Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІ ЖӘНЕ ФИЛСОФИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАРЫ





 

Мектеп атауы Негізін қалаушылардың есімдері Еңбектерінің атауы Философиялық тұжырымдары
Даосизм Лао-цзы (б.д.б. ҮІ-Ү ғғ.) Чжуан-цзы (б.д.б. 369-286 жж.) «Дао дэ цзин», «Дао цзан», «Чжуан-цзы», «Ле-цзы», «Хуайнань-цзы» - Даосизм ілімінің негізінде табиғат, ғарыш, адама негізгі ұғымдар болып табылады. Ойлаудың мақсаты – адамның табиғатпен қосылуы болып табылады. Әлем ешбір себепсіз үнемі қозғалыс пен даму күйінде болады. - ілімнің негізгі категориялары табиғи жол – дао, ізгі қуат – дэ, әрекетсіздік – у вэй. - дао – бүкіл мәннің заңды негізі; ғарыш, адам және қоғам болмысының заңы; универсум бастауының бастау көзі; заттар әлемінің алғы шарты; циклдік уақыттың қағидаты және өмір салты. - Дао дэ арқылы өзін әлемде көрсете алады. Дао жолын ұстану бастапқы ғажайып бірлікті және теңдікті келтіріп, игілікті, өркендеу мен ұзақ өмір сүруге жол ашады. Дао жолынан бас тарту апатты салдарға (ғарыштық үйлесімділіктің бұзуы, тәртіпсіздікке) душар етеді деп есептелді. Дао жолынан бас тарту адамдарды ақылынан алжастырады. Осының нәтижесінде әлемдегі жеке заттар туралы түсінік бұзылады. Данышпан адам үшін өмір мен ажал қарама-қарсы ұғымдар емес, бұл табиғаттың әмбебап заңы болып табылады. Әмбебап дао мәңгі, демек адам да мәңгі өмір сүре алады. - Дао ұғымы арқылы бүкіл тіршілік атаулының шығуы мен тіршілік ету тәсіліне толыққанды жауап беруге болады. Өйткені, дао – барлық заттардың қайнар көзі, ал даоның шығу тегі турлы сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Дао уақытқа тәуелді емес, дао – әлемнің іргелі және әмбебап бірлігі болып табылады. Әлемдегі барлық нәрсе қозғалыс пен өзгеріс күйінде болғандықтан әрбір зат тұрақты емес, яғни шекті өлшемге ие. - Адамның жан тыныштығы – әлеммен үйлесімді және ортасымен келісімді өмір кешуде жатыр. Адам үшін басты өмірлік мақсат заттар өлшемін білу және сақтау – «у вэй». У вэй – араласпау, әрекетсіздік, шынайылыққа саналы қатынас, адамға байланысты даоның бір талабы. Бұл «табиғилыққа қарсы тұрмау» дегенді де білдіреді. Бұл талаптар индивидке де, адамдардың әлеуметтік әрекетіне де, сол сияқты таным әрекетінің сферасына да қатысты айтылған. Осы өлшемді бұзбау адам мен әлем қауымдастығының біртұтас негізі Дао жолын сақтау болып табылады.
Конфуций ілімі Конфуций (б.д.б. 551-479 жж.) «Лун юй» «Әңгімелер мен пайымдар» - Конфуцийшілдік бұл – ең алдымен, моралдық-этикалық ілім. Ол әрбір адамның қоғам мен әлемдегі алатын орны туралы сұраққа жауап іздеді. - Конфуций адамды әлеуметтік қызметімен байланысты түсіндірді. Оның әлеуметтік-этикасында адам өзін қоғам игілігі үшін арнауы тиіс. - Тәртіп адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі мәні болып табылады. Тәртіп – этикалық категория ретінде адамның сыртқы және ішкі мәдениетінің көрсеткіші. Тәртіпті толық ұстану адам баласының өз міндетін тиісті түрде орындауына алып келеді. Тәртіп бұл – игі қасиет. - Адам абыройы мен өмірін мәнге толтыратын қасиеттер «парасатты адам» бейнесін құрайды. Бұл кемел қасиеттер қатарына – адамгершілік (жэнь), әділеттілік (и), парасаттылық, батырлық, жауапкершілік, бауырмалдық, ар-намыс, адалдық, мейірімділік жатады. Бұл адамдарға деген моральдық-психологиялық қондырғы болып табылады. - «Парасатты адам» өз уақытын және өзгенің уақытын бағалайтын сыпайы және әдепті болады. «Парасатты адам» адамдарға әділ және сыпайы, қызметінде нақтылық пен дәлдікті ұстанады. Тәртіпті ұстану бұл адамгершіліктің айқын көрінісі болып табылады. - Адамгершілік адамға қойылатын талаптардың ең негізгісі. Конфуций адамды жанұяға теңестірілетін қоғамның мүшесі ретінде қарастырды. Конфуцийде адам тіршілігі мен дүниені танып-білуі әлеуметтік-этикалық негізде қарастырылады. Аспан ерік-жігерін танып білген адам рухани-адамгершілік тұрғыдан жетіліп, әлеуметтік мәртебесі жоғары көтеріліп парасатты адамға айналады. - Парасатты адам (цзюнь-цзы) – қытай қоғамының әрбір мүшесі үшін ұмтылуы керек еліктеудің эталоны. «Парасатты адамға» қарама-қарсы ұғым, рухани әлемі жұтаң, ұсақ-түйекшіл, тек өз пайдасын ойлайтын «жартыкеш адам». - «Парасатты адам» бойында бес асыл қасиет болуы керек, олар: 1. сыпайылық – сиыңды арттырады, 2. жомарттық – құрмет туғызады, 3. шыншылдық – сенімге жеткізеді, 4. үнемшілдік – табысқа бастайды, 5. мейірімділік – билікке жол ашады. - Әрбір адам қоғамдағы өз орнын біліп, өмірлік ұстанымынан айнымай, өмірлік қағида ретінде іс-әрекетінде басшылыққа алуы қажет. Оның этикалық көзқарастары «алтын орта» (чжун юн), және «өзара байланыстылық» (шу) – адамгершіліктің алтын ережесі қағидасына байланысты айқындалады. Ол «Сяо» - «ата-ананы құрметтеу», «ди»- «үлкенді құрметттеу», «чжун» - «өз басшыңа адал болу және оны сыйлау» принциптерімен толықтырылады. Осы ережелерді басшылыққа алу бұрыннан қалыптасқан тәртіптің бұзылмауын қамтамасыз етеді. - Конфуций бойынша адамның қоғамдық өмірдегі жүріс-тұрысының алтын ережесі – «Өзіңе қаламағанды өзгеге жасама». - Конфуцийдің армандаған Аспан асты мемлекетінің құрылымдық модельінде «парасатты адам» идеясы маңызды рөлге ие. Оның пікірінше, мемлекет бұл – үлкен отбасы. Бірақ бір ғана әкенің мемлекетті басқаруды толығымен жүзеге асыруы мүмкін емес. Сондықтан орта және кіші деңгейдегі шенеуніктер мемлекет басшысының көмекшілері болып табылады. Елді басқару құқығын алу үшін шенеуніктер өздерінің жоғары моральдық тұлға екендіктерін көрсетуі қажет. Сонымен қатар, олар өз қол астындағыларға қамқорлық жасап, халықтың молшылықта өмір сүруін қамтамасыз етіп және баршаның тәрбиелі болуына атсалысуы керек. - Конфуцийдің әлеуметтік-саяси доктринасы жоғарғы адамгершілікке (моральға) негізделген, оны «Парастатты адам» тұжырымдамасынан көруге болады. Парасатты адам болып қалыптасу шыққан тегіне байланысты емес, тәрбие мен өзін-өзі жетілдіруіне байланысты. Өз өмірін моральдық қағидаларға сәйкестендіру – өзіне талап қоя білу, басқалармен келісімді өмір сүру, парыз бен заңға негізделген әрекеттер жасау және т.б. Парасатты адам мінез-құлқын «адамсүйгіштік өнері» негізінде қалыптастыра отырып, ізгі, әділетті, басқаларға, әсіресе, ата-анаға, үлкендерге қайырымды қатынас жасайды. - Отбасындағы, қоғам мен мемлекеттегі адамдар арасындағы идеалды қатынастар: «Өзіңе қаламағанды өзгеге жасама», «Егер сенің ісің жақсы жүрсін десең, онда басқалардың да ісінің жақсы жүруіне барыңды аяма» қағидалары арқылы анықталады. - Мемлекетті «ізгі басқару» тұжырымдамасы, басқару моральға, «парасатты адам» (басқарушы) өз халқының жағдайын ойлауы керек, өзін үлгі етердей абыройлы болуы керек. Билеуші ел сеніміне ие болу керек: «Халық сүйіспеншілігіне жетсең, билікке де қол жеткізесің, егер халық сүйіспеншілігінен айырылсаң, биліктен де айырыласың». Билеушілер ақиқат принципін қатаң ұстану керек, негізгі шешім қабылдағанда «жеті рет өлшеп, бір рет кесу керек». Мемлекет – халыққа жағдай жасау мен тәртіпті орнатудың құралы. Қоғамдық тәртіп үшін қатаң әлеуметтік сатылы жүйе қажет, қоғамның әрбір мүшелерінің міндеттері қатаң реттеліп, отбасындағыдай болуы қажет, ол «билеуші билеуші, әке-әке, бала -бала болуы керек» қағидатынан көрінеді.
Легизм б.д.б. ҮІ-ІІІ ғ.ғ. Гуань Чжун, Цзы Чань, Ли Куй, Хань Фэй, Шан Ян және Шэн Бухай «Хань-Фэй-цзы», «Шан-цзюн-шу» - әлеуметтік теория және мемлекетті басқарумен байланысты мәселелермен шұғылданды. - Легистер Конфуций ілімін өткір сынға алды. Легизмнің көрнекті өкілі Хань Фэй басқарушы мен қоғам арасындағы қатынастарды қайта реттеу керек деген ұсыныс жасады. Билеушінің шығарған заңдары мен өкімдері қоғам мүддесімен көп жағдайда сәйкес келе бермейді, сондықтан қатаң да күшті мемлекеттік билікті жүзегее асырауды ұсынды. - Әрбір адамның жеке табысқа жетуге деген ұмтылысын қоғамдық қатынастарда тиімді пайдалану қажет. Мемлекет азаматы өз қабілеттері арқасында мемлекет тарапынан өзіне пайдалыны алуы қажет. Заңдар мемлекет пен азамат арасындағы қатынастарды реттеуі керек. - Легизм мектебі қуатты және тиімді басқарылатын мемлекет құруға ұмтылды. Легизм заңдарға сүйене отырып, саясат пен моральдың сәйкесіздігін алға тартты. Басқарушы елді байыпты басқару үшін олардың психологиясын жеткілікті деңгейде білуі қажет. Ықпал етудің негізгі әдісі марапаттау мен жазалау болуы қажет. Легистер бойынша жазалау негізгі, марапат қосымша әдіс. - Легистердің бағдарламасында егіншілікті дамыту және елдің аумағын кеңейтуге қабілетті қуатты армия құру арқылы мемлекетті күшейту басты орын алды. Легистер заң алдында барлық адамдардың теңдігін қамтамасыз ететін деспоттық мемлекет құру тұжырымдамасын жасады. Ел билеушісі заңдарды жасаушы бірден-бір тұлға. - Ең негізгі тиімді басқару қатал жазалау жүйесі балып табылады, ол әлеуметтік тәртіпті орнықтырудың және өзара аңду мен сөз тасу құралы, оны «өзара жауаптылық жүйесі» деп те атайды. Бұның бірі билеушінің асолютті билігін қамтамасыз етеді, монархқа толық бағынуды жүзеге асыру үшін қорқыныш және үрей атмосферасын тудырып жолымен монархқа шүбәсіз бағынуды іске асыру керек. Қызметке тағайындауда дәстүрлі атадан-балаға мұрагерлікпен берілетін дәстүр мен аристократияның экономикалық, саяси ықпалына тиым салуды басшылыққа алды. Бұл билеушіге өзінің шенеуніктік және қызметкерледен тұратын аппаратын қалыптасыруына мүмкіндік береді және қызметке тағайындауда монархтың жеке билігін нығайту үшін маңызды тетікке айналдыруды көздеді. - Легизм бойынша, халықты тек билеушінің еркіне ғана бағынатын саналы мүлгуші меңіреулерге айналдыру саясатын ұстанады: «Халық надан болғанда, оны билеу оңай», «Егер адамдар надан болса, онда оларды қара жұмыстарға салу жеңіл, ал егер ақылды болса, онда ол мүмкін емес». Халықтың білімділігі – билеушінің абсолютті авторитетіне, билігіне қауіпті. Халықтың ой мен күшін тек жер өңдеу мен соғысқа ғана аудартсақ, онда олар ілім (Конфуций ілімі) туралы ойламайды деп есептеген. Легизмнің негізгі идеялары: - елдегі экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеу; - шенеуніктерді тағайындау жолымен мемлекеттік аппараты жүйелі түрде жаңарту; - әскердегі және мемлекетегі қызметі үшін шендік дәрежелер мен атақтарды, жеңілдіктерді беруде бірыңғай қағидатты енгізу; - әкімшілік лауазымды қызметке қоюда тең мүмкіндіктер беру; - билеуші топ ішінде нақты ұстанымдар жасау; - шенеуніктердің ойлау дағдысын біріздендіру; - шенеуніктің жеке жауапкершілігін арттыру; - мемлекет аппаратының қызметкерлерінің жұмысын қадағалау
Моизм б.д.б. ҮІ-ІІІ ғ.ғ. Мо Ди (б.д.б. 475-395жж.) «Мо ұстаздың трактаты» - әлеуметтік-этика мәселесіне басты көңіл аударды. - Конфуций гуманизімінен өзгешелігі Мо Ди қоғамның барлық мүшелері арасындағы әділеттілікті және өзара адамсүйгіштік қатынастарды жүзеге асыру: «Өзгені сүю, өзіңе де сондай қатынасты алып келеді, өзгеге жақсылық әкелетін адамға, адамдар да соны қайтарады». - Моизмнің саяси-моралдық ілімінде «өзара сүйіспеншілік пен өзара пайда» идеясы жатыр, адамның әлеуметтік жағдайына қарамай адамгершілік қатынас жасау: «Ең жоғарғы құндылық қарапайым адамдарға жақсылық жасау». - Әділдік және адамгершілікті орнықтыру үшін мұрагерлікпен берілетін қызмет кедергілік етеді. Бұл жүйеден бас тарту керек. Мемлекеттік қызметтерге адамның әлеуметтік жағдайына қарамай, тек оның қабілеті мен жоғарғы адамгершілік қасиетіне қарау маңызды екенін айтты. Мемлекеттің гүлденуі үшін мұрагерлікпен берілетін аристократияның мемлекеттің қазынасына қол сұғуы мен жеңілдіктермен өмір сүретін паразиттік өмір салтын доғару керек. Материалды байлыққа байыпты және өте үнемді қарым-қатынас жасау. «Егер шығын ешбір пайда әкелмесе, дана басшы одан бас тарту керек» делінген, сондықтан да Мо Ди тонаушылық соғыстарға қарсы шықты. - Мо Ди өзі ілімінде Аспан еркін мойындады. Мо Дидің шәкірттері мен ізбасарлары атты шығармасын жазды. Мо Ди «шань цянь» - даналықтты қастерлеу, дарындыны құрметтеу қағидатын ұсынды. Бұл қағида бойынша дарынды адамдарды әлеуметтік тегіне қарамастан лауазымды қызметтерге тағайындау қажет






Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 647. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия