Студопедия — АзГЗУ ішкі тәртібі ережелерінен көшірме үзінді
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

АзГЗУ ішкі тәртібі ережелерінен көшірме үзінді






1. ҚазГЗу студенттеріне арналған Ішкі тәртіп ережелері студенттерді оқыту және тәрбиелеу процесстерінің нәтижелілігін қамтамасыз етуге, өзара сыйластық пен тәртіптік атмосферасын қалыптастыру үшін қабылданған.

2 Оқу процесін ұйымдастыру

2.1. ҚазГЗУ-де оқу сабақтары жұмыс оқу жоспарлары және оқу процесінің кестесіне сәйкес құрылған сабақ кестесі бойынша жүргізіледі.

Оқу жылы 1 қыркүйекте басталады және ағымдағы оқу жылының оқу процесі кестесінде көрсетілген, берілген даярлау бағыты (мамандықтары) бойынша жұмыс оқу жоспарына сәйкес аяқталады.

2.2. Студент үшін: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғандағы алты күндік оқу аптасы белгіленген.

2.3. Оқу жылы жұмыс оқу жоспарына сәйкес академиялық кезең/семестрлерге бөлінеді.

2.4. Күндізгі оқыту нысанының студенттері үшін жылына екі рет демалыс беріледі.

2.5. Оқу сабақтарын өткізу үшін академиялық топтар құрылады. Академиялық топтың құрамы жоғары мектеп проректор – директорының өкімімен бекітіледі.
2.6. Анағұрлым үлгерімі жақсы және тәртіпті студенттердің қатарынан әрбір академиялық топта топ басшысы сайланады, ол жоғары мектеппен тығыз байланыста болады.

2.7. Топ басшының қызметі:

- студенттердің оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысуларына жеке есеп жүргізеді;

- студенттің сабаққа келмеуі немесе сабаққа кешігуінің себептері көрсетілген ақпараттарды директоратқа ұсынады;

- сабақ кестесіне енгізілген өзгерістер туралы студенттерді хабарландырады;

- күнделікті кезек тәртібімен топ бойынша кезекшіні тағайындайды;

2.8. Әрбір топта оқу жылына арнап директораттың топ басшысына берілген бекітілген нысандағы журнал жүргізіледі. Топ басшысы сабаққа қатысқан және қатыспаған студенттерді журналға белгілеп отырады.
2.9. Студенттердің сабақ кестесіне сәйкес сабақтарға қатысуы міндетті болып табылады.

2.10. Оқу ғимаратына кірген студент проксими картаны көрсетуге міндетті. Ол болмаған жағдайда студенттік билетті көрсетуі қажет.

2.11. Сабаққа кешігу және белгісіз себептермен сабақтан уақытынан бұрын кетуге рұқсат берілмейді.

2.12. Сабақ басталғаннан кейін барлық оқу және оған тиісті бөлмелерде оқу сабақтарын өткізуге қажетті тыныштық пен тәртіп қамтамасыз етілуі қажет. Оқу сабақтарын бөлуге, сабақ барысында оқытушының рұқсатынсыз аудиториядан кіріп-шығуға жол берілмейді.

2.13. Сабақ үстінде оқу тәртібін бұзуға жол берілмейді. Оқытушы оқу тәртібін бұзған студентті аудиториядан шығарып жіберуге құқылы. Мұндай студенттер сабаққа жоғары мектеп проректор - директор рұқсатымен ғана жіберіледі.

3. Оқуда, ҚазГЗУ-дің қоғамдық өмірінде жеткен жетістіктері үшін көтермелеу.

Жақсы үлгерімі үшін,ҚазГЗУ-дің ғылыми-зерттеу жұмысы және қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін студенттерді көтермелеу түрлері бекітіледі: алғыс жариялау, марапаттау және т.б. Көтермелеу Ректордың бұйрығы, өкімімен, жоғары мектеп проректор - директор өкімімен жарияланады және студенттерге мәлім етеді.

4. ҚазГЗУ студентінің негізгі құқықтары мен міндеттері

4.1. ҚазГЗУ студенттері:

- мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес даярлаудың (мамандықтың) таңдалып алынған бағыты бойынша білім алуға;

- оқу жоспарлары аясында ұсынылатын таңдауы бойынша (міндетті түрде) факультативтік пәндер мен курстарды таңдауға;

- жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарын қадағалау шартымен өзінің жеке жоспарының мазмұнын қалыптастыруға қатысуға;

- ҚазГЗУ қызметінің маңызды мәселелерін талқылауға және шешуге қатысуға;

- университет кітапханасын, оқу, ғылыми және басқа да бөлімшелердің қызметтерін олардың ережелеріне сәйкес тегін қолдануға;

- ғылыми-зерттеу жұмысы және ҚазГЗУ қызметінің басқа да түрлеріне қатысуға, басылымға өз жұмыстарын ұсынуға;

- студенттік өзін-өзі басқару органдары мен студенттік қоғамдық ұйымдарын құруға;

- оқу жоспарымен қарастырылмаған іс-шараларға еркін қатысуға;

- сабақтан бос уақытта кәсіпорында кез-келген ұйымдастыру-құқықтық нысандағы мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.

4.2. ҚазГЗУ студенті міндетті:

- оқу тәртібін сақтауға, университет әкімшілігінің өкімдерін орындауға;

- оқу барысында таңдап алынған бағыты (мамандығы) бойынша жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларының талаптарын орындауға;

- оқу жоспарымен қарастырылған міндетті тапсырмалардың барлық түрлерін бекітілген мерзімде орындауға;

- оқу сабақтарына қатысуға;

- өз араларында және білім алушылар мен университет қызметкерлерінің көзқарастарын сыйлауға, өз пікірінен жақсы көзқарастарды сабырмен қабылдауға;
- университет территориясында тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға;
- университет мүлкін сақтауға, бүлдірген жағдайда материалдық жауап беруге;

- ішкі тәртіп ережесін қадағалауға және Университет жарғысының талаптарын орындауға міндетті.

- сабаққа белгілі себептермен келмеген жағдайда Жоғары мектеп проректор-директоры ақпараттандыруы керек және оқу ғимаратына келген бірінші күннен бастап сабақтарды жіберу себептері туралы құжатты ұсынуы керек.

5. ҚазГЗУ-де тиым салынады:

Университет ғимаратында және төңірегінде:

-темекі тартуға;

-спирттік ішімдіктерді, оның ішінде алкоголі төмен ішімдіктерді ішуге;

-сағыз шайнауға;

- уытқұмарлық және есірткілік заттарын, сондай-ақ олардың прекурсорларын (тізімі Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген) сақтауға, қолдануға және таратуға;

- құмар ойындарды ойнауға;

- мас күйiнде немесе нашақорлық не уытқұмарлық масаң күйде келуге;

- өзімен бірге жануарларды алып келуге;

-жарылғыш және пиротехникалық заттарды сақтауға, таратуға және пайдалануға;

- тыныштықты және сағ.22.00-ден сағ.07.00-ге дейінгі түнгі ұйқы уақытын бұзуға тыйым салынады.

- дөрекі сөздерді айтуға, тіл тигізуге, күш көрсетуге немесе ұжымның басқа да мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп-төндіретін басқа да әрекеттерді жасауға; университеттің материалдық құндылықтарын әдейі немесе лажсыздан бүлдіруге (мүлікті бүлдіру келтірілген залалдың құнын өндірумен қатар, әкімшіліктің қарауы бойынша басқа да тәртіптік жазаға тартылады);

- университет территориясында қандай да бір тәртіпсіздіктің ұйытқышысы болуға;

- қабылданған өзін-өзі ұстау этикалық нормаларын бұзуға;

- әкімшіліктің арнайы жазбаша рұқсатынсыз университет қабырғасында ақылы қызметтер көрсетуді және тауарларды ұсынуға;

- кітапхананы қолдану ережелерін бұзуға;

- есірткі заттарын, денсаулыққа әсер ететін алкогольдік сусындар мен басқа да құралдарды қолдануға, сақтауға және таратуға;

- университет бөлмелерінде темекі тартуға;

- оқу сабақтарының үстінде ұялы байланыс құралдарын қосуға;

- қауіпсіздік және өртке қарсы, санитария техникаларын орындамауға;

- құмар ойындарды ойнауға;

- университет, соның ішінде дәліздерде, кітапхана мен аудиторияларда сырт киіммен жүруге және оқу аудиторияларына сырт киімді алып кіруге;

- сабақ үстінде тамақ және сусын ішуге.

- студенттің сыртқы түрі Университеттің 09.09.2008 жылғы №1-119/08 бұйрығына сәйкес іскерлік стандарт пен ережелерге сай болуы тиіс. Киім мен аяқ киім таза және жарасымды болуы керек. Университетте іскерлік үлгіде киім кию қабылданған.

- студенттің іскерлік (офистік) үлгі талаптарына жауап бермейтін киіммен (джинсы матадан тігілген киімдер, кеудесі тым ашық көйлектер мен блузкалар, соның ішінде терең ойықты, шолақ жеңді, топтар, тізеден жоғары белдемшелер), сондай-ақ спорттық және жағажай киімі мен аяқ киімімен (ауыстырып киетін киім және аяқ киім ретінде спорт залында өтетін дене шынықтыру сабағына қатысу жағдайларын қоспағанда) келуіне жол берілмейді.

6. Оқу тәртіптерін бұзғаны үшін жауапкершілік

6.1. Студентке оқу тәртібін, қоғамдық жерлерде өзін ұстау тәртіптері мен ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін тәртіптік және қоғамдық жаза шаралары қолданылуы мүмкін.

6.2. Университет әкімшілігі студентті тәртіптік жазаға тартуы мүмкін. Университет әкімшілігі тарапынан студенттерге қолданатын тәртіптік жаза бұйрық, өкіммен жарияланады, ал ол туралы мәлімет студенттің жеке ісіне тіркеледі.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 578. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия