Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ықтық құзыреттілікті бағалау критерийлері





Критерийлер Балл Әріптік жүйе бойынша бағалау Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау
Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін біледі, қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі және сақтайды. Науқастың құқығын сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін біледі, және оларды дұрыс интерпретация бере алады. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстарды жиі тұрақты жүргізеді. Салауатты өмір салтын белсенді насихаттайды.     95-100   А     Үздік
Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін біледі, қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі және сақтайды. Науқастың құқығын сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін біледі, және оларды дұрыс интерпретация бере алады. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстар тұрақты жүргізеді. Салауатты өмір салтын насихаттайды.       90-94     А-     Үздік
Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін біледі, қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі және сақтайды. Науқастың құқығын сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін біледі, бірақ мәселенің мазмұнын еркін баяндай алмайды. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстар тұрақты жүргізеді. Салауатты өмір салтын насихаттайды.     85-89     В+     Жақсы
Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін біледі, қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі және сақтайды. Науқастың құқығын сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін біледі, бірақ мәселенің мазмұнын еркін баяндай алмайды. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстар кезеңді жүргізеді. Салауатты өмір салтын насихаттайды.     80-84     В     Жақсы
Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін біледі, қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі және сақтайды. Науқастың құқығын сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін біледі, бірақ мәселенің мазмұнын еркін баяндай алмайды. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстар тұрақты жүргізбейді. Салауатты өмір салтын насихаттайды.     75-79   В-   Жақсы
Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін жартылай біледі, қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі, бірақ жартылай сақтайды. Науқастың құқығын сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін біледі, бірақ мәселенің мазмұнын еркін баяндай алмайды. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстарды сирек жүргізеді. Салауатты өмір салтын насихаттайды.       70-74     С+     Қанағаттанарлық
Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін жартылай біледі, қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі, бірақ жартылай сақтайды. Науқастың құқығын жартылай сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін нашар біледі, бірақ мәселенің мазмұнын еркін баяндай алмайды. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстарды сирек жүргізеді. Салауатты өмір салтын насихаттамайды. 65-69 С     Қанағаттанарлық
Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін нашар біледі, қауіпсіздік техникасының ережелерін білмейді және сақтамайды. Науқастың құқығын жартылай сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін нашар біледі, науқасқа қатысты өзінің білімін қолданбайды.. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстарды жүргізбейді. Салауатты өмір салтын насихаттамайды. 60-64 С-   Қанағаттанарлық
Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін білмейді, қауіпсіздік техникасының ережелерін білмейді және сақтамайды. Науқастың құқығын жартылай сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін нашар біледі, заңдық базаға мән бермейді және науқасқа қатысты өзінің білімін қолданбайды.. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстарды жүргізбейді. Салауатты өмір салтын насихаттамайды. 55-59 D+     Қанағаттанарлық
Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін білмейді, қауіпсіздік техникасының ережелерін білмейді және сақтамайды. Науқастың құқығын жартылай сақтайды. Дәрігердің негізгі нормативті заңдық аспектілерін білемейді, заңдық базаға мән бермейді және науқасқа қатысты өзінің білімін қолданбайды. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстарды жүргізбейді. Салауатты өмір салтын насихаттамайды. 50-54 D     Қанағаттанарлық
Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін білмейді, қауіпсіздік техникасының ережелерін білмейді және сақтамайды. Науқастың құқығын сақтамайды. Дәрігердің негізгі нормативті заңдық аспектілерін білемейді, заңдық базаға мән бермейді және науқасқа қатысты өзінің білімін қолданбайды.     0-49     F   Қанағаттанарлық емес
Сабақта жоқ      

Студенттің өзіндік жұмысын бағалау критерийлері (өзін-өзі дамыту компетенциясы)

Критерийлер Балл Әріптік жүйе бойынша бағалау Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау
СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келеді, материал кең көлемді, анық және айқын қорытынды жасалған, орындалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа толығымен сәйкес. Тапсырманы орындау барысында қосымша ғылыми әдебиеттер қолданған. Өзінің кәсіптік деңгейін СҒЗЖ арқылы жоғарлатады, кітапханаға, интернет сайттарына тұрақты барып тұрады     95-100     А     Үздік
СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келеді, материал кең көлемді, анық және айқын қорытынды жасалған, орындалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа толығымен сәйкес. Тапсырманы орындау барысында қосымша әдебиеттер қолданған. Өзінің кәсіптік деңгейін СҒЗЖ арқылы жоғарлатады, кітапханаға, интернет сайттарына тұрақты барып тұрады     90-94     А-     Үздік
СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келеді, материал кең көлемді, айқын қорытынды жасалған, орындалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа толығымен сәйкес. Тапсырманы орындау барысында қосымша әдебиеттер қолданған. Өзінің кәсіптік деңгейін СҒЗЖ арқылы жоғарлатады, кітапханаға, интернет сайттарына тұрақты барып тұрады   85-89   В+   Жақсы
СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келеді, материал кең көлемді, қорытынды жасалған, жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа толығымен сәйкес. Тапсырманы орындау барысында қосымша әдебиеттер қолданған. СҒЗЖ эпизодты қатысады, кітапханаға, интернет сайттарына қажеттілік туындағанда барып тұрады     80-84     В     Жақсы
СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға сәйкес келеді, материал кең көлемді, қорытынды жасалған, орындалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа сәйкес. Тапсырманы орындау барысында қосымша әдебиеттер қолданған, кітапханаға, интернет сайттарына қажеттілік туындағанда барып тұрады   75-79   В-   Жақсы
СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келмейді, материал кең көлемді, қорытынды айқын емес, мәліметті емес, жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа сәйкес емес. Тапсырманы орындау барысында тек оқулық әдебиеттер қолданған, кітапханаға, интернет сайттарына сирек барып тұрады     70-74     С+     Қанағаттанарлық
СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келмейді, ол толығымен ашылмаған, материал кең көлемді, қорытынды айқын емес, мәліметті емес, жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа сәйкес емес. Тапсырманы орындау барысында тек оқулық әдебиеттер қолданған, кітапханаға, интернет сайттарына сирек барып тұрады   65-69   С     Қанағаттанарлық
СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келмейді, ол толығымен ашылмаған, материал кең көлемді емес, қорытынды жоқ, жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа сәйкес емес. Тапсырманы орындау барысында аз материал көздерін қолданған, кітапханаға, интернет сайттарына сирек барып тұрады     60-64     С-     Қанағаттанарлық
СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келмейді, тақырып ашылмаған,, материал кең көлемді емес, қорытынды жоқ, жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа сәйкес емес. Тапсырманы орындау барысында аз негізгі материал көздерін қолданбаған, кітапханаға, интернет сайттарына сирек барып тұрады     55-59     D+     Қанағаттанарлық
СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келмейді, тақырып жеткіліксіз ашылғанматериал кең көлемді емес, қорытынды жоқ, жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа сәйкес емес. Тапсырманы орындау барысында бір материал көздерін қолданған, кітапханаға, интернет сайттарына сирек бармайды     50-54     D     Қанағаттанарлық
СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға сәйкес келмейді, тақырып ашылмаған, материал кең көлемді емес, қорытынды жоқ, жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа сәйкес емес. Тапсырманы орындау барысында бір материал көздерін қолданған, кітапханаға, интернет сайттарына сирек бармайды   0-49   F   Қанағаттанарлық емес
Сабақта жоқ      

 

 

Дәрістік комплекс

 

 

Курс: 4

Мамандығы: Жалпы медицина

Пән: Хирургиялық аурулар

Құрастырған: кафедра ПМҚ

 

Алматы, 2014 ж.

 

 

Кафедра отырысында қаралып, бекітілді.

Хаттама №1, «29» тамыз 2014 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі

доцент__________________________________________Баймаханов А.Н.

 

Тақырып №1: Абдоминальдық хирургиядағы дәлелді медицина тұрғысынан диагностикалау, емдеу және алдын алу

 

Мақсаты: 1. «Дәлелдеме медицинасына» нақты түсік беру.

2. Сұрақтың тарихы.

3. Биомедициналық ғылымның факторлары, тенденциалары.

4. Практикалық медицинаның қажеттілігі.

5. Абдоминалды хирургиядағы ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу шараларын жүргізу.

Дәлелдеме медицинасы (evidence based medicine) бұл дәлелдемелерден, іздеуден тұратын медицинаның негізгі бөлімі.

(Evidence Based Medicine Working Group 1993) дәрігерлердің оңайлату мақсатында клиникалық ұсынулар систематикалық шолу, шығармашылық лейжестер, медицинаның ең негізгі қиындықтарын жою үшін, жиналған дәлелдемелерге сүйенеді. Осы мақсатта құрылған негізгі ғылым саласы. Ең белсенді құрылым, бұл 1992 жылы Оксфорд қаласында Дж. Челмерсон жасаған Кокрандық арақатынас. Кокрандық арақатынастың басты шарты систематикалық шолу және метаанализ, бұл арақатынас электрондық түрде жазылған. Оны жазған ағылшын эпидемиологы Арчи Кокран, ол 1973 жылы алған систематикалық шолу жасады. Дәлелдемелік медицина биомедициналық білімнің кең зерттеулер жүргізуді, ең жоғары жаңа, қазіргі талапқа сай емдеуді талап етеді.

Бұл жерде аурудың түрін анықтау, яғни диагноз қою оңай іс емес екеніне студенттердің көңілін ерекше аудару қажет деп есептейміз. Сонымен қатар, сырқаттың түрін (диагнозын) дұрыс анықтамау диагностикалық қате жіберудің басты себебі, ал бұл, өз кезегінде, ауру адамның денсаулығына, тіпті өміріне қауіп тудыратынын есте ұстаған абзал. Осыған орай біз хирургиялық ауруларды баяндау алдында диагнозды анықтау негіздерін қысқаша талқылауды жөн көрдік.

Диагноз (гректің;diagnosis, яғни анықтаймын, ажыратамын деген сөзінен) ауру адамның бойына қонған сырқаттың негізін ашып, оны сипаттайтын дәрігердің қысқаша қортындысы болып табылады. Сонымен, дұрыс диагнозға жету даңғылындағы белестердің өзіндік ерекшеліктері мен мазмұнына тоқтала өтейік.

Бірінші кезең дәрігердің ауру адаммен алғашқы кездесу кезеңі. Бұл кезеңде дәрігер ауру адамның паспорттық ақпараттарына жататын мәліметтермен танысқан соң, оның шағымдарын, яғни сырқаттың субъективтік белгілерін ауру адамнан тиянақты түрде сұрап, олармен танысады. Ауру адамның шағымдарын толық жинап, оны дұрыс талқылау, оның бойына қонған сырқатты жобалаудағы маңызы зор.

Екінші кезең. Бұл кезең сырқат тарихы немесе anamnesis morbi деп аталады. Олсырқат белгілерінің алғаш пайда болған уақытынан бастап, осы шағымдарымен дәрігерге алғаш көрінген мерзімді қамтиды. Бұнда дәрігер аталған мерзім аралығында байқалған құбылыстармен және олардың пайда болу себептерімен, олардың даму барысымен, ауру адамның бұдан бұрын емдеу мекемелерінде болған-болмағанын, егер болған жағдайда онда қойылған диагнозбен және қолданған ем шараларымен т.б. мәліметтермен мұқият танысады. Жедел пайда болған сырқаттарда бұл кезең, әдетте, ұзақ болмайды, ал созылмалы және қайталанатын (рецидивті) ауруларда, керісінше, ол көп уақыт аралығына созылуы ықтимал.

Үшінші кезеңде дәрігер ауру адамның өмірбаянымен (anamnesis vitae) қысқаша танысады.Ондағы мақсат бойға қонған сырқаттың, мүмкіндік болғанша, себебін табу болып табылады. Сондықтан бұл кезеңде ауру адамның туған жері және тұрақты мекені, оның жас кезінен бастап өсу, даму барысы, мамандығы және оның ерекшеліктері, жиі қолданатын тағам түрлері, арақ- шарап, есіртке (наркотик) заттарды қолдануы, бұдан бұрын ауырған және тұқым қуалайтын сырқаттары туралы және т.б. мәліметтерді анықтау қажеттілігі туады. Әйел жынысты пациенттердің акушерлік-гинекологиялық сипатымен мұқият танысу қажет. Жоғарыда баяндалған кезеңдерді біз субъективтік зерттеу кезеңдері деп атадық, өйткені онда дәрігер диагноз қоюға қажетті мәліметтерді ауру адаммен тек тілдесу арқылы анықтайды. Аталған кезеңдер туралы ғұлама ғалымдар мен тәжірибелі дәрігерлер айтқандай “дұрыс анықталған анамнез ол жарты диагнозға тең” деген сөздері ақиқат.

Төртінші кезеңненауру адамды объективтік зерттеу белесі басталады. Бұл кезеңде дәрігер белгілі тәсілдерді (жалпы шолу, пальпация, перкуссия, аускультация) қолдану арқылы ауру адамның жалпы жағдайын, оның әр жүйелерінің (орталық және перифириялық нерв, тыныс алу, жүрек, қан тамыр т.б.) қызметтерін зерттеп олардың функцияларын анықтап, біледі. Бұл кезеңдегі мәліметтерді ұқыпты жинау, диагноз қоюдағы маңыздылығымен қатар, дәрігердің зерттеу тәсілдерін қолданудағы шеберлігін, білімділігін және клиницистік қабілетін аңғартады. Осылармен қатар, бұл кезеңде жиналған деректер болашақ диагноздың негізі болып табылады, сондықтан бүгінгі таңда аспаптық зерттеулердің даму деңгейлері жоғары болғанмен, аурудың түрін анықтауда аталған төрт кезеңнің маңызы өте жоғары екенін болашақ дәрігерлер естерінде ұстаулары керек.Хирургиялық сырқатнамада, басқа салалардан бөлек, локальдік статус (status localis) деген қосымша дерек болады. Ол объективті зерттеудің жалғасы деуге болады. Онда патологиялық құбылыстың нақ орналасқан жері толығырақ сипатталады.

Бесінші кезеңауру адамның қанын, зәрін, нәжісін,қақырығын т.б. лабораториялық, биохимиялық және иммундық зерттеуде қол жеткен нәтижелерін талдауға арналады.Алтыншы кезеңдесырқатты анықтау немесе болжама диагнозды дәлелдеу немесе оны жоққа шығар үшін аспапты зерттеулер қолданылады. Бүгінгі таңда ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде медицина саласы көптеген диагностикалық және сырқатты емдеуге арналған аспаптармен жабдықталды. Солардың ішінде күнделікті жұмыста жиі қолданылатын түрлеріне мыналар жатады:

1. Рентгенологиялық зерттеу (рентгеноскопия, рентгенография, ирригоскопия, ангиография, пульмонография, фистулография т.б.).

2. Радиоизотопты зерттеу (радиоактивті йод, алтын, күміс т.б. қолдану).

3. Ультрадыбыспен зерттеу (УДЗ).

4. Эндоскопиялық аспаптармен зерттеу (фиброгастродуоденоскопия, колоноскопия, лапараскопия, ректороманоскопия, бронхоскопия т.б.).

5. Компьютерлі томография (КТ)

6. Ядролық-магниттік резонансты қолдану.

7. Электрокардиография (ЭКГ)

8. Биопсия (тінді микроскоппен зерттеу) т.б.

Жетінші кезеңдедәрігер бұдан бұрын болжанған және аспапты зертеулер нәтижелері арқылы анықталған сырқатты, белгілері ұқсас басқа аурулардан ажыратуы қажет (ажыратпа немесе дифференциалдық диагноз). Бұл кезең, басқа белестермен бірге, дәрігердің тәжірибесі, білімінің сапалылығы, оның клиникалық ойлау қабілетінің даму сатысының жоғары болуын және талабы мен ұқыптылығының жоғары деңгейде дамуын қажет етеді. Сонымен, диагноз анықтаудағы кезеңдердің бәрінен өткен соң дәрігер олардың нәтижелерін тұжырымдап, қортынды (клиникалық) диагнозды құрайды.

Көрнекі құралдар:дәрістің электронды сипаттағы түрін студент кафедрада алады.

Әдебиет:

· Нұрмақов А.Ж. Хирургия //Алматы: Эверо, 2009. – 420 с.

· Клиническая хирургия: национальное руководство + СД: в 3-х томах. - М.: ГЭОТАР-Мед. -2008. Т. 1. – 864 с.

· Хирургические болезни: Учебник + СД: в 2-х т./ под ред. В.С. Савельева и др - М.: ГЭОТАР-Мед. -2008.Т. 1. – 608 с.; Т. 2. - 400с.

· Кузин М.И. Хирургические болезни. –Москва.: «Медицина», 1995, 2005

· Нурмаков А.Ж. Хирургические болезни. - Алматы, 2009. – 386 с.

· Нұрмақов А.Ж. Хирургия. - Алматы, 2009. – 420 с.

· Савельев В.С. Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости. – М., Издательство «Триада-Х», 2005. - 640 с.

 

Бақылау сұрақтары: (кері байланыс)

1. Құрсақ қуысы ағзаларының сырқатына ұшыраған науқастарды зерттеудің қандай этаптарын ажыратады.

2. Құрсақ қуысына пальпация және перкуссия жасау, алынған нәтижелерді талдау

3. Құрсақ қуысы аускультациясы, алынған нәтижелерді талдау

Құрсақ қуысы ағзаларын аспаптық зерттеулер (рентгенография, компьютерная томография, УЗИ, ЭФГДС).

5. Абдоминалды хирургияда науқастарды зерттеудің хаттамасы (протоколы).

 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1457. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия