені үшін жауапкершілікпен;

- судьялардың сайлаудың, тағайындаудың, өкілеттіктерін тоқтату мен кідіртілуінің белгіленген тәртібі тәртібімен, судьялардың орнынан түсу құқығымен;

- судьялардың, олардың мәртебесіне сәйкес, мемлекет есебенін материалдық және әлеуметтік қамсыздандырылуымен қамтамасыз етіледі.

Бұл айтылғандарға істі жан-жақты, толық және обьективті қарауға кедергі жасау немесе заңсыз шешім шығарылуына қол жеткізу мақсатында қандай да бір нысанда судьяға ықпал ету қылмыстық жауапқа тартуға әкеп соқтыратынын қосу керек.

Судьялар өндірісте жатқан іс жөнінде ешкімнің де алдында есеп беруге міндетті емес. Соттың үкімі заңды күшіне енгенге дейін ешкім де соттан істі талап ете алмайды. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ғана қадағалау тәртібімен наразылық білдіруге заңмен өкілеттілік берілген адамдардың істі талап етуіне хақысы бар.

Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең;.Әрбір азаматқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазым иелерінің және басқа да адамдардың, оның республика конституциясы мен заңдарында көзделген құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез келген жөнсіз шешімдері мен іс-әрекеттерінен сот арқылы қорғалуына кепілдік беріледі. Ешкімді заң мен әділеттіктің барлық талаптарына сәйкес білікті, тәуелсіз және байыпты сотта ісінің қаралуы құқынан айыруға болмайды. Барлық соттарда және сотта іс-жүргізудің кез келген деңгейінде азаматқа білікті заң көмегімен алу және қорғалу құқығына кепілдік беріледі.

Азаматық қоғам қалыптастыру жағдайындағы адам құқықтарына байланысты мәселелерді қараған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда аса маңызды тұжырымдар жасалады. “ Сот қылмысқа қарсы күресетін орган болмауға тиіс, ол адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуді, сотта заңдылық тәртібін орнықтыруды мақсат етуі керек” деп көрсетіледі.

Тараптардың жарыспалығы мен тең құқылығы. Жарыспалық принципі сот процесінің мазмұнына айтарлықтай ықпал етеді. Бұл тұжырымдамадағы мыны мәселені бірінші кезекте, ата көрсетуі қажет: Яғни прокурорлар мен адвокаттар соттардың іс қарауына тараптардың теңдігі мен процестің жарыспалылығы принциптері негізінде қатысады, кез келген тараптың өз пікірін айтуға және өзінің көзқарасын қорғауға құқығы бар.

Сотта іс қарау барысында істің жағдайларын зерттеуде толықтық, жан-жақтылық және обьективтілік, әділеттілікпен көз жеткізу, сот процесінің үздіксіздігі, сотта іс қарау кезінде тараптардың іс жүргізуге қатысты тең құқықтығы жөнінде талаптар орындалуы үшін жарыспалылық процесін жүзеге асыру қажет. Атап айтқанда, бұл орайда профессор Б.Н.Безлепкин былай ой түйеді: “Соттың қылмыстық істегі алдын-ала тергеудегі кемшіліктер орнын қылмыстың істі қайтармай-ақ сот тергеуі институтын жетілдіру, оны айыптаушы және қорғаушы тараптардың шын мәніндегі жарыспалылығы негізінде құру, оларға жаңа дәлелдер ұсыну жөнінде кең өкілеттіктер беру, сотта іс жүргізудің алдын ал тергеу әдістерінен сот қызметі дейтін ақиқаттан аулақ жатқан, жабайы, күні өткен әдістерден бас тарту есебінен толтыруға болады және солай болуға тиіс. Осылайша, жарыспалылық процесі қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу сияқты зиянды тәжірибеден арылуға мүмкіндік береді.

Істі қараудағы және сотта іс жүргізудегі жариялылық;Қазақстанның демократиялық жолмен дамуында маңызды орын алады. Бұл орайда Ресей Федерациясының еңбегі сіңген заңгері, профессор Ю.И.Стецовскийдің жалпы жұрт таныған, зейін қойып, зерделеугелайық ұстанымын келтіре кеткен жөн. Ол, атап айтқанда, басқа да демократиялық принциптер сияқты жариялылыққа аса қиындықпен қол жетті деп санайды. Бұл жөнінде сот төрелігінің қажетті шарты ретінде Пушкин де, декабристер де армандаған еді. Герцен сот ісінде және қоғамдық өмірдің барлық салаларында кең жариялылықтың болуы сот өктемдігі мен шенеуніктер жүгенсіздігін жоюдың аса маңызды құралы деп санады.

Жариялылық принципінен бас тарту жеке адам құқықтарының бұзылуына қолайлы негіз жасайды. Жария сот құқығы адамның өзінің құқықтары мен бостандығын заңмен тыйым салынбаған барлық жолдармен қорғауына мүмкіндік жасайды. Оның шешімі халықты қанағаттандыруға тиіс. Адамдарға сотта іс қараудың нәтижелерін ғана емес,соттың үкімге және басқадай шешімге барар жолда қалай әрекет еткенін білу де маңызды. Құпия жүргізілген сот ісі сот шешімдерінің дұрыстығына күмән туғызады. Сондықтан сот төрелігін ашық жүргізілуге тиіс. Сотта істі ашық қарау - процестің көзбен көріп, құлақпен естуге мүмкіндік туатын айғақты сәті, заңға, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына деген көзқарастың аса әсерлі, жарқын көрінісі.

Сондықтан әрбір судьяның адалдығы мен әділеттілігі сот төрелігін жүзеге асырудың жеке принципі ретінде танылғандығы дұрыс.

Себебі, мемлекеттің биліктің жеке тармағы – сот билігінің тұтқасында тұрған әрбір судьяның адалдығы мен әділеттігі жалпы демократиялық қоғамның дамуына тікелей әсерін тигізетін, қоғамдық қатынастарды реттеуде ең ықпал жасайтын субьективтік факторлар екені дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат сияқты. Сондықтан әділеттілік пен адалдық принципін басшылыққа алған әрбір судьяның әрекетінен тек заңды шешімдер туындауы қажет.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1187. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия