Студопедия — ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ






 

Орта ғасырдағы қазақ философиясының өкілдері: әл-Фараби, Қорқыт, Жүсіп Баласағұн, Мұхамед Қашғари, Махмұд Хайдар Дулати, Қожа Ахмет Йасауи, Ахмет Иүгінеки
Ойшыл Шығармалары Философиялық тұжырымдары
Жүсіп Баласағұн(шамамен 1020 ж. дүниеге келген) «Құтты білік» Білімді адамдар өмір сүретін, мінсіз қоғам нормалары жайлы, әлеуметтік мәртебесі әрқилы қоғам мүшелерінің мінез-құлық ережесі, сондай-ақ басқарушы және бағынушылар арасындағы ара қатынас қағидаларын талдайды. Бақытты, рахатты, салауатты өмір сүруі үшін және қоғамдық мораль негізі үшін әдептік ұстанымдарды белгілейді. Дүниетанымдық және құндылықтық бағдары моральға негізделген. Мораль – бұл адамгершілік, тәлім-тәрбиелік, өнеге-үлгілік ұстаным. Мораль адамның өмірлік ұстанымы мен бітім-болмысын, яғни, адамның сыртқы кескін-келбетін және ішкі мәдениетін, рухани жан дүниесін білдіретін ұғым болып табылады. Сол сияқты, адамның отбасындағы және қоғамдық өмірдегі қарым-қатынасын айқындайтын ұғым. Ойшыл қоғамдық қатынастардағы түрлі адамгершілік, білімділік, парасаттылық, батылдық, әділеттілік құндылықтарын қарастырды. «Құтты біліктің» төрт кейіпкері әдеп пен мораль нормаларын сақтай отырып сұхбатасады. Күнтуды – әмірші, Айтолды – уәзір, Өгдүлміш – уәзірдің баласы, Оғдүрміш – уәзірдің ағасы, бұл төрт кейіпкер Әділетті, Бақытты, Ақыл мен Қанағатты бейнелейді. Шығарма кейіпкерлерінің қарым-қатынасы мен дүниетанымдық ұстанымы өзара ой бөлісіп, сұхбаттасуы арқылы шығарма авторы философиялық және құндылықтық мәселелерді көтереді. «Құтты білік» шығармасында биліктің тек адамгершілік және имандылықпен санасқанда ғана абыройлы болатынын дәлелдеген және соған апаратын жол көрсетілген. Адам болмысының мәні және адамның әдебін ашатын ұғым ретінде ар-ұят алынады. Адамның адамгершілігін, оның тұлғасын ардақтайтын және көкке көтеретін – ар мен ұят. Парасатты, әдепті адамдарға тән жоғарғы қасиеттер – әділеттілік, сабырлылық, мейірімділік және турашылдық. Ойшыл адам бойындағы этикалық құндылықтардың тереңдігінің сыры халықтың құндылықтық ұстанымдарын қадір тұтуынан, ата-бабаның рухани дәстүрін құрметтеп, өмірлік мұрат ретінде қабыл алуынан адамның тектілігі қалыптасатындығын айтады. Қоғамдағы адамдардың теңдігі айқын, алайда, адамдардың алған тәрбиесі мен әдебі әрқилы. Білім мен ғылымның мәніне зор көңіл аударылады. Білік – түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз, Қанша сімір сарқылмайды, білсеңіз! Біліммен ер басын алып жүреді, Ал, білімсіз басын оққа тігеді. Білім алып, биіктей бер адам бол, Ел ішінде мал атанған надан мол. (Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А. Егеубаев. – Астана, 2003.115-116 б.). «Құтты білікте» білім өмір мәні және қоғамың мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі. Білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алын алу үшін қажет. Білім адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге, өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол.
Махмұт Қашқари (ХІ ғ.) «Диуани лұғат ат-түрк» Адами құндылықтар қоғам мен адам арақатындағы және тәлім-тәрбиеге қатысты айқындалады. «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегі ежелгі түркі халқының ұлттық сана-сезімімен қатар, олардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, өмірлік құндылықтарын, ділдік ерекшеліктерін көрсетеді. Этикалық ізденістеріне мораль қағидалары мейірімділік, әділеттілік, бейбітшілік, достық, жомарттық, сабырлылық, шүкірлік, тақуалық және т.б. Ел басшысы болсаң егер, жағымды істі кәсіп ет, Бек қасында адамдарға жақсылықты тасып өт (Махмұт Қашқари Диуани лұғат ат-түрк // Қазақ халқының философиялық мұрасы. Орта ғасырдағы түркі ойшылдары: 20 томдық. – Астана: Аударма, 2005. – 5-т. - 164 б). Қайырымдылық пен жақсылық ұғымдары басшы мен қарапайым адамның өмірлік ұстанымы ретінде суреттеледі. Ықылас бұл адам жүрегі мен имани ұстанымынан туындайтын іс әрекет. Ел билеушісі халықты әділдікпен басқарып, олардың құқықтарын қорғауы керек. Жақсылық жасау бұл адами міндеті. Түркі тілдес тайпалардың әдебі мен салт-дәстүріне қатысты мақал-мәтелдерде адамның жеке басына қатысты міндеттері, жанұядағы міндеттері, қоғамдағы міндеттері, адам бойындағы жақсы және жаман мінез-құлықтар пайымдалған.
Ахмет Иүгінекидің(ХІІ ғ. аяғы мен ХІІІ ғ. басы) «Ақиқат сыйы» Адам болмысының құндылықтық астарлары ашылып, адамның рухани даму мәселесі көтеріледі. «Ақиқат сыйында» адамның бұл өміріндегі мақсаты мен міндеттері ислами тұрғыдан шешіледі. Адамның екі дүниедегі бақытты өмірі Жаратушыға күмәнсіз сеніп, ғибадат ету және ел жұртына қайырымды болу. Алла өзін білімменен құт етеді. Қайырсыз надандықты жұт етеді. Білімді үйренбеген талай қауым, Құдайды қолдан жасап, пұт етеді Аллаһ білім, парасат жолымен өзін танушыларға жол ашады. Ойшылдың ұстанымы исламның мәдениеті мен құндылығын адам баласы толыққанды түсініп, оны дүниетаным ретінде қабылдап, өмірлік ұстанымына айналуына ықпал ету болып табылады. Ақымақтың тілі – бастың дұшпаны, Қан төгіліп талай бастың ұшқаны. Көп сөйлеген өкінеді түбінде – Безей бермей ақылға сап ұста оны Адам баласының тіліне ие болу керек екендігін баса айта отырып, адамның тілін бақпай, орынсыз, жүйесіз сөйлей беруі ұнамсыз қасиет екендігін болжайды. Тілді тәрбиелеу адамның кісілік тұлғасын биікке көтеріп, өз ортасында оның сыйлы ететіндігін белгілі. Адамдар арасындағы достық сезім мен бауырластықты бұзатын адамдар арасында дұшпандық пен секемшілдікті тудыратын бұл ғайбат. Ғайбат бұл тілге ие болмай, орынсыз биәдеп сөздерді сөйлеу. Тәкаппар, тонын киме – «біл!» - демегім, Халықты кеуде керіп тілдемегін. Нышаны момындықтың кішіпейіл, Бол дағы кішіпейіл, дым демегін Кішіпейілділікті, шыншылдық пен әдептілікті асқақтата отырып, кішілік пен қарапайымдылықтың адам болмысының рухани мәнін ашатын қасиет ретінде ашады. Ал тәкаппарлық өзін ұлықтау, өзін мақтау, ал адамдарды менсінбеушіліктен туындайды. Ойшылдың ұстанымы адамның жан дүниесін байыту мен гуманистік келбетін жан-жақты жасау болып табылады.
Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикметі» («Даналық кітабы») Имандылық пен тақуалықтың, еркіндік пен ізгіліктің, даналық пен діндарлықтың үлгісін ұсынған. Сопылық философиясының түркілік бұтағының негізін қалаушы ретінде ислам ілімі мен құндылықтарын, ислам ахлағы мен даналығын үлгі өнеге, өсиет ретінде насихаттаған. Сопылық ұстанымы мен тақуалық жолы дәріптеледі. Адам баласын ислами тұрғыдан кемелденуге, иманын жетілдіруге, парасат пайымын тереңдетуге шақырған сопылық ұстанымдары болып табылады. Ғашық болсаң ғашық жолына қыл қадам, Дүниені талақ қылғыл мысал Адхам, Ақылға ерсең дүние үшін жемеген қам, Қиямет күні жазаларын берер, достар. Сыр шарабын ішкен ғашық өзін білмес, Бұл дүниенің ләззатын көзіне ілмес, Жүз мың рет кеңес айтса ақыл алмас, Гүл гүл жайнап өзін білмей жүрер, достар Жаратушыға деген махаббат адам бойындағы адамгершілік адалдық, мейірімділік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, әділдік, діндарлық, сабырлылық, жомарттық сынды ізгі қасиеттер арқылы өз мазмұнын байытып, құндылық ретінде ұлықталады. Адамның өзін-өзі танып және жетілдіру арқылы ақиқатты іздеу жолын және өткінші дүние қызығын тәрк етіп, тақуалық пен кемелділікті ұстануға шақырады. 149 хикмет жыры бар. Сопылық ілімінің басты ұстанымдары: шариғат, тариқат, мағрифат және ақиқат сынды мақам жолдрдан тұрады, кемел адамды қалыптастыруға бағыталады. Йасауи «Кім өзін білсе, Хақиқатты танығаны» - деп, нәпсіні тізгіндеуге шақырады.
Сүлеймен Бақырғани ХІІ ғасырда «Хакім ата» Адамның шынайы мұсылмандыққа жету үшін ихсанды, тақуалықты ұстану қажеттігін айта отырып, білімдарлық пен даналыққа жету жолдарын айқындайды. Түркі ұлыстарының діліне ортақ құндылықтарды насихаттауында жатыр.
Мұхаммед Хайдар Дулати(1499-1551 жж.) «Тарих-и Рашиди», «Жаһаннаме» Ислам діні мен ілімі, мәдениеті терең білімдар болған. Орта Азия халықтары мен қазақ халқының тарихы, мәдениеті туралы деректер жинақтаған. Қазақ хандығының құрылуы туралы деректер оның еңбектерінде көрініс тапқан. Тарих философиясы мен тарихи жадқа қатысты тың мәліметтер кездеседі. Ол өз дәуіріндегі түрлі дін бұзар адасушы топтардың іліміне дінтанулық талдаулар жүргізген. Кашмирде билік еткен кезінде, бұл аймақтың мәдениеті өркендеп, ғылымның дамуына зор үлес қосты.






Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 510. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия