Білім берудің қорытынды нәтижелері
Студент білуі керек: · таралған хирургиялық аурулардың этиологиясы мен патогенезін; · таралған хирургиялық аурулардың жіктемесін, клиникасын, ағымын, асқынулары мен болжамын; · клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеулердің қазіргі әдістерін; · таралған хирургиялық ауруларды консервативті және хирургиялық жолмен емдеудің қазіргі принциптерін, оларды қолдануға арналған көрсетілімдерді; · хирургиялық науқастардың реабилитациясын, операцияға дейінгі және операциядан кейінгі кезеңді жүргізуді. Студент үйреніп алуы қажет: · хирургиялық науқастан анамнез жинауды; · хирургиялық патологиясы бар науқасты физикалық тексеруден өткізуді; · кең таралған хирургиялық жағдайлар кезінде тексерудің клиникалық-зертханалық және аспаптық әдістерінің түрі мен көлемін анықтауды; · «іштеспесіне» пальпациялау арқылы диагноз қою; · науқасты емдеу және реабилитациялау жоспарын құруды; · оториноларингология мен офтальмологиядағы кең тараған синдромдарға диагноз қоюды; · пациентпен, оның туыстарымен, қызметтестермен және медицина саласының басқа да қызметкерлерімен сенімді қатынас құруды; · топта жұмыс істеуді.
Студент машықтануы қажет: · жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеуге; · тері тігістерін салу мен алуды; · қан кетуді қысқа мерзімге және уақытша тоқтатуға; · аяқ-қол сүйектері, омыртқа сынғанда транспорттық иммобилизациялауға; · теріде орналасқан бөгде денелерді жоюға; · тікішек пен қуық асты безін саусақпен тексеруге; · мұрынның сілемейлі қабығынан, конъюктива қуысынан, үрпіден сүртінді алуға; · мұрынның алдыңғы тампонадасын өткізуге; · күкірт тығынын алуға; · көз қабағының айналуын, қабақты тексеруге, конъюктиваны, көзалманың алдыңғы кесігін бүйірден жарық түсіру арқылы сыртқы тексеру әдісіне; · көздің қырағылығын анықтауға. 2.5 Пререквизиттер:анатомия, физиология, жалпы хирургия. 2.5 Постреквизиттер: хирургиялық аурулар бойынша интернатура, жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатура, акушерия және гинекология бойынша интернатура.
|