Студопедия — Жүктіліктің физиологиясы мен патологиясы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жүктіліктің физиологиясы мен патологиясы






 

21. Жүктілікті анықтау мақсатында жасалатын иммунологиялық тест неге негізделеді:

А) эстрогендерге

Б) прогестеронға

В) плацентарлы лактогенге

Г) лютеиндеуші гормонға

Д) хориондық гонадотропинге

 

22. Егер соңғы етеккірдің бірінші күні 10 қаңтарда болса босанудың болжама мерзімін анықтаңыз:

А) 6 қыркүйек

Б) 3 қазан

В) 17 қазан

Г) 11 қараша

Д) 17 сәуір

 

23. Жүктіліктің 20 аптасында жатыр түбі биіктігі деңгейін көрсетіңіз:

А) қасаға деңгейінде

Б) қасаға мен кіндік арасында

В) кіндіктен 2 көлденең саусақ төмен

Г) кіндік деңгейінде

Д) кіндіктен 2 көлденең саусақ жоғары

 

24. Жүктіліктің 36 аптасында жатыр түбінің биіктігі қай жерде орналасады:

А) кіндік пен қасағаның ортасында

Б) кіндік тұсында

В) кіндік пен семсер тәрізді өсіндінің ортасында

Г) семсер тәрізді өсіндіге дейін

Д) семсер тәрізді өсіндіден 2 көлденең саусақ төмен

 

25. Нәрестенің жүрек тондарының аускультациясы жүктіліктің қай мерзімінде жүргізіледі:

А) 16 аптада

Б) 20 аптада

В) 22 аптада

Г) 24 аптада

Д) 25 аптада

 

26. Жатыр түбі биіктігі қасаға деңгейіне сәйкес келсе жүктілік мерзімін анықтаңыз:

А) 5–6 апта

Б) 7–8 апта

В) 9–10 апта

Г) 11-12 апта

Д) 13-14 апта

 

27. Жүктіліктің физиологиялық ағымында алғашқы УДЗ скрининг қай мерзімінде жүргізіледі:

А) 5 аптада

Б) 7 аптада

В) 12 аптада

Г) 16 аптада

Д) 20 аптада

 

28. Леопольд – Левицкийдің екінші тәсілінің мақсаты:

А) кіші жамбас жазықтығы кіреберісіне нәрестенің жатқан бөлігін анықтау

Б) жатыр түбінде нәрестенің жатқан бөлігін анықтау

В) нәрестенің орналасуын, позициясын және түрін анықтау

Г) жатқан бөлікті анықтау

Д) жатыр түбі биіктігі деңгейін анықтау

 

29. Жүктіліктің 40 аптасында және нәрестенің орташа салмағында жатыр түбі биіктігі мен іш айналымы қаншаға тең:

А) 85 және 30 см

Б) 85 және 32 см

В) 90 және 32 см

Г) 95 және 32 см

Д) 105 және 38 см

 

30. Диагональды конъюгата арқылы нені анықтауға болады:

А) шынайы конъюгатаны

Б) сыртқы конъюгатаны

В) кіші жамбасқа кіреберіс жазықтығының тік өлшемі

Г) кіші жамбастың тар жазықтығының тік өлшемі

Д) кіші жамбастың кең жазықтығының тік өлшемі

 

31. Жүктіліктің күмәнді белгілеріне жатады:

А) іштің ақ сызығы бойымен терінің пигментациясы

Б) кіші дәретке жиі бару

В) іштің үлкеюі

Г) жатырдың ұлғаюы

Д) нәрестенің қозғалысы

 

32. Жүктіліктің нақты белгілеріне жатады:

А) қынаптың шырышты қабатының көгеруі

Б) нәрестенің жүрек тондарының аускультациясы

В) емшек ұшы айналасындағы терінің пигментациясы

Г) іштің үлкеюі

Д) етеккірдің тоқтауы

 

33. Нәрестенің болжама салмағын анықтау үшін Жордания формуласын көрсетіңіз:

А) ІА+ЖТБ

Б) ІА+ЖТБ/4

В) ІА*ЖТБ/4

Г) ІА*ЖТБ/4

Д) ІА*ЖТБ

 

34. Distancia spinarum қаншаға тең:

А) 30-31 см

Б) 28-29 см

В) 26-27 см

Г) 25-26 см

Д) 20-21 см

 

35. Нәрестенің ұзынша баспен екінші позицияда орналасуында жүрек тондарының аускультациясы қай жерден тыңдалады:

А) кіндік тұсында, оң жақтан

Б) кіндіктен жоғары, оң жақтан

В) кіндіктен жоғары, сол жақтан

Г) кіндіктен төмен, оң жақтан

Д) кіндіктен төмен, сол жақтан

 

36. Сыртқы `конъюгата қаншаға тең:

А) 18-19 см

Б) 20-21 см

В) 23-24 см

Г) 25-26 см

Д) 28-29 см

 

37. distancia spinarum қандай нүктелер арасында өлшенеді:

А) мықын сүйегі қырының ең алшақ нүктелерінің арасы

Б) мықын сүйегінің алдыңғы-жоғарғы өсінділерінің арасы

В) мықын сүйегінің алдыңғы-төменгі өсінділерінің арасы

Г) мықын сүйегінің артқы-жоғарғы өсінділерінің арасы

Д) мықын сүйегінің артқы-төменгі өсінділерінің арасы

 

38. Михаэлис ромбысының жоғарғы бұрышы төменде көрсетілгендердің қайсысына сәйкес келеді:

А) құйымшаққа

Б) сегізкөз ұшына

В) 5-ші бел омыртқасының қылқан тәрізді өсіндісіне

Г) мықын сүйегінің сол жақ артқы-жоғарғы өсіндісіне

Д) мықын сүйегінің оң жақ артқы-жоғарғы өсіндісіне

 

39. Леопольдтің 3-ші тәсілінің мақсаты неде

А) кіші жамбас қуысының кіреберіс жазықтығына нәрестенің қай бөлігі қойылғанын анықтау үшін

Б) жатыр түбінде нәрестенің қай бөлігінің орналасқанын анықтау үшін

В) орналасуын, позициясын және позиция түрін анықтау үшін

Г) қойылған бөлігіне сипаттау үшін

Д) жатыр түбі деңгейінің биіктігін өлшеу үшін

 

40. Алғашқы босанушы жүктіліктің қай мерзімінде нәрестенің қимылын байқайды:

А) 18 апта

Б) 20 апта

В) 22 апта

Г) 24 апта

Д) 25 апта

 

41. Жүктіліктің гипертензиясы дегеніміз

А) бүйректің созылмалы ауруы

Б) зат алмасуының бұзылысы

В) жүктілік кезінде пайда болатын, полиоргандық жетіспеушілікпен сипатталатын, туғаннан немесе жүктілікті үзгеннен кейін өздігінен жазылатын патология

Г) созылмалы жүрек-қантамыр жетіспеушілігі

Д) жүктілік кезінде пайда болатын созылмалы эндогендік интоксикация

 

42. Ерте токсикоздардың негізгі себептері:

А) жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылысы

Б) асқорыту жүйесінің функциясының бұзылыстары

В) ОНЖ мен ішкі органдардың нервтік-рефлекторлық байланысының бұзылысы

Г) эндокринді жүйенің бұзылысы

Д) бауырдың дезинтоксикациялық қызметінің бұзылысы

 

43. Ерте таксикоздар жүктіліктің қай жартысында пайда болады:

А) босанар алдында

Б) 3-ші триместірінде

В) жүктіліктің бірінші жартысында

Г) 30 апталық жүктіліктен кейін

Д) 20 апталық жүктіліктен кейін

 

44. Жүктіліктегі ерте гестозға не тән:

А) ісіктер

Б) АҚ көт ерілуі

В) ас қорыту жүйесінің бұзылысы

Г) бүйрек функциясының бұзылысы, протейнурия

Д) жоғарыда аталғандардың барлығы

 

45. Ерте гестоздың жиі кездесетін клиникалық формалары:

А)

Б) құсы

В) дерматоз

Г) остеомаляция

Д) сілекей ағу

 

46. Әйелдің жүктілігінің 8-9 аптасында жүрек айну, тәулігіне (жиі тамақтанғаннан соң) 2-3 рет құсу, ащы-қышқылға тәбетінің артуы п.б. Жалпы жағдайы, температура, диурезі қалыпты. Диагноз?

А) сау, ал құсу жүктіліктің белгісі

Б) құсудың жеңіл түрі

В) құсудың ауыр түрі

Г) жүктіліктің шамадан артық құсық түрі

Д) дұрыс жауап жоқ

 

47. Жүктілік кезінде құсудың жеңіл түріндегі дәрігердің тактикасы

А) бірден ауруханаға жатқызып, 2000,0-2500,0 мл сұйықтықтан кем емес инфузионды комплексті терапия жасау

Б) емді қажет етпейді

В) госпитализация міндетті емес, тамақтануына бағытталған амбулаторлық ем қолдану керек

Г) госпитализация, жалпы ем, ОНЖ-нің функциясына бағытталған терапия

 

48. 8-9 апталық жүкті әйел жиі мазалайтын жүрек айнуына, күніне 10-12 рет болатын құсыққа шғымданады. Тәбеті төмен, салмағын жоғалтқан, температурасы субфебрильді, артериялық гипотония, диурез төмен, ацетонурия. Диагноз?

А) құсудың жеңіл түрі

Б) сау, ал құсу жүктіліктің белгісі

В) құсудың ауыр түрі

Г) құсудың орташа түрі

Д) дұрыс жауап жоқ

 

49. Жүктілік кезінде құсудың орташа түріндегі дәрігердің тактикасы

А) емді қажет етпейді

Б) госпитализация, жалпы ем, ОНЖ-нің функциясына бағытталған терапия

В) жедел госпитализация, жүктілікті тоқтатуға арналған комплексті терапия

Г) емді қажет етпейді

Д) тамақтануына бағытталған амбулаторлық ем қолдану керек

 

50. Әйелдің жүктілігінің 8-9 аптасында құсу 20 және жоғары, тағам сіңбейді, гипотония, салмағын көп жоғалтқан, пульс 100 уд. в мин. Диурез төмендеген, қалдық азот артқан, креатинурия, ацетонурия - 4+. Диагноз?

А) құсудың жеңіл түрі

Б) бүйрек жетіспеушілігі - олигурия, интоксикация

В) құсудың орташа түрі

Г) құсудың ауыр түрі

Д) бауыр жетіспеушілігі, холециститтің асқынуы

 

51. Жүктілік кезінде құсудың ауыр түріндегі дәрігердің тактикасы

А) госпитализация, жалпы ем, ОНЖ-нің функциясына бағытталған терапия

Б) жедел госпитализация, жүктілікті тоқтатуға арналған комплексті терапия, гиповолемиямен күрес

В) нефролог, гепатолог мамандарымен жедел кеңес, гемодиализ бөліміне ауыстыруын шешу

Г) жүктілікті үзбей, интенсивті-, гипнозо-, рефлексо-терапя гипербариялық оксигенация қолдану

Д) емді қажет етпейді

 

52. Жүктілерде құсықты тоқтату үшін тиімді препарат:

А) баралгин, но-шпа;

Б) триоксазин;

В) дроперидол, аминазин;

Г) седуксен, андоксин;

Д) дұрыс жауап жоқ

 

53. Құсу кезінде жүктіллерде қай инфузионды орта тиімді:

А) Рингера-Локка ерітіндісі

Б) плазма

В) 5-20% глюкоза ерітіндісі

Г) төмен және орташа-молекулалық декстран

Д) аталғандардың барлығы

54. 9-10 апталық жүкті әйелдің суйектерінде, бұлшық еттерінде, белінде ауру сезімі, жүрісінің өзгеруі, парастезият п.б. Диагноз?

А) радикулит;

Б) симфизит;

В) остеопатия

Г) жүктілікке қалыпты жағдай

Д) жүктілікті үзуге қауіп

 

55. Жүктілік кезінде пайда болған остеопатияда дәрігердің тактикасы

А) емді қажет етпейді

Б) госпитализация, тексеру, мамандар консультациясы

В)) госпитализация міндетті емес, тамақтануына бағытталған амбулаторлық ем қолдану керек, микроэлементтерді қалпына келтіру, витамин және балық майын беру

Г) жүктілікті үзуге қауіп

Д) жамбас жіне бел аймағындағы сүйектердің рентгенографиясы

 

56. Жүктілік кезіндегі гипертензияға жатады:

А) систолалық қысымның 140 мм.рт.ст. артуы

Б) диастолалық қысымның 90 мм.рт.ст. артуы

В) АҚ 100 мм.рт.ст артуы

Г) АҚ 140/90 мм.рт.ст дейін бір рет жетуі

Д) систолалық қысымның алғашқы қалпынан 15 мм.рт.ст артуы

 

57. Жүкті әйелдің гипертензиясында келесі патологиялық механизмдер болады:

А) циркуляциялық қан көлемінің төмендеуі

Б) циркуляциялық плазма көлемінің төмендеуі

В) циркуляциялық эритроциттер көлемінің артуы

Г) қанның қоюлануының артуы

Д) циркуляциялық қан көлемінің артуы

 

58. ОАҚ(орташа артериялық қысым) қалай анықтайды:

А) систолалық және диастолалық АҚ арасындағы айырмашылықпен

Б) (АД сист. + 2АД диаст.) / 3

В) АҚ көрсеткішінің ассиметриясының айырмашылыңынан

Г) АҚ физикалық жүктемеге ьдейін және кейінгі айырмашылықтардан

Д) АҚ арасындагы 15 мин интервалмен өлшенген орташа арифметика

 

59. Преэклампсияның ауыр өтуінің көрсеткіштері:

А) гипокоагуляция;

Б) гиперкоагуляция;

В) повышение диуреза;

Г) тромбоцитопения;

Д) олигоурия.

 

60. Жүктіліктің гипертензиясына тән белгілер:

А) тромбоз;

Б) геморрагия;

В) ишемия;

Г) қан ағысының артуы

Д) антигендік функцияның төмендеуі

61. Жүктіліктің 2-ші жартысында әйелдің салмағы бірден артса болжау керек:

А) ірі нәресте

Б) преэклампсия

В) көпсулылық

Г) көпұрықтық

Д) семіру

 

62.Жүктілік кезіндегі гипертензияның негізгі клиникалық белгілері:

А) жүрек айну

Б) құсу

В) ісіну

Г) диспепсиялық бұзылыстар

Д) протеинурия

 

63.Эклампсияға мінездеме:

А) тоникалық тырысу

Б)клоникалық тырысу

В) тырысу синдромының болмауы

Г)комалық жағдай

Д)жүйке жүйесінің жоғары дәрежеде қозуы

 

64. Преэклампсияның ауыр түріндегі мүмкін асқынулар

А) миға қан кету

Б) жедел майлы гепатоз

В) жедел тыныс жетіспеушілік

Г) психоз

Д) диспепсия

 

65. Преэклампсияның ауыр түрінде босанудың оптимальды нұсқалары

А) акушерлік қысқыш салу

Б) өзіндік босану

В) кесарь тілігі

Г) ұрықты вакуум арқылы алу

Д) жүктілікті үзу

 

66.28апталық қайта жүктілік кезінде алдыңғы құрсақ ішілік қабырғаларының ісінуі, АҚ 160\100см.с.б, 170\100см.с.б. Зәрдегі белок 0,66г\л. Диагноз қойыңыз:

А) гипертониялық ауру

Б) преэклампсияның жеңіл түрі

В) преэклампсияның орташа түрі

Г) преэклампсияның ауыр түрі

Д) созылмалы пиелонефрит ауруында

 

67. 28апталық қайта жүктілік кезінде алдыңғы құрсақ ішілік қабырғаларының ісінуі, АҚ 160\100см.с.б, 170\100см.с.б. Зәрдегі белок 0,66г\л.. Диагноз: жүктіліктің 28 аптасы, преэклампсияның орташа түрі. Дәрігер тактикасы:

А) емдеуді керек етпейді

Б) перзетханаға госпитализация

В) гипотензивті препараттар енгізу

Г) 1 аптадан кейін қабылдау

Д) күндізгі стационарда емдеу

 

68. Жүкті әйел перзентханаға ес түссіз түсті. Туысқандарының айтуынша тұмаумен ауырған, басы ауырған, денесінің төменгі бөлігінде ісіну пайда болды. Күндіз тырысу болды. Науқастың жағдайы ауыр,есі жоқ. АҚ 180\100см.с.б, 190\100 см.с.б. жүктіліктің 31-32 аптасы. Ұрық бас бөлігімен. Ұрықтың жүрек соғысы мин 140рет. Катетер арқылы зәрі 10мл, мөлдір емес.Диагноз қойыңыз:

А) жүктіліктің 31-32 апталығы.Тұмаудан кейінгі менингит

Б)жүктіліктің 31-32 апталығы. Преэклампсияның жеңіл түрі

В) жүктіліктің 31-32 апталығы. Преэклампсияның орташа түрі

Г) жүктіліктің 31-32 апталығы. Эклампсия, кома

Д) жүктіліктің 31-32 апталығы. Тұмаудың асқынуы

 

69. Диагноз: жүктіліктің 31-32 апталығы. Преэклампсияның орташа түрі. Акушерлік тактика:

А) әйелдер кеңесі, неврапатолог,

Б) гипотензивті препараттар енгізу

В) ИВЛ, кесар тілігі

Г) инфузионды терапия, азот тотығымен наркоз

Д) 5-7 күн симптомды ем

 

70. Жүрек қан тамыр аурулары кезінде жүктіліктің өзгерістері:

А) қан айналымы жоғарылайды

Б) қан лақтыру көлемі жоғарылайды

В) жүрек жиырылғыштығы жоғарылайды

Г) веноздық қысымның жоғарылауы

Д) барлық жауап дұрыс

 

71. жүктіліктің соңында қан айналым көлемі ұлғаяды:

А) 5%

Б)10%

В)15%

Г)20%

Д)35%

 

72. Жүктіліктің соңында плазманың көлемінің ұлғаюы:

А)10%

Б)20%

В)30%

Г)40%

Д)50%

 

73.Жүктіліктің соңында эритроцит көлемінің ұлғаюы:

А)3

Б)5

В)10

Г)18

Д) ұлғаймайды

 

74. Жүктілік кезінде ОҚК ұлғаюы:

А) жүктілік басталысымен

Б)жүктіліктің 5 аптасынан

В) жүктіліктің 10 аптасынан

Г) жүктіліктің 15 аптасынан

Д) жүктіліктің 20 аптасынан

 

75. Жүктілік кезінде ОҚК шыңына жетуі:

А)20 аптада

Б)26аптада

В)28 аптада

Г)36 аптада

Д)босану кезінде

 

76.Жүктіліктің үшінші триместрінде жүрек соғу жылдамдығы ұлғаяды:

А)минутына5-6 соққы

Б)минутына 8-10 соққы

В)минутына 11-15 соққы

Г)минутына 15-20 соққы

Д) минутына20-25 соққы

 

77. Жүктілік кезінде жүректің жиырылуы

А) өзгермейді

Б) брадикардия

В) тахикардия

Г) барлық жауап дұрыс

Д) аритмия

 

78. Жүктілік кезінде жүрек қантамыр ауруларының жиі кездесетін түрлері:

А) туа біткен жүрек ақауы

Б) жүре пайда болған ревматикалық жүрек ақауы

В) гипертониялық ауру

Г) миокард ауыруы

Д) артериялық гипотония

 

79. Артериялық гипотония диагнозын АҚ қай деңгейінде қойылады:

А)105\70

Б)110\60

В)100\60

Г)90\50

Д)95\60

 

80. Жүре пайда болған ревматикалық жүрек ақауында жүкті болуға болатын жағдайлар:

А) митральды стеноз

Б) митральды жүрек ақауы мен стеноздың комбинирленген түрі

В) митральды қақпақшаның жетіспеуі

Г) аортальды ақаудың сол жақ қарыншамен дилятациясы

Д) үш жармалы қақпақша жетіспеушілігі

 

 

81. Қандай жүре пайда болған жүрек ақауында жүкті болуға болады?

А) Фалло тетрадасы

Б) Элзенленгер комплексі

В) аорта коарктациясы

Г) жүрекше арлықтың ақауы

Д) туа пайда болған жүрек ақауының толық емес хирургиялық коррекциясыΙ

 

82.Миокард ауруында жүкті болуға болады?

А) жедел және жеделдеу миокардит

Б) қан айналым бұзылуынсыз созылмалы миокардит

В) миокардиодистрофия, миокардиосклероз, аритмия

Г) қан айналым бұзылуымен жүретін миокардит

Д) қан айналым бұзылуымен жүретін созылмалы миокардит

 

83. Гипертензия ауруының қай кезеңінде жүкті болуға тиым салынады?

А)Ι-А

Б)Ι –Б

В) ΙΙ -А

Г)ΙΙ –Б; ΙΙΙ

Д) барлық жауап дұрыс

 

84.ΙΙ госпитализация жүрек қан тамыр ауруында жүктіліктің қай аптасында жүргізіледі?

А)15-16

Б)20-21

В)24-25

Г)26-32

Д)33-35

 

85. Жүктіліктің қай кезеңінде митральды комиссуратомия жасалады?

А)8-10

Б)10-12

В)12-15

Г)16-32

Д)33-37

 

86. Жүректің қандай ақауында ревматизмнің активсіз фазасында жүректің толық компенсациясы толғақ тоқтатылуына көрсеткіш болады?

А) Митральды қақпақшаның жетіспеушілігі

Б) жүректің митральды ақауы мен жеткіліксіздігі бірігуі

В) жүректің аортальды ақауы;

Г) митральды ақау стеноздың басымдығымен;

Д) сол жақ венозды саңылаудың шағын стенозы.

 

87.Жүктілік кезінде ревматикалық процестің активті фазасы не түрінде көрінеді:

А) кардит

Б) полиартрит

В) хорея

Г) сақиналы эритема

Д) барлық жауап дұрыс


88.Жүктілік кезінде ревматикалық процестің активтілігін клинико-лабораторлық көрсеткіштер көрсетеді, мынадан басқасы:

А)дифениламиндік реакция көрсеткішінің 0,23ед-тен жоғарылауы;

Б) сиал тестінің 0,20 ед-тен жоғарылауы;

В) С –реактивті белоктың пайда болуы(+);

Г) стрептококкты антидене титрі 1:250 жоғары;

Д) антистрептогиалуронидаза титрі 1:350 жоғары.

 

89.Жүктілерде ревматикалық процестің активтілігін мына лабораторлық көрсеткіштер көрсетеді:

А) гипохромды анемия лейкоцитоз 7000, ЭТЖ 25-30 мм/сағ;

Б) гипохромды анемия лейкоцитоз 8000-10000, ЭТЖ 30-34 мм/сағ;

В) гипохромды анемия лейкоцитоз 12000 жоғары, ЭТЖ 35-40 мм/сағ;

Г) Қанда фибриногеннің жоғарылауы;

Д) С-реактивті белоктың пайда болуы.

 

90.Төменде көрсетілген жүрек аурулары жүктілікке қарсы көрсеткіштері, біреуінен басқасы:

А)қанайналым жетіспеушілігімен көрінетін қақпақшалардың анатомиялық ақауы

Б) митральды стеноздың жүректің басқа ақауымен бірге көрінуі;

В комиссуротомиядан кейінгі рестеноз;

Г) жүрекшеаралық қалқа дефектісі;

Д) жүрек қақпақшаларын протездеуден кейін

 

91.Қанайналым жетіспеушілігінің 1-сатысы қандай клиникалық симптомдармен сипатталады:

А) тыныштық кезде ентікпе және жүрек дүрсілі көрінуі

Б) физикалық күш түскен кезде ентікпе және жүрек дүрсілі пайда болуы

В)ентікпе және жүрек дүрсілі, өкпеде өзгерістер болуы

Г) ентікпе, жүрек дүрсілі,ісіну;

Д) ентікпе, жүрек дүрсілі, ісіну,бауырдың ұлғаюы, өкпеде өзгерістер.

 

92.Көрсетілген клиникалық симптомдардың қайсысы жүрек ақауында қанайналым бұзылысының II-Б сатысына алып келеді:

А) тыныштық кезде ентікпе және жүрек дүрсілі көрінуі

Б) физикалық күш түскен кезде ентікпе және жүрек дүрсілі пайда болуы

В)ентікпе және жүрек дүрсілі, өкпеде өзгерістер болуы

Г) ентікпе, жүрек дүрсілі,ісіну;

Д) ентікпе, жүрек дүрсілі, ісіну,бауырдың ұлғаюы, өкпеде өзгерістер.

 

93.Қанайналымы бұзылыссыз, жүрек-қантамыр жүйесінің ауруымен жүкті әйелдерді қанша рет ауруханаға жатқызу міндетті?

А)1 рет;

Б)2 рет;

В)3 рет;

Г)4 рет;

Д)5 рет.

 

94.Бронхоэктикалық аурудың белгісі:

А) таңертең шырышты іріңді қақырық бөлінуі;

Б)құрғақ үзік үзік жөтел;

В) өкпе перкуссиясында Дамуазо сызығының анықталуы;

Г)өкпе тіндерінде қуыс пайда болуы;

Д) жиі қанқақыру.

 

95.Бронхоэктатикалық ауру диагностикасына қай әдіс тиімді:

А) бронхография;

Б) бронхоскопия;

В) қақырық бак. посев;

Г) ФВД тексеру;

Д) кеуде клеткасына рентгенографиялық шолу;

 

96.Ауруханаға 46 жасар Ш. Есімді кісі бронхоэктатикалық аурудың асқынған сатысы диагнозымен түсті. Емдеу әдісі:

А)бронхоскопиялық емдеу антибиотиктер енгізумен бірге;

Б) кең спектрлі антибиотиктермен кезекті ем (парентеральді);

В)Селективті емес бета-блокаторларды қабылдау;

Г) жүрек гликозидтері

 

97.Ауруханаға 46 жасар Н жатқызылды. Шағымдары: ауыз толған қақырықты жөтел, қан қақыру. Обьективті тексергенде:тері жамылғысының бозаруы, өкпеде ауыр тыныс, көлемді және орташа көпіршікті ылғалды сырыл байқалады. Науқасты тексеруді қай әдістен бастау керек?

А) бронхоскопия;

Б) бронхография;

В) спирография;

Г) кеуде клеткасы ағзаларына рентгенографиялық шолу;

Д) өкпе түбірі арқылы томография.

 

98. Өкпе абцесі кезіндегі қақырыққа мінездеме:

А)сасық іріңді;

Б) үш қабатқа бөлінеді;

В) «тотық түсті»;

Г) мардымсыз, шыны тәріздес.

 

99. Созылмалы дуодениттің негізгі клиникалық симптомдары:

А) ауру сезімі

Б)түнде және ашығу кезінде ауру сезімі

В) кекіру

Г) қыжыл

Д) жүрек айну

Е) тері сарғаюы

 

100. Созылмалы дуодениттің ең сенімді диагностикалық әдісі

А) асқазан ішек жолдарының рентгенографиясы

Б) Эндоскопия

В) ультрадыбысты зерттеу

Г) лапароскопия

Д) лабораторлық зерттеу

 

101.Қазіргі уақытта асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының этиологиялық факторы болып табылады:

А) Helicobacter pylori;

Б) гемолитикалық стрептококк;

В) көкірің таяқшасы;

Г)алтынды стафилококк;

Д) клостридия.

 

102.Дені сау адамда хеликобактериялар (Helicobacter pylori) асқазанында мекендейді, және қай жерде кездеспейді:

А) он екі елі ішек;

Б) өңеш;

В) ауыз қуысы;

Г) өт қапшығы;

Д) өт жолы.

 

103. Ойық жара перфорациясы сипатталады кенеттен пайда болған:

А) эпигастрий аймағында қатты ауру сезімі;

Б) оң жақ қабырға астындағы қатты ауру сезімі;

В)эпигастрий аймағында ауру сезімі;

Г)кеудеде сыздаған ауру сезімі;

Д) барлық жауап дұрыс.

 

104.Жүктілік кезеңінде ойық жара ауруының клиникалық белгілері анықталады:

А) ойық жара оқшаулануы

Б) организмнің жалпы жағдайы

В) жасы

Г) жиі асқынуы

Д) жүктілік гипертензиясы

Е босану тәсілі.

 

105.Созылмалы панкреатит емі мына принциптермен қабаттасады

А)амбулаторлық жағдайдағы ем

Б)шокты болдырмау және емдеу

В) инфекцияның профилактикасы мен емі

Г)ұйқы безі жаншылуы

Д)жансыздандыру, ауырсыздандыру

Е) хирургиялық асқыну емі

 

106.науқас жағдайын бақылау үшін қажет:

А)пульс көрсеткіші

Б) артериальдық қысым

В)өкпе аускультациясы

Г) ұцқы безі пальпациясы

Д) термометрия

Е) бактериологиялық зерттеу

 

107. Қажетті лабораторлық зерттеу әдістері

А)жалпы қан анализі (гематокрит)

Б) мочевина

В) креатинин

Г) қант

Д) жалпы белок

Е) қандағы кальций деңгейі

Ж)қанда рН көрсеткіші, парциальді қан қысымы СО2 және О2

З) ПЦР

 

108.Симптомо-комплекс HELLP-синдромы сипатталады

А) гемолиз (H-hemolisis)

Б) бауырда фермент деңгейі жоғарылауы (EL-elevated liver enzymes)

В) тромбоцитопения(LP-low playelet cont)

Г) лейкоцитоз

Д) лейкопения

 

109.Клиникалық HELLP-синдромы пайда болады:

А) бастың ауыруы

Б) жүрек айну, құсу

В)қақырықты жөтел

Г) оң жақ қабырға астында және эпигастрий аймағында ауру сезімі

Д) сарғаю

Ж)қан құсу, инъекция аймағында қанталау

Е) бауыр жетіспеушілігі.

 

110.Жүкті әйелдерде бауырішілік холестаз кезіндегі лабораторлық биохимиялық зерттеулердің ерекшеліктері

А) дене температурасының көтерілуі

Б)қан сары суында билирубин мөлшері бес есе жоғарылауы

В) өт қышқылы жоғарылауы (10-100 есе)

Г) фосфатаза көбеюі (7-10есе)

 

111. Пиелонефрит дегеніміз

А) бүйрек каналдарының зақымдануы

Б) бүйректің клубочка аппаратының зақымдануы

В) инфекционно-воспалительный процесс с преимущественным поражением интерстициальной ткани. канальцевого аппарата и стенок чашечно-лоханочной системы;

Г)клубочко аппаратының инфекциалы-аллергиялық зақымдануы

Д) Қуықтың зақымдалуымен сипатталатын инфекциялық-қабынулық процесс

 

112. Қандай пиелонефриттің дамуын жиі шақырады?

А) А тобының стрептакогы

Б) В тобының стрептокогы

В) энтерабактерий тобының микроорганизмдері (ішек таяқшалары,клебсиелла, протей)

Г) стафилакок

Д) энтеракок


113. Жүктіліктің бірінші триместіріндегі жедел пиелонефриттің емінде қандай антибиотиктер қолданылады?

А) пенициллин

Б) жартылай синтетикалық пенициллин

В) аминогликозоидтер

Г) цефолоспориндер

Д) макролидтер

 

114. пиелонефриттің қандай түрінде жүкті болуға болмайды?

А) асқынбаған пиелонефрит, жүктілік кезіндегі

Б) соэылмалы пиелонефрит, жүктілікке дейінгі

В)

Г)созылмалы интерстициальді пиелонефрит

Д) созылмалы пиелонефриттің асқынуы

115. Гломерулонефриттің дамуын қандай қоздырғыштар шақырады?

А) ішек таяқшасы

Б) бета-гемолетикалық стрептакок

В) стафилакок

Г) энтеракок

Д) зең саңырауқұлақ

 

116. Нефротикалық гломерулонефритке тән емес белгіні ата?

А)протеинурия

Б)гипопротеинемия

В) ҚҚ көтерілуі

Г)гиперхолестеринэмия

Д) ісік

 

117. Созылмалы гломерулонефриттің қандай түрінде: гипертензия, протеинурия, гематурия орын алады

А)нефротикалық

Б)гипертоникалық

В)аралас

Г)латентті

Д) ошақты гломерулонефрит

 

118. Созылмалы гломерулонефриттің латентті түріне тән белгілер:

А) гипертония

Б) ісік

В) гипопротеинэмия

Г) микоропротеинэмия, микрогемотурия, цилиндр бірліктері

Д)гиперхолестеринэмия

 

119. Тетрада симптомы созылмалы гломерулонефриттің қандай түріне тән (ісіктер гипертония, гипопротеинемия, протеинурия)

А) гипертоникалық

Б) нефротикалық

В) аралас

Д) ошақты гломерулонефрит

120. созылмалы пиелонефриттің қандай түрінде өмір сүру ұзақтығы 5 жыл

А) гипертоникалық

Б) нефротикалық

В) аралас

Г) латентті

Д) ошақты

 

121. Созылмалы гломерулонефриттің қандай түрінде жүкті болуға болмайды?

А) латентті

Б) нефротикалық

В) гипертоникалық

Г) ошақты гломерулонефрит

Д) гипертоникалық және созылмалы гломерулонефриттің аралас түрі

 

122.Жүктілік кезінде пиелонефритті емдеуде, ауру қайталануы мүмкін жағдайда алдын алуға, жүктілік гипертензиясын емдеуде қолданылатын препарат

А) антибиотик;

Б) инфузиондытерапия;

В) нитрофурандар;

Г) сульфаниламидтер;

Д) бактерилық қасиеті бар емдік өсімдіктер

 

123. Жүктіліктегі пиелонефритпен ауыратындардың жиілігі

А) 1-3%

Б)4-6%

В) 6-12%

Г)12-15%

Д)15-20%

 

124. Жүктіліктің қандай мерзімінде пиелонефрит жиі дамиды?

А) 2-3 ай

Б) 3-5 ай

В) 5-8 ай

Г)8-9 ай

Д) босану кезінде

 

125. Жедел пиелонефритті емдемегенде немесе дұрыс емделмеген жағдайда,қанша уақытта созылмалы түріне ауысады?

А)1 апта

Б)2 апта

В)1 ай

Г) 2 ай

Д) 3 ай

 

126. Дені сау әйелдің зәрінің қалыпты көрсеткіші Ничепоренко әдісі бойынша?

А) лейкоцит 2000, эритроцит 1000дейін, цилиндр о;

Б) лейкоцит 4000, эритроцит 2000дейін, цилиндр 1-2;

В) лейкоцит5000, эритроцит 3000дейін, цилиндр 3-4;

Г) лейкоцит 6000, эритроцит 4000дейін, цилиндр 4-5;

Д) лейкоцит 7000, эритроцит5000дейін, цилиндр5-7;

 

127. Зәр шығару жолдарының көптеген инфекциялары бактериурия шақырады,микроб клеткалары 1мл несепте қаншаға көтеріледі?

А) 10.000 микроб клеткалары;

Б) 20.000 микроб клеткалары;

В) 30.000 микроб клеткалары;

Г) 50.000 микроб клеткалары;

Д) 100.000 микроб клеткалары

 

128. Дені сау адамның таңғы зәрінің тығыздығының ара-қатынасы

А) 1,005, -1,010дейін;

Б) 1,015, -1,026дейін;

В) 1,020, -1,030дейін;

Г) 1,030, -1,040дейін;

Д) 1.040, -1,050дейін.

 

129.Жүктілік кезінде пиелонефриттің оң жақтық түрі немен түсіндіріледі?

А) несепағардың қысымының жоғарылыуынан, жатырдың оң жағына әсер етуі

Б)жоғарғы несеп шығару жолдарының уродинамикасының бұзылуымен;

В) организмде инфекция ошағы болуы;

Г) Оң аналық без венасымен несепағардың қысылуы. Бұл вена жүктілік кезде варикозды үлкейеді. Несепағармен вена бірбірімен дәнекер тінмен футлярлы байланыста болады.

Д)Жыныс және кортикостероидты гормондардың күрт жоғарлауымен.

 

130.Жүктілікте гломерулонефрит қаншалықты кездеседі

А) 0,01-0,02%

Б) 0,1-0,2%

В) 0,02-·0,03%;

Г) 0,2-0,3%;

Д) 0,3-0,4%.

 

131.Қалқанша безінің дисфункциясы жүктіліктің қандай асқынуларына алып келеді

А)төзімсіздік

Б)гестоздар

В)өлі туылу

Г)даму ақаулары

Д)барлығы дұрыс

 

132.Жүктіліктің қай мерзімінде нәрестенің қалқанша безі өз функциясын атқара бастайды

А) 5-6 апта

Б) 12-16 апта

В) 25-28 апта

Г) 32-34 апта

Д) 38-39 апта

 

133.Жүктілік кезіндегі диффузды токсикалық зобқа тән шағымдар

А)жүрек қағуы

Б)аушланғыштық

В)қолдың дірілдеуі

Г)терінің құрғауы

 

134.Жүктіліктегі диффузды токсикалық зобқа тән емес

А)суетливость

Б)қозғалыстың бір қалыпты болмауы

В)тез сөйлеу

Г)сөйлеу қабілетінің баяулауы

 

 

135. Қалқанша безінің функционалды жағдайын анықтау үшін қолданылатын қосымша әдістер:

А) определение свободных и общих фракций тиреоидных гормо-

нов;

Б) УДЗ

В) ЭКГ

Г) пункциялық биопсия

Д) барлығы дұрыс

 

136. Жүкті әйелдердің қалқанша безінің қандай аурында оперативті ем қолданылады?

А) жеңіл дәрежедегі ауырлықтағы дифузды токсикалық зоб

Б) орта дәрежедегі ауырлықтағы дифузды токсикалық зоб

В) Түйінді токсикалық зоб.

Г) жеңіл дәрежедегі ауырлықтағы гипотиреоз

Д) орта дәрежедегі ауырлықтағы гипотиреоз

 

137. Жүктіліктің қай мерзімінде токсикалық зобқа операция жасауды жүзеге асырады?

А) 5-6 апта

Б) 12-14 апта

В) 31-32 апта

Г) 8-10 апта

Д) 24-25 апта

 

138. Гипотиреозға қандай клиникалық белгілер тән емес?

А) Босаңдық, ұйқышылдық.

Б) Есте сақтау қабілетінің төмендеуі.

В) Терінің құрғауы.

Г) Жүйке жүйесінің жоғарғы қозғыштығы.

Г) Тұрақты іш қату.

 

139. Жаңа туылған сәбилердегі гипотиреоздың клиникалық көріністері:

А) Құрғақ, ісінген тері.

Б) Бас сүйегінің «пергаменттілігі.

В) Ауыздың тұрақты ашылып тұруы.

Г) Гипорефлексия.

Д) Жоғарыда аталғандардың барлығы.

 

140. Жүктілікті үзу мына жағдайда көрсетіледі

А) Дифузды токсикалық зобтың жеңіл түрінде.

Б) орта дәрежедегі ауырлықтағы токсикалық зобта.

В) Дифузды токсикалық зобтың ауыр түрі

Г) Зобтың түйінді түрінде.

Д) Жоғарыда аталғандардың бәрі.

 

141. Жүктіліне 8-9 апта болған 25 жастағы әйел акушерге қаралды. 2 жыл бұрын түйінді токсикалық зоб дигнозымен операция жасалған. Операциядан кейін тироксин қабылдаған. Жалпы жағдайы қалыпты, терісі құрғақ. Тері және шырышты жабындысы бозғылт. Тамыр соғысы минутына 60 рет, ырғақты. Жүктілік кезінде қандай асқынулар болуы мүммкін?

А)көтере алмаушылық

Б) жүктілік гипертензиясы

В)ұрықтың құрсақ ішілік өлімі

Г)анемия

Д)жоғарыда аталғандардың брлығы

 

142.Берілген сатыдағы д&#







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 5434. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия