БЛОК Асқазан-ішек жолының хирургиялық аурулары
Өңештің зақымдары мен аурулары. Өңеш ауруларының жіктемесі.Өңеш ауруларының визуальды диагностикасының әдістері. Гастроэзофагеаль рефлюкстің асқынуы. Кардия ахалазиясы. Өңеш дивертикулы. Химиялық және термиялық күйіктер, өңештің тыртықты тарылуы. Өңештегі бөгде заттар. Клиникасы, диагностикасы, емі. Асқазан мен ұлтабардың ойықжара ауруы. Асқазан мен ұлтабар қабырғасында эрозиялы-ойықжаралы процесстердің туындау себептеріне қазіргі көзқарас. Клиникалық әйгіленімдер. Диагностика әдістері. Консервативтік терапия әдістері, госпитализацияға арналған көрсетілімдер. Асқынулар. Операция жасалған асқазанның аурулары. Жіті және созылмалы панкреатит. Жіктелуі. Этиология мен патогенез туралы қазіргі көзқарастар. Клиникасы, асқынулар. Диагностикасы. Емі. Хирургиялық жолмен емдеуге арналған көрсетілімдер. Операция түрлері. Жуанішектің ісіктері. Жуанішек обырының жалпы сипаттамасы, аурушаңдық пен өлім-жітім тенденциясы.Жуанішек обырының туындауына әсер етуші факторлар. Ісікалды процесстері. Метастаздану жолдары. Тоқішек обырының клиникасы, диагностикасы мен емі. Негізгі клиникалық формалары. Диагностикасы, емдеу принциптері. Жуанішек пен тікішек обырына жасалатын түбегейлі және паллиативтік операциялардың типтері. Тікішектің аурулары. Тікішектің анатомия-физиологиялық ерекшеліктерінің хирургиялық маңызы. Геморрой. Тікішектің айналып кетуі. Жіті және созылмалы парапроктит. Жіті және созылмалы анус сызаты. Эпителийлі құйымшақ жолы. Жіктелуі. Этиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Емдеу әдістері.
|