Студопедия — АЗАҚ АҒАРТШЫЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

АЗАҚ АҒАРТШЫЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ






Шоқан Уәлиханов (1835-1865 жж.) еңбектері қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихы, аңыз-жыры, қоғамдық-саяси өмірін, діні мен ділін зерделеуге бағытталған. Қоғамда жасалатын өзгерістер адам мүддесіне сәйкес келуі қажет екендігін атап көрсетті. Ол: «Халыққа етене жақын, ең маңызды соның мұқтажына тікелей қатысты реформа-экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек. Өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адамзат қауымдасып, өзінің бірегей түпкі мақсаты – материалдық әл ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз-осы» дейді. «Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде сол кезде қазақ даласында жүргізіліп жатқан саяси әлеуметтік реформаларды талқылады. «Сахарадағы мұсылмандық туралы» еңбегінде ислам дін мен халықтық ғұрыптар, исламның қоғам өміріндегі орны, «Қазақтардағы шамандықтың іздері» еңбегінде Шоқан Тәңір ұғымын, бақсы, емші сынды түсініктерді, ежелгі наным-сенімдердің тамырын зерттеген. Сол белгілерді қазақ халқының күнделікті тұрмыста қолданып жүрген сөздерімен де дәлелдеп береді. Ш. Уәлиханов шығармашылығы қазақтың рухани дүниесін зерттеуге арналған. Халықтық жыр-дастандары мен аңыздарының түрлі нұсқаларын қағазға түсірген: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Едіге», «Ер Қосай», «Ер Көкше», қырғыздардың «Манас» жыры. Философиялық көзқарасы негізінен ағартушылық идеяларды негіздеуден тұрады.
Абай Құнанбайұлы (1845-1904)ақын, ойшыл, қайраткер, сазгер. Хакім Абай өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге сол кездегі қазақ қоғамын толғандырған әлеуметтік-философиялық мәселелерге жауап беруге ұмтылған. Абай философиясында сүйспеншіліктің үш түрі айтылады, олар Жаратушыны, адамзатты, әділетті – иманигүл ретінде сүю. «Алланың өзі де рас,сөзі де рас» атты өлеңінде: Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй,ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және сүй хақ жолы деп әділетті. Абайдың философиялық көзқарастарының өзегі: - дүниенің объективтілік заңдылығын мойындады, дүние мен адамзат қоғамы бір қалыпты тұрмай, өзгеріп отырады деп таниды «Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел». «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңінде: Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек. - философиялық антропологиясында толық адамды (ақыл, рақым, әділет) дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызады, оның бойындағы асыл қасиеттерге былай сипат береді: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. - этика тақырыбын қозғағанда иман мәселесіне көңіл аударады. «Ұят кімде болса иман сонда», «Адам баласына адам баласының бәрі дос» дейді. Мына дүниенің шолақтығын біле тұра бір-бірімен өшігіп, не болса соған көрсеқызарлық, алауыздық, бақталастықтың адам жанына берері шамалы деп ой тұжырымдайды. Қазақ еліне рухани бағдар ұсынған Абай нағыз адам болуды ұрпаққа өсиет еткен. - Ағартышылық көзқарастарында жастарға білім-ғылым адам үшін рухани және материалдық құндылық, өмірлік бағдар екендігін айқындайды. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде: Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз. Білгендердің сөзіне, Махаббатпен ерсеңіз, Ақыл сенбей, сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз. Абай туралы Алаш арыстарының ой пікірлері: «Қазақтың бас ақыны- Абай Құнанбайұлы». (Ахмет Байтұрсынұлы). «Ақыл, білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда Абай-қазақтан шыққан философ » ( Жүсіпбек Аймауытов .) «Данышпан, ғұлама, философ кісі еді» (Шәкәрім). «Қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай» (Міржақып Дулатұлы)
Хакім Абайдың шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931 жж.). Шәкәрімнің дүниетанымына Абай ықпалы зор болды. Бес жасынан бастап өз бетінше сауат ашып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін үйреніп, Батыс және Шығыс философиясымен, әдебиетімен танысты. Шәкәрімнің дүниетанымының негізгі ерекшелігі дін және руханилық мәселесін қарастыру мен өзіндік рухани-құндылықтық категориялардың жүйесін ұсыну болды. Ойшылдың рухани ізденістері бүгінгі күннің талаптары тұрғысынан қараса құндылығы мол рухани мұра. Ол адамдар бойындағы имандылық, діни-рухани тазалық мәселелерін қарастыра отырып, бірқатар ұсыныстары мен тұжырымдарын ұсынған. Рухани ұстазы Абай және замандастары сияқты Шәкәрім шығармаларында толығымен адам мен қоғамдық дамудың жолын іздестіріп, ол діннің ақ жолын, қоғамдық дамудың рухани негізі ретінде ұсынып, әрбір адамның өмірлік құндылықтық бағдарын айқындауда имандылық пен білімге сүйену, адалдық, адамгершілік заңдарын басшылыққа алу керектігін тұжырымдаған шығармаларының берері мол, рухани туындылар. «Үш анық» еңбегінде адам, дүние, қоғам, табиғат, жан, руханилық, сана, діни сенім, адамгершілік заңдары, ақыл, жан сияқты философиялық катигориялар талданып, бірқатар мәселелер көтеріліп, олардың басы ашылды. Үш ақиқат: сенім ақиқаты, ғылым ақиқаты мен ар-ұжданды көрсетіп, адамның рухани даму жолдарын тереңінен көрсеткен. Шәкәрімнің адам жаны өле ме деген философиялық сұраққа ізденісі барысында «Үш анық» концепциясы қалыптасып, рухани ізденістерінің аумағы айқындалды. Алғашқы ақиқат – діни анықтықтың дәлелі дүниенің бір заңдылыққа сүйеніп дамитындығы мен ондағы кездейсоқтықтың болмайтындығы. Яғни, ойшыл бұндай заңдылық пен үйлесімділіктің түпкі тамырында Құдай жатыр. Екінші ақиқат – ғылым ақиқаты, жанмен, оның ажалсыздығымен байланысты ақыл-ойды алды. Шәкәрімде жанның мәңгілігі рухпен айқындалмайды, оның түсінігіндегі рух ақыл-ой қасиеті. Ал жанның азығы ретінде үшінші ақиқат ретінде ұжданды көрсетті. Ұждан – адамның ішкі рухани әлемі, онсыз адам жаннын елестету де мүмкін емес. Ұждан жанның азығы ретінде, адамның адамдығы мен адамгершілік қасиеттерінің негізі, қоғамдық дамудың көзі. Ар ілімімен қоғамдық дамытудың негізі мен оның дамуының жолын көрсетіп берді. Қоғамдағы әрбір адамның ары мен ұятын оятып, оны жетілдіру арқылы мүмкін екендігін айқындады. Адамның ішкі дүниесін жетілдіруді ұсынған ойшыл, ағартушы ретінде өзіндік ерекше жолды нұсқады. Оның нұсқаған жолы ар ілімінде көрсетілгендей адамды ең басты құндылық ретінде тану болып табылады. Ағартушылық идеялары адамның өзін-өзі тәрбиелеу, мүмкіндіктерін тек жағымды жағдайларға пайдалану, адам деген атқа сай өмір сүру, өзін-өзі жетілдіру, білім мен еңбек арқылы дүниенің кілтіне ие болатындығы туралы ойларынан көрінеді. Қоғамдық дамуын ғылым-білім жолынан іздеген Шәкәрім өзі де осы жолда қажымай еңбектенгендігі оның сан-саналы ізденістернің нәтижесі болған рухани мұраларынан байқауға болады. Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық, Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік, Бір білімді данышпан жан табалық. Ал, енді олай болса, кімді алалық, Қазақта қай жақсы бар, көз саларлық. Шын іздесек – табармыз шыны ғылым! Жалыналық Абайға, жүр, баралық. Шәкәрім ұстазы Абай сияқты қоғамдық даму ғылым-білім арқасында, қоғамның әрбір адамының рухан толығуы, дамуы арқасында болатындығын айтудан бас тарпады. Шәкәрім Абайдың халқы үшін жанашыр, елін тек дұрыс жолға бастайтын данышпан екендігін танып, оны аса қадірлеген. Абайдың рухани мұраларынан нәр алған Шәкәрім оның ағартушылық жолын ұстанды. Гуманистік ілімінде, ол адам жанын жетілдіру арқылы адамға қолайлы қоғам орнығатындығын, онда тек адами заңдар басшылыққа алынатын, қоғамның ең басты құндылығы адам болып табылатынын тұжырымдады. Шошыма досым сөзімнен. Сөз құдайдан шыққан бу. Ұқпасаң көр өзіңнен, Жұтқызайын нұрлы су. Байлаймын да көзіңді, Патша қылам өзіңді, Ұғып отыр сөзімді, Ел билетем жеті ру. «Мейірім», «Ынсап», «Әділет», «Шыдам», «Шыншыл», «Харакет», Түп қазығы «Ақ ниет», Бұл жетеуін ел қылу. Ешкімге зиян тигізбей, Кәріптің көңілін күйгізбей, Сайтанға беттен сүйгізбей Жүрегіңді нұрмен жу. – деп, ойшыл адамның өмірлік таңдауын өзі жасайтындығын айта келе, адамдық қасиеттердің ең асылы ретінде мейірімділікті, ынсапты, әділеттілікті, шыдамдылық пен шыншылдықты және әрекетшілдікті ұсынды. Осы асылдармен қатар адамның ақ ниеттілігі барлығының түпкі қазығы, руханилықтың негізі, жүрегінің тазалығының, пәктіктің белгісі. Ойшылдың бұл түйінінде адамды рухани тазалыққа жетелеудің жолдары қарастырылып, адамның ондай жолды ұстану құқығының бар екендігін айта келе, адамның өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білуінің қажеттілігі жөнінде де ой салды. 1911 жылы шыққан «Қазақ айнасы» жинағы адамгершілік, мораль, этикалық мәселелерге арналған шығарма. Бұл шығарма адам бойындағы ізгіліктің белгісі болып табылатын, адамзатқа пайдалы іс жасау, жақсылық ойлау, жақыныңа қамқор болу сияқты асыл қасиеттерді көрсетеді. ойшыл адамгершілік, әдептілік, мораль мәселелерін көтерген өлеңдерінің көпшілігін жастарға бағытап жазған. Оның себебі жас буынның қоғам болашағы екендігін көріп-біліп, олардың санасына өз өлеңдерімен әсер етіп, оларды оқуға, өнер үйренуге, ғылым меңгеруге шақырды. Адамды және онымен байланысты барлық мәселелерді қарастыра келе адамды ар жолынан, рухани тазалықтан тайдыратын жаман қасиеттер мен құмарлықтар мен оны адам бойынан байқау, онымен күресу, жою жолдарын ұсынды. Жағымсыз қасиет, өткінші, жүрекке жалған жалын тастайтын, адам жанын улайтын у тәріздес деп бейнелейтіні – нәпсі мәселесі. Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған, Бір сұлу қыз сықылды жұрт таңдаған.... Бас алуға жаралған бір жәдігөй Өткір қылыш сықылды уға малған.... – Адамның нәпсіден құтылатын жолы – нәпсіні тию болып табылады. Нәпсіні тию оның құрығында жатқан ынсапты босату, яғни адам өз бойын ынсапқа басқарту. Ынсап барлық істе не кем немесе артық қылмай, адамды теңдікте ұстап, бәрінің дұрыс жолын көрсететін қасиет ретінде ұсынады. Адам бойындағы әділ, асыл қасиеттер қатарының алғашқысы болып көрінеді, адамның ақиқатқа ұмтылуы, қанағатшылдық, басқаларды дұрыс түсіну, барлығын салмақтай білу сияқты қасиеттерін білдіреді. Діни-ағартушылық бағытылығы «Мұсылмандық шарты» еңбегі мен көптеген өлеңдерінде діндегі тазалықты дәріптеп, жанды арсыздықтан сақтау діннің ақ жол ұстану арқылы мүмкін болатындығын пайымдайды. «Иманым» өлеңінде әлемді жаратқан Алла екендігін мойындап, сенімі жоқ адамды меңіреу етіп бейнелеп, оның бойына сәуле ендіру арқылы оған жан бітіріп, сөйтіп оның көзін ашылатындығы туралы жазады.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 832. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия