Студопедия — Syllabus
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Syllabus






Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Леуметтік – саяси пәндер» кафедрасы

 

 

СИЛЛАБУС

Пән Әлеуметтану (2 кредит)

Мамандық: информатика, физика, математика, ЕТжАҚ;

Курс 1

Аға оқытушы Жолдас А.А.

Оқу жылы

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән Әлеуметтану (2 кредит)

Сабақ өткізу уақыты мен орыны ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны   Оқытушының аты-жөні Байланыс, тел, email
сабақ кестесіне сәйкес Кесте бойынша    
Дүйсенбі 10.30– 11. 20 Ауд.135 Дүйсенбі 12.40– 14.30 ауд. 135 Жолдас А.А. 8-702-669-68-87

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғары білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болып жатқаны белгілі. Бұл өзгерістердің басты бағытының біріне студенттердің дәрістері мен семинар сабақтарына, өзіндік жұмыстарына арналған жұмыс оқу бағдарламасын несие технологиясының негізінде даярлау жатады.

Бұл процесті жоғары оқу орындарының түлектерінің әлеуметтік-ғылыми санасының қалыптасуына үлкен ықпал етуші рольді қоғамдық және гуманитарлық пәндердің бірі әлеуметтану ғылымы да атқаруда.

Жеке адамдардың әр саладағы іс-әрекеттерінің әлеуметтік аспектілеріне студенттердің зейінін аудару, өмірді адамның өзінің тиімді дами алуын мүмкін ететіндей ұйымдастыруда әлеуметтік білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру.

 

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: Әлеуметтанудың негізгі ұғымдарымен категорияларын түсіндіру арқылы стуленттерге социология ғылымының негізгі мәселелерін үйрету. Студенттерге социологиялық білімді беру арқылы логикалық ойлау жүйесін арттыру және ғылыми білімін жетілдіру, және де қоғамдық көзқарасының деңгейлерін дамыту.

Қоғамдық ортаға бейімделудің әлеуметтік түйткілдерін ұғындыру, сонымен қатар студенттердің ғылыми дүниетанымын кеңейту. Бұл курс дәстүрлі дәріс сабағын талқылау әдісін пайдалану арқылы беріледі. Студенттерге аудиториядаға талқылауға белсенді қатысып, бір-бірінен үйреніп және топтың пікірінен өзіне пайдалы нәрселерді алу ұсынылады.

Аудиториялық сабақ дәріс, материалды талқылау, әр түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауды қамтиды. Студент әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалуы тиіс.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар ұсынылып, түсіндіріледі. Сабаққа қатысу мен аталған түсініктерді конспект түрінде жазып отыру әр студентке міндеттеледі.

Семинар сабақтарында студенттерге өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары және дәріс материалдарының сұрақтары ұсынылады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында қабылданады.

Егер студентте өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады..

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:

Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

Ø Білуге тиіс:

§ әлеуметтанудың пәнін, мақсаты мен міндеттерін;

§ әлеуметтанудың негізгі терминдері мен мәселелерін;

§ қоғамның әлеуметтік жүйе ретіндегі сипаттамаларын;

§ әлеуметтік қауымдастық пен әлеуметтік топтардың қалыптасуын;

§ әлеуметтік процестердің түрлерін;

§ әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдістемесі мен әдістерін.

Ø Істей білу:

§ жеке тұлғаның дүниеге көзқарасының, рухани дүниесінің, бостандығының және жауапкершілігінің, борышының және қоғам алдындағы міндеттерінің қалыптасуының себептерін,

§ әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен жіктелуін, әлеуметтік дамудың факторларын, әлеуметтік өзара әрекет формаларын біліп, оларды талдауға,

Ø Дағдысының болуы:

Ø қоғамды талдаудағы, әлеуметтік қауымдастық пен әлеуметтік топтардың пайда болу табиғатындағы, әлеуметтік процестердің түрлері мен бағыттарын талдау;

Ø әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен олардың жіктелуі, әлеуметтік дамудың факторлары, әлеуметтік өзара әрекет формалары жайлы білу және оларды талдау;

Ø тұлға, индивид ұғымдары, әлеуметтенудің бағыттары мен ерекшеліктерін, әлеуметтік жүріс-тұрысты реттеудің негізгі заңдылықтары мен формалары жөніндегі әлеуметтанулық түсініктер туралы.

 

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: Философия,саясаттану,мәдениеттану,педагогика мен психология,құқық және экономика пәндерінен алған білімдерін практикалық сабақтарда ой елегінен өткізіп, ұштастыра білу.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: Қоғамның даму заңдылықтарына, даму кезеңдеріне және түрлеріне шолу жасай отырып, қоғамның нақты түсінігін меңгеру.

Студенттерге қоғамды социологиялық саралай білуге және де өздері өмір сүріп отырған ортасын нақтылы түсіндіруге үйрету.

Отандық және батыстық әлеуметтану саласын қалыптастырған ойлардың негізін салушылардың маңызды тұжырымдарын меңгеру.

Қоғамдық жүйені әлеуметтік теңсіздік арқылы түсіндіру және қоғамдағы топтардың арасындағы қайшылықтардың туындауына әсер етуші факторларды таба білу.

Адамдардың әр түрлі әлеуметтік жіктерге, қабаттарға бөлінуінің мәнін, маңызын және бай пен кедейдің пайда болу себептерін нақтылы өлшемдер (критериилер) арқылы мөлшерлеуге дағдыландыру.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

 

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс:курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы:үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум:өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы:нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері:өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

 

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ р/с Модульдың атауы Лекция (сағ) Практикалық (семинар.)сабақ (сағ) СӨЖ МӨЖ (сағ)
  Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы      
  Әлеуметтік өмірдің элементтері      
  Салалық әлеуметтану      
  Қолданбалы әлеуметтану      

ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апта   сағаты
  Модуль 1  
  Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде  
  Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары  
  Модуль 2  
  Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде  
  Әлеуметтiк институттар мен процестер  
  Әлеуметтік құрылым және стратификация  
  Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттары  
  Девиация және әлеуметтік бақылау  
  Модуль 3  
  Білім беру әлеуметтануы  
  Саяси әлеуметтану  
  Экономикалық әлеуметтану  
  Отбасы әлеуметтануы  
  Мәдениет әлеуметтануы  
  Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы  
  Модуль 4  
  Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы  
  Ақпаратты өңдеу әдісі мен олардың нәтежелерін талдау  






Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 954. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия