Студопедия — Кокшетауский ранний – Ақтөбе, Батыс Қазақстан, СҚО, Қарағанды облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кокшетауский ранний – Ақтөбе, Батыс Қазақстан, СҚО, Қарағанды облыстарында өсіруге рұқсат етілген.






Ақкөл – Солтүстік Қазақстан облысында өсіруге рұқсат етілген.

Просвит – Ақмола, Қостанай облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Фреско – Ақмола, Қостанай облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Ярла – Алматы, Павлодар облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Ортадан ерте пісетіндер: Невский Ресейдің Солтүстік-Батыс АШҒЗИ-да сортаралық шағылыстыру тәсілімен шығарылған. Ортадан ерте пісетін сорт. Асханалық, жоғары өнімді, пәрменді типтегі сорт. Саңырауқұлақ, бактериялық ауруларға төзімді. Түйнектері ақ түсті, ұсақ көзшелері бар, домалақтау-сопақ пішінді, крахмалдығы орташа. Дәмдік сапасы мен сақталуы жақсы. Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Мурманский. Ортадан ерте пісетін асханалық сорт, дәмдік сапасы жақсы. Сорт рак ауруларға төзімді, бірақ фитофтора, сабақ нематодасы және вирус ауруларымен залалданады. Сабақтары негізінде күлгін түсті. Гүлдері ақ, түйнектері ақ түсті, домалақ пішінді. Ақмола, Қарағанды облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Шортандинский – Қазақ АШҒЗИ мен Қазкартоп шаруашылығы ҒЗИ клондық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Ортадан ерте пісетін, асханалық, өнімі ортадан жоғары, аурулармен әлсіз залалданады, қуаншылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Түйнектері ақ, домалақ пішінді, көзшелері орташа тереңдікте, жұмсағы ақ түсті, крахмалдығы орташа, дәмдік сапасы мен сақталуы жақсы. Ақмола, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Огонек – ортадан ерте пісетін асханалық сорт. Рак ауруына төзімді. Дәмдік сапасы мен сақталуы жақсы. Түйнектері ақ, домалақтау-сопақ пішінді, жұмсағы ақ, қабығы тегіс. Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Акколь – Солтүстік Қазақстан облысында өсіруге рұқсат етілген.

Никита – Қостанай облысында өсіруге рұқсат етілген.

Тамаша – Алматы, Қарағанды облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Эскорт – Ақмола, Қостанай облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Романо – Шығыс Қазақстан облысында өсіруге рұқсат етілген.

Тениз – Жамбыл, Қызылорда облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Розара – Алматы облысында өсіруге рұқсат етілген

Орташа мерзімде пісетіндер. Ақсор – Алматы, Қызыл-Орда, Павлодар облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Гатчинский – Жамбыл облысында өсіруге рұқсат етілген.

Ресурс – Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Тамыр – Жамбыл, Қызыл орда облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Ортадан кеш пісетіндер. Ақжар – Ақтөбе, Қостанай облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Курант 1 – Қостанай облысында өсіруге рұқсат етілген.

Лорх – Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Халық шаруашылығында пайдалану бағытына қарай картоп сорттары 5 топқа бөлінеді:

- асханалық;

- техникалық;

- асханалық-техникалық;

- мал азықтық;

- әмбебап.

Асханалық сорттардың;түйнектері дұрыс пішінді, дәмдік сапасы мен сақталуы жақсы, тез піседі, бірақ үгітілмейді, көзшелері тайыз орналасқан (бұлар әдетте ерте және орташа мерзімде пісетін сорттар).

Техникалық (зауыттық) – әдетте кеш пісетін сорттар, крахмалдығы жоғары (20%-дан жоғары) және жақсы сақталады.

Асханалық-техникалық; – түйнектері дәмді, жұмсағы қараймайды, жоғары крахмалды. Олар өндірістік өңдеу мен тағамдық мақсаттарға пайдаланылады.

Мал азықтық; – бұлар жоғары өнімді сорттар, құрғақ заттар мен белок мол жинақталған.

Әмбебап – сорттар жақсы дәмдік сапасымен және біршама крахмалының молдығымен ерекшеленеді, жан жақты пайдаланылады.

Картоп сорттарын пайдалану бағытына қарай топтау шартты. Көптеген сорттарының дәмдік сапасы жақсы және оның үстіне крахмалдылығы жоғары болуына байланысты техникалық өңдеуге жарамды. Қазақстанда асханалық бағыттағы сорттар басым болуы керек.

Биологиялық ерекшеліктері. Картоп айтарлықтай жылусүйгіш өсімдік. Тыныштық күйден өткен және температурасы 3-50С-дан төмен емес топыраққа отырғызғаннан кейін өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады. Температура +7—8° дейін көтерілгенде түйнектердің қалыпты өнуі байқалады. Әрі қарай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы тсмпература + 16—18° деп есептеледі.

Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5-6°. Олардың максимум өсуі орташа ылғалды топырақта +17—22° температурада байқалады. +25°-тан жоғары температура есімдіктерді әлсірстеді, ассимиляңия процесі баяулайды, ал 42°-тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал. —1—1,5° суықтықта және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік карайып кетеді және өліп қалады. Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ температурасы +16—18°, немесе +22—25° ауа темпе-ратурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы +6°-тан төмен және +23°-тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал +26—29°-та түйнектің тузілуі мүлде тоқтайды.

Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы (+10°-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400—1600°, орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600—1800° ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін — 1800—2000°. Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда 1800—2200° аралығында, ал негізінен 1600°-ден 2600°-қа дейін езгереді. Сондықтан ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады.

Картоп топырақ ылғалдылығына талғампаз. Бүршіктердің өнуі мен өркендердің пайда болуына қажетті ылғал аналық түйнек есебінен қанағаттандырылады. Өсімдік көгінің пайда болуы мен сабақ-жапырактар қалыптасуының алғашқы кезеңінде өсімдіктің ылғалға кажетсінуі шамалы, өйткені жапырақтардың буландыру беті үлкен емес және осы кезеңде олар қуаңшылыққа айтарлықтай төзімді. Өсімдік өсе келе ылғалға қажетсінуі арта түседі де барынша қажетсіну жаппай қауыздану-гүлдену кезеңіне сәйкес келеді, бұл кезде олардың жер бетіндегі массасы жақсы дамыған және тіршілік қызметі жоғары. Бүл кезеңде түйнектер пайда бола бастайды, сондықтан ылғалмен үздіксіз түрде қамтамасыз ету-жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі. Бүл кезеңдегІ судың жетімсіздігі тургордың тәмендеуі мен жапырақтың солып калуына әкеліп соғады, ал мүның өзі фото-синтезге теріс әсерін тигізеді, өнімнің мөлшері мен сапасы төмендейді. Тамырлардың негізгі массасы тараған алаңда осы топырақтың ылғалдылығын ТДЫ 70—80% дәрежесін.де үстағанда өнімнің қорлануына ең қолайлы жағдайлар жасалады.

Өсіп-өну соңында, сабақ пен жапырақтың солып, түйнектің өсуі төмендегенде алғашқы кезеңдерге қарағанда картоптың ылғалға қажетсінуі кемиді. Өсіп-өну кезеңінің соңына карай қалыптасқан жылы әрі қүрғақ ауа-райы түйнектердің түзілуін тездетеді, оларда мықты әрі қалың қабықтың пайда болуына мүмкіндік жасайды, соның нәтижесінде өнімді жинаған кезде түйнектер аз жарақаттанады да қыста жаксы сақталады. Керісінше, жауын-шашынды ауа райы түйнектердің пісуін кешеуілдетеді, оларда жүқа, әлсіз кабық түзіледі, жинаған кезде олар жеңіл жарақаттанады және нашар сақталады.

Топырактағы ылғалдың тым артық мөлшері, оның жөтімсіздігі сияқты картоп өніміне теріс әсерін тигізеді: түйнектер сылбыр өседі, олардағы крахмал мөлшері азаяды, бактериялык және саңырауқүлак ауруларымен залалдану артады.

Метеорология жағдайларына, сорттың ерекшеліктеріне және өсіру әдістеріне байланысты картоптың транспирациялык коэффициенті 330—700 өлшем бірлігінде өзгереді. Орта есеппен 1 кг картоп түйнегін алу ушін 150 л су қажет. Алайда бұл көрсеткіш топырақ қүнарлығы мен механикалық құрамына байланысты өзгереді: кұнарлы саздақ топырақ 85—100 л, құнарсыз құмдак топырақта 160— 200 л дейін көтеріледі.

Солтүстік Қазақстан жағдайында аудандастырылған картоп сорттарының көпшілігінде интенсивті өсу мен түйнек түзу шілденің аяғы, тамыздың бас кезінде болады, бұл жазғы ылғалдың мол түсетін кезіне сәйкес келеді де өнімнің қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Алайда, осы кезеңде қолайсыз ауа-райы қалыптасса (қуаңшылық, жоғары температура), өсімдіктер қысы-лып өседі әрі жекелеген жағдайларда вирусты аурулар да етек алып кетеді. Климаттың мұндай теріс құбылыстары аймақтың оңтустік бөлігінде суарылмайтын жерлерде өсірілетін картопқа қатты әсер етеді.

Картоп-жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетімсіз болғанда сабақ созылып кетеді, жапырақтар сарғаяды, буршіктену мен гүлдену әлсізденеді, өнім қатты төмендейді. Сондыктан алқапқа өсімдікті дұрыс орналастыру арқылы бұтаның жан-жақты жарықталуын қамтамсыз ету кажет, ал бұл фотосинтездің қолайлы жағдайда өтуіне мумкіндік береді. Оптималды отырғызу жиілігін таңдап алу сортқа, отырғызылатын материалдың көлеміне, ылғалмен камтамсыз етілуі мен топырақ құнарлығына байланысты.

Нақты жағдайда бір гектарда 40—50 мың м2 жапырак беті ауданын түзетін картоп жиілігі ең колайлы деп еселтеледі. Картоптың көптеген сорттары сабақ-жапырақтарының дамуы мен гүлдеуіне қарай ұзақ күнді өсімдіктер қатарына жатады.

Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес картоп топырақтың борпылдағына, оның ауа, ылғал өткізгіштігіне жоғары талап қояды, органикалық және минералдық заттарға бай орташа саздақ қышқылдау реакциялы топырақта жақсы өнім береді. Картоптың тамыр жүйесі мен столондарының жақсы дамуына қолайлы ауа режімі тығыздығы 0,9—1,1 г/см3 қара және коңыр топырақта жасалды.

Қатты тығыздалған, әсіресе сортандау — сазды топырақта өсімдік көгі кешігіп (5—7 күн) шығады, өсімдіктердің өсуі тежеледІ, тамыр жүйесі нашар дамиды, топырақтың беткі кабатында шоғырланады да тез өліп қалады. Ауыр сазды топырақтардың тығыздығы 1,3—1,4 г/см3 жеткенде түйнектер киқы-жиқы пішінде түзіледі, азықтық және тұкымдық сапасын жоғалтады әрі нашар сақталады.

Мұның бәрін Солтүстік Қазақстан жағдайында кең тараған механикалық құрамы ауыр топырақта және суармалы жерлерде қатты ескерген жөн, себебі олар жаздың екінші жартысына карай өте тығыздалып калады.

Картопты колайлы мерзімде отырғызғанда оның гүлденуі маусымның соңы және шілденің басында, ал ортадан кеш пісетін сорттарында тіпті шілденің аяғында байқалады. Қалыпты өсіп-өну кезеңінде түйнектің пайда болуы әсіресе аймақтың солтүстік бөлігінде, айтарлықтай агрометеорологиялық қолайлы жағдайларда өтеді.

Солтүстік Қазақстан аймағында көптеген картоп сорттары түйнектерінің ең қарқынды өсуі тамыз айына сәйкес келеді де барлық түйнек өнімінің 60-80%, ал кейбір жылдары 93-95 пайызға дейін жетеді. Ортадан кештеу пісетін сорттарда тіпті қыркүйек айында да, егер ерте күзгі үсік өсіп-өнуді тоқтатып тастамаса, өнімге айтарлықтай салмақ қосылады.

Картоптың құрғақ заттарының құрамында 26 әртүрлі химиялық элементтердің барлығы анықталған. Алайда еліміздің көптеген топырақ-климат аймақтарында, оның ішінде Солтүстік Қазақстанда, картоп үш негізгі элементті – азот, фосфор, калий – қажетсінеді.

Топырақтан қоректік заттарды шығындауы бойынша картоп көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарынан асып түседі. Оның әрбір 100 ц түйнек өнімі орта есеппен топырақтан 50 кг азот, 20 кг фосфор, 70 кг калий қоректік заттарын шығындайды, бұл көрсеткіштер астық дақылдарынан анағұрлым көп. Өсімдіктердің қоректік заттарға қажетсінуі жапырақ-сабағының өсуімен арта түседі де ең жоғарғы деңгейі (максимум) бүрлену-гүлдену кезеңіне, басқаша айтқанда түйнектердің түзілуі мен пәрменді қорлану кезіне сәйкес келеді.

Өсімдіктермен топырақтан қоректік заттарды сіңіру мөлшеріне ауа-райы жағдайлары, топырақ ертіндісінің реакциясы, тыңайтқыш түрлері ж.б. көп әсер етеді. Ылғалды жылдары және суармалы жағдайда картоп құрғақ және суарылмайтын жағдайға қарағанда азот, фосфор, калий қоректік заттарын айтарлықтай көп мөлшерде пайдаланады. Бұл ылғалды топырақта қоректік заттардың жылжымалы түрде болуымен және картоптың жерүсті массасының қарқынды дамуымен түсіндіріледі. Картоп қышқыл ортаның өсімдігі, оған топырақтың су сығындысының (рН) 5,5-6,5 көрсеткіші қоректік заттарды сіңіруге барынша қолайлы деп есептеледі.

Картоптың биологиялық ерекшеліктері мен тіршілік факторларына қажетсінуін және топырақ-климат, метеорологиялық жағдайларды ескере отырып ғылыми негізделген агротехниканы қолдану – бұл маңызды дақылдан мол өнім алудың кепілі.

Картоп өсірудің өндірістік (индустриальная) технологиясы төмендегідей негізгі элементтерді қарастырады:

1) картоп плантациясын дұрыс орналастыру:

2) топырақ өңдеудің дұрыс жүйесін жасау;

3) органикалық және минералды тыңайтқыштардың жеткілікті мөлшерін (нормасын) енгізу;

4) алдын-ала қырқалар тілу;

5) отырғызылатын түйнектерді сапалы дайындау;

6) жоғары өнімді картоп отырғызатын машиналарды пайдаланып дер кезінде және сапалы түрде түйнектерді отырғызу;

7) уақытында күтіп-баптау (агротехникалық және химиялық тәсілдерді тиімді жүргізе отырып арамшөптерге, зиянкестерге, ауруларға қарсы тиімді күрес жүргізу);

8) шабу немесе десикациялау арқылы дер кезінде сабақ-жапырақ массасын аластату;

9) сапалы жинау және түйнектерді жинағаннан кейін сақтауға дайындау.

Картоп плантациясын дұрыс орналастыру (ауыспалы егістер).

Ауыспалы егісте картоптың алғы дақылдарға талаптары топырақ пен климат жағдайларынна байланысты өзгереді. Ылғал жеткілікті аймақтарда өзінен кейін мүмкіндігінше көп тамыр мен аңыз қалдықтарын қалдыратын танаптарды арамшөптерден тазартуға себептесетін және топырақта зиянкеситер, саңырауқұлақ пен бактериялық ауру қоздырғыштарының жинақталуы мен көбеюінің алдын алатын дақылдар жақсы алғы дақылдарға жатады.

Жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі – картоппен қаныққан ауыспалы егіс көлемінің 50-60% дейін сүрі жер – отамалы, шөпті-отамалы дақыл және отамалы дақыл сияқты мамандандырылған ауыспалы егістерді игеру болып табылады. Негізінен картопты Қазақстанда суармалы жерлерде өсіреді және оны жақсы алғы дақылдан кейін орналастырып өсірген дұрыс. Еліміздің солтүстік аудандарында, негізінен кәдімгі оңтүстік қара топырақтарында және ылғал мол түсетін басқа аймақтарда картопты суарылмайтын, тәлімі жерлерде өсіруге болады. Аталған ерекшеліктерді ескере отырып суармалы жағдайда өсірілетін картоп үшін мынадай ауыспалы егістер кескіндері ұсынылады:

1. Көпжылдық шөптер (2 жыл) – картоп – тамыржемістер-картоп;

2. Біржылдық шөптер – картоп – жүгері – картоп;

3. Жүгері – картоп – тамыржемістер – картоп;

4. Қырыққабат(орамжапырақ) – картоп – қияр – картоп – пияз – картоп.

Тәлімі (суарылмайтын) жерлерде;

1. Ықтырмалы сүрі жер – картоп – бидай;

2. Ықтырмалы сүрі жер – картоп – сұлы + бұршақ тұқымдастардың қоспасы – картоп;

3. Ықтырмалы сүрі жер – картоп – жүгері – картоп.

Келтірілген ауыспалы егістер кескіндерін жобалы деп қарастырған дұрыс. Белгілі бір ауыспалы егісті таңдап алу нақты картоп өсірілетін аймақ пен шаруашылық жағдайларына, өсіру мақсаттарына, егістік алқаптардың құрылымына, мамандануына және басқаларға байланысты өзгереді.

Ғылыми мекемелер деректері мен озат шшаруашылықтар тәжірибелеріне қарағанда суармалы жерлерде картоп үшін ең жақсы алғы дақылдар: көпжылдық шөптер, асбұршақ, жүгері, қант қызылшасы және т.б. Сонымен қатар көкөніс дақылдары ішінде қияр, пияз, қырыққабат және бақша дақылдарынан кейін өсірілген картоп өніміжоғары болады. Солтүстік Қазақстан жағдайында және басқа қуаңшылықты аймақтарда суарылмайтын картоп үшін жақсы алғы дақыл ықтырмалы сүр танабы болса, Қазақстанның Оңтүстік шығысында жасыл балаусаға өсірілген асбұршақ пен сұлы қоспасы екені дәлелденген.

Топырақ өңдеу жүйесі. Толыққанды егін көгін алу, пәрменді өсу және даму, қуатты тамыр жүйесін қалыптастыру үшін картопқа борпас, ауа өткізгіш топырақ қажет. Борпас топырақтарда минерализация үрдісі қарқынды жүреді, соған сәйкес сіңімді қоректік заттар мол жинақталады. Тығыз топырақтарда тамыр нашар және беткі қабатта ғана дамиды, әлсіз дамыған тамыр жүйесі өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз ете алмайды, әсіресе жиі қайталанатын қуаншылықта. Сонымен қатар тығыз топырақта ұсақ, деформацияға ұшырған және крахмалдығы төмен түйнектер түзіледі. Бұл ерекшелікті Солтүстік Қазақстанда кең тараған механикалық құрамы ауыр топырақтарда ескерген жөн.

Топырақ өңдеудің нәтижесінде борпас құрылым ғана жасалмайды, сонымен бірге арамшөптер, аурулар мен зиянкестердің жойылуына да алғы шарт жасалады, егіс паясы, органикалық және минералды тыңайтқыштар топыраққа сіңіріледі. Өнімнің қалыптасуына ықпал ететін топырақтың су және жылу ережелері де айтарлықтай реттеледі.

Жүргізу кезегі мен мерзіміне қарай картопқа арнап топырақ өңдеу негізгі (сүрі жер өңдеу немесе сүдігер жырту) және отырғызар алдындағы өңдеуден құралады. Топырақ өңдеу тәсілі мен мерзімі алғы дақылдарға топырақ тығыздығы мен арамшөптермен ластануына және өсіру жағдайларына (суармалы немесе тәлімі жерлерде) байланысты өзгереді.

Суармалы жерлерде сүдігерлік өңдеу кайырмалы соқалармен 30—35 см тереңдікте жүргізіледі және бір мезгілде алқапқа шашылған көң де жыртылып сіңіріледі. Егер алғы дақыл ерте жиналса, онда араңдату мақсатымен топырақты әуелі қопсытқыштармеп өңдейді, соның нәтижесінде арамшөп пен зиянкестердің жойылуына мүмкіндік туады. Егер алғы дақыл кеш жиналса онда алқап бірден жыртылады да, кейіннен өскен арамшөпті қосымша куль-тивация жүргізу арқылы жояды. Көктемде, топырақтың физикалық «пісуі» жеткен кезде негізгі өңдеу бағытына көлденең, немесе айқыш-ұйқыш бағытта орташа ауырлықтағы тісті тырмалармен, немесе ауыр топырақта — ауыр тырмалармен өңдейді. Отырғызар алдындағы топырақ өңдеу жазықтілгіш құралдарымен 18—22 см, ал ауыр саздау топырақта 30 см тереңдікке дейін өңдейді. Көктемде қайырмалы соқалармен қайта жырту жургізілмейді, өйткені ол топырақты кептіріп жібереді және өнімді төмендетеді.

Картопты суармайтын жерлерде өсіргенде топырақты негізгі өңдеу таза сүрі жер дайындау, немесе сүдігер жырту түрінде терең қопсытқыштармен жүргізіледі. Мұнда ылғал корын жинау мен оны сақтау маңызды рөл атқарады. Ерте көктемгі тырмалау БИГ-3 иректісті тырмамен жургізіледі, картопты дәл отырғызар алдында топырақты сыдыра жыртқыштар немесе культиваторлармен 14—16 см тереңдікке қопсытады.

Әсіресе суармалы жерлерде топырақ нашар өңделген болса және алқап беті тегіс болмаса картоп отырғызар алдында тегістегіштердің көмегімен бұл кемшіліктер түзетіледі. Мұның өзі отырғызуды сапалы жүргізуге және түйнектерді оңтайлы тереңдікке сіңіруге мүмкіндік жасайды.

Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Картоп өніміне керекті қоректік заттарға азот, фосфор, калий, кальций, магний, темір, күкірт, бор, марганец және т.б. заттар жатады.

Өсімдік тіршілігінде әрбір қоректік заттың өзіндік орны бар, солардың біреуі жетіспесе өсімдік ойдағыдай өсіп-дамымайды.

О р г а н и к а л ы қ т ы ң а й т қ ы ш т а р.Органикалық тыңайтқыштардың өсімдіктің өнімін көтеру жолындағы маңызы өте зор. Себебі олар өсімдікті керекті қоректік заттармен қамтамасыз етумен қатар,

Органикалық тыңайтқыштар құрамында өсімдікке керекті барлық қоректік заттар орта есеппен 1 т шіріген көң құрамында 5 кг азот, 2,5 кг фосфор, 6 кг калий және 3,5 кг кальций бар.

Органикалық тыңайтқыштар топырақтың агрофизикалық қасиеттеріне әсерін тигізуінің арқасында өсімдіктің ауамен тыныс алу жағдайын да жақсартады. Бұл тыңайтқыштар шірігенде көмір қышқылы көп бөлінеді, соның әсері өсімдіктің көміртегімен қоректенуін жақсартады.

Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша, 20 тонна көң төгілген алқаптың әр гектарынан көң төгілмеген жерге қарағанда 25 центнер картоп өнімі артығымен алынған.

Көңнің әсері құмдауыт топырақта 2-3 жылға, сазбалшықты топырақта 4-5 жыл, ал қара топырақта 5-7 жылға дейін сақталады. Көң төгілген алғашқы жылы картоп одан, орта есеппен 20-25% азотты, 30-40% фосфорды және 60-70% калийды өз бойына сіңіреді.

Қ ұ с с а ң ғ ы р ы ғ ы. Оның құрамында 1,6% азот, 1,54% фосфор, 0,85% калий, 2% кальций, 0,7%-ке дейін магний бар. Картоп өсірілетін алқаптың әрбір гектарына 2 тонна мөлшерінде енгізіледі.

К ү л. Құрамында 11% калий, 5%-ке дейін фосфор және аздаған әк болады. Күл топырақтың физикалық қасиеттерін жақсартады.

Ж а с ы л т ы ң а й т қ ы ш.Жасыл тыңайтқыштар ретінде дәнді бұршақ тұқымдас өсімдіктерді өсірген тиімді.

Жасыл тыңайтқышты аударып жыртқанда топырақ құрамындағы азот, фосфор, калий, кальций элементтері көбейеді. Сонымен қатар оның физикалық қасиеті жоғарылайды, ылғал сақтау және су өткізгіштік қабілеті артады, микроорганизмдер тіршілігі жанданып, ауаның жоғары қабаты көміртегіне байиды. Жасыл тыңайтқыш ретінде себілетін дақылдар ерте көктемде дәнді дақылдармен (арпа, сұлы) қосып себіледі. Дәнді дақыл жиналғаннан кейін бұл алқаптағы жасыл тыңайтқыш дақылы тез өседі және міндетті түрде күзде жыртылуы шарт.

М и н е р а л д ы т ы ң а й т қ ы ш т а р.Картоп өнімін көтеру үшін органикалық тыңайтқыштармен қатар, құрамында өсімдікке қажетті және сіңімді түрінде кездесетін қоректік заттары бар минералды тыңайтқыштардың маңызы зор. Профессор Н.С.Бацановтың деректері бойынша картоп тамыр жүйесі қысқа әрі жетілмеген өсімдік болғандықтан өзі өскен ортада қажетті қоректік заттардың толығынан болуын талап ететін дақыл.

А з о т– ақуыздың күрделі молекуласын түзетін аминқышқылдары құрамына кіреді. Картоп өсімдігі азотты топырақтан азот қышқылының минералды және аммоний тұздары арқылы алады.

Азот жетіспеген жағдайда өсімдік баяу өседі, жапырағы бозғылт түстенеді, ерте сарғаяды, соның салдарынан түйнектің крахмалы азаяды және өнімі төмендейді.

Азот шамадан тыс көп болса да зиянды, онда сабағы тым бойлап өсіп, түйнегі жетілмей қалады және ұзақ уақыт піспейді.

Ф о с ф о рда өте қажетті элементтердің бірі. Фосфор ақуыздың құрамына кірмегенімен, нуклеин қышқылы құрамына кіреді, ол ақуызбен қосылып нуклепротеидтер түзеді..

Фосфор – крахмалдың белгілі бір құрамы. Ол органикалық қосындылар құрамына (ферменттер, дәрумендер) кіріп, өсімдік өмірінде маңызды міндет атқарады. Фосфор жеткілікті болған жағдайда ғана өсімдік дұрыс өсе алады. Ол фотосинтез үрдісіне қатысады, фосфорсыз қант түзілмейді және крахмалға айналмайды.

Фосфор жеткілікті болған жағдайда өсімдік тамыры жақсы дамиды, картоптың пісуі жеделдейді. Әсіресе картоптың көптеген ауруларға (вирус, саңырауқұлақ т.б.) қарсы төзімділігі артады. Негізінде фосфордың түйнек құрамындағы крахмалдың артуына, оның тұқымдық қасиетіне және өнімі артуына тигізетін ықпалы зор. Фосфор жетіспеген жағдайда өсімдіктің дамуы нашарлайды.

К а л и йэлементі азот, фосфор, күкірт сияқты органикалық қоспалар құрамына кірмейді, ол өсімдік құрамында ионды түрде қатысады. Калий жетіспеген жағдайда фотосинтез қарқыны, топырақтан түйнекке баратын қоректік заттардың ағысы төмендейді.

Калий элементі жетпей тұрған өсімдікті, оның қола түсті жапырағынан байқауға болады. Өсімдіктің гүл салу кезеңіне дейін топырақта калий жеткілікті болса, картоп өнімі жоғары болады. Өсімдік бойында калий жеткілікті болғанда ол саңырауқұлақ ауруларына төзімді болады және X-вирусының таралуы бәсеңдейді.

Картоп гүлдеп болғаннан кейін, топырақтан қоректік заттар алуды тоқтатады, ал түйнектің өсуіне керектік заттарды картоп сабағынан алады. Картоп жинайтын кезде шамамен оның бойындағы барлық азоттың 80%-ы, калийдің 86%-ы, фосфордың 90%-ы түйнек құрамына енеді.

Картоп 100 ц өнім түзу үшін орта есеппен топырақтан 50-60 кг азот, 20 кг фосфор және 70-100 кг калий алады. Қоректік заттардың картоп өсімдігіне сіңімділігі сорттарына, топырақ құрамына, ылғалдылығына, күтіп-баптау әдістеріне тығыз байланысты.

Картоп дақылын тыңайту. Қазақстанда картоп дақылы негізінен суармалы, ал ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген аймақтар мен шаруашыцлықтарда тәлімі жерлерде өсіріледі. Картоп қоректік элементтердің ішінен калийді көп пайдаланады, екінші орында азот, одан соң фосфор. Әрбір коректік заттың өнім түзуде өзіндік ерекшеліктері бар.

Картоп топырақта қоректік заттардың мол болуын калайды. Республиканың барлық топырақ аймақтарында тыңайтқыш қолдану картоп өнімінің артуына ойдағыдай әсерін тигізеді. Оңтүстік боз топырақты аймақта минералды тыңайтқыштарды жекелеп енгізгенде азот орта есеппен гектарынан 46 ц, фосфор-60 ц, калий-14 ц, ал минералдық тыңайтқыштардың толық құрамы, есептелген мөлшерде (NPK) енгізілгенде 133 ц қосымша өнім берген (Р.Е.Елешев). Қара топырақты егістікте тиісінше – 40, 30, 20 және 62 ц косымша өнім алынған.

Мұнан Қазақстан жағдайында азот пен фосфор қолдану картоп өнімділігіне күшті әсер ететінін көреміз.

Картоп өнімін молайтуда органикалық, тыңайтқыш қолданудың да маңызы үлкен. Көңді 20-30 т мөлшерінде күзде берген дұрыс. Әсіресе, көңді картоп-көкөніс ауыспалы егісінде минералдық тыңайткыштармен ұштастырып пайдалану жақсы нәтиже береді.

Картоп дақылына қолданылатын тыңайтқыш мөлшері алғы дакылға байланысты. Отамалы жөне көкөніс дақылдарынан соң картоп отырғызылатын топыраққа азот тыңайтқышын көбірек, ал фосфор мен калийдің жылдық мөлшерін 20-30 процентке азайтқан дұрыс. Егер картоп бақша дакылдарынан немесе сүрлемдік жүгеріден кейін отырғызылатын болса, қолданылатын минералдық тыңайтқыш мөлшерін 15-20% арттыру керек.Картопдақылына бор, мырыш, марганец микроэлсменттерін қолдану өнім сапасының жақсаруына әсерін тигізеді.

Гектарынан 150-200 ц өнім жинауүшін қара топырақты аймақтағы тәлімі жерде таза сүрі жерге отырғызылатын картопқа азоттың ең тиімді мөлшері N40 болып саналады. Егер топырақтағы жылжымалы фосформен алмаспалы калий мөлшерітөмен болса Р60-70, К45-55, жоғары болса P25-30, К15-25 қолданған жөн.

Күңгірт қара-қоңыр топырақ жағдайында азот тыңайтқышының мөлшерін 70-90 килограмға дейін, ашық қара-қоңыр топырақта 90-100 килограмға дейін жеткізу керек. Қара-қоңыр топыраққа берілетін фосфор және калий тыңайткыштарының мөлшері оның құрамындағы жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий элементтермен камтамасыз етілу деңгейі орташа болғанда Р70-80, К60-70 берген дұрыс. Қоректік заттардың мөлшері жоғары болса фосфор, калий тыңайтқыштарының мөлшерін 30% азайтады, керісінше, қамтамасыз етілу деңгейі төмен болса тыңайтқыш мөлшерін 30% арттырады.

Суармалы жерлерден гектарынан 200-300 центнер өнім жинау үшін қара топыраққа 90-100 кг, қара-қоңыр топыраққа 120-150 кг, боз топыраққа 150-180 кг азот беріледі. Фосфор мен калий мөлшері топырақтағы осы элементтердің мөлшеріне байланысты 40-140 кг болуы керек.

Қазақтың ғылыми-зерттеу картоп және көкөніс шаруашылығы институты ашық қара-қоңыр топырақка Р120 енгізгенде гектарынан 38,2 ц, N80Р120 бергенде 54,5 ц, ал тыңайтқыштарды N80P120K60 мөлшерінде қолданғанда 83,6 ц қосымша өнім жинағаны туралы деректер бар.

Картопқа органикалық тыңайтқыштар жақсы әсер етеді, аталған институттың деректері бойынша қара қоңыр топырақтың гектарына 25 тонна жартылай шіріген көң пайдаланғанда картоп өнімі 45 центнерге артқан.

Картопқа тыңайтқыштарды қолданудың тиімді тәсілі-көң, фосфор, калийдің барлық мөлшерін, азоттың жылдық мөлшерінің 50-70%-ын күзде, ал азоттың калғанын дақылдың шанақтану кезеңінде үстеп қоректендіру болып саналады.

Карбонатты қара-қоңыр және боз топырақтарда мырыштың жылжымалы түрі жеткіліксіз болатындықтан күкірт қышқыл мырыш пайдалану картоп түсімін 13-20% жоғарылатады. Ол үшін тұқымдық материалды 0,3% күкірт қышқыл тұзының судағы ерітіндісімен өндеуді (1 тонна тұқымдық материалға 50 литр есебінде) немесе осы тұздың 0,2% ерітіндісімен шанақтану алдында тамырдан тыс үстеп қоректендіреді (1 га егіске 1000-1200 литр ерітінді жұмсалады).

Картоп түйнегін отырғызуға дайындау. Картоптан мол өнім алу оның тұқымдық түйнегінің сапасына көп байланысты. Шірік, құрт жеген, үсік шалған немесе тұншыққан түйнектерді мүлдем отырғызуға болмайды. Сол сияқты көктетілгенде өнбеген немесе өркені жіңішке түйнектер тұқымға жарамайды. Тұқым ішінде басқа сорт түйнегі кездессе оны бөліп алып тастайды. Отырғызу алдында 3-5 см-ден артық өскен өркендер шырпылады, себебі олар картоп отырғызатын аппарат дөңгелегіне шыланып, түйнектің жерге түсуіне кедергі жасайды.

С ұ р ы п т а у.Картоп түйнегін сұрыптау және іріктеу жұмыстары КСП-15, КСП-25 сияқты арнайы қондырғыларда жүргізіледі. Сұрыптау кезінде картоп түйнегі 3 фракцияға бөлінеді: ұсақ фракция 30-50 г, орташа-50-80 г және ірі фракция-80 г-нан ауыр түйнектер.

Көптеген ғылыми деректерге және озат шаруашылықтар тәжірибесінеқарағанда ең тиімдісі тұқымға50-80 г түйнектерді пайдалану.

Ірі түйнектердіотырғызғанда картоп жер бетіне тез өніп шығады әрі тамырын терең жаяды. Топырақтақоректікзаттар қоры, ылғалжәне күн сәулесі жеткілікті болса, картопжапырақтары органикалық заттарды да көп түзеді, соның арқасында өнімі де жоғарылайды. Ал енді жоғарыда айтылған жа







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 4956. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия