Йсіндер. Кейінгі темір дәуірінде Жетісу жерін мекендегендер үйсіндер
(Б.з.б. ІІІ ғ. – б.з. ІV ғ.) Кейінгі темір дәуірінде Жетісу жерін мекендегендер үйсіндер. Үйсін тайпаларының мекендеген жері Жетісу, яғни үйсін мәдениетіне жататын ескерткіштер негізінен шоғырланған өңір Жетісу. Жетісудағы үйсін мәдениетіне ұқсас ескерткіштер Тарбағатай теріскейінен де табылған. Жетісу жеріндегі ежелгі үйсіндердің мүсіндік бейнесін Герасимов жасаған. Б.з.б. ІІ ғ.(160ж.) үйсіндер Орталық Азиядан Жетісуға келіп, тиграхауда сақтарының жеріне қоныстанды. «Үйсін» атауы алғаш рет қытай деректерінде б.з.б. ІІғ. Бастап кездесе бастайды («усунго» - көшпелі деген сөз). Қытай деректерінде: «Үйсіндер егіншілікпен де, бау-бақша өсірумен де айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерге мал-жанымен бірге көшеді де жүреді» - делінеді. Қытайлардың келесі бір жазбаларында үйсіндер туралы: «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» деп сипатталған. Үйсіндердің шығу тегі туралы мәлімет қалдырған тарихшы Сыма Цянь. Үйсіндердің астанасы ретінде Ыстықкөл маңындағы Қызыл-Аңғар (Чигучен, Чигу) қаласы аталған. Ежелгі Қытай хроникасы үйсіндердің астанасы – жазғы және қысқы астаналары болғанын жазады. Жазба деректерде үйсін халқының саны 630 мың адам, әскер саны 188800 адам, отбасы саны 120 мың адам деп көрсетілген. Үйсіндердің солтүстік-батыстағы көршілері қаңлылар,б.з.б. І ғасырдың ортасында үйсіндер қаңлылармен соғысқан. Жазба деректердегі үйсіндердің шығысындағы көршілері ғұндар болса, оңтүстіктегі көршісі Қытай болған. Үйсіндер Қытаймен саяси, сауда қарым-қатынастарын жасаған.
|