Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы





1991ж 16 қарашада Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа енуі басталды. 1991ж соңына дейін 18 ел таныды: Туркия, АҚШ, Қытай, Германия, Пәкістан. 1992ж 2наурызында БҰҰ мүшелікке қабылданды. 1992ж 25мамырда Мәскеуде Ресеймен достық, көмек туралы шарт жасасты. Қытаймен 50шақты келісім шарттар жасалды. 1996ж 26сәуірде Шанхай келісіміне қол қойылды. 1999ж желтоқсанда Қазақстан – АҚШ келісімі бойынша Болашақ бағдарламасымен АҚШ, Франция қазақ студенттерін оқуға қабылдай бастады. 1996ж БҰҰ мүшесіндегі 129 ел ядролық қару таратпау туралы келісімге қол қойды. Қазақстанның сыртқы саясатында басты үш мәселе ерекше назар аударды:

-ТМД, Азия, Еуропа елдері, АҚШ, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.

-Мәдени - экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.

-Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, ядролық қаруды қолданбау, дүниежузілік соғысты болдырмау. Қазақстанның сыртқы саясатында назар аудартатын мәселе - ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солт- Ресеймен, шығ - Қытаймен ойдағыдай қарым қатынас орнату.

 

Билет

1. XVI-XVII ғ тарихи шығармалар

Тарих- и Рашиди. Мұхаммед Хайдар Дулатидің 1541-1546ж Кашмирде парсы тілінде жазған еңбегі Тарих- и Рашиди Моғолстан мен оған іргелес аймақтардың тарихы жөнінде жазылған құнды шығарма. Онда орта ғасырлардағы қазақ тарихы, Дешт Қыпшақ оқиғалары, Моғолстанның құлауы туралы мағлұматтар берілген. Бұл шығармада Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлініп көшу себептерін тұңғыш рет айтылады. Мұхаммед Хайдар Дулати араб, парсы жетік білген.

Жылнамалар жинағы. Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің 1600- 1602ж жазған еңбегі. Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде Борис годуновқа сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінді. Шығарма құрылымы мен мазмұны жағынан 3бөлімге бөліп қарауға болады. 1бөлімі Борис годунов патшаға арналған. 2бөлімі Жамиғат – тауарих атты еңбегінің негізі бойынша жазылған. 3бөлімі қазақ халқының тарихына арналған.

Шыңғыснама. XVI ғ орта шенінде жазылған шығарма. Бұл тарихи шығарманын авторы Өтеміс қажы. бұл еңбектегі кездесетін аса бір құнды хабар- өлімі аңызға айналған Жошы хан туралы дерек. Бұл шығарма Дешті Қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты мерзімді көш і қон мәселесіне назар аударылған.

Әбілғазы шежірелері. Әбілғазы еңбегінің алғы сөзінде үш түрлі өнерді меңгергендігі жазылады. Біріншісі әскери өнер, екіншісі ақындық өнер, үшінші тарихшы.

 

2. Аңырақай шайқасы

1729ж көктемде Балқаш көлінің оңтүстігінде Әбілқайыр басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Бұл ұрыста Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып қатысты. Тарихи маңызы; Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді. Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Қазақ жерін түгел азат етуге мүмкіндік туды. Үш жүздің бірігуінің маңыздылығын көрсетті. Алайда Болат ханның қазасынан кейін Әбілқайыр пен Барақ сұлтан хандыққа таласып, алауызыдық пайда болады. Нәтижесінде Әбілқайыр өз әскерін Кіші жүзге, ал Барақ сұлтан өз әскерін Орта жүзге алып кетеді. Осыған байланысты Ұлы жүз әскерлері қайта оралған қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады. Сондықтан жеңіліп Оңтүстік Қазақстан жоңғар өктімдігінде қалып қойды.

 

3.Жаңа экономикалық саясат

Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. ЖЭС тің белгілері: азық - түлік салығы; сауда еркіндігі; жерді жалға беру; еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы: 1. Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді. 2. Ауыл шаруашылығы дамымай қалды. 3. Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді. 4. Өнеркәсіп артта қалды, дамымады. 5. Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды. 6. Саяси өмірде демократия бұрмаланды. 7. Еркіндік мүлде болмады. 8. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық 1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды.

Билет.

1.Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары. Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары. Әмір Темір – барлас тайпасынан шыққан Тарагай бектің баласы. Ол 1336-1405ж аралығында өмір сүрген. 1370ж Мауараннахрды басып алады. Алдымен ол Ақ орданы басып алуды көздейді. 1380ж Ақ орданы жаулап алып Тоқтамысты билеуші етіп жариялайды.Енді Тоқтамыс Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады. Оны жазалау үшін Әмір Темір 1391ж 200мың әскермен оған қарсы жорыққа аттанады. Құндызша деген жерде Тоқтамыстың әскерлерін қирата жеңеді. Бірақ ұрыста Тоқтамыс қашып құтылады.1395ж ТОқтамысқа қарсы тағы жорық жасайды. Бұл шайқаста Тоқтамыс жеңіліп, Темір қаланың байлығын тонайды. Алтын Орданың экономикасы қатты ойрандалды.

Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары. Әмір Темір 1371-1372ж Моғолстанға жорыққа аттанды. ОЛар Алмалықтың жанына жетіп, қалаларды тонайды.Моғолстанға 1372 жылдан 1390 ж дейін он шақты жорыққа шықты. Моғол әмірінің Темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпады. Ақ орда мен Моғолстан билеушілері Темірге карсы 1380ж одақ құруға әрекет жасайды. Бұл одақтан нәтиже шықпады, өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір 1384-1391ж Алтын орда мен Моғол жеріне бірнеше жорық жасайды.1390ж жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толықтәуелділікке түсті. Темірдің жорықтарының зардабы: елдер арасында байланыс үзілді. Мәдениеттің дамуына зардабын тигизди.

 

2.Әскери коммунизм (1918–1921 жж.)

Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азақ-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лығы енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді. Бүкілре­сейлік Атқару Ко­митетінің 1918 жылғы ма­мыр­дағы жар­лығымен әскер­ге өз еркімен ба­ру ісі жал­пыға бірдей міндетті әске­ри бо­рыш­ты орын­да­умен ал­масты­рыл­ды. 1918 жыл­дың жа­зын­да өлке­де Қызыл Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 12076. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия