АВРЕЛИЙ АВГУСТИН ЖӘНЕ ФОМА АКВИНСКИЙ ІЛІМДЕРІ
Патристикалық кезеңнің көрнекті өкілі, шіркеу әкесі Аврелий Августин (354-430 жж.) болды. Еңбектері: «Донатаға хат», «Қуғындаудың апологиясы», «Ақиқат дін туралы», «Тәубе», «Үштік туралы», «Құдай қаласы туралы».
Августин дәулетті отбасында дүниеге келді Оның әкесі пұтқа табынушы, ал шешесі христиан сенімінде болған. 7-8 жыл манихей сенімінде болған Августинннің христиандық дінді қабыл алуына Жаңа өсиеттегі апостолдардың жолдауы зор әсер еткен. Оны епископ Амвросий шоқындырды. 395 жылы Августин Гиппон қаласының епископы қызметіне тағайындалды. Августиннің дүниетанымының философиялық негізі Плотин мен Порфирийдің неоплатонизмі болды.Ол философиядан жұбаныш іздеді. Оның пікірінше, Құдай мен адам қатынасында күнә басты ұғым болып саналады. Адам құдай алдында, кінәлі, яғни күнәлі. Күнә – антропологиялық, метафизикалық космологиялық мәнге ие. Құдай бүкіл әлемнің генетикалық және субстанциялық бастауы. Адам – ең алдымен жан иесі. Августин неоплатонизм мен христиандыққа тән адам тәніне деген жиіркенішті қатынасты қолдайды Адам жаның құдай жаратқан. Жан тек адам болмысына тән. Ақыл, ырық, ес адам жанының қабілеттері. Ырық ақылдан жоғары және маңыздырақ. Жоғарғы ырық – сенім еркі. Алдымен адам құдайға сенім білдіріп, әрі сүюі керек, кейін құдайды тануға ұмтылуы тиіс. Құдай – ең жоғарғы игілік. Сенім – құдай сыйы.
Августин бойынша, Адам ата мен Хауа Ананың жұмақта мәуе ағашының жемісінің дәмін татуы, алғашқы күнәнің бастауы болып табылады, осыдан кейін адамдар тек күнә жасауға ғана қабілетті. Адам игі іс жасауға ұмтылса да еріксіз түрде күнә жасайды. Августиннің пікірінше, Иисус Христос барлық христиандар үшін емес, тек құдай таңдауы түсіп құтқарылғандар үшін айқышта азап шеккен. Августин бойынша адамдар бойындағы қайырымдылық пен ізгілік тек құдай мейірімінен беріледі. Құдай мейірімі құтқарылуға таңдалған адамдарға ғана түседі.
Авустиннің осы пікіріне замандасы монах Пелагий (360-418 жж.) қарсы уәж айтты. Құдайдың мейірімінсіз-ақ адам қайырымдылық жасауға, рухани кемелденуге қабілетті және тозақтан құтқарыла алады деп санады.
431 жылы өткен Эфес Соборында Несториан және Пелагиандық ілімдер айыпталды. Католик шіркеуі Августин ілімін жұмсартты. Құдай рахымы қарапайым адамдарға тікелей емес, шіркеу арқылы, яғни дін басыларының, әулиелердің, шіркеу қызметкерлерінің қайырымды істерімен түсетіндігі туралы ілімін негіздеді. Адам шіркеуге жағымды өз ісімен құтқарылады.
«Құдай қаласы» еңбегінде адамзат тарихы құдай патшалығы мен ібіліс патшалығының ымырасыз күресі болып табылады. Құдай патшалығы – шіркеу, ал мемлекет – күнә патшалығы. Себебі мемлекет пенденің өзімшілдігіне негізделген. Рим империясы мемлекеттің жоғарғы сатысы. Римнің құлауы заңды. Өйткені Рим мемлекетінің тарихы ібілістік негізде құрылған. Адамзат тарихын ол алты кезеңге бөлді. Бес кезеңді Көне өсиет тарихымен байланыстырады. Алтыншы кезең Иисустың бірінші келуімен басталып, Иисустың екінші келуі сот күнімен аяқталады
Августиннің философиялық көзқарасына неоплатонизм ықпал етті. Ол Плотин мен Порфиридің латын тіліндегі еңбектерін оқыды. Неоплатонизм идеясына көңілі толмаған Августин 8-9 жыл монахтық өмір салтын ұстанды. Христиандықты қабылдағаннан кейін, Августин манихеилік пен мүшіріктік, христиандық ересьтерді қудалады.
Августин құдай мен адам арасындағы күнә ұғымына қатысты өз көзқарасын баяндай отырып, адам құдай алдында күнәлі. Күнә антропологиялық, метафизикалық, космологиялық мәнге ие. Адам ең алдымен жан иесі. Августин неоплатонизм мен христиандыққа тән адам тәніне деген жиренішті көзқарасты қолдайды. Адам жанын құдай жаратқан. Жан тек адам баласына ғана тән. Ақыл, ырық, ес адам жанының қабілеттері. Ырық ақылдан жоғары және маңызды. Ал ең жоғарғы ырық иесі – құдай. Алдымен адам құдайға сенім келтіріп, әрі сүюі керек, кейін құдайды тануға ұмтылуы тиіс. Сенім – құдай «сыйы». Августиннің пікірінше алғашқы күнәдан соң адамдар тек күнә жасауға ғана қабілетті. Адам ізгі іс жасауға ұмтылса да, еріксіз күнә жасайды. Адамдар бойындағы ізгілік пен мейірімділік тек құдай рахымымен беріледі. Құдай мейрімі құтқарылуға таңдалған адамдарға ғана түседі.
Августиттің пікірінше, Иисус Христос барлық христиандар үшін емес, тек құдай таңдауы түскен адамдар үшін айқышты азап шеккен. Августиннің осы көзқарасын жұмсарту үшін католик шіркеуі құдай мейрімі қарапайым адамдарға тікелей емес, шіркеу арқылы түсетіндігі туралы ілімін негіздеді.
| Фома (лат Thomas) Аквинский (1185-1224) схоластиакалық кезеңнің ірі өкілі, негізгі шығармасы «Теологияның жиынтығы», «Пұтқа табынушыларға қарсы жиынтық». Бұл еңбекте католиктік догматиканың негізі қаланып, бұл сохоластикалық теологияның ұстанымына айналды.
Фома Аквинский – католицизмнің діни-философиялық жүйесін негіздеуші, оның ілімі томизм деп аталды. Оның 1323 жылы әулие аталуы да осы еңбегі үшін еді. Париж университетінде теологияның оқытушысы қызметін атқарды. Мінезінің жұмсақтығына байланысты «періште доктор» (doctor angelicus) атанды.
Ф. Аквинскийде ғылым мен сенімнің аймақтары нақты анықталған. Ғылымның міндеті әлемдік заңдарды түсіндіру болады. Августин объективті түрде өмір сүретіндерді танып білуге болатындығына сенді, бірақ адам ақылының әрекеті ғана шынайлық дегенге қосылмайды.
Объективті және ақиқатты тануда барлығын білу мүмкін емес. Христиан дініндегі құпияларды (құдайдың үшбірлігі, қайта тірілу және т.б.) философиялық ақыл мен танымнан тыс деп, ал философияның қарастыратын мәселесі құдай болмысын дәлелдеу болу керек деп есептеді. Ғылым мен сенім арасында қайшылық жоқ, христиандық ақиқат ақылдан жоғары тұрады, өйткені ол құдайдан пайда болады, бірақ ол ақылға қайшы емес. Сонымен, Фоманың негізгі принципі – сенім мен ақылдың үйлесімділігін жасау болды.
Философия дінге қызмет етуі керек, философия діни ақиқатты ақыл категорияларына салып бейнелеуі және талдауы керек, және сенімге қарсы шығатын жалған аргументтерді теріске шығарып отыруы керек.
Ф. Аквинский «құдай болмысы», өзінен-өзі белгілі емес, сондықтан оны таным арқылы дәлелдеп көрсету керек деп тұжырымдады. Ол өзінің төмендегідей құдай болмысының дәлелдерін келтірген:
Қозғалыс – қозғалғанның барлығын қозғалысқа келтіретін тылсым күш, яғни алғашқы қозғалысты жасаушы – Құдай;
Себептілік – тіршілік иелерінің бәрінде сепеп бар, яғни олардың тіршілік етуінің себебі – Құдай;
Кездейсоқтық пен қажеттілік – кездейсоқтық қажетіліктен туындайды, қажеттіліктің алғашқы бастамасы – Құдай;
Сапалық белгілер – болады, ең жоғарғы өзіне-өзі себеп– Құдай;
Мақсаттылық (телеологиялық) – жаратылғанның бәрінің бір мақсаты бар, ал барлығының мақсатын анықтайтын – Құдай.
Аквинскийдің әлеуметтік философиясы католиктік ілім рухымен шешілді. Мемлекеттік билік – құдайдан, басқару формасы жағдайға байланысты жасалуы керек. Ол монархиялық билікті көздеді. Әділетті монархтың билігі әлемдегі құдай билігінің бейнесі болу керек. Азаматтар монархқа бойұсынуы тиіс. Монархтың міндеті азаматтарды ізгі өмір сүруге жетелеу. Бұл үшін бейбітшілікті сақтау және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуі керек. Адамның мақсаты мен өмірінің мәні ізгіліке жету болып табылады. Азаматтық қоғамда шіркеу бірінші орында болуы керек. Жердегі өмір болашақ о дүниелік өмірге дайындық. Мемлекетті жоғарыда Христос, ал жерде Рим папасы басқаруы керек деп тұжырымдады.
1244 жылдан бастап Фома Доминикан орденінің монахы. 1314 жылы Вьен соборында Фома ілімі католик шіркеуінің ортодоксалды ілімі ретінде қабылданды. Томизм (лат.Thomаs) схоластикалық философия мен католицизм теологиясында Аквинский ықпалымен қалыптасқан бағыт. Фома ілімі алғашқыда Августиншылардың қарсылығына тап болды. 1277 жылы Фома ілімі Париж және Оксфорд университетері мен шіркеу тарапынан айыпталды, ал XIV ғасырда доминикан орденінің іліміне айналды. Фома 1567 жылы католик шіркеуінің бесінші ұстазы болды. 1879 жылда Рим папасы Льв XIII энцикликасымен томизм католик шіркеуінің ресми ілімі ретінде жарияланды. ХІХ-ХХ ғасырларда Батыс Еуропада неотомизм ілімі Фома Аквинский философиясы негізінде қалыптасты.
|
Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...
|
Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...
|
Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...
|
Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...
|
Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор,
если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...
Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...
Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...
|
Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними
Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...
Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...
Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.
 ...
|
|