Syllabus. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Филология Институт/факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасы
СИЛЛАБУС Пән: XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы Мамандық; 6N0205-Филология Курс 2 курс Оқытушы филол.ғ.д., доцентАсанов Ж.А Оқу жыл Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Syllabus Пән “ XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы ”
ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы» атты пәнде ұлттық әдебиетіміздің алғашқы өкілдері – Асан қайғы, Қазтуғаннан бастап Доспамбет, Шалкиіз, ХVІІғ. өмір сүрген Жиембет, Марғасқа, ХҮІІІ ғасырдағы Ақтамберді, Үмбетей, Бұхар, т.б. жыраулар поэзиясы оқытылады. Бұл пән аталған жыраулар поэзиясын игеруге арналған. Пәнде Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздің шығармашылық өмірбаянына кейінгі уақытта жинақталған деректерге байланысты өзгерістер енгізілген. Олардың туындыларын меңгертудің жаңа тұрпаттағы әдістемесі қолданылады. Пәнді оқыту барысында студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеуі көзделеді.
ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: Студенттерді қазақ әдебиетін оқытудың ғылыми негіздерімен қаруландыру әдебиеті оқытудың өзіндік ерекшеліктерін меңгерту, пәнді оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін және тиімді жолдарын білуге үйрету. болашақ мамандарды қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің даму тарихы мен оған әдіскер ғалымдардың қосқан үлесімен бүгінгі таңдағы қазақ әдебиетін оқытудың әдістемелік проблемаларымен таныстыру; ҚР бойынша әдебиетті тиімді оқытып жүрген озат тәжірибелі, жаңашыл мұғалімдер еңбектерін оқу, зерттеу; студенттердің ғылыми-әдістемелік шығармашылығына жол ашу, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеті» пәнін оқу үшін Сіздің орта мектеп көлемінде әдебиет пәнінен алған біліміңіз жеткілікті. Сабаққа міндетті түрде қатысуды, сабақ барысында кешікпеуіңізді,сондай-ақ сабақ үстінде тыныш отыруыңызды өтінеміз. Егерде себепті жағдаймен 15 минутқа дейін кешігіп келсеңіз, сабаққа кедергі жасамай рұқсатсыз кіре беруіңізге болады. Басқа жағдайларда сабаққа кіруге рұқсат етілмейді. Сіздер хандық дәуірдегі әдебиет туралы жан-жақты білім алу үшін белгілі әдебиет танушы ғалымдардың еңбектерімен танысуларыңыз қажет. Курс тақырыптары бойынша әдебиеттерді Ақтөбе МПИ оқу залдарымен абоненттерден, мерзімді басылымдарға арналған залдардан және интернет жүйесінен алуға болады. КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» пәні қазақстан тарихы, әлеуметтану, философия, этика, эстетика, т.б. көптеген пәндермен тығыз байланыста. БІЛІМДІ БАҒАЛАУ: Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясыретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с. Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды. Жеке өзіндік жұмыс:курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді,ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалануескеріледі. Үй тапсырмасы:үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі. Коллоквиум:өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі. Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация, графикалық-есеп жұмысы:нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды. Аралық бақылау тесттері:өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі. Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төменбаға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді. Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатынемтихан тапсырады.
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:
ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:
|