Студопедия — Азақстанның Ресейге қосылуы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстанның Ресейге қосылуы.






3.Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.

1. Жәнібек пен Керей хандардан кейін Қазақ хандығының тағына Керейдің ұлы Бұрындық (1474-1511)отырды.Бұрындық хан Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қаратуға ерекше күш салды.Алайда ханның ел ішінде беделі болмағандықтан Самарқанға көшіп кетті.Бұдан кейін Бұрындықтың кезінде оның әскер қолбасшысы болған Жәнібек ханның ұлы Қасым сұлтан 1511 жылдан бастап хандық билікті қолына алады.Қасым ханның кезінде Қазақ хандығы саяси,әлеуметтік-экономикалық жағынан дамиды.Алыс, жақын елдерге Қасымның аты әйгілі болып,Қазақ хандығы қуатты,іргелі елге айналды.Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының өрлеуін сол кездегі ортағасырлық авторлардың өдері де атап өткен. Мәселен атақты Бабыр: “жұрттың айтуына қарағанда қазақ сұлтандары мен хандарының бірде біоеу бұл халықты дәл Қасым хан сияқты бағындыра алмаған. Оның қарамағындағы атты әскер саны 300мыңға жуық еді”,дейді. Қасым хан мамлекеттің қоғамдық өмірінде қарама-қарсы қайшылықтарды болдырмау үшін бірқатар заңдар шығарды. Оның заңдары “Қасым ханның қасқа жолы” деген атаумен осы күнге дейін ел аузында айтылып келеді. Бұл заң жазбаша түрде сақталмаған. Қасым хан қазақ хандығының қоғамдық өміріне лайықсыз ескі заңдарды алып тастап,сол кездегі заманның талабына сай,жаңа құқықтық заңдар шығарған.Қасым хан сол бойынша мемлекеттік билік жүйесін орнықтырып,күшті мемлекет құрды.Академик Ә.Х.Марғұланның айтуына қарағанда заң елдегі саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде туған.Бұл заң қазақтың от ауызды,орақ тілді,елге сыйлы билерінің ықпалымен халықтар ерте заманнан ұстанып келген “Жарғы ” заңын күшейткен.Осы себепке байланысты халық Қасымның шариғат жолын алмай билер заңы “Жарғыны ” алып,жаңадан көтергенін ұнатып,оны “Қасым ханның қасқа жолы” деп атап кетті дейді.Соңғы кездегі ғылыми зерттеулерге қарағанда бұл заңға мына ережелер енген:

1.мүлік заңы (жер дауы,мал-мүлік дауы)

2.қылмыс заңы (кісі өлтіру,талау,шапқыншылық жасау,ұрлық істеу)

3.әскери заң(аламан міндеті,қосын жасақтау,қара қазан,ердің құны,тұлпар ат)

4.елшілік жоралары(майталман шешендік,халықаралық қатынастағы сыпайылық,әдептілік,ибалылылық)

5.жұртшылық заңы(шүлен тарту,ас,той,мереке,думан үстіндегі ережелер,ат жарыс,бәйге ережелері,жасауыл)

Міне осы заңдардың орындалуын қатаң талап етудің арқасында Қазақ хандығының күш-қуаты артып,әлем таныған қуатты мемлекетке айналды.

2. XIX ғасырдың басында Қазақстанның Оңтүстік бөлігінде ерекше ауыр жағдай қалыптсады.Оның басты себебі, бұл аймақ халқы ортаазиялық Хиуа,Бұхар,Қоқан үстем тап өкілдерінің тұрақты шапқыншылығына ұшырап отырды. Сондықтан да бұл аймақ әлі де болса патша үкіметінің қол астына толық өтіп болмаған. Хиуа ханы Мұхаммед Рахым XIX 20-жылдарының басында қазақ қоныстарына шабуыл жасап, қазақтарды күйзеліске ұшыратып кеткен. Мұндай ауыр шапқыншылыққа шыдамаған қазақтар 1821 жылы Тентек төре бастаған көтеріліске шыққан. Алайда көтерілістің қарқынынан қорыққан үстем тап өкілдері көтеріліске опасыздақ жасап, Қоқан хандығы жағына шығып кетіп,көтерілісшілер сәтсіздікке ұшыраған. Мұндай көтеріліс қырғыз,Шымкент,Әулиеата,Пішпек жерлерінде қамтыған.

XIX ғасырдың 20-30-жылдары «Азия комитеті» құрылады. Комитеттің басты міндеті патша үкіметінің саясатын Азияның ішкі аудандарына енгізу болған. 1825 жылы подполковник В.К.Шубин басқарған 120 қазақтан құрылған зеңбіректері бар қарулы қосын Қаратал өзенінің бойында жіберіледі.Осы жерде қосын екіге бөлініп бірі осы жерде қалса, екіншісі Жетісудың ішкі аудандарына қарай ілгеріндейді. Жетісудың 50 000 адамы бар Үйсін болысының қазақтары патша үкіметі әкімшілігінің қол астына кіретіндігін мойындады. Ал 1819 жылы Сүйік сұлтан өзінің қол астындағы адамдарымен Ресейдың билігіне қарсы болмайтындығына ант берсе,1822 жылы Абылай ханның немерелері 14 сұлтан патша үкіметінің құзыорына алуды сұранған. Бұлардың өтінішіне 1824 жылы 13 мамырда I Александр қол қойған. Патша үкіметі Жетісу жеріндегі Қоқан хандығының билік жасау әрекеттерін тоқтату үшін тезірек қимылдауға тырысады.

Патша үкіметіне алдымен Қастек,Тойшыбек бекіністеріне бекініп отырған Қоқан хандығының әскеріне соққы беру керек болды.Ол үшін 1850 жылы Капитан К.Гутковский бастаған 200 атты қазақ,50 жаяу әскер Қапалдан шығып, Тойшыбек бекінісіне қарай жылжиды. Олар қоқандықтардың қырғыздардан жасақтаған әскерінен қарсылық көріп,Іле бойына шегінуге мәжбүр болады.Қоқандықьарға соққы беру енді 1851 жылы подполковник Карбышев қосынан жүктеледі.

Орыс әскербасы құрамында төрт қазақ жүздігінен тұратын бір батальон жаяу әскерден,18 зеңбірегі бар атты қосыннан құрылған қарулы күшті аттандарған. Бұлар 1851 жылы 7 шілдеде бекіністі ешбір қантөгіссіз-ақ алады.1854 жылы осы бекініске жақын жерге Верный бекінісі салынады.Мұнда орыс әскерлері жергілікті халықтың патша үкіметіне адал болуды бақылаған.1859 жылы осы Верный бекінісінің батысында Қастек бекінісін салғызады.Патша үкіметінің тірегі болған осы бекіністен Оңтүстік Қазақстанға қарай Әулиеата, Шымкент қалаларын әскери жаулап алу әрекеті басталған.

Патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстанды алу үшін Орынбор, Сібір генерал-губернаторлығынан аттандырған екі жақты әскери шабуылы Шымкент, Әулиеата жерінде түйісіп,қазақ жерін 1864 жылы біржола жаулап алады. Ақмешіт, Түркістан,Әулиеата,Шымкент қалаларын алған кезде әскери қарсылық көрсеткен адамдардың қырғынға ұшырағанын айтпағанның өзінде қарапайым халыққа жасалған зорлық-зомбылық, аяусыз тонаушылық адам төзгісіз дәрежеде болған. Осындай жағдайды өз кқзімен көрген Черняев әскерінің құрамында юолған Ш.Уәлиханов төзе алмай,Верный бекінісіне,одан кейін Тезек төренің ауылына кетіп қалған.

Патша үкіметі қарудың күшімен Оңтүстік Қазақстанды өзіне қосқаннан кейін,1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының құрылғандығы туралы заң шығарды. Орталығын Ташкент қаласы етіп бекітеді.Бұл губернаторлықтың құрасына қазақ жері Жетісу және Сырдария облыстары болып кіреді.

3. 1991 жылдың соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауғаболатын қолайлы жағдай қалыптасты. Дүниежүзіндегі және бұрынғы КСРО дағы саяси ахуал - 1991 жылғы тамыз бүлігі және оны ұйымдастырушылардың жеңілуі,КСРО-ның өмір сүруінің тоқтауы, ТМД-ның құрылуы, доақтас республикалардың басқа мемлекет болып бөлініп шығуы Қазақстанның да тәуелсіздігін жариялауын тездетті. Бұл жерде өзге республикалардың бәрінің дерлік соның ішінде, Ресейдің өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы шешуші рөл атқарды. Ақыры, тамыз бүлігінен кейінгі төрт ай ішінде аса шиеленіскен саяси күрес үлкен тарихи маңызы бар ұлы оқиғамен аяқталды.1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конститутциялық Заңы қабылданды.Тәуелсіздік Қазақстанға қазақ халқының екі жарым жылдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Бұл мерзім ішінде қазақ халқы патша отаршылдары мен большевиктік шовенистик аппараттың үстемдігіне қарсы 400-ге жуық көтеріліс жасады.Тәуелсіздік жолында ауыр шығындарға ұшырады.күрес үстінде қаза тапты, консентрациялы лагерлерге айдалды, аштан қырылды,шетелдерге тентіреп кетті, зиялы қауымын жоғалтты, тілі мен мәдениетінен айрылуға таяды.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1494. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия