ХІХ – XX ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің дамуы
Араға ғасыр салып ата-бабамыз арман еткен егемендік туралы декларация 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» консититуциялық заңымен қабылданды. Осы жылдан бастап тек Заңға мойынсұнып, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді басты негізге ала отырып, Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрды. Қазақстан мемлекеттілігін қүру жағдайы мен болашағы, оның әлемдік саясат аясындағы өзіндік белгісінің назарбаевтық түсінігі 1991 жылдың 3 желтоқсанында өткен Қазақ КСР Президенті мен Еуропарламент делегациясының кездесуінде сипатгалған болатын. Бұл кездесуде Н.Ә.Назарбаев Еуропа мен Азиядағы басқа егеменді елдермен ынтымақтастықты сақтау мен дамытуға ниетті екендігін мэлімдеді. Ол бұрынғы кеңес мемлекеттерінің бірігуін түбегейлі, әсіресе экономикадағы реформаларды жүзеге асырудың факторы деп санайтындығын және бұл жолда Еуропалық қауымдастықтың тәжірибесі үлкен әлемдік маңызға ие екендігін атап өтті. Президент Қазақстанның ЕҚ-мен тығыз қауымдастық мүмкіндігіне мүдделі екендігін баса айта келіп, «біз демократиялық, құқықтық мемлекет құрып, әлемдік экономика кеңістігіне енгіміз келеді және сол үшін барлық мүмкіншіліктер жасадық» - деп атап көрсетті. Сондай бір тарихи үрдістің бастауы XX ғасырдың 90-жылдары КСРО-ның ыдырауына байланысты Орта Азия мен Қазақстан территориясында да көрініс тапты. Аталған елдерде әлдеқашан үмыт болған өздерінің тэуелсіз мемлекеттерін қүруға деген үміт пайда болғанымен, оны жүзеге асыру да оңайға түспеді. Сондықтан да, Орталық Азия аймағында жетекшілікке ұмтылып отырған Қазақстанның мемлекеттілігін күру жолындағы қадамдарына кеңінен тоқтала кетуді жөн деп таптық. «Мемлекет» пен «Мемлекеттілік» ұғымдарының мәні мен мазмұны жағынан бір біріне әрі жақын, әрі басқаша болып келеді. Мемлекет деп біз, белгілі бір территорияда өз халқы тұратын, әлем қауымдастығы мойындаған саяси-құқықтық жүйені түсінеміз. Мемлекеттілік мемлекет дамуының жоғары сатысына сәйкес келеді. Оның ұлттық экономикасы, дұрыс жолға қойылған заңнамалық актілер жүйесі, мемлекет егемендігі мен шекарасын қорғауға қабілетті өз әскери күштері болады және ол ұлттық мүддеге сәйкес сыртқы саясат жүргізеді. Қазақстан мемлекеттік егемендігін жариялаған тұста бостандық сүйгіш халқы мен ұлан-ғайыр территориясы және ел басқарудың кеңестік жүйесінен басқа мемлекеттік құрылымдары болмаған еді. Қазақстанның 1990 жылы 25 қазанда республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдауы тәуелсіздіктің заңдық, құқықтық алғы шарттары болады деп нақты түжырымдай аламыз [7]. Өйткені 17 баптан тұратын Декларацияда Қазақстанның егеменді републикалар одағына ерікті түрде бірігетіні ғана атап көрсетіліп қоймай, сонымен бірге оның одақтан еркін шыгу қүқығын да өзінде сақтайтыны атап көрсетілді. Бұл тарихта өткен кеңестік жүйе конституциясында тек айтылған, бірақ іс жүзінде жүзеге аспайтын ережелердей емес еді. Мүның шынайы дәлелі декларацияда түңғыш рет Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ұлттық мемлекеттілігін сақтау, қорғау және нығайту жөніндегі шаралар жүзеге асырылатындығы нақты көрсетілген. Елбасы Н. Назарбаевтың Астана активімен кездесу кезінде 2015 жылы елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатындығы туралы мәлімдемесі жасалғаны белгілі. Президенттің Астана активімен кездесу кезінде 2015 жылы елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатындығы туралы мәлімдемесі ақпараттық кеңістіктегі негізгі тақырыпқа айналды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ, бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды. Біз - бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушыларымыз», - деген болатын.
|