Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ші дәріс. Сот төрелігі ұғымы және оның құқықтық мемлекеттің талаптарына сәйкес принциптері.





1. Сот төрелігі ұғымы

2. принциптері.

Негізгі ұғымдар: төрелік, принцип.

1-сұрақ. Сот төрелігі ұғымы

Сот төрелігін мемлекеттің атынан арнайы мемлекеттік орган – сот жүзеге асырады. Конституция мен соттар туралы Конституциялық Заңда сот билігін іске асырудың негізгі және маңызды нысаны сот төрелігін жүзеге асыру болып табылатыны айқындалған. Ғылыми әдебиетте сот төрелігі ұғымы оның түрлі қырларында ашылады. Авторлардың көпшілігі сот төрелігінсот отырыстарында іс жүргізу тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдық нормаларын қолдана отырып, азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарау және шешу жөніндегі қызметі ретінде айқындайды. Осы анықтама, сондай-ақ ҚР Конституциясының 75 және 78-баптары мен соттар туралы Конституциялық Заңның нормаларын талдау сот төрелігінің мәнін, мазмүнын және мағынасын ашатын негізгі спецификалық белгілерін бөлуге мүмкіндік береді. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады.

1. Сот төрелігін мемлекеттің атынан арнайы мемлекеттік орган – сот жүзеге асырады. Соттардың толық тізбесі ҚР Конституциясында және сот жүйесі туралы Конституциялық заңда айқындалған. Соттардың мәртебесінің өзгешелігі олардың ұйымдастырылуының ерекшелігіне байланысты;

2. Сот төрелігі іс жүргізу заңнамасында(ҚІЖК, АІЖК) белгіленген тәртіппен қылмыстық, азаматтық және өзге істерді қарау (істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында дәлелдемелерді зерттеу арқылы) және шешу (қаулыларды, үкімдерді және басқа да сот актілерін шығару арқылы) арқылы жүзеге асырылады;

3. Істер және қорғау тараптарының, сондай-ақ дәлелдемелерді зерттеуге белсенді қатысу құқығы берілген процестің басқа да қатысушыларының міндетті қатысуымен сот отырыстары нысаныда қаралады. Бұл ретте сот қорғау немесе айыптау жағына шықпайды. Ол сот отырысында қаралған дәлелдемелерді зерттеуге және бағалауға әрі заңның талаптарына сай келетін шешім шығыруға тиіс;

4. Соттың үкімдері, қаулылары, ұйғарымдары және шешімдері олар заңды күшіне енген сәттен бастап заң күшіне ие болады, сондықтан да республиканың барлық аумағындағы барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылады. Заңды күшіне енген сот актісін орындаудан жалтару заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Сот актілерін тек жоғары тұрған соттар және тек іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгертуі немесе күшін жоюы мүмкін.

5. Сот төрелігі Конституцияда, сот жүйесі туралы Конституциялық заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде бекітілген идеяларды басшылыққа алатын, сот төрелігін және өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде сот қызметін ұйымдастыру мен тәртібінің мәнін және мазмұнын айқындайтын негізгі ережелерден тұрады.

ҚР Конституциясының 75-бабында және “ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық Заңның 1-бабында аталғандай, “Қазақстан Респбликасында сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Сот төрелігіне нақты адамды қылмыс жасауға кінәлі деп тану және оған жазалау, не заңда белгіленген әсер ету шарасын тағайындауда, сондай-ақ заңсыз және негізсіз жауапкершілікке тартылғандарды ақтау кезінде шешуші сөз оған тиесілі.

Сот төрелігі – адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы.

Оның міндеттеріне басқа да құқық қорғау функцияларын да орындау бағындырылған. Мысалы, қылмыстық іс бойынша сот төрелігі, егер осы іс алдын ала құзыретті органдар жан-жақты және толық тергемесе, егер олар барлық қажетті дәлелдемелерді анықтамасы және т.б. заңды, негізді және әділ жүзеге асырылмаған болар еді. Сондықтан, сот төрелігі – құқық қорғау қызметінің тұтастай алғанда жүрегі.

Сот төрелігінің басқа да айырмашылық белгісі, мемлекеттік қызметтің осы түрі заңда егжей-тегжейлі регламенттелетін қатаң тәртіпті мақтау арқылы жүзеге асырылады. Айырмашылық белгілерге, ең соңында, тек ерекше орган – сот(судья) жүзеге асыратын жатады. “Соттың ерекше өкілеттігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тыйым салынады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы”,- деп “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” ҚР Конституциялық заңында белгіленген.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1320. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия