Студопедия — АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯНЫҢ КЛАССИКТЕРІ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯНЫҢ КЛАССИКТЕРІ






 

Классик философ Шығармалар Мектебі Ілімі
Сократ (б.д.б.469-399 жж.) - - - философиясның негізгі тақырыбы – адам мәселесі және этика. - софистер бастап, бірақ аяқтай алмай кеткен адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Ол таным мен философияның негізгі мәселесі адам болуы керек деп есептеді, негізгі принципі «Өзіңді өзің таны». Екінші қағидасы «Менің білетінім – менің ешнәрсе білмейтінім, ал басқалар мұны да білмейді». - адам жаны «Мен танушымын» деген бағыттағы, парасатты және адамгершілікті негізде. Адамның мәні оның жанында, «жан – тәнді құраушы». Сократ адам жанындағы ұжданның маңызын ерекше көрсетті, ұжданды «ішкі дауыс» ретінде «даймонион» деп атады және ол ақиқатқа жетудің негізі болып табылады деген. Сократ бойынша, даймонион – қасиетті жаратылысқа ие. Осы даймонион арқылы құдайлар бүкіл ғаламның мәнін хабарлайды. Ғаламның негізгі мақсаты адам болып табылады. - материалды дүниені тануға байланысты агностик болған, дүниені толығымен тануға болмайды, бірақ адам жанын тануға болады, бұл философияның пәні болып табылады деп есептеді. - философиясының негізгі мақсаты адам әрекетінің адамгершілік негіздерін ашатын философиялық әдісін табу. адамды тану және рухани дүниесін ашу үшін пайдаланған әдісі өте бағалы, ол маевтика (кіндік шеше) деп аталады. Онымен ол ойлау процесіндегі индуктивті әдістің ашылуына жол ашты, анықтаушы ұғымдарды тудыруда ерекше құнды. Бұл арқылы Сократ шәкірттеріне қорытынды жасау өнеріне үйретті, жалпы ұғымдарға дұрыс анықтама бере білуге көмектеседі. Ол әңгімелесу формасында өтілді. Сократ оларды логикаға үйретті. -негізгі ізгі қасиеттер қатарына ұстамдылық, ерлік және әділеттілікті жатқызды. Адам бұл қасиеттерге таным және өзін-өзі тану жолымен жетеді деп санады. Ізгі қасиеттер мәңгі және өзгермейді. Осы ізгі қасиеттер азаматтарды қоғамдық және мемлекеттік қызметтерді атқаруға жетелейді. - әлеуметтік көзқарастарында егін шаруашылығы және әскери қызметке негізделген өркениетті ежелгі халықтар мәдениетін мұрат ретінде көрсетті. негізгі ізгі қасиеттер қатарына ұстамдылық, ерлік және әділеттілікті жатқызды. - мемлекеттің мынандай түрлерін атап көрсетеді: монархия, тирания, аристократия, плутократия және демократия. Білімді және адамгершілік құндылықтарға ие аз ғана адамдар тобы басқаратын аристократия ең дұрыс басқару жолы болып табылады деп есептеді
Платон (б.д.б. 427-347 жж.) «Сократа апологиясы», «Заңдар», «Мемлекет» атты еңбектерінен басқа, 34 еңбегін диалог формасында жазған, олар «Софист», «Парменид», «Демодок», «Әділеттілік туралы», «Сизиф», «Менон», «Протогор», «Федон», «Кратил», «Пир» және т.б. Академия - ілімінің орталығы эйдос (идея) теориясы болды, идея адам ақылымен байланысты ұғым емес. Идея барлық заттардың негізі, мәні, себебі. Ол объективті, тәуелсіз, салыстырмалы емес, денесіз, мәңгі, сезімдік қабылдауға келмейтін, тек ақыл арқылы танылатын бастама. Идея заттар болмысының түп негізі, олардың идеалды бейнесі сипаттас, Демиург (жаратушы) сол арқылы нақты сезімдік заттарды жасайды. Демиург әлемдік жанды және адамның ажалсыз жанын жаратушы. Демиург ғарышты өзімен тең мәңгі материядан жаратады. - идеялар материялдық әлемнен тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Идеяларға материалды ілем бағынышты. Идеялар әлемі (нақты болмыс) мен бейболмыс (материя) арасында сағым тәріздес болмыс (сезімдік негізде қабылданатын құбылыстар мен заттардың әлемі) өмір сүреді. Сезімдік қабылданатын заттар көлеңке тәріздес, бұл заттарда идеялардың нақты үлгілері бейнеленген. - идеялардың сатылық жүйесін жасады, «сұлулық пен қайырымдылық идеясы» жоғарғы сатыда тұрады. Осы идеяларды танып білу шынайы танымның шыңы және нағыз өмірдің мәні болып табылады. Сағым тәрізді болмыс бұл нақты сезімдік қабылданатын әлем болғандықтан, мұнда идея мен материя, болмыс пен бейболмыс мәңгі қақтығыста болады. Бұл әлемде пайда болу, жойылу, жеке мен жалпы, даму үдерісі тән. - таным теориясында идеалистік позицияны ұстанды. Оның идея туралы ілімі оның таным ілімімен ұштасып жатыр. Платон сезімдік танымды рационалды танымнан бөліп алды. Сезімдік танымның пәні материалды әлем деп алып, оны мәнсіз екінші деңгейлік деп қарастырған, ол тек болмыс болып көрінетін шынайы емес болмыстан хабардар еткізеді. Ақиқат, шынайы таным – бұл идеялар әлеміне ену және ақылмен тану. - гносеологиялық концепциясы еске түсіру теориясы (анамнесис) болып табылады. Жан идеяларды еске түсіреді, жан онымен тәнге енбей тұрғанда идеялар патшалығында жолыққан. Нақты адамдардың идеяларын абстракциялап, идеялар әлемін құдайлық патшалық деп жариялады, адам дүниеге келгенге дейінгі ажалсыз жаны сол әлемде болатындығын айтты. Содан ол жерге түсіп, шектеулі уақыт адам тәнінде жүреді, сонда ол идеялар әлемін «еске түсіреді», таным жанның жерге түскенге дейінгі тіршілігін еске түсіруі болып табылады. - әлеуметтік-саяси көзқарастарында ақылды жоғары деңгейге көтеретін мемлекеттің моделдерін жасауға тырысты. Мемлекет туралы негізгі идеясында – ізгілік, ақиқат білімге сүйенді, мемлекетті идеалды басқару осыларға байланысты, оның мақсаты адамның ажалсыз жанын құтқару. Оны қызықтырған мәселе мемлекеттің мәні мен формалары, басшының тұлғалық қасиеттері тұрғысынан түсіну болды. - мемлекет жөніндегі құнды көзқарасы, мемлекеттің жетілген, идеалды және жетілмеген формаларын анықтау. Оны екі топқа жіктеп көрсетуге болады: Мемлекеттің жетілген, идеалды формалары: а) Платонның идеалды мемлекеті – басқару формасы әділдікке негізделген б) Аристократия – тек игі жақсылардан, яғни, дәулет, билік және білімге ие топ басқарған мемлекет (аристократиялық республика). Жетілмеген, құлдыраушы мемлекеттік формалар: а) Тимократия – баққұмарлардың билікті өз қолдарына алуы, онда қоғам іштей іріп-шіриді, өйткені билеуші топ тек дүниеге ие болуға, баюға ұмтылады. Бұл әскери күшке негізделген бірнеше адамдардың билігі. б) Олигархия – (грек «азшылық»), сауда, ысырапқорлыққа негізделген азшылық топтың билігі. в) Демократия – мемлекеттік құрлыстың ең нашар түрі, көпшілік тобырдың билік жүргізуі, онда кедейлер мен байлар арасында өшпенділік өрши түседі. г) Тирания – қоғамдық биліктің бір адам қолына көшуі. - этикасы әрбір қоғамдық топқа тән туа біткен ізгі қасиеттерді сақтау әділеттілікке алып келеді. - әлеуметтік ілімінде дін маңызды орын алады. Тақуалық идеясы сұлулық пен ізгілік идеясына өта жақын тұрады. Идеалды мемлекетті құру үшін азаматтарды тәрбиелеу маңызды болып табылады, тәрбие мақсаты басқарушылар мен әскерилерді дайындау. Мұнда гимнастика адам тәнін тәрбиелеудің негізгі құралы болып табылады. Тәрбие барысында берілетін оқу, хат жазу, арифметика, астрономия, музыка өнері әскерлерді дайындау үшін жеткілікті. Ал билеуші болу үшін философия мен диалектиканы оқуы керек.
Аристотель (б.д.б. 384-318 жж.) Б.з. І ғ. Аристотель еңбектерін жүйелеп баспадан шығарған Андроник Родоский болды. Аристотель еңбектерін бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: 1) онтологиялық сипаттағы мәселелерді Аристотель «бірінші философия» деп атады, «Метафизика» еңбегі осы мәселелерді қарастырады. 2) табиғат философиясы мен жаратылыстану ғылымдарына арналған еңбектер: «Физика», «Метеорология», «Аспан туралы», «Жануарлардың пайда болуы мен жойылуы туралы». 3) қоғамдық ғылымдарға арналған еңбектері «Саясат», «Риторика», «Поэтика», «Никомах этикасы», «Эвдемдік этика». 4) Аристотель шығармашылығындағы логика мен методологияға арналған еңбектер«Органон» атауымен біріктірілген («Категориялр», «Түсіндірме туралы», «Бірінші аналитика», «Екінші аналитика», «Топика», «Софистік дәлелдеулер туралы»). Ликей - өзіне дейінгі философия мен ғылыми білімді жүйеге келтіруші ойшыл. Сондықтан оны «философия ғылымының тарихшысы» деп атауға болады. - Ол философияның мәнді мәселесі ретінде онтологияны көрсетті. Кез-келген болмыстың негізі бірніші материя болып табылады. Бұл бірінші материя ешбір категориямен айқындалмаған. - онтологиясының негізінде, 1) мәнді категориялық талдау, 2) субстанцияны каузалды талдау, 3) мүмкіндік пен шындық туралы ілім құрайды. - Категориялар туралы ілім. Бұл ілім Платонның идеялар теориясына негізделіп, түрлі сападағы идеялар туралы ілімі болды. Аристотель ең алдымен екі категорияны ажыратып айтты: мән («субстанция») және сапа («акциденция»). Мысалы, ізгілік идеясы және идеяның өзі мән мен сапаны көрсетеді. Мән өзінен өзі өмір сүреді, ал сапа (немесе сан) қандайда бір мәнге сәйкес өмір сүреді, өзімен өзі бола алмайды. Ізгілік, бұл – сапа категориясы, ол өзімен өзі бола алмайды, бір нәрсенің қасиеті (ізгілікті адам, ізгілікті іс) ретінде өмір сүреді. - Материя және форма туралы ілімі немесе әрбір заттың себептілігі туралы ілім. Аристотель материя ұғымын ендірген алғашқы философ. Форма Аристотель бойынша – заттың бейнесі, материядан белгілі бір затты тудыру үшін керекті әрекеттіліктің бастауы. Аристотель тілімен айтқанда форма әуелгі кезе болмыс «мүмкіндігі», ал оның мүмкіндіктен шындыққа айналуы форма болып табылады. Материя Аристотель бойынша, бір жағынан, субстрат – негіз, бірдеңенің ішкі астары – таза мүмкіндік. Екінші жағынан, мүмкіндік қана емес, таза шындық. Шынайы болмыс материя мен форманың бірлігін көрсетеді. - Жеке мен жалпы мәселесін шынайылықтың екі жағының қатынасы ретінде шешеді. Нақты болмыстағы заттардың бірінші, екінші мәндерінің болатындығын айтып, Аристотель бірінші мәнді – жеке-дара, бөлінбейтін және сезімдік қабылданатын болмыс ретінде түсіндірсе, екінші мәнді – бірінші мәннен шығады және заттың түрлік негізі деп қарастырды. - сезімдік қабылданатын заттың мәніне басымдылық береді. Мән категориясын Аристотель әлемді танудың негізгі құралы ретінде түсіндірді. - қозғалыс болмыстың нақты формаларымен байланысты және мәнгі болады. Аристотель қозғалыстың қайнар көзі туралы қарама-қайшы пікір ұсынды. Бірінші, қозғалыс заттарға тән. Екіншіден, қозғалыстың қайнар көзін қозғалмайтын алғашқы қозғалтқыш (Құдай) ұғымымен байланыстырады. - «Категория» атты еңбегінде қозғалыстың алты түрін көрсетеді: 1) пайда болу; 2) жойылу; 3) ұлғаю; 4) азаю; 5) орын ауыстыру; 6) өзгеріс. Аристотель қозғалысты өзгеріспен байланыстырды. Кеңістік денелер қозғалысмен байланысты. - Аристотель себептің төрт негізгі түрін атап көрсетеді: 1) материалды, 2) формалды; 3) белсенді; 4) мақсатты. - Логика ілімі. Ол логиканы танымның, дәлірек айтсақ, ғылыми танымның құралы деп түсінді. Аристотель логика ғылымының теориялық негізін қалады. Ол қайшылық заңын жасады. Сонымен қатар, логикалық ой дамуына оның қосқан маңызды үлесі, категориялық силлогизм туралы теорияны жасау болып табылады. Болмысты тану тек логика көмегімен мүмкін болады. Логиканы «органикалық» ғылым ретінде қарастырды, яғни ол болмысты танудың құралы («органон») деп есептеді. Логика, Аристотель бойынша таным үшін методологиялық мәнге ие. Ол жалпыны жекеден, ақиқат білімді жалған білімнен ажыратуға көмектеседі. Жалпыны ажырататын әдісті Аристотель индукция (жекден жалпыға өту) деп атап, кейін ол жеке факторды түсіндіруге мүмкіндік береді деп тұжырымдады. Силлогизмдерден дәлелдеуді негіздейтін әдіс, яғни, жалпы тұжырымдардан – жекелеген пікірлерді алуды, ол дедукция деп атады. - Жан туралы ілімі. Адамның өзге тіршілік иелерінен негізгі ерекшелігі оның ақылында. Ақыл жалпылама ойлаудың мүмкіндігі. Адамның сөйлеу қабілеті осыған негізделген (сөйлеуде жалпылықтар туралы ойлар байқалады), ал жануарларда бұндай қабілеттілік жоқ. Адамда ғылым бар (яғни жалпы бастау туралы білім) және бұл жануарларда болмайды. Ақыл адам әрекетін шартты етеді, оның еркін қалыптастырады. Ерік адамның талпыныстарынан құралады және адамгершілік таңдауына (ол жалпы білімге негізделіп жасалған) дайындығын көрсетеді. Аристотель адам жанын екі түрге бөлді жануарлық және ақылды. Ақыл – индивидуалдылыққа жатпайтын, жалпылық, өзгермейтін және мәңгі. Ақыл барлығына ортақ, оның индивидуальды ерекшеліктері болмайды. Ол тәндік процестермен байланысты емес, жан тек ақылды бөлігінде ғана ажалсыз деп есептеді. - Аристотель бойынша таным дамушы үдеріс болып табылады. Танымның сатылық жүйесі: түйсік, түсінік, тәжірибе, ес, өнер, ғылым. Ғылыми таным – таным процесінің шыңы. Ғылыми танымның мазмұны – жалпыны тану болып табылады. - Саяси көзқарастары бойынша адам саяси жан иесі. Мемлекет – жетілген қауымдардың қауымдастығы, ал қауым – жетілген жанұя. Аристотель құл иеленушілік құрлыстың жақтаушысы. Оның пікірінше, біреулер тумысынан билік ету үшін, екіншілері бағыну үшін жаратылған. Шектен шыққан байлық қоғамдағы тұрақтылықты бұзады. Азат адамдардың қоғамы үш негізгі топтан құралады; 3) аса бай адамдар, 2) орташалар, 3) тақыр кедейлер. Асқан байлық әл-ауқатқа ие болудың адам табиғатына қарса тәсіл болып таылады. Шектен шыққан байлыққа ие болу тәсілі адам парасаты мен мемлекеттік құрылымға қайшы келеді. Орта топ мемлекеттің игілігі үшін маңызды болып табылады. Мемлекеттің мәні адамдардың нақты игілікке жетуі үшін біріккен саяси қауымдастығы болып табылады. Мемлекетің жағымды формалары: монархия, аристократия, политея. Жағымсыз формалары: тирания, олигархия, демократия. Мемлекет құдайлық бастама емес, табиғи дамудың нәтижесі деп ұғып, идеальды мемлекеттің болу мүмкіндігін жоққа шығарды. Полис адамның «саяси жануар» екендігінің мәнін ұқтыртатын, қарым-қатынасының жоғарғы формасы, адам бойында бірлесіп өмір сүру сияқты инстинктивті талпыныс бар, оның нәтижесінен отбасы, қауым және мемлекет пайда болады. Мемлекеттің негізгі мақсаты – азаматтардың барлығы үшін жақсы өмірді қамтамасыз ету. Мемлекет әділдіктің, заңның іс жүзінде орнығуын көрсететін, ерікті азаматтардың ортақ қызығушылықтарын ортаға салатын аумақ. Мемлекеттің барлық түрлерінде әділдік орныға бермейді. Билік түрлеріне қарай монархия, аристократия және полития, мұндай мемлекет формаларының билеушілері барлық азаматтардың ортақ мүддесін қамтамасыз етеді. Аристотель бойынша, мемлекеттің жетілмеген, құлдыраушы формалары: – тирания, олигархия, демократия, және т.б. мемлекет түрлерінің билеушілері халқына жақсылық тілемейтіндер. Мемлекеттің жетілген, ең жақсы формасы – полития. Полития аралас режимдегі, аристократияның (әділ билеушілер) және олигархияның (байлық) және демократияның (еркіндік) ең жақсы жақтарының қосындысы. Мемлекетте азаматтық құқыққа әскерилер, заң шығарушылар және сот өкілдігін жүргізушілер ие болу керек. Орта тап тәртіптің негізі. Жер мемлекеттік меншікке және жеке меншікке бөлінеді. Шаруашылық өмір құлиеленушіліктің дамуын көрсетеді. Ел билешілері мемлекетке бейбіт өмір мен қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге тырысуы қажет. Заң шығарушылардың шеберлігі адамның емес, заңның басқаруын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мемлекетте тұрақтылығы мен саяси тәртіптің орнығуына мүмкіндік туады. Аристотель бойынша, асыл мемлекет дегеніміз жеке меншікке, еңбек құралына, жерге және құлдарға сүйенетін қоғам құру. Құлдар және ерікті кедейлер саяси құқықтарға ие бола алмайды. Ал ерікті, ауқатты азаматтар мемлекет ісіне араласуға міндетті болып табылады. Мемлекет азаматтарынан нақты бір ізгі қасиеттерді талап етуі тиіс. Мұнсыз қоғамның әл-ауқатына жету мүмкін емес. - Аристотель ізгі қасиеттерді екі топқа бөледі: 1) дианоэтикалық – бұл интеллектуалды ақыл-ой қызметіне байланысты; 2) этикалық – бұл адам мінезіне байланысты. Бірінші топтағы қасиеттерге оқып үйрену жолымен, ал екіншісі әдеттің нәтижесі. Аристотель шектен тыс билік пен байлықты, сән-салтанатты айыптайды. Сондай-ақ, тақыр кедейлікті де теріске шығарды. Әл-ауқатты тіршіліктің негізі – қанағатшылдықты деп санады.






Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 594. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия