|
| Реферат жазу.
1. Мемлекеттің функциялары.
2. Әкімшілік жауапкершілік.
3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі және түрлері
4. Еңбек шартының түрлері.
5. Қылмыс құрамы.
6. Мемлекеттің пайда болу теориялары.
7. ҚР Прокуратурасының жүйесі.
8. Алимент төлеу туралы келісім.
9. Ортақтасқан және жинақтаушы зейнетақы жүйесі.
10. Қылмыстық жауапкершілік.
11. Қаржы полициясы органдары қызметінің құқықтық негіздері.
12. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері.
13. Қ Р салық жүйесі.
14. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі.
15. Мемлекеттік басқару актілері.
| 5 апта
| Үй тапсырмасының ең басты талаптарының бірі реферат жазу. Реферат халықаралық ұйымдар құқығының пәнінің түсінігі, пәні, жүйесі және даму тарихы тақырыбына жазылып, ол кемінде 3-4 компьютер үлгісіндегі шрифтпен жазылған беттен тұруы қажет. Реферат кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан түрады. Рефераттың кіріспе бөлімінде Сіз міндетті түрде тақыраптың маңыздылығын, мақсаты мен талаптарын, сонымен қатар, реферат тақырыбын зерттеуде қандай теориялық жұмыстаға және тәжірибе жүзіндегі нормативтік актілерге сүйенгендігіңізді көрсетіп кетесіз. Негізгі бөлімде Сіз рефераттың тақырыбын қысқаша ашып, өзіңіздін еңбегіңіз екенін білдіру керексіз. Сонмен қатар, ол мүмкіндігінше нормативтік актілермен қамтылған және басқа мемлекеттердің құқықтық жүйесімен салыстырмалы түрде зерттелген болуы қажет. Қорытынды бөлімінде Сіз міндетті түрде өз тұжырымдамаңызды жасайсыз. Соңында әдебиеттер тізімі келесідей ретпен көрсетілуі тиіс: 1) нормативтік-құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша түрде қорғалып бекітілген тәртіп бойынша ұпаймен бағаланады.
|