Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысын рәсімдеу талаптары
Студенттің оқытушының басқаруымен жасалатын өзіндік жұмысы берілген тапсырмаларға сәйкес орындалуы қажет. Реферат жазу – белгілі бір тақырып бойынша бірнеше әдебиет құралдарына немесе бірнеше адамдардың көзқарасына шолу жасау. Қандай да бір құралға немесе классиктің теориялық мұрасына анализ жасау. Пәннің қолданылатын әдебиеттерінің негізінде тапсырылады. Реферат құрылымы мынадай болуы қажет: титул беті; мазмұны; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі; қосымшалар. Титул беті рефераттың алғашқы беті болып табылады, онда мынадай мәліметтер болуы тиіс: жұмыс орындалған ұйымның аталуы; факультет және мамандықтың аты; студенттің фамилиясы, аты, әкесінің аты; жұмыстың аты; жұмыстың тақырыбы; жұмысты тексерген оқытушының фамилиясы мен инициалдары; жұмыстың орындалған жері мен жылы. Рефераттың титул беті оның жалпы беттерінің санына кірмейді. Титул беті номерленбейді. Рефераттың мазмұны кіріспеден, бөлімдер мен бөлімшелердің аталуы мен номерленуі, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Кіріспеде қарастырылатын мәселелердің қазіргі жағдайы, тақырыптың негізделуі, бұл жұмысты жүргізудің қажеттілігі, тақырыптың өзектілігі, сонымен қатар, зерттеу жұмысының мақсаты, обьектілері мен пәні, қызметтері қарастырылуы қажет. Рефераттың негізгі бөлімінде жасалған жұмыстың мәні, методикасы және негізгі алынған нәтижелері көрсетіледі. Негізгі бөлімнің әрбір бөлімшесінің соңында қысқаша қорытындылау келтірілуі керек. Қорытынды мыналардан тұрады: - рефераттың нәтижелері бойынша қысқаша тұжырымдар; - қойылған міндеттердің толық шешімдеріне бағалау; - нәтижелерді қолдану бойынша нақты ұсыныстар өңдеу; Әдебиеттер тізімі реферат жазу барысында қолданылған материалдардан тұрады. Қосымшаларға орындалған жұмысқа байланысты, бірақ, көлеміне немесе тағы басқа себептерге байланысты негізгі бөлімге кірмеген маериалдарды қосуға болады. Мысалы оларға: сандық деректер кестелері, фотосуреттер, сызбалар, көрнекі құралдар және тағы басқалар. Жұмыстың беттері және қосымшаға кірген кестелер А4 форматқа сәйкес, бір интервал арқылы, 14-шрифтпен орындалуы тиіс және оң жағынан – 10 мм., жоғарыдан – 20 мм., сол жағынан – 30 мм., төменгі жағынан – 20 мм. болуы керек. Эссе жазу. Эссе дегеніміз тақырып бойынша оған қатысты еркін талқылама жасау. Жалпы көлемі 5-7 бет. Бағалану критерийлері мыналар болып табылады: зерттелген материалдың онда көрініс таба алу дәрежесі, мәселеге тоқталғандағы өзіндік ерекшелігі, дәлелдемелері, өз көзқарасын, пікірін нақты және толық ұсына алу қабілеті. Эссенің құрылымы мыналардан тұрады: Титул беті; Кіріспе. Белсенділігі, тақырыпқа байланысты пікірлер таласы және сөздер мен сөз тіркестерінің құрастырылу деңгейі. Тақырыпты қарастыру құрылымы. Негізгі бөлімге көшу дәрежесі. Негізгі бөлім. Талқылаулар, талқылау кезінде қолданылған негізгі түсініктерге автор (2-3) анықтама шығаруы қажет. Талқылауларды қолдайтын факттер немесе мысалдар – дәлелдемелер мен қолдаулар. Контраргументтер немесе қарама-қарсы талқылаулар қарастыру (неге олар әлсіз екендігі айқындалады, бірақ, автордың пікірі өз күшінде қалады) Қорытынды. Меңгерілген талқылауларды қайталау. Негізгі ұсынылып отырған талқыламаны қорғаушы дәлелдемелерді қорытындылайтын бір-екі ұсыныс. Ұсынылып отырған талқыламаны қабылдамаған жағдайдағы салдарлары туралы жалпы ескертпелер мен берілген ұсыныстардың пайдалылығы туралы жалпы қорытынды жасау. Эссенің көлемі 5-8 беттен тұрады. А4 форматқа сәйкес, бір интервал арқылы, 14-шрифтпен орындалуы тиіс және оң жағынан – 10 мм., жоғарыдан – 20 мм., сол жағынан – 30 мм., төменгі жағынан – 20 мм. болуы керек. Презентация жасау барысында келесідей нұсқауларға сүйенген дұрыс. Презентация дегеніміз компаниямен тығыз байланыса отырып, нақты ақпараттар жинақтау болып таблады. Нақты бір компанияның нақты бір мәселесі, сұрақтары және оны шешу жолдары қарастырылады. Презентацияның ішінде міндетті түрде қаржылық ақпараттар болуы тиіс. Презентация Microsoft PowerPoint форматында, көлемі 7-15 слайдтан кем болмауы тиіс. Иллюстрациялар, сызбалар, карталар, суреттер, кестелер, компьютерлік шығарылымдар, диаграммалар мен фотосуреттер алынған тапсырманы нақты түсіндіруі тиіс және олар тексттен кейін жазылуы керек. Студенттердің текстпен жасайтын жұмыстарының; қатарына мыналарды да жатқызуға болады: Маркерлік белгілер қолдану; Текстте бұрыннан белгілі ақпараттар кездескен жағдайда, оларды «жалауша» белгісімен оқшаулау; «+» белгісімен жаңадан алынған ақпараттар, жаңалықтар белгіленеді. Белгілер текстпен танысқаннан соң, студент бұл текстпен алғашқы рет кездесіп тұрған жағдайда ғана қойылады. Жалғыз бір өзі дербес білім алу мақсатында жасалатын шаралар зерттеулер деп аталады. Зерттеулердің келесідей түрлері бар: Индуктивті зерттеу; Дедуктивті зерттеу; Эксперимент/жаңалық. Индуктивті зерттеу кезінде оқытушы қойылған мәселені шешуге бағыттайтын жағдайларды қамтамасыз етсе, ғылыми концепциялар жеке дербес өз бетінше қарастырылады. Студент, сонымен қатар, сәйкессіздіктерді бейнелеуге, қазіргі мәселелерді, дискомфорт туғызушы негізгі мәселелерді қарастыруы қажет. Дедуктивті зерттеу кезінде негізгі концепциялар мен оқытушы ұсынатын концепциялар негізге алынуы тиіс. Студенттер іс жүзіндегі аспектілерді өз бетімен қарастырулары қажет.
|