Студопедия — Сұрақ Судья іріктеу іс-шаралары ұғымы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сұрақ Судья іріктеу іс-шаралары ұғымы






 

Үміткердің жарамдылығын ең жоғары өлшеммен бағалау анықтау шексіз өлшем оның өзге де өлшемдермен анықтауға сай келуі мүмкін. Салыстырмалы өлшемдерге сәйкестік соншалықты міндетті болып табылмайды, бірақ ол болашақ қызметтің табысты болуының түбірлі кепілдігіне, сондай-ақ сот қателігінің кепілдігіне қызмет ете алады. Салыстырмалы өлшемдер қатарына судья ісі үшін аса маңызды интеллектуалдық, ерік-жігерлік және эмоционалдық қасиеттер қосылады.

Салыстырмалы сипаты бар өлшемдердің жалпы шеңберінде оларды жекеленген маңызды қасиеттері бойынша орналасатын төрт топқа бөлуге болады.

Бірінші топ – ойлау ерекшелігін көрсететін интеллектуалдық қасиеті (жекеленген ойлау операциясын орындау, еске сақтау, елестету т.б.).

Екінші топ – судья кәсібі мен оның ісіне тұлғаның өзіндік ой-пікір қатынасын білдіретін қасиет. Бұған адалдық, бастамашылдық, дербестік, табандылық, еңбек сүйгіштік және басқалары (немесе бұған кереғар қасиет) жатады.

Үшінші топ – айналасындағылармен тілтабысқыштық қатынасын білдіретін коммуникативтік қасиет. Бұл – жарқындылық, сыпайылық, салмақтылық, қайырымдылық және басқалары. Бұған ұйымдастыру ісіне қатынасты айғақтайтын қасиеттің енгізілуі мүмкін.

Төртінші топ – судьяның өз-өзіне қатынасын білдіретін қасиет. Мұның қатарында – өзінің адами қасиетін сезіну (немесе өзін-өзі кемсіту), кішіпейілдік (немесе өркөкіректік), өзін-өзі сынаушылық (немесе өзі туралы жоғары пікірі) және басқалары.

Судьяларды іріктеуде олардың мінез-құлықтары бойынша аса жоғары және салыстырмалы өлшемдерге бөлгенде, салыстырмалы топқа енетіндердің сапалы болуын тексеру міндетті емес. Қазіргі уақытта қоғам дамуының ғылыми-техникалық алға басуының деңгейі соншалықты, кәсіби мамандығы жетілген құқықтық және жалпы мәдениетті жоғарғы деңгейдегі судья ғана өзінің қызметін, өзінің әлеуметтік рөлін тиісінше атқара алады. Бұл деген болашақ судьяның тұлғасын бірқатар талаптарды есепке ала отырып жан-жақты бағалау қажеттілігін айғақтайды, яғни жекеленген талап бойынша жарамдылықтың тек қана сапалы бағасы ғана емес, сонымен бірге сандық-өлшемдік жиынтығы бойынша да қолданылады.

Талаптың әртүрлілігі, оны сақтау судьяның кәсіби жарамдылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ үміткерлерді іріктеу және ұсыну үрдістері сәйкес болуы тиіс. Байқалғанындай, судьялыққа үміткерлерді іріктеу кезіндегі объективтілік пен жан-жақтылықтан бәрінен де ең жақсысы бұл үміткерлерді алқалық-әріптестік түрде талқылау мен ұсынуда көрініс табуы болып табылады. Судьялыққа жаңа үміткерлерді іріктеу кездейсоқ және негізделмеген іріктеу мен үміткерлерді ұсынудан қосымша кепілдікті қажет етеді.

Қоғам дамуының жоғары деңгейі, ғылыми-техникалық ілгерілеу кадрлар дайындау және олардың кәсіби шеберлігін шыңдайтын жүйеге ерекше талап қойып отыр.

Заңгер кадрлар өздерінің барлық қызметін демократиялық және құқықтық құрылыстың жоспарлары жүзеге асырылу үшін бағыттау керек. Заңгерлерді даярлау деңгейі олардың кәсіби білгірлігі мен оларға тапсырылған күрделі және жауапты міндеттерді табысты орындауға елеулі мөлшерде байланысты.

Заңгерлердің кәсіби даярлығын жақсарту мәселелеріне көңіл аудару кездейсоқ мәселе емес. Заңгерлер күн сайын кездестіретін қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік құбылыстар мен білім салалары, жеке алғанда, судьялар өздерінің күнделікті қызметінде олардың арнайы даярлығы қазіргі жағдай талаптарына сәйкес болуға тиістілігін, болашақ маманның кәсіби білгірлігі үшін жағдаймен қамтамасыз ету қажеттілігін айғақтайды. Мұнан басқа заң білімін жолға қоюда өзінің қолма-қол шешімін қажетсінген бірқатар олқылықтар мен мәселелер бар. Кадрларды даярлау сапасы елдегі мемлекеттік-құқықтық жұмыстарды барынша көтеру туралы уақыт талабына толық жауап бере алмай келеді. Олар сот әділдігі органдарының әкімшілік және шаруашылық аппаратының қазіргі талаптарына да толық жауап бере алмайды. Заңгерлерді арнайы даярлау негізінен үш кезеңде жүзеге асырылады: біріншісі – жоғарғы заң оқу орнында, екінші – жоғарғы оқу орнын бітірген соң тағылымдамадан өту, үшінші – қайта даярлау, еңбек қызметі үрдісінде шеберлікті шыңдау.

Судья – ең алдымен жоғарғы құқықтық және жалпы мәдениетті адам. Бұл мәдениеттің негізі көп жағдайда жоғарғы оқу орнында оқу процесінде қаланады. Мұның маңызды алғышарттарының бірі дүниеге көзқарасын, оның құндылық бағдарын өнегелік негізін қалыптастыру жүйесі болып табылады.

Біз болашақ судьяларды дайындаудың кейбір жекеленген мәселелеріне ғана тоқталдық. Судьялар дайындау мәселесіне қайырылу жоғары заң білімі судья қызметінің табыстылығын оның алғашқы жылдарында қамтамасыз ете алмайтынын көптеген авторлардың қамкөңілі көрсетеді. Сондықтан бұл оқытуды жетілдірудің қажеттілігі мамандандырудан, өмір мұқтажына қарай оқытудан көрінеді. Біз үшін мұндай дайындықтың бағыты судья қызметімен сиыспайтын тар шеңберлі кәсіпқойлықты қалыптастыруға ықпал етуі мүмкін болып көрінеді. Адам тағдырын шешу кезіндегі кең және жан-жақты дүниеге көзқарастың жоғары деңгейін, құқықтық терең білімділігін, жалпы мәдениеті мен адамгершілігін қамтамасыз ететін кең білім ғана судьяның өзіне тапсырылған міндетті жүзеге асырудың сенімді негізі ретінде қызмет ететін болады.

Судьяны қайта даярлау сапасының артуы сабақ әдісін жетілдірумен де қамтамасыз етіледі. Даярлықта лекциялық түрдің басым болуына қанағаттанбаған судьяның басым бөлігі, бұл жағдайды негізгі кемшіліктер қатарында атауы кең түрдегі талқылаудың, судьялар арасында қаралған мәселелер жөнінде ақпарат алмасудың болмағанына жандары күйзелетінін айғақтайды. Тәжірибесі мол судьялар өздерінің қызметінде пайда болатын мәселелер бойынша пікір алмасуға, сот ісін қарастыру жөніндегі олардың практикасына әріптестерінің қарым-қатынасын анықтап алуға құштарлық танытады. Көп жағдайда сабақтың дәрістік (лекциялық) түрін қалайтын студенттерге қарағанда, судьялар білімді белсенді қабылдау және өздерінің тәжірибелерін байқап көруді талап етеді, сондықтан да олармен сабақ өткізудің жоспарын жасаған кезде еске алынуы керек. Қайта даярлаудың маңызды міндеті жұмысты басқару мен ұйымдастыру әдісіне, жоспарлау, жұмысты талдау, бақылау жүргізу және осы заманның ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысына оқыту болып табылады.

Сыннан өту мәселесіне қатысты үлкен маңызы бар жетекшіні – тәжірибелі, білімді, беделді судьяны дұрыс іріктеу өте маңызды. Жұмыс істейтін судьяның мамандығын арттыруға сәйкес мұндай іріктеу одан әрі үлкен маңызға ие болады. Судьяның қызметінің сапасын арттырудағы оның бейімділігіне қатысты, жоғары тұрған соттағы дайындықты есепке ала отырып, осындай басшылықты жүзеге асыруға икемді судьялар тобын бөлу керек.

Практиканың барысы мен нәтижесі тиісті сот алқасының немесе барлық соттың мәжілісінде талқылаудың тақырыбы болуы тиіс.

Мұндай әзірлікті жоғары сатыдағы сотта белгілі бір мезгілдерде (мәселен, әр 3-4 жылда) қайталап тұруды мақсат етіп қою керек.

Біз судьяны кәсіби даярлаудың кейбір қырларын ғана қарадық. Судьяны неге оқыту және қалай оқыту, оған шеберлікке жету мүмкіндігін қалай қамтамасыз ету, оны қолдау немесе жетілдіруге байланысты мәселелер әрқашан да өзекті және бола бермек. Оның шешімі еліміздегі қылмыспен күресте және заңдылықты қатаң сақтауда әділ сот органдарына қойылған талаптармен, сондай-ақ, судья кәсібін басқа да заң кәсіптерінен айыратын өзгешеліктермен шартталған.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес, судья тұлғасының қалыптасуы оған үміткерлер мен тағайындалып қойылған судья тұлғалары үшін қажет мақсатты бірнеше сатылардан тұратын (жоғарғы оқу орын, магистратура, сыннан өту, өздігінен даярлану, қайта даярлану) кәсіби әзірлікті ұйғарады. Дүниетаным көзқарасын, құқықтық және жалпы мәдениеттің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін дайындық қана сот кәсібіне сәйкес және оның кәсіби шеберлігін жетілдіруіне негіз қалайтын жағдай ретінде қарастырылуы мүмкін.

Мемлекеттік және қоғамдық тіршіліктің құқықтық негізін нығайту жөніндегі судья қызметінің тиімділігін арттыру бірқатар объективтік және субъективтік қозғаушы күштермен келісілген, мұның қатарында судьялардың қылмыстық істерді қарау кезінде заңдылық режимін нығайту, заңдылық деңгейі мен сот шешімдерінің негізділігін, судьяның кәсіптік құқықтық санасымен қылмыстық сот өндірісіне қатысатын азаматтардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау, сот кепілдігін арттыру айрықша аталу керек.

Сот шешімдерінің қаулысына, олардың заңдылығына және қылмыстық іс бойынша негізділігінің механизмі, оның азаматтарды құқықтық тәрбиелеудегі роліне байланысты кешенді мәселелерді зерттеуге бағытталған аса мән-маңызы болады.

Судьяның әрбір шешімі – құқық қолданудың дербес актісін – мемлекеттік биліктің ерекше органы – сот шығарады. Сот шешімі өзінің жаратылысында әрқашанда құқықтық және өнегелік мазмұндағы белгілі жәйттарды, яғни, судьяның саяси, құқықтық, этикалық біліміне сәйкес бағасы мен таным-білім нәтижесі болып табылады. Кез келген шешімнің негізінде оны қабылдаған адамның (субъектінің) білімі жатыр. Қылмыстық іс жүргізу шешімдері негізінде алдын ала анықтау органдары, тергеуші, прокурор, судья немесе сот өздерінің толық құқықтық шеңберінде заңмен белгіленген тәртіппен іс бойынша туындаған сұрақтарға жауап береді, мұның бәрін заңмен белгіленген іс жүргізу пішініне енген құқық актілері деп тану жөн.

Судьяның қылмыстық іс бойынша шешім қабылдауы ойша өзгертілген білімнің үш блогынан тұрады: құқықтық және этикалық білімдердің жүйесі; судьяның қоғамдық кәсіби және күнделікті тұрмыстағы тәжірибесі нәтижесінде алынған білімдер; сол білімдер бойынша шешім қабылданады (қылмыстық іс бойынша дәлелденетін деректі жағдайлар жөніндегі білімдер). Аталған блоктар нақтылы іс жүргізу шешімінде біріктірілген. Дегенмен, осыдан ерекше белгілеуге тура келетін маңызды жағдай туындайды. Соттық актіде объективтенген сот білімінің жүйесі екі шағын жүйеден тұрады: істің қарастырылуына дейінгі судьяның құқықтық, этикалық және т.б. білімдері; нақтылы іс бойынша дәлеледеу затына кіретін деректерді зерттеу нәтижесінде алынған білімдер.

Судьяның құқықтық санасымен сәйкестендірілген азаматтық және қылмыстық істерді заң негізінде қарастыру мен шешу сияқты сот әділдігінің белгілері мен оның айқындылығы маңызды элементпен толықтырылуы керек екендігін назарға алған жөн. Ұсынылып отырған судья қызметіндегі сот әділдігі белгісінің маңызды мәні бар, себебі ол судьялар тәуелсіздігінің нағыз кепілдігі және олардың тек қана заңға бағынуы және соттық қызметтің шығармашылық мінезіне көңіл аударатын болып табылады.

Осыған орай, судьяның құқықтық санасы, оның құрылымы мен түсінігінің, мәселелерді шешудегі әділ соттың қамтамасыз етілуіндегі оның қызметтерін анықтаумен байланысқан өңдеулердің өзектілігі анық.


 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 940. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия