Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1. Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері





XV-XVI ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің дамуы: «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы», Тәукеханның «Жеті жарғысының» пайда болуының тарихы маңызы

Әр заманның өзіне тән ерекшеліктері бар және ол сол кезеңге сай өзіндік ерекше шешімдерді қажет етеді. Адамзат, халық, мемлекет пайда болғаннан бергі кезеңде тоқтаусыз жүріп келе жатқан саяси-тарихи процестер әлі де жалғаса түсері ақиқат.

Қазақ мемлекеттілігінің даму тарихына тоқталар болсақ, алдымен XV-XVI ғасырлардағы Конституцияның қалыптасуы «Қасымханның қасқа жолынан» бастау алады. Бұл XV-XVI ғасырда өмір сүрген қазақтың Қасым деген ханының есіміне байланысты шыққаны тарихтан мәлім. «…Халық бұқарасы Қасымның ежелден қалыптасқан билер заңы – жарғыны жаңадан көтергенін қатты құптап, оны Қасымханның қасқа жолы» деп атап кетсе керек. Мүлік, қылмыс, әскери, егіншілік, жұртшылық деген 5 тараудан тұратын заң шығарып, әрқайсысына ерекше жаза дайындаған Қасымханның жолын XVIII ғасырда Есімхан жалғастырады.

Қасым ханның қасқа жолы. «Қасқа жол» - деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:

· Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;

· Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;

· Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;

· Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді [5, 325 б].

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Бізге белгілі, «Қaсым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғы жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.

ХVII-XVIII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің дамуы: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің ақылымен «Жеті Жарғы» құрылуы

 

Осылайша «Есімханның ескі жолы» өзгеріссіз Тәуке ханның тұсына жетеді. ХVII-XVIII ғасырлардағы, яғни 1680-1718 ж.ж Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің ақылымен 5 тарауға жаңадан екі тарау қосылып, «Жеті Жарғы» құрылады [6, 75 б]. Бұл – тарихта өзіндік із қалдырған елеулі оқиға.

Төле би ХVІІ - ХVІІІ ғасырларда Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» атты заң жобасын жазып бүкіл алаш халқына әйгілі болған. Абылай ханнан бастап, Бөгенбай батырға дейін ақыл, кеңес беріп келген атақты Бұқар жырау да Төле биді халыққа үлгі, өнеге етіп жырлады.

Қазыбек Келдібекұлы Тәуке ханның «Жеті жарғы» әдеп - ғұрып заң жобасын жасаушылардың бірі. Қазыбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, ұлы империялардың әкімшіліктері де сүйенген, атап айтсақ 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп кеңес алып қайтқан.

Әйтеке би артында аталы сөзі қалған, есімі ел жадында сақталған қазақтың келелі, шешен билерінің бірі. Жоңғар - қалмақ шапқыншылығына қарсы халық майданын құруға ат салысып, үлес қосқан қоғам қайраткері. Әйтекенің есімі елге ең алдымен тілмар шешендігімен, тапқыр билігімен мәлім.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 707. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия