Студопедия — Салық тексеруін жүргізудің басталуы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Салық тексеруін жүргізудің басталуы






Салық төлеушіге нұсқама берілген кез салық тексеруін жүргізудің басталуы болып табылады.

2. Салық органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды адамдары салық төлеушіге (салық агентіне) қызмет куәлігін көрсетуге міндетті.

3. Салық органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды адамы, рейдтік тексеруді қоспағанда, салық төлеушіге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етеді. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеуші (салық агенті) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгі қояды.

4. Рейдтік тексер жүргізілген кезде салық төлеушіге танысу үшін нұсқаманың түпнұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі табыс етіледі. Нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшірмесін алғаны туралы түпнұсқаға белгі қойылады.

5. Салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқаманы алудан бас тартуы салық тексеруін жүргізудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.

6. Салық тексерулерін жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне салық төлеушінің өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

Кешенді тексерістерге шыққан кездерде салық органдарының қызметкерлері салық төлеушіден сұралатын құжат атаулары:

- бас кітап

- бухгалтерлік балланс

- отчет о результатах финансово-хоз. деятельности

- кассалық кітап, кіріс және шығыс кассалық ордерлер, чектер,

- жұмыс жоспар шоты

- салық төлеушінің есеп саясаты

- кезеңдер бойынша оборотно-сальдовые ведомости

- журнал-ордерлар

- шоттардың аналитикалық басылымдары

- ведомость және аналитикалық кестелер

- шаруашылық келісім-шарттар

- банкілік құжаттар; платежное поручения, требования, выписки банка

- кедендік декларациялар

- бастапқы құжаттар (шот-фактуралар, накладные, акты выподненных работ, транспортные накладные және т.б.)

- және тағы да басқа құжаттар тексеріске қатынасы бар.

Сонымен қатар, СК 66-бабы 1 тармағында белгіненген жағдайлар олар, салық салу объектілері мен салық салуғабайланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болатын бастапқы құжаттар, бухгалтерлік есептің тіркелімдері және өзге де құжаттар есеп құжаттамасы болып табылады.

Салық қызметі органы лауазымды адамдарының тексеруді жүргізу үшін аумаққа немесе үй- жайға жіберілуі

1. Салық төлеуші салық қызметі органының салық тексеруін жүргізетін лауазымды адамдарын табыстарды алу үшін пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға, не салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерге жіберуге міндетті.

2. Салық қызметі органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды адамдарының көрсетілген аумақтарға немечсе үй-жайларға кіруіне бөгет жасалған жағдайда хаттама жасалады.

3. Хаттамаға салық органының тексеруді жүргізуші лауазымды адамдары және салық төлеуші қол қояды.. Аталған хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеуші бас тартуының себептері туралы жазбаша түсініктеме беруге міндетті.

4. Егер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес салық төлеушінің аумағына немесе үй-жайына кіру үшін арнаулы рұқсат қажет болатын болса, салық қызметі органы лауазымды адамдарында ол болуға тиіс.

5. Салық төлеушінің мынадай жағдайларда, егер:

нұсқама белгіленген тәртіппен тапсырылмаса не рәсімделмеген болса;

нұсқамада көрсетілген тексеру мерзімдері әлі басталмаған немесе өтіп кеткен болса;

бұл адамдар нұсқамада көрсетілмеген болса;

тексерілетін салық кезеңіне қатысы жоқ құжаттамалар сұратылса, салық органының лауазымды адамдарын салық тексеруін жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жібермеуге құқығы бар.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 407. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия