ІІ-нұсқа
1. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» біраз өзгерістермен енгізілген Шалкиіз туындысы А) Арық хан ә) Аспанды бұлт құрсайды б)Қарабас күспен шалдырып в)Шатырмақ бұлт жай тастар г) Ор, ор қоян, ор қоян. 2. Жиембеттің мына жолдары «Үш ай тоқсан кезінде, Сол мастықтың күшімен, Алдыңа келген мен бір жас. Кессеңіз, ханым міне бас» қай хан алдында айтылған? А) Есім хан ә)Тұрсын хан б) Тәуке хан в)Хақназар хан г)Тәуекел хан. 3. «Ей, Қатағанның хан Тұрсын, Кім арамды ант ұрсын» қай жырау толғауынан? А) Шалкиіз ә)Жиембет б) Марғасқа в)Бұқар г)Ақтамберді 4. Мына жолдар «Құлағанды көтерсең, Жылағанды жұбатсаң, Қисайғанды түзетсең...» Асанқайғы философиясының қай қырын меңзейді? А)Утопизм ә)исламдық сенім б)Этика в)Тәңірге сенім г)Пессимизм 5. Асан этикасының негізгі принципі: А) қарсы жақты күшпен көндіру ә)айла, қулыққа бару б)қарсы жақтың айтқанын толық қабылдау в)үйлесімге әкелетін жол іздеу г)ымыраға келмеу. 6. Асан пайымдауынша: «Қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған мекен». А) Қайырымды қала ә)Күн қала б)Жиделбайсың в)Жұмақ г)Жерұйық 7. Асан Қайғы философиясының басты өзегі: а) Адам проблемасы ә) Жан-жануар мәселесі б) Жер-су жағдайы в)Өліммен күрес г)Жаумен текетірес. 8. «Құлан қайтып күн көрер» толғауындағы осы туындыны жан-жақты ашып тұрған сөз тіркесі? А) Құйрығы жоқ ә)аяғы жоқ б)шыбын шықса жаз болып в)жалаң аяқ балапан г) қайтып күн көрер. 9. Шалкиіз қазақтан басқа қай халықтың ортағасырлық шайыры? А) түрікмен ә)өзбек б)қырғыз в)құмық г)ноғай 10. Шалкиіз жырау толғаулары алғаш жариялаған жинақ. А) Ноғай уа құмық шиғырлары ә)Записки Оренбургского отдела б)Алтынсарин хрестоматиясы в) Қазақ өлеңдері мен қиссалары г)Образцы народной литературы. 11. «Бір жаманмен дос болсаң. Күндердің күні болғанда, бүкіл ғаламға күлкі етер...» жолдары қай жырау шығармасынан: а)Қазтуған ә)Доспамбет б) Жиембет в) Шалкиіз г) Марғасқа. 12. 18 ғасырдағы ақын-жыраулар поэзиясының басты тақырыбы болған оқиға: А) Қазақстанның Россияға қосылуы ә)Шейбанилықтармен соғыс б)Хан тағындағы өзгеріс в) Жоңғарлықтармен соғыс г)Жеті жарғының қабылдануы. 13. 18 ғ. Басындағы қазақтардың қалмақтардан жеңілуінің басты себебі: А) Ойраттарды Россияның қолдауы ә)қытайлықтардың ойраттарды қазақтарға итермелеуі б)қазақ әскер басыларының дарынсыздығы в)табиғат жағдайының әсері г)ойраттардың өз елін соғыс жағдайына көшіруі. 14. «Ақтабан шұбырындының» ең үлкен кеселі А) экономикалық дағдарыс ә) ер тұлғалы мінездің төлемшіктенуі б) рухани мұраның ортаюы в) біраз жерінен айрылуы г) біраз халқынан айрылуы. 15. Босқан халықты елге қайырып, егіншілік үлгісін көрсеткен жырау. А) Ақтамберді ә) Тәтіқара б) Үмбетей в) Бұқар г) Көтеш. 16. «Жылқыдан асқан мал бар...» деп жырлаған ақын, жырау А) Көтеш ә)Қобылан б) Үмбетей в) Ақтамберді г) Шал ақын. 17.Ақтамбердінің «Жасымда көрген қорлығым, сарысу болды жүрекке» жолы көркемдеудің қай түрі? А)теңеу ә)ауыстыру (метафора) б) алмастыру в)мегзеу (синекдоха) г)тұспалдау (символ). 18. Абылай хан ерекше ұнатқан Тәтіқара қасиеті А) батырлығы ә)ақындығы б)қысылшаңда намыс оятар жалынды сөзі в) тапқырлығы г) сыншылдығы. 19. 18 ғасыр поэзиясында Абылай хан бейнесінің берілу ерекшелігі А) ерекше мадақтау, әсірелеу ә) сынап-мінеу б) тарихи оқиғалар тұрғысында ғана в) жазба әдебиет үлгісінде г) эпос үлгісінде. 20. Үмбетей толғауларындағы ерекше ілтипатпен жырланатын батыр. А) Қабанбай ә) Бөгенбай б) Сары в) Баян г) Сағымбай. 21. Бұқар жыраудың өмірі туралы соңғы толық дерек берген ғалым А) Қ.Мұхаметханов ә) М.Мырзахметов б) Н.Келімбетов в) Т.Кәкішев г) С.Қирабаев. 22. Бұқар туындыларының 20-30 жылдары жинап зерттеуде зор үлес қосқан ғалым. А) М.Әуезов ә) М.Көпеев б) С.Сейфуллин в) Ә.Марғұлан г) С.Мұқанов 23. Бұқардың «Тілек» атты туындысының басты тақырыбы А) ел қорғау ә) ғұмырнамалық б) махаббат в) дүниетанымдық г) отбасылық. 24. Бұқар жыраудың «Өкпеңменен қабынба, өтіңменең жарылма» жолдары өз өміріндегі хандардың қайсысына бағышталған? А) Әз Тәуке ә) Әбілмәмбет б) Әбілқайыр в) Барақ г) Әбілмансұр. 25. Көтешті танымал еткен поэзия саласы А) толғау ә) ән шығару б) ескі эпостарды жырлау в) айтыс г) жоқтау өлеңі. 26. Көтеш ақынмен айтысқан қыз: а) Сара ә) Алмажан б) Мақпал в) Ұлбике г) арсыз қыз. 27. Шал ақынның өмір шақтарының ішіндегі ең көп жырланғаны. А) сәби шақ ә) бозбалалық шақ б) жігіттік дәурен в) орта жас г) қарттық кезең. 28. «Заманым барған сайын тарылады, Тарылып бір жалғанда жарылады» деп толғаған ақын жырау. А) Бұқар ә) Шал ақын б) Жанақ в) Қобылан г) Абыл 29. Жанкісі ақын жырлаған дастан. А) Қозы Көрпеш-Баян сұлу ә) Қырымның қырық батыры б) Сегіз сері мен Мақпал сұлу в) Айман-Шолпан г) Құлагер 30. Жанақтың көлемді де көркем туындысы: А) Қоқан ханына айтқаны ә) Рүстем төреге айтқаны б) Шерниязға айтқаны в) Баймағанбетке айтқаны г) Тезек төреге айтқаны. 31. М.Әуезовтың Жанақ ақыннан жазып алған жыры. А)Еңлік-Кебек ә)Алпамыс батыр б)Айман-Шолпан в)Қозы Көрпеш-Баян сұлу г)Бекет батыр. 32. Мұрат ақынның алғашқы ұстазы А) Абыл ә)Есет би б) Жанақ в) Жанкісі г) Қобылан. 33. Бұқар толғауларын мәтіндік тұрғысынан зертеуші. А) Қ.Мұхаметханов ә) Е.Дүйсенбаев б) А.Сейдімбеков в) М.Қозыбаева г) Х. Сүйіншәлиев
|