Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан ҰОС жылдарында (1941-1945).





1.Қасым хан қайтыс болған соң,Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзақ жылға созылды. Ішкі талас-тартыстармен сыртқы феодалдық соғыстардың ауртпалығы Қазақ хандығын біршама әлсіретті. Осындай саяси жағынан ыдырай бастаған қазақ хандықтарын біріктіріп,оларды аймақтық жағынан ұлғайтуға, Қазақ хандығының халқаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан зор үлес қосты. Хақназар хан (1538-1580жж.) хан тағына отырысымен көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты күшейтіп өз хандығының саяси белсенділігін арттыруға көп күш жұмсады. Хақназар батыстағы Ноғай ордасымен,Оңтүстігінде Азия халықтарымен,солтүстігінде Сібір хандығымен,іргелес жатқан Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға қол жеткізді. Қазақ хандығына қарайтын көшпелі ру-тайпалардың Еділ мен Жайықты жағалай жалап, Қызылқұм мен Сыр бойына жайыла қыстауы да осы кезде басталды. Ол өзінің алдында билік еткен Тақир,Бұйдаш хандардың қателіктерін қайталамауға тырысқан. Ел басқаруда сабырлылық танытып,мемлекетінің пайдасы үшін дұрыс шешімдер қабылдап отырған.Хақназар хан елін –жерін сыртқы жаудың шабуылынан сақтауға,халқының бірлігін нығай туға бар өмірін арнаған.Хақназардың билік еткен кезінде оның мемлекетті дұрыс басқара білуінің арқасында Қазақ хандығының қуаты өсіп,саяси өрлеуі арта түсті. Хақназар елінің саяси бытыраңқылығын жойып, бір орталықтан басқару билігін орнатқан соң,хандықтың халықаралық жағдайын нығайтуға күш салды. Хан өзінің сыртқы саясатында Моғол хандығымен,Ноғай Ордасымен,өзбектермен,Орыс мемлекетімен бейбіт қарым-қатынас жасауды өзінің басты міндеті санады. Моғолстан ханы Абд ар-Рашид Жетісу мен Ыстықкөл аумағындағы жерлерді басып алу ниетімен XVI ғасырдың 50-60 жылдары Қазақ хандығына қарсы үлкен соғыс бастады.Бұған қарсы күреске Хақназар хан қазақ қырғыз одағының әскерлерін пайдаланды.Бұл шайқастардың бірінде Абд ар-рашидтің баласы қаза тапты.Бұған жауап ретінде Абд ар-Рашид өршелене шабуыл жасап,қазақ-қырғыз одағының әскерлерін жеңіліске ұшыратты.Бұл қазақ-моғол шайқасы қазақтар үшін сәтсіз аяқталды.Қазақтар мен моғолдар арасындағы қанды шайқас мұнымен бітпеді.Абд ар-Рашид мұрагерлері тұсында да соғыс қимылдары саябырлады.

Ноғай Ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында билік үшін таласқан феодалдық қырқыс үдей түсті.Бұл жағдай бұқара халықты күйзелтіп жіберді.Нәтижесінде Ноғай Ордасында жаппай наразылық туды.Ноғай Ордасы құлдырап,ауыр ауыр дағдарысқа тап болды.Қаңлылар,қыпшақтар,тағы басқа көшпелі тайпалардың көпшілігі Қазақ хандығына келіп қосылды.Оларды Хақназар хан құшақ жая қарсы алды.Ноғай Ордасында қырқысқан екі топ пайда болды.Бір тобы Мәскеу кінәзіне қосылуды жақтаса,екінші тобы Қазақ хандығына қосылуды жақтады.Бұл жағдайды тиімді пайдаланғын Хақназар хан Ноғай Ордасының көптеген ұлысын өзіне қосып алды.Сөйтіп Ноғай Ордасы XVI ғасырдың ортасында ішкі талас-тартыстан әлсіреп,мемлекет ретінде өмір сүруден қалды.

XVI ғасырдың орта шеңінде Қазақ хандығымен көршілес отырған Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің қазақтарға қарсы шапқыншылық жорықтары жиілеп кетті.Бұл жағдайды дұрыс түсінген Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті.Ертеден жауласып келе жатқан Шайбани хан әулетімен қатынас орнатуға ұмтылды.Ташкент қаласын басып алуға бағытталған соғыс қимылдарын тоқтатты.Сөйтіп Бұхар ханы II Абдаллах пен Қазақ ханы Хақназар хан “дос болып өзара көмектесу” жөнінде “ант беріскен шарт”жасасты.

1579 жылы өзбек ханы Абдаллах пен Ташкент маңын билеуші Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды. Хақназар бұл таласты пайдаланып,оларды әлсірету үшін жасырын түрде екеуін де қолдайды. Өзін қолдағаны үшін Абдаллах хан оған Түркістан аймағындағы бірнеше қаласын сыйға берді. Баба сұлтанда өзін қолдағаны үшін Түркістан,Сауран қалаларын Қазақ хандығына тарту етті.Алайда 1580 жылы қазақ сұлтандарының Абдаллах ханды жақтамақ болған әрекеттерін Баба сұлтан сезіп қалып,жансыздарын жіберді.Хақназарды және жанындағы сұлтандарын тегіс өлтірді.

Хақназар хан билігі кезінде қазақ хандығының көрші Ресей елімен қарым-қатынасы жақсара түсті.1569-1573 жылдары орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков Қазақ хандығында болып қайтты.Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы Мәскеумен сауда байланыстарын орнатып,саяси қарым –қатынас жасады.Ресеймен қатынас жасауда Хақназар хан әкесі Қасым ханның жолын ұстанды.

2.Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген.Оның шын аты Мұхамедханафия.Оны Шоқан деп еркелетіп атап кеткен анасы Зейнеп Шорманқызы еді.Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте өтті. Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады.Оның арғы бабасы Аьылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды.Ал атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді.Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген,Көкшетау сыртқы округінің аға сұлтаны лауазымында қызмет атқарған.Шоқанның анасы жағынан туыс нағашыларыда осал емес – Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын.

1847 жылы Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түсті.Бұл оқу орны Сібірдегі жоғары білікті мұғалімдер жинақталған,таңдаулы оқу орындарының бірі болатын.Шоқан алғашқы жылдан өзінің оқуға қабілеті мен бейімділігін танытты.Шоқан 1853 жылы кадет корпусын корнет офицер шенімен бітіргеннен кейін Сібір қазақ әскеріне қызметке жіберілді.Көп ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторының адъютанты болып тағайындалды.Қызмет орнында Шоқан Сібірдің шенеуніктік аппаратымен бетпе-бет келіп,өкіметтің заңсыз әрекеттеріне қатты күйінді.

Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлы ғылыми экспедицияларға белсене қатысты.Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын.1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорттың Орталық Қазақстан,Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады.Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып,қырғыздардың тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды. 1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты.Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Оның ғұмырының соңғы жылы Тезек сұлтанның ауылында өтті.Ол мұнда да Ұлы жүз қазақтарының өміріне тарихи-этнографиялық материалдар жинаумен шұғылданды.Аса көрнекті қазақ ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов 1865жылы 10сәуірде ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды.

3. Фашистер Кеңес аумағында Остпанд, Украина, Ресей, Кавказ, Еділ-Оралрейхномиссариатты құруды жоспарлады. Соғыстың алғашқы кезеңдерінде 14-атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6- бригада құрылып майданға аттандырылды. Брест қамалын қорғауда А.Ноганов, В.Фурсов, К.Гурдиев, Ш.Шоптыров және басқалары болды.Мәскеу тұсында И.В.Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316-атқыштар дивизиясыерлікпен шайқасты. В.Г.Клочков Ресей кең байтақ бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда Ресей деген сөзі ұранға айналған.Мәскеу түбінде шайқасып ерлігі үшін 316-атқыштар дивизиясы 8-гвардияның дивизия болыпқайта құрылып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Дивизия И.В.Панфилов есімімен аталды. Мәлік Ғабдуллинға Кенес Одағының Батыры атағы берілді. 1998 жылы Н.Ә.Назарбаев өкімімен Б.Бейсекбаевқа халық қаhарманы атағы берілді.Линиград үшін шайқаста оқты кеудесімен жауып, қаза болған Сұлтан Баймағанбетов болды. 1941 жылы Жамбыл лининградтықтарға “Линиградтық өренім” жырын арнаған. 1942 жылы күзде Сталинград түбінде ұрыстар жүргізілді.. 1942 жылы Каспий өңіріне соғыс жағдайы еңгізілді. Сталинград бағытындағы шабуылдауда Қазақстан жерінде жасақталған дивизиялар қатысты. Ғани Сафиуллин басқарған 73- гвардыиялық дивизия 120 танкі, 800 автомашинаны жойды. 73- гвардыиялық дивизия Сталинградтық деген атақ алды. Ұшқыш Нұркен Әбдіров 1942 жылы 19-желтоқсанда өз ұшағын жауға құлатып, қаза болды.300фашистке 11 қаhарман төтеп берді.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2470. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия