Студопедия — Хрономераждық зерттеу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Хрономераждық зерттеу






Хронометраждық зерттеу – (хроно – уақыт (время), метр - өлшеу (измерять) салық органдарымен нақты кірісін және кіріс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатында жүргізіледі.

Хрономераждық зерттеуді жүргізудің негізі салық органдарымен шығарылған нұсқама болып табылады.

Хрономераждық зерттеу мынадай жағдайларда жүргізіле алады:

1. кешенді және тақырыптық тексеру барысында;

2. салық төлеушінің өтініші бойынша;

3. салық органдарының шешімі бойынша.

Хрономерраждық зерттеуді жүргізер алдында салық төлеушіге салық қызметі органының лауазымды тұлғасы қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті және хрономераждық зерттеуді жүргізу үшін нұсқаманың тұпнұсқасы табыс етіледі. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеуші (салық агенті) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгі қояды. Салық тексерулерін жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне салық төлеушінің өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді. Сонымен қатар, хрономераждық зерттеу барысында салық төлеуші тауарлардың (көрсетілген қызметтердің) бағасын өсу жағына түзетулер енгізбеу керек.

Талас сұрақтарды тудырмас мақсатында хрономераждық зерттеуді жүргізуде салық төлеушінің өзі немесе оның уәкілетті өкілі СК 14-бабында белгіленген тәртіпте әрекет ететін.

Хронометраждық зерттеуді жүргізу мерзімі 7 күннен кем емес және СК 535 бабында белгіленген мерзімнен аспауы керек. Хрономераждық зерттеуді жүргізу мерзімі салық қызметі органының бірінші басшысымен немесе оның орынбасарымен белгіленеді. Белгіленген мерзімге демалыс күндері мен мейрам күндері де тіркелуі мүмкін. Егер тексерілетін салық төлеуші белгіленген мерзімдерде қызметін жүзеге асыратын болса, сонымен қатар тексеру жұмыс тәртібінен тыс жүргізілуі мүмкін (вне зависимости от времени суток). Хронометраждық зерттеу 1жылына 4 реттен кем емес жүргізілуі тиіс. Хронометраждық зерттеу бойынша сұрақтар өз бетімен (самостоятельно) салық қызметі органдарымен анықталады. Сонымен қатар міндетті түрде тексерілуі тиіс:

1. салық салу объектісі мен (немесе) салық салуға байланысты объектілер;

2. салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектілерге қатысты қолма-қол ақша, ақша құжаттары, бухгалтерлік кітап, смета, бағалы қағаздар, декларациялар, есеп-қисап және басқа да құжаттар;

3. табыс алу үшін қолданылатын кез келген салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер. Керек жағдайда салық қызметі органы салық төлеушінің тауарлы-материалдық құндылықтарын тексеруге құқығы бар;

4. фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарының фискалдық есебі (отчет).

Тексеруші салық төлеушіден зерттеуге керек келесі бухгалтерлік құжаттарды талап етеді:

- бас кітап немесе айналым баллансы;

- банкілік және кассалық құжаттар;

- жалдамшы жұмыскерлердің еңбек келісімдерін;

- еңбек ақы бюойынша төлем-есеп ведомості

- жеке кәсікердің табыс есебі кітабын;

- кассир-операционисттің кітапшасын, ақша қаражаты есебінің кітапшасын, жұқа чектер есебінің кітапшасын.

Хронометраждық зерттеуді жүргізу барысында салық қызметі органының лауазымды тұлғалары зерттеуден алынған мәліметтерді хронометраждық-бақылау картасына күнделікті толық және нақты түсуін бақылау керек. Әр салық салу объектісіне және салық салуға байланысты объектіге сонымен қатар әр табыс көзіне бөлек хрономераждық – бақылау картасы құрылады. Ол келесі мәліметтерден тұрады:

1) салық төлеушінің атауы, тіркеу нөмірі және қызмет түрі;

2) зерттеу жүргізілген күні;

3) салық салу объектінің орналасқан жері;

4) хронометраждық зерттеудің басталғанжәне аяқталған уақыты;

5) салық салу объектісі және өндірілген тауар (көрсетілген қызмет) құны;

6) зерттелген салықсалу мәліметтері;

7) зерттеудің қорытындысы;

8) күн басына және күн аяғына кассалық-бақылау машиналарының көрсеткіштері;

9) басқа да мәліметтер.

Күн сайын тексеру аяқталған күн бойынша салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектілер, сонымен қатар табыс алу көздері бойынша еркін кесте құралтырылады.

Хронометжардық – бақылау картасы мен еркін кестеге салық қызметі органның лауазымды тұлғасы мен салық төлеуші қол қояды.

Хронометраждық зерттеудің аяғында күнделікті өгей кестенің негізінде әр салық салу объектісі тексерілген кезең бойынша алынған табыстар мен нақты кеткен шығыстардың нәтижесіне шығады. Анықталған орташа мәліметтер негізінде салықтексерісіне дейінге іс жүзіндегі табыстармен табыс алуға байланысты есептелген шығыстар және төленуге тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің салық төлеушімен байланысты олардың толықтылығы анықталады.

Хронометраждық зерттеу аяқталған соң акт құрастырылады.

Онда мыналар көрсетіледі:

1) нұсқманың нөмірі мен күні, хронометраждық зерттеуді жүргізілген орны, акт жасалған күні;

2) хронометраждық зерттеуді жүзеге асырған салық қызметі органының лауазымды тұлғаларының толық аты-жөні, қызметі;

3) салық төлеушінің толық атауы немесе аты-жөні;

4) салық төлеушінің орналасқан жері, банктік деректемелері, сондай-ақ оның тіркеу нөмірі;

5) салық төлеушінің салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ететін жауапты басшысы мен адамдарының тегі, аты, әкесінің аты;

6) алдыңғы жүргізілген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;

7) тексерілетін салық кезеңін және тексеру жүргізу үшін слық төлеуші табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;

8) хронометраждық зерттеудің нәтижесі.

Хронометраждық зерттеу бойынша акт негізінде салық қызметі органдары артық төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомсын бюджеттен салық төлеуші арнаулы салық режимінде қызметін патент бойынша жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілеріне қайтарылады. Салық төлеушіден кешенді және тақырыптық құжаттық салық тексерулері және басқа да шаралар заңға қайшы келмейтіндей хронометраждық зерттеудің қорытындылары пайдаланылады.

Салық төлеушінің хронометраждық зерттеу нәтижесі кешенді және тақырыптық құжаттық салық тексеруін жүргізудің нәтижесінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомалары тіркелген кезде саналады.

Хронометраждық зерттеу актісі 2 дана етіп жасалады және оған салық тексеруін жүргізген салық қызметі органдарының лаузымды тұлғалары қол қояды. Сонымен қатар ол салық тексеруі актілері мен хабарламаларын тіркейтін арнаулы журналда тіркеледі. Актінің бір данасы салық төлеушіге тапсырылады. Салық төлеуші актіні алған туралы белгі қоюға міндетті. Салық қызметі органдары хронометраждық зерттеуді аяқтаған соң салық төлеушінің тексерілетін есептілік кезеңін талдау жасап, басқа да салық есептілік нысандармен салыстырып, жеке есеп шоты мен т.б. құжаттардан деректемелер алып салық және басқа да міндетті төлемдерден кемшіліктер байқалатын жағдайларда керек шаралар қолданады.

 

 

Құжаттық тексерісті жүргізуді ұйымдастыру.

Салық тексеруі мынадай түрлерге бөлінеді:

1) құжаттық тексеру;

2) рейдтік тексеру;

3) хорнометраждық тексеру;

Құжаттық тексеріс – салықтық тексеріс түрлерінің маңызды және ең қиынтарының бірі болып табылады.

Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:

1) кешенді тексеру - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;

2) тақырыптық тексеру - салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;

міндетті зейнет ақы жарналарын жинақтаушы зейнет ақы қорларына және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және уақытылы ұстап қалуды және есептеуді;

банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;

трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша;

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша тексеру;

3) қарсы тексеру - егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.

 

Семинар сабағының жоспары:

Тақырып № 7. Салық тексерістері, түрлері мен ұйымдастыру ерекшеліктері

Қаралатын сұрақтар:

1 Cалық тексерістерінің мәні мен түрлері

2 Хронометраждық зерттеу және оның ерекшеліктері

3 Рейдтік тексеріс және оның ерекшеліктері

4 Құжаттық тексеріс және оның ерекшеліктері

 

2 Тест сұрақтары:

1. Хронометраждық зерттеуді салық қызметі органдарының қай бөлімі жүзеге асырады:

А) салық төлеушімен жұмыс істеу бөлімі;

Б) салық аудиті бөлімі; В) салықтарды еріксіз өндіру бөлімі;

Г) құқықтық қамтамасыз ету бөлімі;

Д) ұйымдастыру бақылау бөлімі;

2. Рейдтік тексеріс жүргізу мерзімі:

А) 10 жұмыс күні; Б) 15 жұмыс күні В) 10 күнтізбелік күн;

Г) 30 күнтізбелік күн; Д) Салық Кодексіне сәйкес белгіленбеген;

3. Рейдтік тексерістің басталуы:

А) акт толтырылған кез; Б) еркін кесте толтырылған кез;

В) салық төлеушіге нұсқама берілген кез;

Г) салық қызметі органдарында нұсқама шығарылған кез;

Д) мобильді топ ұйымдастырылған кез;

4. Хронометраждық тексеріс соңында құрастырылатын акт қайда тіркеледі:

А) арнаулы журналда; Б) бақылау картасында; В) нұсқамада;

Г) еркін кестеде; Д) кассалық кітапта;

5. Салық бақылауының неше элементі бар:

А) 3 Б) 5 В) 4 Г) 7 Д) 2

 

Тақырып №8. Cалық тексерісін жүргізуді басқару

Қаралатын сұрақтар:







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1247. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия