Салық тексеруі нәтижелері бойынша шешім
1. Салық тексеруі актісінде көрсетілген нәтижелер негізінде салық тексеруін аяқтау бойынша салық қызметі органы осы Кодекстің 31-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге жіберілетін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомалары, өсімпұлдар мен айыппұлдар туралы хабарлама шығарады. 2. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны және салық тексеруі актісін тіркеуді, осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, салық қызметі органы бір нөмірмен жүзеге асырады. 3. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәліметтер: 1) хабарламаны және салық тексеруі актісін тіркеу күні мен нөмірі; 2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты не толық атауы; 3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі; 4) салықтың және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомасы; 5) төлеу туралы талап және төлеу мерзімі; 6) тиісті салықтың және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың деректемелері; 7) шағым жасау мерзімі мен орны болуға тиіс;4. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны алған салық төлеуші, егер салық төлеуші тексеруі нәтижелеріне шағым жасамаса, оны хабарламада белгіленген мерзімде орындауға міндетті. 5. Егер салық тексеруінің аяқталуы бойынша салық заңдарын бұзу анықталмаған болса, салық тексеруі нәтижелері бойынша хабарлама шығарылмайды.
|