Орытынды. Сонымен, қорыта келе, мемлекеттілік мемлекет дамуының жоғары сатысына сәйкес келетінін аңғардық
Сонымен, қорыта келе, мемлекеттілік мемлекет дамуының жоғары сатысына сәйкес келетінін аңғардық. Оның ұлттық экономикасы, дұрыс жолға қойылған заңнамалық актілер жүйесі, мемлекет егемендігі мен шекарасын қорғауға қабілетті өз әскери күштері болады және ол ұлттық мүддеге сәйкес сыртқы саясат жүргізеді. Қазақстан мемлекеттік егемендігін жариялаған тұста бостандық сүйгіш халқы мен ұлан-ғайыр территориясы және ел басқарудың кеңестік жүйесінен басқа мемлекеттік құрылымдары болмаған еді. «Мемлекеттілік» дегеніміз, тарихта өз мемлекетін құра білген халықтардың даму деңгейімен де өлшенетін ұғым. Әрі мемлекеттің дамуы мен қызметін ұйымдастыруға қажет идеялар мен көзқарастардың тұтастай жүйесін де «мемлекеттілік» деп айтуға болады. Демек, біздің еліміздегі «Мәңгілік Ел» идеясы ұлттық – мемлекеттік идеяның негізі, іргетасы болып қаланды. Алайда, шын мәнісінде, Қазақстан басшысының мемлекеттіліктің тарихына қатысты ой-толғамдарының, тарихи сананы жаңғыртуға арналған бастамаларының тамыры одан да тереңде жатыр. Ең бастысы, Президент Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау бастамасы «Мәңгілік Ел» идеясының ұлттық идеялогияға айналуы қажет екендігін тағы бір аңғартады. Қазақстан мемлекеттілігінің жаңдануы - біздің байлығымыз, біздің мақтанышымыз, біздің бақытымыз. Оның құрамдас бөлшектері – территориясы мен халқы, экономикасы мен мәдениеті, мемлекеттік шекарасы мен символдары, билік жүйесі, халықаралық байланыстары мен дипломатиясы. Қысқаша айтқанда, Қазақстан жаңа ғасырға қомақты сыртқы саяси қоры - тиімді ішкі саяси экномикалық өсу саясаты бар мемлекет ретінде аяқ басты.
|